тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген уақытқа пропорционалды түрде жалақы
төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін
негіз болған себептерді көрсетуге міндетті.
Мынадай:
1) құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) жабылуы;
2) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;
3) жұмыскерлердің өкілдерін еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді (жұмыс
берушідегі экономикалық өзгерістер мен еңбек шартын бұзу қажеттілігі арасында тікелей
байланыстың болуын)
көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ету
шарттары бір мезгілде сақталған кезде осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында
көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу
құрамына жұмыскерлердің өкілі қатысуға тиіс аттестаттау комиссиясының шешіміне
негізделуге тиіс.
Жұмыскерлерді аттестаттауды жүргізу тәртібі, талаптары
мен кезеңділігі ұжымдық
шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
4. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
құрылатын емтихан комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.
5. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзу үшін жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін
денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына
сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
6-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
6. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 8)
,
9)
,
10)
,
11)
,
12)
,
14)
,
15)
,
16)
,
17)
және
18)
тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу осы Кодекстің
65-
бабында
көзделген тәртіптік жаза қолдану тәртібі және осы Кодекстің
66-бабының
талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 7-тармақ өзгертілді
7. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзу медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Жұмыскерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс берушінің
өкілі қабылдайды.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
7-1-тармақпен толықтырылды
7-1.
Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында
көзделген негіз
бойынша еңбек шартын бұзу жұмыскердің медициналық куәландыруды өтуден бас
тартуы туралы актімен расталуға тиіс.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
7-2-тармақпен толықтырылды
7-2. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында
көзделген негіз
бойынша еңбек шартын бұзу жұмыскердің кінәлілік әрекеттер немесе әрекетсіздік
жасағанын растайтын негіздемелер көрсетіле отырып, ішкі тергеп-тексеру актісімен
расталуға тиіс. Ішкі тергеп-тексеру
тәртібі
жұмыс берушінің актісінде белгіленеді.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
8-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
8. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағын
ұсынғаннан кейін жол беріледі.
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
9-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2018.16.04. № 147-
VІ ҚР
Заңымен
9-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
9. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыскер «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11-бабының 1-тармағында
белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін
еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және
еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын
мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
10-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
10. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 25) тармақшасында
көзделген негіз
бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші жұмыскерге болмағаны туралы актіні табыс
етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберген күннен
бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер болмау себептері туралы ақпаратты ұсынбаған
кезде жол беріледі.
2020.30.12. № 393-VI ҚР
Заңымен
11-тармақпен толықтырылды
11. Осы Кодекстің
52-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында
көзделген негіз
бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының немесе
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет органдарының ұсынуы негізінде
жүргізіледі.
2020.30.12. № 393-VI ҚР
Заңымен
12-тармақпен толықтырылды
12. Осы Кодекстің
52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында
көзделген негіз
бойынша еңбек шартын бұзу:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін соттың заңды күшіне енген айыптау
үкімі;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабы бірінші
бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары
немесе
36-бабы
негізінде қылмыстық істі
тоқтату туралы соттың заңды күшіне енген қаулысы
немесе қылмыстық қудалау
органының прокурор бекіткен қаулысы негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: