Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының



бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

1153 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының

 (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру»


мемлекеттік қызмет стандарты

 


1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдерді қоса алғанда) жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) балама негізде осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-7-бабының бірінші бөлімінің 16) тармақшасына, «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру және бақылау талоны (бұдан әрі - арнайы рұқсат) немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



уәкілетті органға өтініш берген кезде:

1) өтінішті берген сәттен бастап - бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алым сомасын көрсете отырып, арнайы рұқсатты беру туралы хабарлама немесе арнайы рұқсатты беруден жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасын мемлекеттік қызмет алушы төлеген сәттен бастап - екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға арнайы рұқсат беріледі;

3) өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

өтініш беру кезінде:

1) ХҚО аудандық бөліміне:

белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні (уәкілетті органға құжаттарды жеткізуге кеткен 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

арнайы рұқсатты беру мерзімі уәкілетті органға төлем құжаты келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні (уәкілетті органға құжаттарды жеткізуге кеткен 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО жеткізуге кеткен 2 күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық бөліміне:

белгіленген үлгідегі өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

арнайы рұқсатты беру мерзімі уәкілетті органға төлемді құжат келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген, қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) арнайы рұқсатты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты: 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.



Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (Салық кодексі) белгіленген алым ставкалары бойынша республикалық бюджетке төленеді.

9. Мемлекеттік қызмет:



1) уәкілетті органға өтініш берген кезде:

уәкілетті органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзілісі бар, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін күнде көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

2) ХҚО өтініш берген кезде:

жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, ХҚО түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейінгі күнде көрсетіледі.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша көрсетіледі.



Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

12. Уәкілетті органдағы өтініштің бланкілерін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның қызметкері береді.

Бекітілген нысандағы ХҚО өтініштің бланкілері залдағы арнайы тағада немесе ХҚО www.con.gov.kz  интернет-ресурсында болады.

13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесімен жүзеге асырылады.



ХҚО құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» қызметкерлер арқылы көрсетіледі.

14. Уәкілетті органға немесе ХҚО мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:



1) сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;

2) сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті орган немесе ХҚКО лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты.

15. Уәкілетті органда және ХҚО мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, жеке келген, жеке басын куәландыратын және сенімхат құжаттарын ұсынған кезде, қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

16. Арнайы рұқсат беруге:

келісуші ұйыммен тасымалдау маршрутын келісуге;

ақпараттың толық ұсынылмауы;

бөлінбейтін жүктің жеткіліксіз дәйектенуі;

жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының, оның ішінде автомобиль-тартқыштың және тіркеменің (жартылай тіркеменің) техникалық сипаттамаларының сәйкес келмеуі;

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым сомасының болмауы жағдайында бас тарту негізі болып табылады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi



 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібi



 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz  мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

«Қазақстан Республикасының



аумағы бойынша ауыр салмақты

және ірі габаритті көлік құралдарының

(шетелдіктерді қоса алғанда)

жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

тізбесi

 


Р/с №

Бөлімше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95

8 (7132) 54-29-03

ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8 (7112) 53-86-43

ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107

8 (7182) 32-06-39

ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114

8 (7232) 25-22-06

ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131

8 (7282) 24-55-01

ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11

8 (7272) 43-72-71

ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а

8 (7122) 32-73-65

ktk_atr@mtc.gov.kz

8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1

8 (7292) 60-55-50

ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4

8 (7252) 56-44-88

ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі, 1

8 (7262) 34-21-41

ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24а

8 (7242) 27-68-26

ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87

8 (7162) 25-69-93

ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105а

8 (7142) 56-85-25

ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122

8 (7152) 46-44-07

ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5

8 (7212) 34-80-00

ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28

8 (7172) 46-44-07

ktk_ast@mtc.gov.kz

Каталог: uploaded -> kaz -> Actualno -> cent obslyjivaniya naseleniya -> Pilotniy rezhim
Pilotniy rezhim -> «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру»
Pilotniy rezhim -> «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет