«Қазақстан республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі»


Борышты реттеу және өндіріп алу рәсімінен өтуіңіз қажет



бет3/3
Дата04.03.2024
өлшемі198 Kb.
#494167
1   2   3
Жауап ЕСИРКЕПОВ Д.М 36-0-15 1516 ЖТ-2023- 01734972 13 09 2023(ver1)

2. Борышты реттеу және өндіріп алу рәсімінен өтуіңіз қажет
Рәсім «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36-бабына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 9-2-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиторлардың (екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның) себептерінің дәлелді негіздемесі көрсетілген, банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауаптары осы рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Кредитор борышкердің өтінішіне жауап ұсынбаған жағдайда, реттеу рәсімінің жүргізілгенін растайтын құжат борышкер өтінішінің көшірмесі немесе өтініштің электрондық форматта жіберілгені туралы растау болып табылады.
Себептердің уәжді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартуды борышкер кредиторға жүгіну арқылы электрондық нысанда немесе қағаз тасымалдағышта ала алады.
Кредит өтемін мерзімінен кешіктірген жағдайдағы қарыз алушының іс-қимыл алгоритмімен https://eotinish.kz/help/093d88d7-ae32-41ed-988c-66ad547e8d38 сілтеме арқылы танысуға болады.
Міндеттемелердің соттан тыс банкроттық талаптарына сәйкестігі айқындалғаннан кейін борышкер белгіленген нысан бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш бере алады.
Өтініш электрондық нысанда веб-портал немесе «eGov» қосымшасы, «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – ХҚКО) жақын жердегі бөлімшесі арқылы қағаз тасымалдағышта беріледі.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) барлық кредиторлардың атауы, берешек сомасы, орналасқан жері көрсетілген тізім;
2) борышкердің банктік қарыз және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қолдағанын растайтын құжаттың көшірмесі.
Өтініш берген күннің алдындағы 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы болып табылатын борышкер мерзімі өткеніне қарамастан осы рәсімді қолдануға өтініш бере алады.
Өтініш берген күнгі жағдай бойынша 5 жылдан астам берешегін өтемеген қарыз алушы-жеке тұлғалар да соттан тыс банкроттыққа жүгіне алады. Мұндай қарыздар бойынша берешек сомасы және мүлік бойынша талаптар ескерілмейді.
Соттан тыс банкроттыққа сәйкес келген кезде, борышкер туралы мәлімет 15 жұмыс күні ішінде «eGov» веб-порталына орналастырылады, сәйкес келмеген кезде - соттан тыс банкроттықты қолданудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.
АЕК-тің 1600 есе мөлшерінен асатын мүлік, сондай-ақ міндеттемелер болатын жағдайда, азамат төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде сотқа өтініш беруге құқылы болады.
Азаматты банкрот деп танудың мынадай салдарларының бар екенін хабарлаймыз:
- азаматты банкрот деп таныған күннен бастап 5 жыл ішінде банктік қарыздар мен микрокредиттер алуға тыйым салу (ломбардтардан микрокредиттер алудан басқа);
- тек 7 жылдан кейін қайтадан банкрот деп тануға болады:
- банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.
Жеке адамның өзінің қаржылық жағдайы туралы жалған ақпарат беруі, өзінің мүлкі туралы ақпаратты жасыруы банкроттық рәсімін тоқтатуға және кредиторлардың борышкерлердің берешегін өндіріп алу рәсімдерін қалпына келтірулеріне негіз болып табылады.
Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға жүгінуге кеңес береміз, онда ҚМ МКК-нің қызметкерлері азаматтарға консультациялар береді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауына сәйкес Сіз осы жауапқа шағымдануға құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.


Басқарма бастығы М.Есболов
? орынд. Хайрбаев Б.С.
' 8 (7282) 558-632, ішкі 6124
: Талдыкорган қ., Толебаев көш., 58/64

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет