Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау



Pdf көрінісі
бет110/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

1. Осы Кодекстің 
171-бабының 3-тармағында
көрсетілген, жұмыскерлер уәкілеттік 
берген орган ереуілдің басталуы және болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, 
жұмыс берушілер бірлестігіне (қауымдастығына, одағына) (олардың өкілдеріне) оны 
жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. 
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде: 
1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі; 
2) ереуілді бастау күні, орны мен уақыты, қатысушылардың болжамды саны; 
3) ереуілді басқаратын органның атауы, татуластыру рәсімдеріне қатысуға уәкілеттік 
берілген жұмыскерлер өкілдерінің құрамы; 
4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (көрсетілетін 
қызметтердің) ең аз көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. 
  
173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері 
1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодексте берілген құқықтар шегінде және 
жұмыскерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді. 
2. Ереуілді басқаратын органның: 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс 
берушілер бірлестігімен (қауымдастығымен, одағымен) (олардың өкілдерімен), 
мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де заңды тұлғалармен және лауазымды адамдармен өзара 
қарым-қатынастарда жұмыскерлердің мүдделерін білдіруге; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 2) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (қауымдастығынан, одағынан) 
(олардың өкілдерінен) жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша 
ақпарат алуға; 
3) жұмыскерлер талаптарының қаралу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында 
жариялап отыруға; 
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға; 
5) жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) келісуімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы 
бар. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

3. Бұрын тоқтатыла тұрған ереуілді қайта бастау үшін дауды татуластыру 
комиссиясының, делдалдың қайта қарауы немесе еңбек төрелігінде қайта қарау талап 
етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (қауымдастығы, одағы) (олардың 
өкілдері) және еңбек дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы 
үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ескертілуге тиіс.
4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол қойған 
жағдайларда, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайда ереуілді басқаратын 
органның өкілеттіктері тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет