5. Ауа райының авиациялық болжамдары
232. Кеңістікте және уақытта метеорологиялық элементтердің өзгеруіне, сондай-ақ кейбір элементтерді болжау және анықтау әдісінің жетілмегеніне байланысты болжамды алушы болжамда көрсетілген кейбір элементтің нақты мағынасын осы элемент болжамның әрекет ету кезеңі ішінде барынша ықтимал өлшем ретінде қарайды. Көрсетілген қандай да бір құбылыстың пайда болуы немесе элементтің өзгеру уақыты барынша ықтимал уақыт ретінде қаралады.
233. Пайдалану жағынан дұрыс болжамдардың нақтылығына қатысты тапсырмалар осы Қағидалардың 2-қосымшасында қамтылған.
234. Метеорологиялық орган жаңа болжамды шығару, мысалы әуеайлақ бойынша тұрақты болжам, бұрын бір типті сол уақыттың кезеңіне, сол жерге шығарылған кез келген болжам жаңа болжамның әрекет ету кезеңінің (немесе оның бөлігі) сәтінен бастап автоматты түрде жойылады.
1. Әуеайлақ бойынша болжамдар, ұшу және қону үшін болжамдар
235. Әуеайлақ бойынша болжамды уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы жасайды.
236. Әуеайлақ бойынша болжам белгіленген уақытта шығарылады және уақыттың белгіленген кезеңі бойына әуеайлақ ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы қысқа мәліметтен тұрады.
237. Әуеайлақ бойынша болжамдар және оларға түзетулер TAF болжамдары түрінде шығарылады және көрсетілген тәртіппен мынадай ақпаратты қамтиды:
1) болжам түрінің сәйкестендіргіші;
2) орналасу жерінің көрсеткіші;
3) болжамды шығару уақыты;
4) жоқ болжамның сәйкестендіргіші, қолданатын жағдайда;
5) болжамның әрекет ету күні және кезеңі;
6) жойылған болжамның сәйкестендіргіші, қолданатын жағдайда;
7) жер бетіндегі жел;
8) көріну;
9) ауа райы;
10) бұлттылық;
11) әрекет ету кезеңі ішінде осы элементтердің бірі немесе бірнешеуінің ауа температурасы және күтілетін маңызды өзгерістері.
238. Әуеайлақ бойынша Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған TAF код нысанында шығарылады.
239. Осы Қағидалардың 238-тармағына сәйкес TAF болжамдарын таратуға қосымша TAF болжамдары мемлекеттер арасындағы екіжақты келісімдер негізінде таратылады.
240. TAF болжамдары және оларға түзетулер OPMET деректердің халықаралық банктеріне, Қазақстан Республикасы ақпаратты жинау және өңдеу орталықтарына таратылады.
241. TAF болжамдарын жасайтын метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және оларға уақытылы тиісті түзетулерді енгізеді. Болжамдар мәтіндерінің көлемі және оларды көрсетілген өзгерістер минимумға жеткізіледі.
242. Үнемі жаңартылмайтын TAF болжамдары жойылады.
243. TAF әуеайлағы бойынша тұрақты болжамдарының әрекет ету кезеңі кемінде 6 сағатты құрайды және 30 сағаттан аспайды, осы кезең пайдаланушымен жасалған келісімге сәйкес белгіленеді. 12 сағаттан кем кезеңімен TAF тұрақты болжамдары әр 3 сағат сайын, ал 12 ден 30 сағатқа дейінгі әрекет ету кезеңімен әр 6 сағат сайын шығарылады.
Жазылған әуеайлақтар бойынша ауа райы болжамының ұзақтығы 6 сағатты құрайды.
244. TAF шығару кезінде әуеайлақтың метеорологиялық органы әуеайлақта кез келген уақытта бір TAF қолданыстағы болжамынан артық болмауын қамтамасыз етеді.
245. Таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарына 2000 метр биіктікте және одан кем әуеайлақ деңгейінде орта қабаттың бұлттылығы пайда болу күтілсе, барлық жағдайларда бұл туралы деректер енгізіледі.
CAVOK термині таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарында қолданылмайды.
246. Синоптиктік бөлігі бар әуеайлақтың метеорологиялық органдары жоқ әуеайлақтар уәкілетті метеорологиялық орган мен ақпарат пайдаланушыларының арасындағы келісім бойынша жақын маңда орналасқан синоптиктік бөлігі бар әуеайлақтық метеорологиялық органының аудан (алаң) бойынша ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етіледі.
247. Қосымша әуеайлақтар бойынша нақты ауа райы туралы ақпарат болмаған жағдайда болжам шамамен жасалады. Ауа райы мәліметі алынғаннан кейін шамамен болжам жасалған нақтыланады және тұрақты болжам жасалады.
Шамамен жасалған болжам әуеайлақтық метеорологиялық органның ұшу құжаттамасында көрсетіледі.
248. TAF болжамдарына өзгерту топтарын енгізу немесе оларға түзету енгізу кезінде мынадай өлшемдер пайдаланылады:
1) болжамға сәйкес жер бетіндегі жақын желдің орташа бағыты 600орта жылдамдығы кезінде өзгертіледі және (немесе) өзгертілгеннен кейін 5 м/с немесе одан көп;
2) болжамға сәйкес жер бетіндегі жақын желдің орташа жылдамдығы 5 м/с немесе одан астамға өзгертіледі;
3) болжамға сәйкес жерге жақын желдің орта жылдамдығынан ауытқу 5 м/с ұлғаяды немесе орта жылдамдығы барысында және (немесе) өзгертілгеннен кейін 8 м/с өзгереді.
4) болжамға сәйкес жерге жақын желдің өзгеруі пайдалануға қатысты маңызды мәндерді арттырады; шектеулі өлшемдер, желдің өзгеруін ескеріп, ӘҚҰ тиісті уәкілетті органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, уәкілетті метеорологиялық орган белгілейді, бұл:
пайдаланылатын ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді;
және ҰҚЖ бүйірден және жолшыбай компоненттерінің өзгерілуі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мағыналарды арттырады;
5) болжамға сәйкес көріну жақсарады және мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе болжамға сәйкес көріну нашарлайды және мынадай мағыналардың бірінен немесе бірнешеуінен кем болады:
150, 350, 600, 800, 1500 немесе 3000 метр;
5000 метр – шолу ұшулардың Қағидалары бойынша ұшулардың маңызды саны орындалған жағдайда;
6) мынадай ауа райы құбылыстарының немесе олардың үйлесуінің кез келген қарқындылығының басталуы немесе тоқтатылуы немесе өзгертілуі:
мұзданатын жауын-шашын;
орташа немесе қатты жауын-шашын (соның ішінде нөсер түріндегі);
найзағай (жауын-шашынмен);
шаңды боран;
құмды боран;
7) ауа райының немесе олардың үйлесімінің мынадай құбылыстарының кез келгенінің басталуы немесе тоқтатылуы болжанады:
мұз кристалдары;
мұзданатын тұман;
шаңды, құмды немесе қарлы жаяу бұрқасын;
шаңды жаяу боран, құмды боран немесе қарлы жаяу боран;
найзағай (жауын-шашынмен немесе жауын-шашынсыз);
дауыл;
құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын);
8) болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен арттырады немесе жетеді немесе болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен азаяды:
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
450 метр (1500 фут) – шолу ұшулардың қағидалары бойынша ұшулардың маңызды санын орындау жағдайында;
9) болжауға сәйкес қабаттың немесе бұлттардың алабы 450 метр (1500 фут) өзгертіледі:
NSC, FEW немесе SCT бастап BKN немесе OVC дейін;
BKN немесе OVC бастап NSC, FEW немесе SCT дейін;
10) қою жаңбырлы бұлттардың дамуы немесе таралуы болжанады;
11) болжауға сәйкес тік көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе болжауға сәйкес тік көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен азаяды немесе кем болады;
30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200, 500 немесе 1000 фут);
12) осы әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және уәкілетті метеорологиялық орган мен мүдделі пайдаланушы арасында келісілген кез келген басқа өлшемдер.
249. Болжамдар, оның басталуына дейін кемінде 1 сағат бұрын шығарылады. Болжамдардың әрекет ете бастауының стандартты уақыт Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) бойынша 00.00 сағаттан бастап белгіленеді.
250. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда, бірінші болжамның кезеңінің басталуы стандартынан ауытқуы мүмкін, ал шығарылу алды әрекеттің басталуына дейін кемінде 1 сағатты құрайды.
251. Әуеайлақ бойынша ауа райының болжамы ашық мәтінмен және қысқартулармен тарату үшін TAF, оларға түзетулер TAF AMD деп белгіленеді. TAF AMD әрекет ету кезеңі уақыт тобында көрсетіледі және қалған барлық әрекет ету кезеңіне таратылады.
252. Қону үшін болжамдарды тиісті уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды. Мынадай болжамдар жергілікті пайдаланушыларды, сондай-ақ әуеайлақтан 1 сағат ұшу уақытының шегінде орналасқан әуе кемелері үшін арналған.
253. Қону үшін болжамдар «тренд» болжамдары түрінде жасалады.
254. «Тренд» түріндегі болжам осы әуеайлақта жергілікті тұрақты мәліметке немесе арнайы мәліметке немесе МЕТАR немесе SPECI мәліметтеріне қоса берілетін метеорологиялық жағдайлардың күтілетін өзгерістерді қысқаша мазмұндаудан тұрады.
255. «Тренд» түрінде қону үшін болжам әрекет ету кезеңі қону үшін болжамның бөлігі болып табылатын мәліметке жасалған уақыттан бастап 2 сағатты құрайды.
256. «Тренд» түріндегі болжамда ол қоса берілетін мәліметтегідей сол бірліктері және шкалалар қолданылады. «PROB» көрсеткіші «тренд» түріндегі болжамда қолданылмайды.
257. ӘҚҰ диспетчерлерінің және әуе кемелері экипаждарының сұрауы бойынша қону үшін болжамдар ашық мәтінмен таратылады.
258. Ұшу үшін болжамдарды тиісті уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды.
259. Пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне сұраныс бойынша күтілетін ұшу уақытына дейін 3 сағат ішінде ұсынылады.
260. Ұшу үшін болжам белгіленген уақыт кезеңіне жатады және ҰҚЖ кешенінің ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты қамтиды. Ұшу үшін болжам жерге жақын желдің жылдамдығы, ауа температурасы, қысым (QNH) және жергілікті келісім жасалған басқа кез келген элементтер туралы ақпаратты қамтиды.
261. Болжам нысаны уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушы (пайдаланушылар) арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Ұшуға арналған болжамдарда қолданылатын элементтердің, терминологияның, бірліктердің және шкалалардың тұру тәртібі әуеайлақ бойынша мәліметтердің тиісті компоненттеріне баламалы болып табылады.
262. Ұшу үшін шығаратын болжамдарды метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және қажет болған жағдай бойынша оларға уақытымен түзетулерді енгізеді.
263. Ұшу үшін болжамдарға түзетулерді шығару өлшемдері уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Осы өлшемдер нақты әуеайлақ үшін белгіленген арнайы мәліметтерді жасау өлшемдеріне сәйкес болады.
2. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар
264. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар жел, биіктіктегі ауаның температурасы, ауа райының ерекше құбылыстары, бұлттылық, көріну, сондай-ақ ұшулар сипаттамасына және орындалатын авиациялық жұмыстардың түрлеріне тәуелді басқа элементтер туралы ақпаратты қамтиды. Осы ақпарат ұшуларды жүргізуде қойылатын талаптарды көрсетеді, оларды қамтамасыз етуге ұшу уақыты мен биіктігін және бағдардың географиялық ұзақтығын ескере отырып, осы болжамдар арналған.
265. Ауа райының ерекше құбылыстарына мыналар жатады:
1) найзағай:
бүркемелі,
жиі,
дауыл желісі бойынша,
бұршақпен бүркемелі,
дауыл желісі бойынша жиі;
2) қатты дауылдың желісі;
3) 100 (немесе таулы аудандарда ұшу эшелонына дейін 150) эшелоннан төмен 15 м/с асатын жер бетіндегі жақын жел;
4) орташа немесе қатты турбуленттік (жаппай бұлттылық немесе ашық аспан кезінде);
5) аса суытылған жаңбырдың нәтижесіндегі бұлттардағы орташа немесе қатты мұздану;
6) таулы толқын;
7) ақ жауынды құмды (шаңды) боран;
8) 250 асатын ұшу эшелоны үшін 1) – 7) тармақшаларда аталған құбылыстарға байланысты түйдек-жаңбырлы бұлттар;
9) 100-250 ұшу эшелоны үшін 1) – 7) тармақшаларда аталған құбылыстарға байланысты бұлттылық;
10) жанартау күлінің бұлттары;
11) радиоактивті бұлттар;
12) 100 эшелоннан төмен ұшу үшін (немесе таулы аудандардағы 150 ұшу эшелонына дейін) тұман, жауын-шашын, сондай-ақ 5000 метр (таулы аудандар үшін 10 километр кем) мағыналарға дейін жер бетінде көрінуді нашарлайтын басқа құбылыстар (BR, DS, DZ, FG, FU, GR, GS, HZ, IC, PL, RA, PO, SA, SG, SN, SS, SQ, немесе VA).
266. АҰЕ бойынша ұшулардың бағдарлары мен аудандары бойынша болжамдарды ұсынудың негізгі нысаны ауа райының ерекше құбылыстарының болжам карталары, жел және биіктіктегі ауа температурасының картасы, қалған жағдайларда және осы Қағидалардың 3 және 4–қосымшаларында көрсетілген ашық мәтін нысанында бағдарлар, ұшу аудандары және АХЖ бойынша ауа райы болжамдарының үлгілері және карталар мен кестелерді құрастыру жөніндегі талаптарға сәйкес, ШҰЕ бойынша ұшулар үшін – кестелер немесе ашық мәтін нысандағы болжамдар болып табылады.
267. Әуе кемелерінің ұшуларын қамтамасыз ету кезінде ауа райының ерекше құбылыстарының мынадай карталары қолданылады:
ауа райының ерекше құбылыстарының 100 ұшу эшелонына дейін (немесе 150 таулы аудандарда ұшу эшелонына дейін) (SWL);
ауа райының ерекше құбылыстарының 100-250 ұшу эшелонына дейін (SWM);
ауа райының ерекше құбылыстарының 250 ұшу эшелонынан астам (SWH).
268. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында ұшу үшін төмендегілерге қатысты қажетті мәліметтер көрсетіледі:
1) найзағай;
2) тропикалық циклондар;
3) қатты дауылдың желісі;
4) қалыпты және қатты турбуленттік (бұлттылық немесе ашық аспанның барысында);
5) орташа немесе қатты мұздану;
6) құрсама құмды/шаңды боран;
7) 100-250 ұшу эшелоны үшін осы Қағидалардың 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген құбылыстарға байланысты;
8) 250 астам ұшу эшелоны үшін осы Қағидалардың 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген будақ жаңбырлы бұлттарға байланысты;
9) конвергенция аймақтарының нақты белгіленген бетінің орналасу жері;
10) бағдар бойынша ауа райының ерекше құбылыстарымен байланысты фронталды жүйелердің қозғалысының бағыты, жылдамдығы және бетінің орналасу жері;
11) тропопаузаның биіктігі;
12) ағымды ағыстар;
13) әуе кемелерінің ұшуларын өндіруіне ықпал ететін жанартау күлі бұлттарының пайда болу жерлері;
14) әуе кемелерінің ұшуларын өндіруіне ықпал ететін атмосфераға радиоактивті материалдарды апатты қалдықтар жері, осының барысында апаттың жерінде және картаның алаңына радиоактивтің белгісі қойылады апат болған жердің ендігі және ұзақтығы, апат болған уақыты және күні және пайдаланушыларға ескерту тиісті аудан үшін NOTAM тексеру.
269. 250 эшелонынан астам ұшуды орындайтын әуе кемелері үшін осы Қағиданың 268-тармағының 1) – 6) тармақшаларына сәйкес мәліметтерді осы ұшу эшелонынан жоғары болса көрсету қажет, осы Қағиданың 268-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жағдайда SIGMET шығарылымды талап ететін найзағайлар күтіледі және/немесе белгіленеді.
270. CB қысқарту ақ жауынды будақ жаңбырлы бұлттар немесе жарығы бар будақ жаңбырлы бұлттардың немесе бұлттылық қабатқа кіретін немесе мұнармен жасырылған будақ жаңбырлы бұлттардың пайда болуына немесе оларды күтуіне байланысты жағдайларда ғана енгізіледі. Бұл жеке немесе таратылған бұлттылық қабатқа кірмейтін және мұнармен жасырылмаған будақ жаңбырлы бұлттарға жатпайды.
271. Жанартау күлі немесе атмосфераға радиоактивті материалдардың апатты қалдықтары ауа райының ерекше құбылыстарының картасына жанартау күлінің және радиоактивті символын енгізу расталған жағдайда осы символдарды күлдің немесе радиоактивті материалдың бағанасы жеткен немесе жетуі мүмкін биіктікке қарамастан осы тәрізді барлық карталарға (төмен, орта және жоғары деңгей үшін) енгізу қажет.
272. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарында СВ қысқарту немесе найзағайдың шартты белгісі будақ жаңбырлы бұлттардың немесе найзағайдың болуына байланысты ауа райының барлық құбылыстарының енгізілгенін білдіру тиіс, атап айтқанда:
найзағай, орташа немесе қатты мұздану;
орташа немесе қатты турбуленттік және бұршақ.
273. Ауа райының ерекше құбылыстарының карталарын АБДО күніне төрт рет SIGWX болжамдар түрінде дайындайды, олар осы болжамдар әзірленген синоптикалық деректер жиналғаннан (00.00, 06.00, 12.00 және 18.00 UTC) кейін 24 сағатты құрайтын әсер етудің белгіленген кезеңдері ішінде әрекет етеді.
274. SIGWX болжамдары мынадай түрде шығарылады:
1) 250-630 (400-150гПа) ұшу эшелондары үшін жоғары деңгейдің SIGWX болжамдары;
2) шектелген географиялық аудандар үшін 100-250 (700-400 гПа) ұшу эшелондары үшін (SWM) орта деңгейдегі SIGWX болжамдары. Жер рельефінің орта асуы 100 ұшу эшелонын пайдалануға маңызды топографиялық ықпал көрсетсе, өңірлік аэронавигациялық келісімге сәйкес картаның базисі ретінде жоғарылау эшелон көзделеді.
275. 100 эшелон (немесе таулы аудандарда 150 эшелонға дейін немесе қажет болғанда бұдан жоғары эшелон) үшін кіші биіктіктерде ұшулар үшін төмен деңгейдегі ұшулардың SIGWX болжамдарын АБӨО және жергілікті келісімге сәйкес басқа болжау орталықтары шығарады.
276. АМО 700-150 гПа орта және жоғары деңгейі және кіші биіктіктерде (700 гПа төмен) ұшу үшін ауа райының ерекше құбылыстарының карталары шығарылады.
277. АБДО дайындаған тұрақты торының торабында болжамдар мыналарды қамту тиіс:
1) 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПА), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100 гПа) ұшу эшелондары үшін жел және ауаның температурасы туралы деректерді;
2) абсолюттік биіктік және тропопаузаның температурасы туралы ақпаратты;
3) қатты желдің бағыты, жылдамдығы және оның биіктігі ұшу эшелон бірлігінде;
4) 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа) және 180 (500 гПа) ұшу эшелондары үшін ауа ылғалдығы туралы деректер;
5) 50 (850 гПа), 100 (700 гПа), 140 (600 гПа), 180 (500 гПа), 240 (400 гПа), 300 (300 гПа), 320 (275 гПа), 340 (250 гПа), 360 (225 гПа), 390 (200 гПа), 450 (150 гПа) және 530 (100гПа) ұшу эшелондары үшін абсолюттік биіктіктігінің геоәлеуеті туралы деректер;
6) ұшу эшелондары бірлігіндегі түйдек жаңбырлардың жоғарғы және төменгі шекарасының биіктігі туралы ақпараттар мен горизонтальдық ұзындығы туралы мәліметтер.
278. Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету барысында авиациялық пайдаланушылар мен уәкілетті метеорологиялық орган арасындағы келісім бойынша кіші биіктіктерде GAMET кодының нысанында жасалған ауа райының болжамдары пайдаланылады. GAMET кодының нысаны мен мазмұны осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарда көрсетілген.
279. Ұшулар аудандары (секторлар) бойынша ашық мәтін нысанында ауа райының болжамдары әрекет ету алдына дейін 1 сағат бұрын 6 сағат әрекет ету кезеңімен әр 3 сағат жасалады.
Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда ұшулар аудандары бойынша бірінші болжамның әрекет ету кезеңі басталуы стандартынан айырмашылығы болуы мүмкін.
280. Қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында бағдар бойынша болжамдарда элементтердің тұру тәртібі мәліметтің код нысанын және (немесе) олардың түзетулері тиісті элементтердің тұру тәртібімен сәйкес болу тиіс.
281. Қолданылатын терминология және өлшем бірліктері әуеайлақ бойынша мәліметтер мен болжамдардың тиісті компоненттеріне баламалы болу тиіс.
282. Ұшу бағдарлары және аудандары бойынша халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету барысында болжамдардың тану индекстері ретінде AREA FCST және ROUTE FCST белгілер қолданылады, түзетулерді енгізу жағдайында олардың алдында AMD индекс қойылады.
283. TAF болжамдарында пайдаланылатын CAVOK термині ұшу бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарда қолданылмайды.
284. АҰЕ бойынша ұшулар үшін ашық мәтін нысанында болжамдарды пайдалану барысында мынадай деректер енгізіледі:
1) ұшу бағдары;
2) болжамның әрекет ету мерзімі (басынан аяғына дейін);
3) синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;
4) ауа райының ерекше жағдайлары
6) бұлттылық;
7) тропопаузаның биіктігі;
8) ағымды ағыстың барысында – ағым осінің биіктігі, қатты желдің бағыты және жылдамдығы;
9) желдің жылдамдығы сағатына 100 км асатын қабаттың төменгі және жоғарғы шетінің биіктігі.
285. ШҰЕ ұшу үшін болжамдардың мәтіндеріне мыналар енгізіледі:
1) болжамның түрі (бағыт, аудан немесе сектор бойынша);
2) ұшу бағыты (ауданы);
3) болжамның әрекет ету мерзімі (басынан аяғына дейін);
4) синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасы;
5) жер бетіндегі және теңіз деңгейінен биіктікте жел және ауаның температурасы (АХЖ аудандары ғана үшін);
6) жер бетіндегі көріну;
7) ауа райының ерекше құбылыстары;
8) бұлттылық (бұлттардың саны және нысаны, жер бетінен төменгі және жоғары шеттерінің биіктігі, таулы аудандарда - теңіз деңгейінен);
9) мұздану;
10) турбуленттілік;
11) 0С бойынша 0 градус деңгейінің биіктігі;
12) таулардың жабылу деңгейі, бұлттармен жасанды кедергілермен;
13) теңіз деңгейіне келтірілген ұшу бағыты (ауданы) бойынша ең аз қысым.
286. Болжамдарда ашық мәтін нысанда «кезеңінен бастап....дейін», «учаскеден бастап.... дейін», «кей жерлерде», «жауын шашынды», «ойпаттарда», «өзендер аңғарында», «көл бетінде», «бөктерлерде» деген терминдер пайдаланылады, осы өзгерістерді уақыт және енділікті/ұзақтықты немесе географиялық пункттерді пайдалана отырып, орналасқан жер бойынша нақтылау қажет.
287. Ұшулар бағдарлары және аудандары бойынша болжамдарға түзетулерді метеорологиялық органдар мынадай өзгерістер күтілгенде жасайды:
1) биіктіктегі жел 30 градус немесе одан астам бағыт бойынша өзгерілсе, егер өзгерістен бұрын немесе кейін жылдамдығы сағатына 60 км немесе одан астамды болса немесе желдің жылдамдығы сағатына 40 км немесе одан астамға өзгертілсе;
2) биіктіктерде ауа температурасы 5 градусқа немесе одан астамға өзгерсе;
3) бұдан бұрын берілген болжамда көзделмеген турбуленттік немесе мұздану аймақтарының пайда болуы күтілсе немесе аталған құбылыстардың қарқындылығы ұлғайған немесе азайған жағдайда;
4) басқа ерекше құбылыстардың пайда болуы немесе тоқтатылуы күтілгенде;
5) бұлттар биіктігінің төмендеуі (жоғарылауы) және (немесе) ШЕҰ бойынша ұшулар үшін белгіленген минимумдардан жоғары немесе төмен мәндеріне дейін көріну күтілген жағдайда.
3. Кіші биіктіктерде ұшулар үшін GAMET аймақтық болжамдары
288. Әуе қозғалысының тығыздығы 100 ұшу эшелонынан төмен (таулы аудандарда 150 ұшу эшелоны немесе қажет болғанда бұдан жоғары) болған жағдайда тұрақты шығарылымды және осы тәрізді ұшулар үшін аймақтық болжамдардың таралуын талап етеді және шығарылымның жиілігін, нысанды және белгіленген уақытты немесе осы болжамдардың әрекет ету кезеңін және оларға түзетулерді шығару өлшемдерін пайдаланушылармен кеңесіп, метеорологиялық уәкілетті орган белгілейді.
289. Әуе қозғалысының қарқындылығы 100 ұшу эшелонынан төмен болған жағдай AIRMET ақпаратын шығару қажеттілігін талап етеді осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес осындай ұшу үшін аймақтық болжамдар тиісті метеорологиялық уәкілетті органдар арасында келісілген нысанда жасалады.
290. Қысқартулармен ашық мәтінді пайдалану барысында болжам ИКАО қабылданған қысқартуларды және сандық өлшемдерді пайдалана отырып, GAMET болжамы нысанында жасалады, карта нысанын пайдалану кезінде болжам биіктіктердегі желдің және биіктіктердегі ауа температурасының болжамын және SIGWX құбылыстардың болжамын қиыстыру түрінде жасалады.
291. GAMET нысанында аймақтық болжамдарды дайындау кезінде олар екі тарауды қамтиды:
І тарау AIRMET ақпаратын шығару үшін пайдаланылатын кіші биіктіктерде ұшуларға қауіпті болатын бағдарларда ауа райының құбылыстары туралы деректерді қамтиды;
II тарау кіші биіктіктерде ұшулар үшін талап ететін қосымша ақпаратты қамтиды.
GAMET нысанында жасалатын аймақтық болжамда элементтердің мәні және тәртібі осы Қағидалардың 5-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарға келтірілген үлгіге сәйкес болуы тиіс. ІІ тараудағы қосымша элементтер уәкілетті метеорологиялық орган мен пайдаланушылар арасындағы келісімге сәйкес енгізіледі. SIGMET хабарламасына енген элементтер GAMET аймақтық болжамдарға енгізілмейді.
292. Аймақтық болжамдар жер бетінен 100 ұшу эшелонына немесе (таулы аудандарда 150 немесе қажет болғанда одан да жоғары) дейінгі қабат үшін шығарылады және AIRMET ақпаратын шығару үшін пайдаланылатын кіші биіктіктерде ұшу үшін қауіп төндіретін бағытта ауа райының құбылыстары туралы деректерді, сондай-ақ кіші биіктіктерде ұшу үшін талап етілетін қосымша деректерді қамтиды.
293. Жергілікті таратылатын аймақтық болжамдар және оларға түзетулер метеорологиялық органдар арасында осы ақпаратпен алмасу үшін көзделген нысанның бірінде немесе жергілікті келісімге сәйкес қандай да бір басқа нысанда жасалады.
294. Аймақтық болжамдарда (немесе оларға түзетулерде) қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанда элементтердің тұру тәртібі хабарлаудың код нысанындағы тиісті элементтермен сәйкес болуы тиіс.
295. Пайдаланылатын терминология және өлшеу бірліктері мәліметтердің және әуеайлақ бойынша болжамдардың тиісті компоненттеріне баламалы болуға тиіс.
296. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдар 6 сағат сайын жасалады, осының барысында олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады.
4. Кіші биіктіктерде ұшуды қамтамасыз ету үшін ақпараттар ұсыну
297. Болжамдар карталар нысанында ұсынылған жағдайда кіші биіктіктерде ұшу, сондай-ақ 100 ұшу эшелонына (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан да жоғары) дейін шолу ұшулар ережелері бойынша ұшулар үшін ұшу құжаттамасына мынадай ақпаратты енгізу қажет:
1) SIGMET және AIRMET тиісті мәліметтерден ақпаратты;
2) 600, 1500 және 3000 м (2000, 5000 және 10 000 фут) биіктіктерде ауа температурасының және желдің карталары;
3) ауа райының ерекше құбылыстарының карталары, карта мен кестелердің үлгілері осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген карта және кестелердің құрастырылуы жөніндегі талаптарда келтірілген.
298. Болжамдар карталар нысанында ұсынылмаған жағдайда 100 ұшу эшелонына (немесе қажет болғанда 150 ұшу эшелонына дейін немесе таулы аудандарда одан да жоғары) дейін ШҰҚ бойынша ұшу құжаттамасына мынадай ақпаратты енгізу қажет:
1) SIGMET және AIRMET;
2) GAMET аймақтық болжамдары осы Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген GAMET ақпаратына қатысты талаптарға сәйкес құрастырылған; немесе
3) ұшудың бағыттары және аудандары бойынша аймақтық болжамдар қабылданған қысқартулармен ашық мәтін нысанында.
Достарыңызбен бөлісу: |