Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері



Pdf көрінісі
бет45/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері 
1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша: 
1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі 
тоқтатылған; 
2) жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; 
3) жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, 
орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген; 
4) аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан 
жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 
2021.02.01. № 405-VІ ҚР 
Заңымен
 4-1) тармақшамен толықтырылды 
4-1) жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, кәсіптік 
қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келмеген; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 5) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5) жұмыскер, басшы мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге 
жауапты адам еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік 
мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеген; 


2018.10.01. № 134-VI ҚР 
Заңымен
5-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 13 
шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған; 
6) жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін және оны жалғастыру мүмкіндігін 
болғызбайтын денсаулық жағдайының салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына 
немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 
7) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған; 
8) жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан 
да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық 
(соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік
есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды 
пайдаланған; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 10) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
10) алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды 
пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 11) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірі мен 
денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау 
немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған; 
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер 
жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған 
немесе бүлдірген; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 13) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
13) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, сондай-ақ өзінің 
қызмет бабын өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алу үшін 
жұмыс берушінің мүдделеріне қарамастан өз мүддесінде немесе үшінші тұлға мүддесінде 
пайдаланатын жұмыскер кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер 
немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз 
болса; 
14) тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен 
сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған 
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді 
жария еткен; 
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап 
орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған; 
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа 
жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа 
жұмысқа ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе 
мәліметтер ұсынған; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 18) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің 
атқарушы органының басшысы, оның орынбасары не жұмыс берушінің актісінде 
айқындалған жұмыс беруші филиалының, өкілдігінің және (немесе) өзге де оқшауланған 
құрылымдық бөлімшесінің басшысы еңбек міндеттерін бұзған; 
19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жұмыскердің 
мемлекеттік құпияларға берілген рұқсаты тоқтатылған; 
20) жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ 
егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке 
қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар 
тізбесіне
енгізілген 


жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан 
қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. 
Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке 
қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі 
қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады; 
21) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды 
қоспағанда, жұмыскер заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу 
мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 
22) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімі 
жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 23) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
23) заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының, алқалы атқарушы органы 
мүшелерінің өкілеттіктері немесе заңды тұлға атқарушы органының жекелеген мүшесінің, 
сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңына
сәйкес 
ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктері заңды 
тұлға құрылтайшысының, мүлкі меншік иесінің не құрылтайшы, меншік иесі уәкілеттік 
берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлға уәкілетті органының шешімі бойынша 
мерзімінен бұрын тоқтатылған; 
2016.06.04. № 483-V ҚР 
Заңымен
 24) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
24) тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту 
құқығы бар жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 
11-бабының 1-тармағында
белгіленген 
зейнеткерлік жасқа толған; 
25) жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір айдан астам жұмыста 
болмаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. 
2020.30.12. № 393-VI ҚР 
Заңымен
 1-1-тармақпен толықтырылды 
1-1. Жұмыскермен еңбек шарты: 
1) Қазақстан Республикасы азаматының - квазимемлекеттік сектор субъектісі 
басшысының, оның орынбасарының, алқалы басқару органы мүшесінің шет мемлекеттің 
азаматтығы болған; 
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыскері сыбайлас жемқорлық қылмыс 
жасаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен бұзуға жатады. 
2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты осы жұмыс ол үшін негізгі болып 
табылатын жұмыскермен еңбек шартын жасасқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы 
бойынша бұзылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет