Қанды түссіздендіру. Химиялық түссіздендіру әдісі гем алуға негізделген. Гемоглобиннен алынған гем ацетонның әсерімен қышқыл ортадан ақуыздың тұрақтылығын азайтды және функциялық қасиетін кемітеді. Бұл әдістің қиындығы қосымша жұмыс қажет етеді. Гемоглобиннің түссіздендіруін сутегі асқын тотығымен жасауға болады. Соңғы сәтте Н₂О₂ бұзу үшін каталазаны ерітіндіге қосады. Түссізденген ақуыз суда ерімейді. Оны шұжық, жартылай фабрикат жасауға қолданады.
Қанның кептірілуі. Қан мен оның бөліктерін кептіру оның ұзақ уақытқа сақталуын және оны тасымалдауды жеңілдетеді. Ол үшін қанның ылғалын тоңаздатын кептіргіште тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кептіргіштің температурасы 100 градус болғанымен ылғалдың әсерімен 50 градусқа дейін төмендейді. Тозаңдататын кептіргіштен алынған жұқа ұнтақ ылғалды және суды сіңіреді, сондықтан оны кебу жерде сақтау қажет.
Қанның плазмасын қоюландыру. Қан плазмасының ішінде судың көп болуы оны кейбір ет өнімдеріне қолдануды шектейді, сондықтан оны қоюландыру үшін сүзу тәсілін қолданады. Ультра сүзу қондырғыларында жартылай өткізгіш мембрана қолданылады. Ол макромолекулаларының концентрациясын өсіреді. Жүргізуші күш ретінде қысымның төменденуі қолданылған – 1 10³ кПа. Бөлу айналадағы ортаның температурасында өткізіледі, соған қарай ақуыздың табиғи қасиеттері сақталады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, қанның құрамы мен қасиетін зерттеу барысында мен ағзадағы қанның зор маңызын түсіндім, қан құрамын зерттедім, қан элементтерінің құрылымы мен олардың қызметі арасындағы байланысты, сонымен қатар, ет және ет өнімдерінің технологиясы бойынша, қанды қалай өңдейтінін, ет құрамындағы қасиеттерін түсіндім.
Қан – бұл белгілі бір құрамға ие және бірқатар маңызды функцияларды атқаратын дене жасушаларының бірі. Қалыпты өмір сүру үшін қанның бар- лық компоненттері оңтайлы арақатынаста болуы керек.
Қанның тағамдық құндылығы жоғары болғандықтан, қан тамақ, емдік және техникалық өнімдерді өндіру үшін қолданылады. Ұюдың алдын алу үшін қан дефибринацияланады (фибрин ақуызын алып тастайды) немесе тұрақтандырады (ұюдың алдын алу үшін қоспалар енгізіледі). Қаннан формалық элементтердің (сепаратордан) бөлінуі негізінде алынған тұтас қан, қан плазмасы және ашық тағамдық сарысуы шұжық өнімдері мен басқа да ет өнімдері өндірісінде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |