Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қ аулыс ы



жүктеу 20.84 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі20.84 Kb.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

Қ А У Л Ы С Ы

Алматы қаласы 2007 жылғы 24 қыркүйек № 112


Қызметінің бiрден бiр түрі

шетел валютасымен айырбастау

операцияларын ұйымдастыру болып

табылатын заңды тұлғалардың

жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Қызметiнiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) қаржылық тұрақтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Уәкілетті ұйымдардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталының ең аз мөлшері 1 000 000 (бір миллион) Қазақстан теңгесі мөлшерінде бекітілсін.

2. Жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдар 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде жарғылық капиталдарын осы қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес келтірсін.

3. Жаңадан құрылған немесе жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдар бірден артық айырбастау пунктін ашқан кезде олардың ақшалай нысанда қалыптастырылатын жарғылық капиталы әрбір жаңадан ашылатын айырбастау пункті үшін 300 000 (үш жүз мың) Қазақстан теңгесіне ұлғайтылуы тиіс.

4. Бірден артық айырбастау пункті бар уәкілетті ұйымдар 2008 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде өзінің жарғылық капиталын осы қаулының 3-тармағының талаптарына сәйкес келтірсін.

5. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерi туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы


№ 402 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1007 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» ресми басылымында 1999 жылғы 20 – 31 желтоқсанда жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін ұлғайту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 112 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1512 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» ресми басылымында 2001 жылғы 28 мамыр - 3 маусымда жарияланған).

6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов

2007 жылы қазанның 10-нда ҚРӘМ 4962 нөмірімен тіркелген
24.10.2007 жылы жарияланған

№ 163 «Заң газеті»







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет