3. Мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру кезiнде дауларды шешудiң соттан тыс тетiктерiн құру
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты дауларды жою жөнiндегі проблемаларды шешу мақсатында сақтандыру омбудсман түрiнде соттан тыс тетiктердi құру қажеттiлiгi туындады. Дауларды шешуде мұндай тетiктi қолдану икемдiлiкке негiзделген, ол тұтынушылардың да, сақтандырушылардың да мұқтаждарына неғұрлым сәйкес келедi, атап айтқанда: төмен шығындар, рәсiмдердiң жылдамдығы мен формалдық емес сипаты, сақтандырушылардың қабылданған шешiмдi мiндеттi орындауы.
Сақтандыру омбудсманы институттарын қолданудың дүниежүзiлiк тәжiрибесi үкiметтiк агенттiктердiң, заңнамалық комитеттердiң, сақтандыру ұйымдары өкiлдерiнiң және сақтандыру қызметтерi тұтынушыларының тұтынушылар тарапынан сақтандыру қарым-қатынастарын бақылау мақсатында оларды құру жөнiндегi мүдделерiн бiрiктiруге негiзделген.
4. Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту
Сақтандыру нарығын дамыта отырып сақтандыру нарығының дамыған инфрақұрылымының болуы үлкен әсер алып отыр. Осыған байланысты сюрвейер, андеррайтер, апат комиссарлары және т.с.с. сияқты сақтандыру нарығы қатысушыларының өкiлеттiктерiн заңнамалық бекiту талап етiледi. Аталған нарық қатысушыларын дамыту сақтандырылатын тәуекелдердi және сақтандыру жағдайы басталу нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн нақты бағалауды жүзеге асыру қажеттiлiгiмен шартталған.
Сақтандыру ұйымдарының делдалдары - агенттер желiсiн дамытуға ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Сақтандыру агенттерiнiң тиiмдi жұмыс iстейтiн желiсiн құру сақтандыру ұйымдарына өз сақтандыру өнiмдерiне сату көлемiн ұлғайтуға және сақтандырушыларды неғұрлым кең қамтуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Агенттiк желiсiн құрудағы маңызды сәт агенттердiң кәсiби даярлығын ұйымдастыру болып табылады. Қандай да бiр сақтандыру өнiмiнiң бiлiктiлiк, бiлiм, оның ар-намысын көрсету деңгейiне тұтастай алғанда сақтандыруды дамыту және атап айтқанда өмiрдi сақтандыру тәуелдi. Қолданыстағы заңнамаға сақтандыру нарығының аталған қатысушыларының мәртебесiн, бiлiктiлiк талаптарын, қызметiнiң шарттары мен жауапкершiлiгiн анықтайтын тиiстi түзетулердi енгiзу қажет.
Сақтандыру агентiнiң жеке кәсiпкерлiкке жатқызу мәселесiн қарау ұйғарылады. Жеке кәсiпкер ретiнде сақтандыру агентi қызметiнiң басымдықтары мыналар болып табылады. Сақтандыру агенттерi салық салудың оңайлатылған жүйесiн алатын болады, сақтандыру ұйымдары пайда тартуға бағытталған өз қызметiнде мүдделi бiлiктi агенттердi алады, ол түптеп келгенде сақтандыру қызметiн кеңейтуге және ұсынылатын сақтандыру өнiмдер санының артуына, қызметтер ұсыну сапасының жақсаруына әсер етедi. Мемлекеттiң атынан уәкiлеттi органдар сақтандыру ұйымының iшкi құрылымының айқын моделiн алады.
Осылайша сақтандыру нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi ретiнде өзара сақтандыру жүйесiн дамытуға көңiл бөлiнетiн болады. Өзара сақтандыру қазiргi заманғы сақтандыру нарығы элементтерiнiң бiрi болып табылады. Өзара сақтандыру қажеттiлiгi ең алдымен коммерциялық сақтандырушылар түрлi себептерге: таза шығындар, сақтандыру сомаларының жоғары мәнiне байланысты сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тәуекелдердiң көп санының болуымен шартталған.
Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлiгiнде маңызды мәселе сақтандыру нарығының түрлi қатысушыларын бiрiктiретiн қоғамдық ұйымдарды құру және дамыту болып табылады. Мұндай ұйымдарға оқу бағдарламаларын дайындау, әзiрлеу жөнiндегi өкiлеттiктердi жүктеу және сақтандыру нарығында қызметтi жүзеге асыруға пиғылды тұлғаларды оқытуды жүргiзу, сондай-ақ сақтандыру нарығына қатысушылардың, оның iшiнде сақтандыру агенттерiнiң, андеррайтерлер мен т.б. қызметiн сертификаттау қажет.
Сақтандыру секторын дамытудың маңызды сатысы кепiлдiк беру институттарының қызметiн одан әрi жетiлдiру, оны халықаралық практикаға сәйкес келтiру болып табылады.
Кепiлдiктi схемаларды құру мақсаты сақтандыру қызметiнiң тұтынушылары және сақтандыру нарығының тұрақтылығын сақтау үшiн сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату зардаптарын жұмсартуға негiзделген.
Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп таратқан жағдайда сақтандырушылардың құқықтары мен мүлiктiк мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету қолданыстағы "Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры" акционерлiк қоғамының негiзгi мiндетi болып табылады. Қор мiндеттi сақтандырудың неғұрлым жаппай түрлерi бойынша, атап айтқанда көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру төлемiне кепiлдiк бередi. 31 сақтандыру ұйымы Қордың қатысушылары болып табылады.
Қордың және сақтандыру ұйымдарының тiкелей өзара байланысын ескере отырып Қорды акцияландыру туралы мәселенi қарау қажет. Бұл Қордың жұмысын нарық қажеттiлiгiне бағыттауға, үлкен икемдiлiк пен басқарушылық алуға мүмкiндiк бередi, бұл Қордың өзiнiң де, тұтастай алғанда сақтандыру нарығының да елеулi дамуына әкеп соқтырады.
Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiн одан әрi кеңейту мақсатында сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне сақтандырудың басқа мiндеттi түрлерiн, сондай-ақ өмiрдi сақтандыруды кезең-кезеңмен енгiзуге бағытталған шараларды қабылдау қажет, өйткенi осы сәтте оның барлығынан да артық жоғары әлеуметтiк мәнге ие болуына байланысты осындай кепiлдiктерге мұқтаж.
Кепiлдiк беру резервi сомасының сақталуы мен көбеюiн қамтамасыз ету үшiн оларды инвестициялауға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту қажет.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңында сақтандыру ұйымдарына өз қызметiн "ипотекалық сақтандыру" сыныбы бойынша жүзеге асыру мүмкiндiгi берiлген. Осымен қатар, "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамының қызметiн одан әрi жетiлдiру шеңберiнде оның қызметiн халықаралық тәжiрибеге сәйкес келтiру ұйғарылады, ол сақтандыру ұйымына оны қайта ұйымдастыру дегендi бiлдiредi.
5. Сақтандыру ұйымдарын одан әрi капиталдандыру
5-8 жыл бойы сақтандыру нарығының iс жүзiнде өмiр сүруi және дамуы кезiнде сақтандыру нарығында сақтандыру ұйымдарының банкроттық мысалдары iс жүзiнде жоқ. Ішiнара бұл уәкiлеттi органның сақтандыру ұйымын капиталдандыру деңгейiне қоятын талаптарының тұрақты артымен шартталған, оны барлық сақтандыру ұйымдары уақтылы қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, мәжбүрлеп таратудың себебi жеке меншiк капиталдың жеткiлiктiгi бөлiгiнде пруденциалдық нормативтердi орындамау, болып табылады. Бұған бiрнеше себептер ықпал етедi: акционерлердiң мөлшерiнiң аздығына байланысты капиталдың талап етiлетiн мөлшерiн төлей алмауы (мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымдарының көп бөлiгi шағын акционерлерi бар үлкен емес болып табылады), сондай-ақ жеке меншiк капиталдың жеткiлiктi жоғары өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн барабар емес тарифтiк саясаты, жылдам пайда алу үшiн ашылған бiрқатар сақтандыру ұйымдарының алыпсатарлық бағыттылығы және өзге объективтi және субъективтi факторлар.
Бұл ретте жеке меншiк капиталдың ең аз мөлшерiне қойылатын талаптарды арттырудың негiзгi мiндеттерi жеке меншiк капитал өсiмiнiң тиiстi қарқынымен қамтамасыз етiлмеген жиналатын сақтандыру сыйақылары көлемi өсуiнiң жоғары қарқыны, ЕС Директиваларында белгiленген талаптарға, атап айтқанда 2-3 млн. eypo жақындауы. Жеке меншiк капиталдың ең аз мөлшерiнiң осы сомасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын капиталдандырудың кезең-кезеңмен үш жылдық жоспарын аяқтағаннан кейiн 2008 жылдың басына қамтамасыз етiлетiн болады.
Кейiннен сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды сақтандыру ұйымдарының акционерлерi тiкелей жүргiзетiн болады, ол объективтi себептермен, атап айтқанда сақтандыру ұйымы қызметiнiң өсуiмен шартталған.
6. Сақтандыру ұйымдарын пруденциалдық реттеудi одан әрi жетiлдiру
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңына сәйкес пруденциалдық нормативтер ЕС Директиваларына (Solvency) және IAIS қағидаттарына сәйкес келтiрiлдi. Risk based supervision енгiзу жолымен пруденциалдық реттеуді одан әрi жетiлдiру және Solvency II төлем қабiлеттiлiгi жүйесiне көшу талап етiледi. Мұның бәрi сақтандыру нарығын реттеуге және сақтандыру ұйымының тәуекелдерiн басқару жүйесiн орнатуға жағдайлар жасайды.
7. Сақтандыру статистикасының базасын қалыптастыру, сақтандыру тарифтерiн реттеу
Қазiргi сәтте Агенттiкке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарифтерiн есептеу әдiстемесiн қарау жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген. Көрсетiлген өкiлеттiк объективтiк қажеттiлiкпен шартталған. Айталық, көптеген сақтандыру ұйымдары клиенттердi тарту мақсатында сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша тарифтердiң деңгейiн кiрiстiлiктiң жеткiлiктi деңгейiн және тиiсiнше сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мәннен төмен азайтуға мүмкiндiк бередi.
Осыған байланысты, сақтандыру статистикасының толыққанды базасы қалыптастырылатын болады, жиналатын деректердi, бiрiншi кезекте мiндеттi сақтандыруда сақтау және өңдеу осы сәтте сақтандыру нарығын дамытудың маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Сақтандыру статистикасының деректерiн жинау үшiн сақтандыру ұйымдарынан өзге мемлекеттiк органдар, оның iшiнде iшкi iстер, мемлекеттiк статистика, еңбек және әлеуметтiк қорғау органдары тартылатын болады.
8. Сақтандыру қызметтерiн сатуда жаңа технологияларды дамыту
Бүгiнде сақтанушылар неғұрлым алданғандар болып барады және кез келген уақытта сақтандыру қызметтерiн берудi талап етедi. Мұның шешiмi Интернет-сақтандыру бола алады, ол тұтастай алғанда, әсiресе ерекше консультацияларды талап етпейтiн қарапайым сақтандыру өнiмдерiн тiкелей сату мәнiн арттырады.
Кейбiр деректер бойынша жыл сайынғы дүниежүзiлiк сақтандыру нарығының интернет-айналымы 250 млн. долларға жетедi, ол Интернет-сатудың жалпы көлемiнiң 2-2,5%-ын құрайды. Қазiргi уақытта сақтандыру ұйымдары кiрiстерiнiң 2 %-ы электрондық коммерцияға келiп отыр. Сондықтан, Қазақстанда Интернет-сақтандыруды дамыту мәселелерi әзiрленетiн болады.
9. Сақтандыру ұйымдарының тәуекел-менеджментi жүйесiн жетiлдiру
Сақтандыру ұйымдарының қызметi айқын еместiкке негiзделетiндiгiн назарға ала отырып, сақтандыру ұйымдары оның ағымдағы және алда күтiлетiн қаржы жағдайын қозғауы мүмкiн барлық мiндеттемелер спектрiн ескеру қажет. Осыған байланысты, бүгiнгi күнi сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерiн басқару жүйесiн құру мәселесi өзектi болып отыр.
Тәуекелдердi басқару жүйесi тиiстi корпоративтiк саясат пен рәсiмдердi дамытуды, тәуекелдердi өлшеудiң сандық әдiстерiн пайдалануды, олардың тәуекелдерiне сәйкес өнiмдер мен қызметтердi бағалауды, тәуекелдердiң шектерiн белгiлеудi, ырықтандыру және хеджерлеу арқылы тәуекелдердi басқаруды, шығындарды жабу үшiн "қауiпсiздiк жастығын" құруды (мiндеттемелер мен капитал тарапынан) қамтиды. Бұл құралдарды қолдану тәуекел түрiне және қадағалау режимiне байланысты.
Сақтандыру ұйымының тәуекелдердi басқару жүйесiнiң негiзгi мақсаты қандай-да бiр тәуекелдердi қабылдау мүмкiндiгiн және оларды өлшеу мен басқару үшiн көзқарастарды белгiлеудi анықтау болып табылады.
4.4. Валюта нарығы және бағалы қағаздар нарығы
4.4.1. Валюта нарығы
Мақсаттары мен мiндеттерi
Орта мерзiмдi кезеңге валюта нарығын дамытудың мынадай негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi айқындалатын болады:
ұлттық валютаның құбылмалы айырбас бағамы режимiнiң одан әрi тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
мерзiмдi валюта нарығын (форвардтар, своптар, фьючерстер нарығын) дамытуға қажеттi шаралар қабылдау;
спот валюта нарығының және мерзiмдi валюта нарығының заңнамасын жетiлдiру.
Ағымдағы жағдай
Қазақстан Республикасының iшкi валюта нарығы Қазақстан қор биржасының (ҚҚБ) валюталық сегментiмен, банкаралық валюта нарығымен және қолма-қол шетелдiк валюта нарығымен (банктер мен заңды тұлғалардың айырбас пункттерi желiсi) берiлген.
ҚҚБ-да және банкаралық валюта нарығында сауда-саттық АҚШ доллары, eуpo және ресей рублi бойынша жүргiзiледi.
2003-2006 жылдары валюта нарығындағы жағдай АҚШ долларына шаққанда теңгенiң нығаю үрдiсiмен сипатталды.
2003-2005 жылдары және 2006 жылдың I жарты жылдығында дүниежүзiлiк валюта нарықтарындағы ахуалмен, экспорттық пайданың және банк секторының сыртқы қарыз алуымен шартталған АҚШ долларына шаққанда теңгенiң атаулы нығаю үрдiсi байқалды.
Шiлденiң үшiншi онкүндiгiнен бастап валюта нарығында ахуал АҚШ долларына шаққанда теңгенiң әлсiреуiмен сипатталады. Теңге бағамының серпiнiндегi үрдiстiң ауысуы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетiгiнiң өзгеруiне, ең аз резервтiк талаптар бойынша жаңа ережелердi енгiзуге, ҚҚА-ның екiншi деңгейдегi банктердiң сыртқы қарыз алу деңгейiн тартуына жекелеген шектеулер енгiзуiне байланысты.
Негiзгi шаралар
Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай шараларды жүргiзу қажет:
қазақстандық теңге бағамының күрт ауытқуын жеңiлдету мақсатында өзгермелi айырбас бағамының басқарылатын режим саясатын жалғастыру;
доллар бойынша тәуекелдердi ырықтандыру мақсатында ҚҚБ еуро/теңге бағамына баға белгiлеудi бастау.
4.4.2. Бағалы қағаздар нарығы
Мақсаты мен мiндетi
Орта мерзiмдi перспективада бағалы қағаздар нарығының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
қор нарығы арқылы несие капиталына қатынауды кеңейту;
бағалы қағаздар нарығында, оның iшінде халықтың есебiнен инвесторлар тiзбесiн арттыру;
бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын, оның iшiнде миноритарлық акционерлердiң құқықтарын қорғау;
бағалы қағаздар нарығында жаңа және өтiмдi қаржы құралдарын, оның iшiнде бөлiнген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды (секьюрителендiру тетiктерi), өтiмдi бағалы қағаздарды, инфрақұрылымдық облигацияларды, мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген борыштық бағалы қағаздарды енгiзу;
Ағымдағы жағдай
Қазақстанның қор нарығының ағымдағы жай-күйi акциялар нарығының дамымағандығымен сипатталады. Ресми тiзiм акциялары атауларының шамамен үштен бiрiне нарықта қол жеткiзу мүмкiн емес. Олардың арасында қазақстандық экономикада жетекшi болып табылатын аса iрi компаниялардың бағалы қағаздары бар.
Бағалы қағаздар айналымның салалық құрылымы Қазақстандық қор биржасының (ҚҚБ) ресми тiзiмiнiң құрылымына жауап бермейдi. Қор биржасының жалпы айналымындағы акциялардың қайталама нарығының үлесi мардымсыз әрi төмендеу үстiнде. Шарттық мәмiлелердiң басым болуы басты проблема болып табылады. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi мен ҚҚБ тiкелей мәмiлелерге қарсы күрес жөнiнде шаралар қабылдауда, алайда олардың көлемдiк және сандық мәндегi үлесi жоғары болып қалуда.
Негiзгi шаралар
1. Акциялар нарығын дамыту
Дүниежүзiлiк тәжiрибе куәландырып отырғандай үлестiк нарықты табысты дамыту үшiн қажеттi шарттар акционерлердiң құқықтарын қорғаудың мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз ету, қатаң есептiлiк стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың төменгi деңгейде болуы, акциялар нарығында жекелей инвесторлардың бұқаралығы болып табылады.
Сондықтан акциялар нарығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының корпоративтiк заңнамасын жетiлдiру Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарын (ХҚЕС) енгiзу жолымен толық шамада ақпаратты ашу режимiн оңтайландыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүргiзу; қолданыстағы корпоративтiк заңнаманы құру, корпоративтiк басқару саласында заңнаманың сақталуын бақылау жүйесiн құру ұйғарылады.
2. Ұсынылатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейту
Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi инвестициялау үшiн мүмкiндiктердi арттыру мақсатында ұсынылатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейту болып табылады.
Осы мәселенi шешу үшiн мыналар басым бағыттар болады:
бағалы қағаздар нарығын одан әрi дамыту, оның iшiнде қор нарығында тиiстi бағдарды белгiлеу үшiн тұрақты деңгейде үкiметтiк қарыз алуды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарау, сондай-ақ республиканың iшкi нарығында қаржы құралдарының барлық спектрi бойынша нақты қисық кiрiстiлiктi құру;
мемлекеттiң кепiлдiгiмен және мемлекеттiң кепiлгерлiгімен бағалы қағаздарды шығару және оның айналымы туралы заңнаманы, көрсетiлген кепiлдемелер мен кепiлдiктердi пайдалану тетiктерiн iске асыру бөлiгiнде жетiлдiру;
секьюрителендiру тетiктерiн iске қосу;
мемлекеттiң кепiлдiгi бар облигацияларды шығару жолымен мемлекеттiк-жеке серiктестiк (МЖС) тетiктерiн дамыту;
өтiмдi қаржы құралдар нарығын дамыту жөнiндегi тиiмдi шараларды қабылдау, заңнаманы одан әрi жетiлдiру және деривативалар нарығын дамытуға кедергi келтiретiн заңнамалық нормаларды жою жоспарланады.
Деривативалардың белсендi нарығын құрудың маңызды буыны Қазақстанда ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мемлекеттiк бағалы қағаздардың өтiмдi нарығын қалыптастыру болып табылады.
Осыған байланысты Үкiмет, Ұлттық Банк және Агенттiк мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясына және өтiмдi нарықты құруға көзқарастар әзiрлейтiн болады, ол нарық субъектiлерi үшiн қисық кiрiстiлiк индикаторларын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
3. Мемлекеттiк бағалы қағаздар (бұдан әрi - МБҚ) нарығын дамыту
3.1. Шығарылымдар стратегиясы және МБҚ борышын басқару
Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкiметтiк қарыз алу саясаты кепiлдiк берiлген борышты ескере отырып, Ұлттық қор активтерiнiң нарықтық құнына қатысты үкiметтiк борыштың 50-70 пайыздық арақатынасына қол жеткiзуге бағдарланатын болады.
Бұл ретте, қаржы нарығын дамыту үшiн бюджеттiң қалыптасатын нақты атқарылуына қарамастан, МБҚ-ны бастапқыда жоспарланған көлем мен кесте бойынша тұрақты деңгейде шығару жүзеге асырылатын болады.
МБҚ бойынша қисық кiрiстiлiктi құру жөнінде қойылған мiндеттi iске асыру мақсатында бағалы қағаздар нарығында МБҚ жасанды сұранысты азайту жөнiндегi iс-шаралар көздеу ұйғарылады. Бұдан басқа, мемлекеттiң қатысуы бар ұйымдардың да, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоса алғанда өзге нарық қатысушыларының да МБҚ сатып алуы жөнiндегi мiндеттердi алып тастаған жөн. Бұл ретте көрсетiлген талаптарды алып тастау нарықта баламалы қаржы құралдарының пайда болуына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиiс.
Мемлекеттiк қаржыландыру стратегиясын анықтауға байланысты нарық отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуды қолдау үшiн елеулi тiрек болып табылады. Мұндай стратегия жаңарған нарық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтиды, бұл қол жетiмдiлiк пен айқындылық қағидаттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн мiндеттемелердi тарту және қаржы нарығында қаражатты тарту жолымен басым инфрақұрылымдарды дамытуға белсендi инвестициялау.
Мемлекет қол жетiмдiлiк пен айқындылық қағидаттары шеңберiнде борыштың құрылымы, инвестициялық жобаларға қажеттi қаржыландыру және нарық қатысушылар мен тұтастай алғанда қоғам үшiн борышты басқару стратегиялары туралы ақпараттың жоғары сапасын жетiлдiретiн және қамтамасыз ететiн болады.
Орта мерзiмдi кезеңде қаржы секторын дамыту мақсатында бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ететiн төрт iргелi салаға ерекше көңiл бөлетiн болады, олар мыналар:
1) инфрақұрылымның ақпараттық айқындылығы;
2) қаржы ұйымдарының берiктiгi мен сенiмдiлiгi;
3) зейнетақы қорларының инвестициялық портфелiн әртараптандыру және пайыздық ставкаларды ырықтандыру;
4) заңнамалық базаны жетiлдiру.
Бұдан басқа, айналыс мерзiмi неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңiмен енгiзу жүзеге асырылатын болады; сондай-ақ зейнетақы қорлары мен қор нарығына басқа қатысушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн борыштық құралдар нарығында баламалы құралдарды, әсiресе, инфрақұрылымдық облигацияларды дамыту жөнiнде шаралар қабылданады.
3.2. Тиiстi бэнчмарканы белгiлеу және МБҚ нарығында нақты қисық кiрiстiлiктi құру
Айналыс мерзiмi неғұрлым ұзақ МБҚ-ны кезең-кезеңiмен енгiзудi жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл ретте, қисық кiрiстiлiктi құру үшiн айналыс мерзiмi бар ай және одан асатын МБҚ шығаруды жүзеге асыру ұйғарылады.
4. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетiлдiру
Бағалы қағаздар нарығын дамытумен дамыған инфрақұрылымның болуы үлкен мәнге ие. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрi дамыту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет. Техникалық инфрақұрылымды жетiлдiруге ерекше көңiл бөлiнуi тиiс, атап айтқанда Алматы қаласы Өңiрлiк қаржы орталығының жұмыс iстеуiне байланысты Алматы қаласының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының сауда алаңында қаржы орталығының арнайы сауда алаңын ұйымдастыру қажет. Осыған байланысты өңiрлiк қаржы орталығы қызметiнiң ерекшелiгiне сәйкес ҚҚБ сауда жүйесiн бейiмдеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет, атап айтқанда шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарын айналдыру, сондай-ақ сауда-саттыққа шетелдiк брокер дилерлердiң қатынауы "Т+3" орындау мерзiмi бар сауда жүйесiнде мәмiлелер жасау, сондай-ақ клирингтiк жүйелердi пайдалану мүмкiндiгiн қарауды талап етедi. Орталық депозитарий қызметiнде сондай-ақ оның бағдарламалық қамтамасыз етуiн ҚҚБ сауда жүйесiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуда маңызды мәселе сондай-ақ бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу, сондай-ақ олар бойынша жеке меншiк құқықтарының өтуiн есепке алу болып табылады, ол бағалы қағаздарға құқықтарды тiркеу процесiнде туындайтын тәуекелдердi азайтуға оң әсер ететiн болады және бағалы қағаздар меншiк иелерiнiң құрылымының айқындылық деңгейiн арттыруға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға ықпал ететiн болады.
Бағалы қағаздардың әр түрлерi бойынша қаржы құралдарының әдiл (нарықтық) құнын анықтау әдiсiн iс жүзiнде пайдалану және қолдануды жетiлдiру.
5. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының қызметiн пруденциалдық реттеудi жетiлдiру, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу
Бағалы қағаздар нарығында тәуекелдердi басқару мәселелерiн жетiлдiру мақсатында тәуекелдi қадағалауға бағдарланған халықаралық пруденциалдық реттеу стандарттарына сәйкес бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының қызметiн пруденциалдық реттеудi жетiлдiру және оларда тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу ұйғарылады.
Тәуекелдердi басқару жүйесiнiң негiзгi мақсаты қандай-да бiр тәуекелдердi қабылдау мүмкiндiгiн және оларды өлшеу мен басқару үшiн көзқарастарды белгiлеу болуға тиiс.
6. Өтiмдi бағалы қағаздар нарығын дамыту
Халықаралық тәжiрибе көрсетiп отырғандай қаржылық секторды дамыту деңгейi қор нарығының өтiмдiлiгi және өтiмдi қаржы құралдарының нарығын дамыту деңгейiне барабар. МБҚ нарығында нақты қисық кiрiстiлiктi құру өтiмдi қаржы құралдары нарығын дамытуға негiз болуы тиiс.
Ағымдағы сәтте қолданыстағы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында қойылған өтiмдi қаржы құралдары ұғымын, олардың айналымы мен салық салу тәртiбiн анықтау жөнiндегi мәселе шешiлмегендiгiн атап өту қажет. Мүмкiн осы факт, сондай-ақ мәмiлелердiң үлкен көлемiн қолдауға дайын маркет-мейкерлердiң болмауы көбiне өтiмдi қаржы құралдары нарығының дамымағандығын түсiндiредi.
Өтiмдi қаржы құралдары нарығын дамыту бойынша бiрiншi қадам Ұлттық Банктiң банкаралық валюта нарығында негiзгi маркет-мейкер ретiнде әрекет етуi болмақ, ол басқа нарық қатысушыларын ынталандыруы және неғұрлым өтiмдi құралдардың (опциондардың) туындауына ықпал етедi.
Қажеттi шаралар:
Қазақстан Республикасының заңнамасына (Азаматтық Кодекс, Салық кодексi, Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен өтiмдi қаржы құралдары ұғымын, олардың айналыс және салық салу тәртiбiн анықтау;
1 жылға дейiн мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша қисық кiрiстiлiктi құру;
банкаралық валюта нарығында оларды бiр жылға дейiнгi мерзiммен одан әрi бүкiл қисық кiрiстiлiк бойынша белгiлеу перспективасымен 1 айға дейiнгi мерзiмi бар мерзiмдi келiсiм-шарттарды белгiлеудi жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |