Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Шаңды боран жағдайындағы ұшу



бет11/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

104-параграф. Шаңды боран жағдайындағы ұшу
      614. Ұшу бағытында күштi шаңды боранға тап болған жағдайда экипаж оны көзбен шолып қауiпсiз қашықтықта айналып өтеді немесе оның үстінен ұшып өтеді.
      615. Шаңды боранды айналып өту мақсатында әуе кемесінің ұшу биіктігі мен бағытын өзгерту үшін экипажға осы Қағиданың 367-тармағында көзделгенді қоспаған жағдайда, диспетчердің келісімі бойынша ғана рұқсат етiледi.
      616. Шаңды боран мен күшті шайқалу жағдайларында әуе кемесінің қонуға бет алуға және қонуына тыйым салынады.
105-параграф. Таулы жерлерде ұшу
      617. Таулы жерлерде ұшуға дайындық кезiнде экипаж қосымша:
      1) трассаның екі жағынан кемінде 50 км бағыт белдеуіндегі жер бедерін зерттеуге, командалық биіктіктерді шектеу пеленгілерін картаға түсіруге және қауіпті метеорологиялық құбылыстар ұшырасқан жағдайда айналма бағыттарды белгілейді;
      2) ҰОЕ бойынша ұшу кезінде 600 м (2000 м дейінгі таулар) немесе 900 м (2000 м биік таулар) кедергілер үстіндегі нақты қауіпсіз биіктіктегі ұшулар немесе бір қозғалтқыштың жұмыс істемей қалуы кезінде бағыт бойынша эшелон ұшуының мүмкіндігін сақтау анықталады.
      Бір қозғалтқыш жұмыс істемей қалған жағдайда ӘК ұшу массасы ұшу эшелонының шыдамдылығына мүмкіндік бермесе, бағыттан екі жаққа қарай 10 км шамасындағы кедергілер үстінен 600 м кем емес ұшудың қауіпсіз биіктігінен жергілікті кедергілердің төмен жағына қарай бағыттан ауытқу рәсімі белгіленеді.
      Ұшу картасында қажет болған кезде командалық биіктік бойынша (үлкен биіктіктердегі ұшулар үшін профиль биіктікті алу және төмендеу учаскелері үшін сызылады) жергілікті профиль сызылады;
      3) метеорологиялық жағдайларды және ауаның күштi ену және шығу ағындарының болуы, iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттану мүмкiндiктерiн, сондай-ақ ұшу және қону аймағындағы орфографикалық шайқалуды талдауға;
      4) шатқалдар мен таулы аңғарлар бағытын зерделеуге;
      5) мәжбүрлi қону үшiн пайдаланылуы мүмкiн орындарды картада зерделеуге және белгiлеуге;
      6) таулы жерлерде орналасқан әуеайлақтардың биiктiгiн, ондағы ұшу және қону ерекшелiгiн, таулы жерлердегi әуеайлақтарда ұшу-қону кезiнде барометрлiк биiктiктi өлшеуiштi пайдалану ережесiн бiлуге;
      7) қажеттi оттегi қорының болуын тексеруге және оттегi жабдығының дұрыстығына сенуге мiндеттi.
      Ескерту. 617-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      618. Баратын бағыты бойынша таулы жерлерде ұшу эшелонын (биiктiгiн) таңдап алуға белгiленген шегiне дейiн қауiпсiз эшелонды (биiктiктi) таңдап алуды қамтамасыз еткен жағдайда ғана рұқсат етiледi. Басқа жағдайларда биiктiктi таңдап алу белгiленген сұлба бойынша жүргiзiледi.
      619. КҰҚ бойынша ұшу кезiнде тау жоталарынан өткен кезде ӘК командирi (ұшқышы) алдыңғы жақтан және артқы жақтан соғатын ауа тасқындарының болуын ескередi. Егер тау жоталарына жақын келген кезде қарсы беттен ауа тасқыны байқалатын және көлденең ұшуды ұстап қалу үшін қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс режимін ұстап тұруға дейін арттыру қажет болса, тау жотасының жер бедерінен 900 метрден кемірек биiктiкте өтуге міндетті болады.
106-параграф. Бағдарлану қиын жерлердегi және
шөлейттердегi ұшу
      620. Бағдарлану қиын жерлерде ұшуларды орындау (тайга, дала, шөлейт, су кеңістігі, сирек қоныстанған және зерттелмеген аудандарда) ұшақ жүргізудің радиотехникалық құралдары мен бағдарлануы қиын жерлерге тән кемшіліктер ескерілген бағдар жүргізу қиыншылықтарына байланысты. Сондықтан, бағдарлануы қиын жерлердің үстінен ұшуға дайындықты ұшу ауданын сипаттайтын қолда бар анықтамалық материалдар мен көмекші құралдарды пайдалана отырып, сол сияқты осы жермен бұрын ұшқан экипаждардан кеңес ала отырып мұқият жүргізген дұрыс.
      621. Бағдарлану қиын жерлерде және шөлейттерде ұшуға дайындық кезiнде экипаж қосымша:
      1) бағыт бойынша бар сипатты бағдарларды (керуен жолдарын, өзендердi, көлдердiң арналарын, құдықтарды), сондай-ақ жалпы бағдар үшiн пайдаланылуы мүмкiн алыс бағдарларды картада белгiлейді;
      2) аталған бағыт бойынша ұшу тәжірибесі бар басқа экипаждармен бағдарларды жүргізу мәселесі бойынша кеңес алады;
      3) тамақ өнiмдерiнiң, ауыз судың, дәрi-дәрмектер қорының, авариялық радиостанцияларының және сигнал беру құралдарының болуын тексереді.
107-параграф. Су бетiндегi ұшу
      622. Су үстімен ұшу:
      1) суға қону үшiн бейімделген екi қозғалтқышы және барлық әуе кемелерiнде;
      2) бiр қозғалтқышы бар, жағалау шегiнен онша алыс ұшпайтын және iстен шыққан қозғалтқышпен төмендейтiн құрғақтағы әуе кемелерiнде ұшуға рұқсат берiледi.
      623. Судың бетімен ұшу кезiнде, жағалаудан және жағалауға дейінгі қашықтығы істен шыққан қозғалтқыштармен (қозғалтқышпен) ұшуды жоспарлау қашықтығынан артатын кезде, сондай-ақ ұшуға және қонуға бет алу траекториясы мәжбүрлi суға қону мүмкiндiгiн көздейтiн кезде, экипаждың барлық мүшелерi мен жолаушылары құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етiлуі тиіс.
      Жағалаудан ұшу ұзақтығы 30 минуттен аспайтын барлық жағдайларда әуе кемелерінде (түрлеріне қарамастан) жеке құтқару құралдарынан басқа, әуе кемесін ҰПБ-ға сәйкес тіршілікті қамтамасыз ету құралдары бар борттағы адамдардың санына есептелген топтық жүзу құралдары (үрленген құтқару салдары мен олардың апаттық қосалқы бөлшектері) болуы тиіс.
      624. Су үстімен ұшуға әзірлік кезінде экипаж (ұшқыш) қосымша:
      1) жағалаумен шектесу шегін, мәжбүрлі қону жағдайында мұз бен судың бет қабатын егжей-тегжейлі зерттейді;
      2) жеке және топтық құтқару құралдарының, тағам өнімдерінің, ауыз судың, апаттық радиостанциясының және сигнал беру құралдарының бар болуы мен дұрыс орналасуын тексереді;
      3) суға мәжбүрлі қонудың және жүзу құралдарын пайдаланудың ережелерін оқып-үйренеді;
      4) жолаушыларға жеке және топтық құралдарды пайдалану мен авариялық жағдайда қону кезінде оларды пайдалану қағидалары туралы нұсқау береді.
      Ескерту. 624-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      625. Құрлық пен аралдардың жағалаумен шектесу шегіне жақын маңда КҰҚ бойынша ұшу бағыт осінің екі жағынан әрқайсысы 5 км жолақта жер бедерінен ең жоғары рельефі есепке алына отырып, қауіпсіз биіктерде орындалады.
      626. Теңіз жануарлары жатақтарының жағалауларынан 2000 м төмен биіктікте әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынады.
108-параграф. Қиын орнитологиялық жағдайдағы ұшу
      627. Қиын орнитологиялық жағдай әуеайлақ ауданында және құстардың жаппай туындау кезеңінде олардың тәуліктік немесе мерзімдік көшуімен және жиналуымен байланысты әуе кемесінің ұшу траекториясында туындауы мүмкін.
      Қиын орнитологиялық жағдайда әуе кемелерiнің құстармен қауіпті соқтығысуы туындауы мүмкін.
      628. Ұшуға шешiм қабылдар алдында әуе кемесiнiң командирi ӘҚҚ-ның органынан әуеайлақ ауданындағы орнитологиялық жағдай туралы ақпаратты ескеруге мiндеттi.
      629. Атқарушылық старт алдында ДПБ органынан ӘК командирі орнитологиялық жағдай туралы ақпаратты алғаннан кейін ұшудың орындалуы мүмкіндігі бағаланады. Мұндай жағдайларда ұшу шамдарды жағу арқылы жүргiзiледi.
      630. Бағыт бойынша ұшу кезiнде әуе кемесінің ұшу траекториясында құстар байқалған жағдайда экипаж оларды айналып өтуге немесе олардың үстiнен ұшып өтуi тиiс.
      631. Қону әуеайлағына таяп келген кезде ӘҚҚ органынан күрделі орнитологиялық жағдай туралы ақпарат алғаннан кейін немесе құстарды көріп байқаған кезде экипаж:
      1) қырағылықты арттырады;
      2) сыртқы шамдарды және кабина әйнектерін жылытқышты қосады (егер олар бұрын қосылған болмаса);
      3) қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс параметрлеріне бақылауды күшейтеді;
      4) қажет болған кезде екінші шеңберге өтеді.
      Ескерту. 631-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
109-параграф. Ұшудағы ерекше жағдайлар
      632. Ұшудағы ерекше жағдайларға:
      1) әуе кемесiнiң қауiптi метеорологиялық құбылыстарға тап болуы;
      2) қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) iстен шығуы;
      3) ұшудың жоспарын немесе профилiн өзгерту қажеттiлiгiне, оның iшiнде мәжбүрлi қонуға әкелiп соқтыратын әуе кемесi жүйесiнiң iстен шығуы;
      4) әуе кемесiндегi өрт;
      5) тұрақтылықтан, басқарудан айырылу берiктiктiң бұзылуы;
      6) радиобайланыстың үзiлуi (радиобайланыстың борттағы немесе жердегi жүйелерiнiң iстен шығуы);
      7) бағдарлаудан айырылу;
      8) экипажға немесе жолаушыларға шабуыл жасалу;
      9) экипаж мүшелерiнiң немесе жолаушылардың жарақаттануы немесе олардың денсаулығының кенеттен нашарлауы;
      10) әуеайлақтан тысқары мәжбүрлi қону;
      11) қону әуеайлағында ӘҚБ-ның радионавигациялық құралдарының немесе радиотехникалық жабдықтың iстен шығуы;
      12) авариялық жағдайларда парашюттарды қолдану жатады.
      633. Ерекше жағдайларда ұшу қағидалары ұшудың негізгі қағидаларында белгіленеді.
7. Экипаждарды ұшуға дайындау және жіберу кезіндегі
негізгі талаптар
110-параграф. Ұшуға дайындалу кезіндегі негізгі талаптар
      634. ӘК командирі әуе кеңістігінде ол орындайтын сол мемлекеттің, сондай-ақ әуе кемесін тіркеген мемлекеттің және пайдаланушы мемлекеттің оның міндеттерін орындауға қатысы бар заңдар, қағидалар және рәсімдерді сақтайды.
      635. Әуе кемесінің пайдаланушысы әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыс шарттары (бұдан әрі – коммерциялық әуе тасымалдау) негізінде төлемге жолаушылар, багаждар, жүктер, пошталарды әуе тасымалдауды жүзеге асыру жағдайында, әуе кемесінің ұшу экипажының мүшелері немесе АОН ӘК командирі өздерінің міндеттерін орындауға қатысты Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану туралы заңын және қағидаларды және рәсімдерді білуін және орындауын қамтамасыз етеді.
      636. Авиациялық қауіпсіздік қызметі болмаса, ӘК командирі әуе кемесін, оның борттық қорларын, әуе кемесінің экипаж мүшелерін, тасымалданатын жолаушылар және олардың мүліктерін, сондай-ақ жүк пен поштаны ұшар алдында қарап шығады.
      637. Азаматтық авиация саласындағы қызметке заңсыз араласу актісін жасаған жағдайда, ӘК командирі бұл туралы әуе қозғалысына қызмет көрсететін органға, ал онымен байланыс болмаған кезде – ішкі істер органдарына хабарлайды.
      638. Ұшар алдында ӘК командирі осы ұшуға қатысты бар ақпаратты зерделейді, сондай-ақ, егер жоспар бойынша ұшу ауа райының нашарлауы салдарынан орындалмайтын болса, басқа да іс-әрекеттерді жоспарлайды.
      639. ӘК командиріне қажетті ақпарат кем дегенде мыналарды қамтуы тиіс:
      1) АҰҚ бойынша ұшу үшін, сондай-ақ КҰҚ бойынша ұшу үшін әуеайлағы ауданынан тыс ұшып кету: ауа райы жинағы және болжамдары;
      2) осы Қағидада көзделген жағдайларда қосымша әуеайлақ деректері;
      3) кез келген ұшуға:
      ұшып көтерілу және қону орындарында пайдалануға тағайындалған ҰҚЖ деректері;
      отынның тұтыну қоры;
      ҰПБ-да қамтылған ұшып көтерілу және қону қашықтығы туралы деректер;
      ӘК командирі ӘҚҚ органынан хабардар етілген қозғалыстың барлық белгілі кешігулері.
      640. Егер, ол жерден қаралған немесе әуеден алынған және ӘК командирі ҰПН талаптарын қанағаттандырады деп таныған болса, ӘК командиріне ұшақпен қону үшін ол туралы аэронавигациялық ақпарат жоқ алаңды таңдауға рұқсат беріледі.
      Әуе таңдалған алаңға қону үшін ұшақ ұшқышы тиісті даярлықтан өтуі тиіс.
      641. Егер, ол жерден қаралған немесе әуеден алынған және ӘК командирі ҰПН талаптарын қанағаттандырады деп таныған болса, ӘК командиріне тікұшақпен қону үшін аэронавигациялық ақпарат жоқ алаңды таңдауға рұқсат беріледі.
      642. Әуеде таңдалған қонулары бар тікұшақтардағы жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде осындай қонуларды орындау рәсімдері мүмкін қатерлер мен оларды төмендету бағаланып, пайдаланушы ҰҚН-де белгіленеді.
      643. Ұшақтарда жолаушыларды коммерциялық әуе тасымалдауда әуеде алаңды таңдауға тыйым салынады.
      644. ӘК командирі ұшар алдында авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында мыналарға:
      1) әуе кемесі ұшуға жарамды және бортта осы Қағиданың 121, 122, 123-тармақтарында көрсетілген құжаттар бар екеніне;
      2) ұшудың күтілетін жағдайларына қажетті аспаптар мен жабдықтар бортта орнатылғандығына. ӘК командирі ҰҚН талаптарына сәйкес көрсетілген аспаптардың және жабдықтардың жұмыс қабілеттігіне көзін жеткізеді;
      3) әуе кемесіне қажетті техникалық қызмет көрсету осы Қағиданың 468, 1694-тармақтарына сәйкес өткізілетіндігіне;
      4) ұшудың күтілетін жағдайларын ескеріп, ұшуды қауіпсіз орындауға мүмкіндік беретін әуе кемесінің салмағына және оның ауырлық ортасынан орналасуына;
      5) борттағы жүк дұрыс жайғастырылғанына және сенімді бекігеніне;
      6) ҰПН-де қамтылған әуе кемелерін пайдалануды шектеуді асырмайтынына;
      7) байланыс жабдығын және навигациялық құралдарды қоса алғандағы, әуе кемесін қауіпсіз пайдалану үшін орналастырылған және тікелей қажетті жер үсті және (немесе) су құралдары тағайындалған ұшуды орындауға мүмкіндік беретіндігіне;
      8) әуежай үстінен немесе әуежайдан ұшу осы әуежай үшін мемлекет белгілеген пайдаланудың ең төменгісінен төмен емес жағдайда орналасқан:
      ҰАҚ бойынша ұшу үшін метеорологиялық ақпарат тағайындалған әуеайлақтағы жағдай қосымша тағайындалған әуеайлақ қажет болғанда – бір қосымша әуеайлақта ұшып келудің есептелген уақытына қарай әуеайлақтың пайдалануының ең төменгісіне төмен болатындығына немесе одан аса алатындығына;
      КҰҚ бойынша ұшу үшін, ұшып кету әуеайлағының ауданынан ұшуды қоспағанда, нақты ауа райы немесе ағымдағы ақпарат пен болжамдар туралы ақпарат әуе кемесі КҰҚ-қа сәйкес жүруі тиіс бағыт жақтағы метеорологиялық жағдайлар жоспарланған уақытқа КҰҚ сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігіне көзін жеткізеді.
      645. КҰҚ бойынша ұшар алдында авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында борттағы отын мен майлар саны осы Қағиданың 433-тармағында көрсетілгеннен кем емес болуы тиіс.
      646. АҰҚ бойынша ұшар алдында авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында борттағы отын мен майлар саны мыналарға мүмкіндік беруі тиіс:
      1) тағайындалған әуежайға дейін ұшуды орындау, содан кейін жоспарланған крейсорлық жылдамдықта қосымша әуежайға дейін ұшуды орындау, содан кейін жоспарланған крейсорлық жылдамдықта 45 минут ішінде ұшақтар үшін және 30 минут тік ұшақтар үшін ұшуды жалғастыру;
      2) қосымша әуежайға дейін бұрын белгіленіп қойған кетудің кез келген шегі арқылы ұшуды орындау және одан кейін ұшар алдында тағайындалған қону әуежайына дейін ұшуды орындау үшін қажетті отын мен майдың жеткілікті қоры бар болса,жалғастыру және оны 1 сағат ішінде жалғастыру.
      647. Отын және майды есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
      1) болжамдық метеорологиялық жағдайлар;
      2) әуе қозғалысын басқару органдарының нұсқауы бойынша бағыттан және әуе қозғалысымен байланысты кешігуден болжамды бас тартулар;
      3) АҰҚ бойынша ұшуды орындау кезінде екінші шеңберге кетуді қоса алғанда, тағайындалған қону әуеайлағына аспаптар бойынша бір қонуға бет алуды орындау қажеттілігі;
      4) әуе кемесінің герметизацияланбаған кабинасы кезінде немесе бағыт бойынша ұшу уақытында бір қозғалтқыштың бас тартуы кезінде отынның артқан шығысы;
      5) қонуды кешіктіруі немесе отынның және (немесе) майдың артқан шығынын келтіретін кез келген басқа да мәлім жағдайлар.
      648. Әуе кемесінің экипажы ұшар алдында оттегі қорының болуында және осы Қағиданың 62-параграфының талаптарына сәйкес экипаж мүшелері мен жолаушылардың тыныс алуы үшін пайдалануға көзін жеткізеді.
      649. Егер басқасы ҰПН-де көзделмесе, қырау, сулы қар немесе мұз қанаттарының, фюзеляж болса, басқару органы, әуе бұрамаларының қанаттануы, бүйір шынысы, қуат қондырғы бетінде жатса немесе әуе кемесінің әуе қысымы барометрлік аспаптардың қабылдауышында жатса, ұшуды бастауға тыйым салады.
      650.Нақты және болжамды мұздану жағдайлары болған кезде мұздануға қарсы қолданылатын жүйемен жабдықталмаған әуе кемелеріне ұшуды жасауға тыйым салынады:
      651. ӘК:
      1) оны пайдалану құжаттамасына сәйкес;
      2) ӘК тіркеу мемлекетінің уәкілетті органы жазып берген пайдалану шектеулері шегінде пайдаланылады.
      652. ӘКК ұшар алдында ҰПБ-да көрсетілген ӘК ұшу-техникалық сипаттамаларының белгіленген ұшуларды болжанған жағдайларда қауіпсіз орындауға мүмкіндік беретіндігіне көз жеткізеді.
      653. Экипаж ұшар алдында ӘК бортындағы жабдықтың осы Қағиданың 33-параграфының талаптарына сәйкес жұмысқа жарамды күйде екендігіне көз жеткізеді.
      654. Ұшу кезінде авиациялық жұмыстарды немесе ЖМА орындау мақсатында ӘК бортында осы Қағиданың 121-тармағында көрсетілген құжаттар болады.
      655. ӘК бортындағы адамдардың тізімін ӘКК жазады және төмендегіше енгізеді:
      1) ӘК тасымалданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
      2) жоспарланған ұшу күні, уақыты және бағыты;
      3) ӘК мемлекеттік және тіркеу танымдық белгілері;
      4) пайдаланушының сертификатына (куәлік) енгізілген, ӘК ұшулар орындалған жағдайда пайдаланушы сертификатының (куәлік) нөмірі.
      656. ӘК-де ұшудың негізгі ережелерінде келтірілген жазбалар қамтылатын борттық журнал жүргізіледі.
      ӘК экипажының құрамымен ЖМА мақсатында ұшуларды орындаған кезде төмендегідей мәліметтер қамтылатын борттық журнал жүргізіледі.
      1) ұшақтың ұлттық тиесілігі мен тіркелуі,
      2) күні;
      3) ӘКК тегі;
      4) ұшып шығу және ұшып келу пункттері мен уақыты;
      5) ұшу мақсаты;
      6) ұшуға қатысты ескертулер;
      7) ӘКК қолы.
      657. ӘК үшін ӘК жүргізілген санитарлық іс-шаралар туралы ақпарат жазылатын, санитарлық журнал жүргізіледі. ӘК иесі немесе пайдаланушысының шешімі бойынша санитарлық журнал ретінде борттық журнал пайдаланылады.
111-параграф. Әуе кемесінің экипажына ұшуға рұқсат беру
      658. ӘК экипаж мүшелеріне ұшуға рұқсат беру «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      659. Пайдаланушы ӘК түріне қарай ұшу экипажының барлық мүшелерінің олардың кәдуілгі және апатты жағдайда, сол сияқты адамдардың апатты түрде көшірілуін талап ететін жағдайларда орындайтын қызметтерін анықтайды.
      660. Әуе кемесінің ұшу экипажының саны, ұшу тапсырмасын орындауға қажетті жағдайларда, ҰПН-де немесе ұшуға жарамдылығы туралы куәлікке қатысы бар құжаттарда көрсетілген ең төменгі қажетті санмен салыстырғанда ұлғаяды.
      661. Пайдаланушы ӘК ұшу экипажының мүшелерін, егер олар лауазымдық міндеттемелерін іске асыруға рұқсат алу үшін көзделген тиісті даярлық бағдарламасын толық көлемде өтпесе, өз функцияларын орындауға жібермейді.
      Дайындық бағдарламаларын уәкілетті орган бекітіп, пайдаланушының РПП қосылады.
      Ескерту. 661-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      662. Пайдаланушы төмендегі жағдайларда, ұшып шығу күнінен кешіктірмей, нақты аудандар мен бағыттарды, әуеайлақтарды пайдалана отырып, ӘК экипажын ұшуға дайындауды қамтамасыз етеді:
      1) осы ӘК түрінде ӘКК ретінде алғашқы ұшу алдында;
      2) авиациялық жұмыстар орындалатын аудан, жаңа өңірлерде жаңа бағыт бойынша ӘКК ретінде алғашқы ұшу алдында;
      3) арнайы тапсырма бойынша ұшу алдында;
      4) авиациялық жұмыстардың жаңа түрін орындау алдында;
      5) осы Қағиданың 668 тармағы мен 3 қосымшасында көрсетілген мерзім өткен жағдайда.
       Белгіленген еңбек және демалыс режимі мен талап етілген дайындық көлемі ескеріле отырып, ұшу алдында тікелей алдын ала дайындық жүргізуге рұқсат беріледі.
      Алдын ала дайындыққа осы Қағидада белгіленген ұшуға дайындық рәсімін орындау, алдын ала дайындық жүргізу тәртібі енгізіліп, РПП белгіленеді.
      663. Пайдаланушы ӘК командиріне, егер ұшқыш сол түрдегі әуе кемесінде немесе кешенді тренажерде 1 ұшып көтерілуді және қонуды алдағы ұшудың 30 күн ішінде орындамаса, нақты түрдегі әуе кемесін басаруды немесе оны ұшып көтерілу және қону кезінде модификациялауды тапсырмайды.
      Егер ӘК командирі немесе екінші ұшқыш сол немесе басқа түрдегі әртүрлі модификацияланған әуе кемесінде немесе әр түрлі, бірақ пайдалану рәсімдеріне, жүйесіне және басқаруына қатысты ұқсас сипаттамасы бар әуе кемелерінде ұшса, онда пайдаланушы әрбір модификациялауға немесе әуе кемесінің әрбір түріне қатысты талаптар қандай жағдайда біріктіруге болатын шешімдерді қабылдайды.
      664. Пайдаланушы ұшқышқа, егер алдыңғы 90 күн ішінде ұшқыш:
      1) нақты түрдегі әуе кемесінде ұшудың немесе оны модификациялаудағы крейсерлік кезеңде ӘК командирінің, екінші ұшқыштың немесе ауысатын ұшқыштың міндеттерін орындамаса;
      2) нақты түрдегі әуе кемесінде немесе кешенді тренажерде ұшудың крейсерлік кезеңі үшін стандартты, шаттан тыс және авариялық ерекше жағдайда іс-қимылды қоса отырып, ұшу дағдыларын қалпына келтіру үшін жаттығудан өтпесе, нақты түрдегі әуе кемесінде ұшудың немесе оны модификациялаудағы крейсерлік кезеңде ауысатын ұшқыштың міндеттерін орындауды тапсырмайды.
      665. Пайдаланушы штурманға, бортрадистке немесе бортинженерге (бортмеханикке), егер алдыңғы 90 күн ішінде әуе кемесінің ұшу экипажының көрсетілген мүшесі:
      1) нақты түрдегі әуе кемесінде немесе оны модификациялауда өз міндеттерін орындамаса;
      2) нақты түрдегі әуе кемесінде немесе кешенді тренажерде стандартты, шаттан тыс және авариялық ерекше жағдайда іс-қимылды қоса отырып, ұшу дағдыларын қалпына келтіру үшін жаттығудан өтпесе, нақты түрдегі әуе кемесінде немесе оны модификациялауда міндеттерді орындауды тапсырмайды.
      666. Пайдаланушы ұшқышты қазіргі уақытта дайын болмай, бағыт немесе бағыт учаскесі бойынша ұшуды орындауы үшін оны, осы Қағиданың 667 және 668-тармақтарының талаптарын қанағаттандырғанға дейін ӘКК ретінде тағайындамайды.
      667. ӘК ұшу экипажының әрбір мүшесі тапсырылған қызметтік міндеттерді орындауы үшін мыналарды шын мәнінде білетіндігіне пайдаланушының көзін жеткізуі тиіс:
      1) белгiленген бағыт және қону үшiн белгiленген әуеайлақтар, оның iшiнде:
      жер және ең төменгi қауiпсiз абсолюттық биiктер;
      мерзiмдiк метеорологиялық жағдайлар;
      техникалық құралдар, қызмет көрсету тәртiбi және «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысы;
      «Ұшуларды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиомен алмасу фразеологиясы Ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзбесiнде № 6635 тiркелген) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығын;
      iздестiру және құтқару қағидалары;
      ұшу орындалуы тиiс бағытқа байланысты қашықтағы навигацияның кез келген қағидаларын қоса алғанда, навигациялық құралдар және қағидалар;
      2) халық көп тұратын аудандардың және әуе қозғалысының жоғары тығыздығы бар аудандардың үстімен ұшу траекториясын жасау, кедергілердің орналасуы, жердің топографиясы, жарық сигналды құралдар, қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдары, сондай-ақ келу, ұшып кету, күту аймағындағы ұшу және аспаптар бойынша қонуға сондай-ақ алу сызбасы және қолданылатын пайдалану минимумдар қағидалары.
      Ескерту. 667-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  20.09.2013 № 733 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      668. Пайдаланушы ұшқышты, егер ұшқыш 12 ай бойы әуе кемесінің ұшу экипажының құрамында немесе ұшу экипажының кабинасында тексерушімен немесе қадағалаушымен ұшқыш ретінде бiр де бiр ұшпаған жағдайда, пайдаланушы белгілеген бағытта немесе аудан шегінде ӘК командирі ретінде тағайындамайды:
      1) сол ауданда;
      2) кестесі сол бағытпен немесе ұшып көтерілу немесе қону үшін пайдалану болжанған кез келген әуеайлақтармен байланысты кез келген бағыт бойынша ерекше дағды мен білімдерді қолдануды талап етіледі.
      ӘК командирі 12 ай бойы ӘК-де белгіленген ауданда немесе әуеайлақта бiр де бiр ұшпаған жағдайда немесе осындай сызбаларды кешенді пайдаланып көрмеген жағдайда, ӘК командирі оны сол ауданда немесе сол бағытта ұшуды орындау үшін тағайындар алдында ұшқышты пайдаланушы тексеруі тиіс.
      669.Пайдаланушы ұшу экипажы мүшелерінің апатты жағдайда іс-әрекеттер жасау дағдысын тексеруді қамтамасыз етеді.
      Егер пайдаланушы сол немесе басқа түрдегі әртүрлі модификацияланған әуе кемесінде немесе әр түрлі, бірақ пайдалану рәсімдеріне, жүйесіне және басқаруына қатысты ұқсас сипаттамасы бар әуе кемелерінде ұшу экипажының ұшу кестесін жоспарласа, онда пайдаланушы әрбір модификациялауға немесе әуе кемесінің әрбір түріне қатысты талаптар қандай жағдайда біріктіруге болатын шешімдерді қабылдайды.
      670. Пайдаланушы ұшақтың әрбір түрі үшін әуе кемесінің кабиналық экипажы мүшелерінің жеткілікті санын жолаушылар сыйымдылығынан немесе тасымалданатын жолаушылар санынан шыға отырып, адамдарды қауіпсіз және жедел көшіруді, сондай-ақ авариялық жағдайда немесе авариялық көшіруді талап ететін, бірақ ҰПН-де белгіленгеннен кем емес, оқиғада қажетті функцияларды орындауды қамтамасыз ету үшін белгілейді.
      671. Функциясына авариялық көшіру бойынша іс-қимыл кіретін әуе кемесінің кабиналық экипажының әрбір мүшесі ұшып көтерілу және қону уақытында көзделген немесе ӘКК нұсқауы бойынша орынды алады.
      672. Ұшып көтерiлу және қону уақытында, сондай-ақ ӘК командирiнiң нұсқауы бойынша кез келген басқа уақытта, әуе кемесiнiң кабиналық экипажының мүшесi креслода орын алса, ол байланған белбеумен немесе бар болса, байлау жүйесiмен тағылады.
      Ескерту. 672-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      673. Әуе кемесінің кабиналық экипажының мүшесіне, егер ода тиісті куәлік бар болса, тиісті бағдарлама бойынша даярлықтан жиі өтсе және мыналарға:
      1) авариялық жағдай туындағанда немесе авариялық көшіруді талап ететін жағдайда әуе кемесінің кабиналық экипажының мүшесіне қажетті қауіпсіздік міндеттері мен функцияларын қамтамасыз етумен байланысты орындауға;
      2) бортта бар авариялық-құтқарушылық жабдықтарды (құтқару кеудешелері, құтқару салдары, авариялық траптар және науалар, авариялық шығулар, көшпелі өрт сөндіргіштер, оттегі жабдығы және алғашқы жәрдем жиынтығы және т.с.с.) пайдалануды білуге;
      3) 3000 м астам биіктікте ұшуды орындайтын әуе кемесінде жұмыс кезінде оттегінің жетіспеу салдарлары туралы білуге, ал герметизациялаған әуе кемелерінде жұмыс кезінде - толық герметизацияланбаудан туындайтын физиологиялық болмыстар туралы білуге;
      4) әуе кемесінің кабиналық экипажының мүшесінің міндеттемелерін орындау үшін қажетті бөлігінде, авариялық жағдайда экипаждың басқа мүшелерінің міндеттері мен функцияларын білуге;
      5) жолаушылар кабинасында тасымалдауға рұқсат берілген және тыйым салынған қауіпті жүк түрлерін білуге және Әуе бойынша қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқауға (Doc 9284  ИКАО) сәйкес әзірленген «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде № 6822 тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 талаптарына сәйкес қауіпті жүк бойынша даярлық бағдарламасынан өтуге;
      6) әуе кемесінің ұшу экипажының мүшелері мен кабиналық экипаж мүшелерінің арасындағы іс-қимылды үйлестіру мәселелерін қоса алғанда, әуе кемесінің салонында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерге тән адам мүмкіндіктерін білуге қабілетті болса, өз функцияларын орындауға рұқсат беріледі.
      674. Ұшу жұмысындғы үзілістен кейін ұшу экипажының мүшелеріне ұшуға рұқсат беру «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 532 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет