тізбесіне
сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн
болатын жыл сайынғы ақы
төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен
расталған жұмыскерлерге жыл
сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша,
сондай-ақ
аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда,
жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың,
кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және
(немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі;
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты
күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
Жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жыл сайынғы
ақы төленетін қосымша еңбек
демалыстары қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау нәтижелерінің негізінде беріледі.
2. Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның
ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз
ұзақ жұмысы, маңызды,
күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін
көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: