8. Жеңілге немесе аса жеңілге жатпайтын жалпы мақсаттағы авиацияның әуе кемелерінің ұшуды орындау ерекшеліктері
675. Ең жоғары сертификатталған ұшып кету массасы бес мың жеті жүз килограмм болатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрамалы) қозғалтқыштармен жабдықталған ұшақтарды пайдаланатын ЖМА пайдаланушысына уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекітілген жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының ұшуына рұқсат беру Ережесімен бекітілген нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) бергеннен кейін ұшуға рұқсат беріледі.
676. Пайдаланушы ҰЖН-де ұшуға даярлау және орындау рәсімдерін сипаттайды және көрсетілген рәсімдерді орындаумен байланысты авиация персоналының міндеттемесін айқындайды.
677. Пайдаланушы ӘК командирін әуе кемесімен ұшып өтетін ауданда іздестіру-құтқару қызметіне қатысты ақпаратпен қамтамасыз етеді.
678. Пайдаланушы орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және осы Қағиданың 6-параграфы талаптарын қанағаттандырады.
679. Пайдаланушы ұшуды орындамайды, егер оған байланыс жабдықтары мен навигациялық құралдарды қоса алғанда, жер үсті және (немесе) су құралдары ӘК қауіпсіз пайдаланылуы үшін осындай ұшу кезінде тікелей қажетті ұшуды орындауға мүмкіндік беретіндігі белгілі болмаса.
680. Пайдаланушы ҰЖН-ді бекітеді және уәкілетті органмен келіседі.
681. Авиация қызметкеріне тапсырылған міндеттерді орындауы үшін қажетті нұсқау мен мәлімет қамтылған ҰЖН құрылымы «Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының ұшуына рұқсат беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысында келтірілген.
682. Бақылау тексерулерінің картасын әуе кемесінің ұшу экипажы ұшуға дайындықтың және орындаудың барлық кезеңдерінде, сондай-ақ авариялық жағдайда ҰПН және ҰЖН-да қамтылған пайдалану қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданады.
Бақылау тексерулерінің картасын әзірлеу кезінде пайдаланушы адами факторды ескереді.
683. Пайдаланушы АҰҚ бойынша ұшу үшін ұшу жасалатын мемлекеттің талаптарына сәйкес жерден ұшып өтудің абсолютті биіктігін белгілеу әдісін айқындайды.
684. Пайдаланушы ӘК командирінің ол орналасқан мемлекеттің уәкілетті органының әуеайлағы үшін тағайындалғаннан төмен пайдалану минимумдарын пайдалана отырып, әуеайлаққа және әуеайлақтан ұшуды орындамайтындығын қамтамасыз етеді.
685. Пайдаланушы өз міндеттемелерін шаршау жағдайында персоналдың орындау мүмкіндігін алып тастау үшін әуе кемесімен ұшып пайдаланумен және техникалық қызмет көрсетуімен айналысатын авиация персоналының шаршауына бақылау жүргізеді. Бақылау бағдарламасы ұшу және жұмыс уақытын айқындайды және ҰЖН-ға енгізіледі.
112-параграф. Ұшуға дайындық
686. Пайдаланушы ұшуды бастауды қамтамасыз ету рәсімдерін ҰЖН-ға енгізеді. Егер ӘКК мынаған:
1) осы Қағиданың 638-650, 688-694 тармақтары талаптарының орындалғанына;
2) әуе кемесі ұшуға жарамды, тіркелген және бортында осы Қағиданың 693-тармағында көрсетілген құжаттардың болуына;
3) әуе кемесінің салмағы және ауырлық ортасында орналасу ұшудың күтілетін жағдайларын ескере отырып, ұшуды қауіпсіз орындауға мүмкіндік беруіне;
4) әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамалары пайдаланылатын бағытта және әуеайлақтарда күтілетін жағдайларға сәйкес келгеніне;
5) бортта бар кез келген жүк тиісті түрде бөлінгеніне және сенімді бекітілгеніне көз жеткізген жағдайда ұшу басталады.
687. Пайдаланушы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамасын, басқа пайдаланушылық шектеулерді және тиісті күтілетін жағдайларды пайдаланатын бағытта және әуеайлақтарда ескеру негізінде ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін ұшуға даярлық рәсімдерін айқындайды.
113-параграф. Ұшу-техникалық сипаттамаларын
шектеулерін есепке алу
688. Ұшу әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамасы ҰПН-ға келтірілген жағдайда ғана басталады, алдыңғы ұшуда мынадай талаптарды орындауға мүмкіндік береді:
1) ұшып көтерілу басталғандағы әуе кемесінің салмағы осы Қағиданың 689-тармағы талаптарын орындауға мүмкіндік беретін, осы Қағиданың 690 және 691-тармақтарында көзделген себептер бойынша ұшу және отынды төгу барысында салмақтың болжамды азаюын ескере отырып, 690 және 691-тармақшаларда, ал қосымша әуеайлақтарға қатысты – осы тармақтың «3» тармақшасында және осы Қағиданың 690-тармағында көрсетілген салмақтан аспайды;
2) ұшып көтерілу басталғандағы әуе кемесінің салмағы әуеайлақты асып өтуге сәйкес келетін барометрлік биіктік үшін, сондай-ақ, егер олар ең жоғары ұшып көтерілу салмағын айқындау үшін өлшемдер ретінде пайдаланса басқа кез келген жергілікті атмосфералық жағдайда ҰПН-де көрсетілген ең жоғары ұшып көтерілу салмағынан аспайды;
3) қону тағайындалған әуеайлаққа немесе тағайындалған пунктің кез келген қосымша әуеайлағына қонудың есептелген уақытына әуе кемесінің есептік салмағы осы әуе айлақтардан асатынға сәйкес келетін барометрлік биіктік үшін, сондай-ақ, егер олар ең жоғары қону салмағын айқындау үшін өлшемдер ретінде пайдаланса, басқа жергілікті атмосфералық жағдайлар үшін ҰПН-де көрсетілген ең жоғары қону салмағынан аспайды.
Ескерту. 688-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
689. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы қозғалтқыш бас тартқан жағдайда ұшып көтерілудің кез келген нүктесінде ұшып көтерілуді тоқтатуға және үзілген ұшып көтерілудің орналасқан немесе КҰҚ орналасқан қашықтығы шегінде тоқтатуға, немесе ұшып көтерілуді жалғастыруға және осы Қағиданың 690-тармағында қамтылған талаптарды ұшақты орындау жағдайында болмағанша дейін жеткілікті қормен ұшу траекториясы бойынан барлық кедергілерді ұшып өтуге мүмкіндік береді.
ҰҚЖ орналасқан ұзындығын айқындау кезінде ұшақты ұшып көтерілу алдында осьтік желіге шығару қажеттілігімен байланысты оны азайту мүмкіндігі ескеріледі.
690. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы қозғалтқыш бағыттың кез келген нүктесінде немесе қосымша бағыттарда одан бас тарту жағдайында жоспарлы бас тартқан жағдайда осы Қағиданың 691-тармағында қамтылған талаптарды ұшақты орындай алатын әуеайлаққа дейін кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі нүктесінен төмен биіктікке дейін төмендемей, ұшуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
691. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы қону тағайындалған әуежайға немесе кез келген басқа әуеайлаққа қосымша биіктіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең төменгімен, егер гидроұшақ туралы сөз болса, ол тоқтауы мүмкін шекарада орналасқан қону қашықтығы шегінде жеткілікті төмен жылдамдыққа қол жеткізуде, қонудың бет алу траекториясының барлық кедергілерден өткеннен кейін қонуға мүмкіндік береді.
692. Осы Қағиданың 688-тармағының талаптарын орындау кезінде әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына анағұрлым әсер ететін факторларды ескеру қажет: салмағы, әуеайлақтың асуына сәйкес барометрлік биіктігі, ҰҚЖ еңіс градиенті және ҰҚЖ жағдайы (құрғақтағы ұшақтар үшін батпақтың, судың, мұздың және гидроұшақтар үшін су бетінің жағдайы және т.с.с.).
114-параграф. Қосымша кеме құжаттары және борттық жабдық
693. Осы Қағиданың 121-тармағының ережесіне қосымша әуе кемесі Бортында нақты ұшуды және бақылау тексеру картасын орындауға қатысты ҰЖН немесе оның бөліктері бар.
694. Ең жоғары ұшып көтерілу салмағы 5700 кг астам немесе 9-дан астам адамды алып өту рұқсаты берілген газтурбиналық қозғалтқышы бар ұшақтар ұшу бағытында жер бедерін бағалау функцияларына ие, ұшу бағытында жер бедерін бағалау функциясын орындайтын, әуе кемесінің ұшу экипажына жер бетінің аса қауіпті жақындығы туралы алдын ала хабарлауды автоматты түрде ұсынатын, жердің жақындығы туралы алдын алу жүйесімен (бұдан әрі - GPWS) жабдықталуы тиіс.
115-параграф. Электрондық навигация деректері
695. Әуе кемесінің пайдаланушысы әуе кемесінің бортында және жерде пайдалану үшін өңделген электрондық навигациялық деректері бар қолданылу мерзімі өткен бағдарламалық өнімдерді пайдаланбайды.
696. Пайдаланушы осындай деректер қажетті оның барлық әуе кемелері үшін ағымдағы және өзгеріссіз электрондық навигациялық деректерді уақытылы таратуды және енгізуді қамтамасыз ететін рәсімдерді енгізеді.
9. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде
ұшуларды даярлау және орындау ерекшеліктері
697. Пайдаланушы әуе кемесі экипажының барлық мүшелері олардың міндеттемелеріне қатысты және әуежай пайдаланылатын және тиісті аэронавигациялық құралдарға сәйкес әуе кемелерінің ұшып өту ауданына қатысты Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен және авиация қызметімен, қағидалармен және рәсімдермен таныстыруын қамтамасыз етеді.
698. Ұшуды бастау, жалғастыру, ұшу жоспарынан бас тарту және (немесе) ұшуды тоқтату туралы шешімдерді қабылдау ҰЖН-да тағайындалған тәртіпте, егер пайдаланушы бекіткен ұшуды орындауды бақылау және қадағалау әдісімен ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді (ұшу диспетчері) тартылған жағдайда, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер (ұшу диспетчері) ұсынған ақпаратты ескере отырып, ӘК командиріне жүктеледі.
699. Пайдаланушы ӘК командирі ӘК ұшып өтетін ауданда іздестіру-құтқару қызметіне қатысты барлық қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Ескерту. 699-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
700. Пайдаланушы орындалатын ұшу көлемі мен күрделігіне сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін құрады және оның жұмыс істеуі мен осы Қағиданың 6-параграфның талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
701. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі шеңберінде пайдаланушының ұшу қауіпсіздігі мәселелеріндегі функцияларының құрылымы, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі пайдаланушы басшыларының функциясы айқындалады.
702. Ең жоғары ұшу салмағы 27000 кг болатын әуе кемесінің пайдаланушысы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің құраушы бөлігі ретіндегі ұшу деректерін талдау бағдарламасын бекітеді және орындайды.
Ұшқыштардың біліктілігіне тексеру жүргізген кезде, сондай-ақ оларды тоқтату, қызметін шектеу және жою жағдайында пайдаланушы жалпы бақылау құралдарының деректерін азаматтық авиацияның авиация персоналына сертификат (куәлік) беру бойынша функциялары жүктелген азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Ұшу деректерін талдау бағдарламасы осындай дерек көздерін қорғауды қамтамасыз етеді.
703. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі шеңберінде пайдаланушы персоналдың орындауға арналған ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттамалар жүйесін жасайды.
704. Пайдаланушы мына жағдайларды орындауды қамтамасыз ететін рәсімдерді белгілейді:
1) пайдаланушы ол алған деректер негізінде осындай ұшу үшін, әуе кемесін қауіпсіз пайдалану үшін тікелей талап етілетін жер үсті және (немесе) су құралдары бар екендігіне және борттағы адамдарды қорғау ұшу орындалуы тиіс жағдайларға сәйкес келетіндігіне және олар осы мақсатта дұрыс пайдаланатынына көзін жеткізгенше дейін орындалмайды;
2) ұшуды қамтамасыз ету құралдарының жұмысында ұшу уақытында пайда болған кез келген жөнсіздіктері туралы ешбір кешіктірусіз көрсетілген құралдарға қызмет көрсететін ұйымдарға хабарлайды.
Пайдаланушы ҰЖН-ның болуын және оның ұшуға даярлау және орындауды қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын авиация персоналының қолданылуын қамтамасыз етеді.
705. Пайдаланушы ҰЖН-ғы ақпараттың жаңарту мақсатында оған өзгеріс енгізеді. Өзгеріс енгізіліп және қайта қаралған әр жағдайда ҰЖН-ны пайдалануға тиіс барлық персоналға хабарланады.
Пайдаланушы ҰЖН-ның бір данасын барлық өзгерістері және/немесе қайта қаралған ережелерімен уәкілетті органға келісуге береді.
706. ҰЖН мазмұны мен құрылымы «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысында келтірілген.
707. Пайдаланушы ұшуды қамтамасыз ететін және орындайтын барлық авиация персоналының өз міндеттемелері мен функцияларына қатысты нұсқау алуын қамтамасыз етеді.
708. Пайдаланушы әуе кемесінің әрбір үлгісінің авиация персоналын және ұшу экипажын қарапайым штаттан тыс және авариялық жағдайда әуе кемесін пайдалану бойынша рәсімдер қамтылған ҰПН қамтамасыз етеді.
709. Пайдаланушы ҰПН және ҰЖН талаптарын ескеріп, сондай-ақ адами факторларды ескеріп қорытынды тексеру картасын әзірлейді және әуе кемелерінің ұшу экипажының оларды ұшу уақытына дейін және кейін қолдануын қамтамасыз етеді.
710. Пайдаланушы ұшу орындалатын аумақ мемлекеті бекіткендерден кем емес, бағыттарда АҰҚ бойынша ұшудың ең төменгі абсолютты биіктігін белгілеуі мүмкін.
711. Пайдаланушы ҰЖН-де оның көмегімен ұшу орындалатын аумақ мемлекетінің немесе ұшуды аэронавигациялық қызмет көрсетуге жауап беретін мемлекеттің ең төменгі абсолюттық биіктігі белгіленбеген бағыты бойынша орындалатын АҰҚ бойынша ұшу үшін ең төменгі абсолюттық биіктікті айқындайтын әдісті көрсетеді.
Пайдаланушының АҰҚ-да көрсеткен ең төменгі абсолюттік биіктікті айқындайтын әдісі азаматтық авиация саласында уәкілетті органмен келісіледі.
Жоғарыда аталған әдістерге сәйкес айқындалған ұшудың ең төменгі абсолюттық биіктігі Халықаралық азаматтық авиация (ИКАО) туралы конвенцияның 2-қосымшасында көрсетілген биіктіктен төмен емес болуы тиіс.
116-параграф. Әуеайлақтардың пайдалану минимумы
712. Пайдаланушы әуеайлақтың ұшуларын орындау үшін әр бір пайдаланған пайдаланушы минимумды белгілейді және осындай минимумдарды анықтау әдістемелерін бекітеді. Осындай минимумдер олар орналасқан мемлекеттің сондай әуеайлақтары үшін, сол мемлекеттің уәкілетті органының келісімін алған жағдайды қоспағанда, тағайындалған минимумдерден төмен болмауы тиіс.
Әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын пайдаланушылар осы Қағиданың 4-қосымшасында келтірілген ӘК ұшып шығуы және қонуына арналған әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын Анықтау талаптарына сәйкес белгілейді.
713. Нақты тасымалдауға қатысты қолданылатын әуеайлақтың пайдаланушы минимумдарын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) әуе кемесінің үлгісі, ұшу-техникалық сипаттамасы;
2) пайдалану үшін таңдалуы мүмкін ҰҚЖ өлшемдері мен физикалық сипаттамалары;
3) көзбен шолу және көзбен шолуға болмайтын құралдардың сәйкестігі және сипаттамалары;
4) қонуға бет алу және қонуға кідіртіп бет алу (екінші шеңберге кету) уақытында ұшу траекториясын ұстау үшін навигациялық мақсаттар және (немесе) бақылау үшін әуе кемелеріндегі жабдықтар;
5) қонуға бет алу және қонуға кідіртіп бет алу (екінші шеңберге кету) аймақтарындағы кедергілер және аспаптар бойынша қонуға бет алу кезінде кедергілерден ұшып өтудің абсолюттық (қатысты) биіктігінің шекті мәні;
6) метеорологиялық параметрлерді анықтау үшін пайдаланылатын өлшегіштер және аспаптар;
7) ұшып көтерілу кезінде жинақтау аймақтарындағы кедергілер және кедергілер үстіндегі биіктіктің қажетті қоры.
Ескерту. 713-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
714. Егер, ҰҚЖ-дағы (RVR) көрініс туралы ақпарат ұсынылмаса, ІІ және ІІІ санат бойынша, сондай-ақ 800 м кем көріністе қонуға бет алуға және аспаптар бойынша қонуға тыйым салынады.
715. Пайдаланушы қону жағдайында биіктіктің жеткілікті қорымен қону конфигурациясындағы ҰҚЖ кіреберісін әуе кемеде қиып өтуді қамтамасыз ететін қағидаларды белгілейді.
117-параграф. Отын және май құю есебі
716. Пайдаланушы осы Қағиданың 739-тармағында көрсетілген талаптарды әр ұшу кезінде орындауды растауға мүмкіндік беретін, отынды және майды құю есебін жүргізеді.
717. Отын мен май құю есебінің құжаттарын пайдаланушы үш ай ішінде сақтайды және одан кейін пайдаланушының мұрағатына сақтауға беріледі.
Ескерту. 717-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
118-параграф. Жұмыс уақыты, ұшу уақыты және демалыс уақыты
718. Пайдаланушы оған әуе кемесінің барлық мүшелерінің шаршауын бақылауға мүмкіндік беретін әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақытының, ұшу уақытының және демалу уақытының нормативтерін әзірлейді және ҰЖН-ға енгізеді және уәкілетті органмен келіседі.
719. Егер, әуе кемесінің экипаж мүшелерінің шаршауын регламенттейтін қағидадан ауытқу қажеттілігі туындаса, пайдаланушы осындай ауытқуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолданатын құралдарды айқындайды. Пайдаланушы кез келген ауытқулар кезінде ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз етеді.
720. Пайдаланушы әуе кемесі экипажының барлық мүшелерінің ұшу, жұмыс уақыты және демалысы есебін жүргізеді.
721. Пайдаланушы әрбір экипаждың ғарыштық радиация әсерінің жалпы мөлшерін айқындаудың 15000 м астам биіктіктегі ұшақтың әрбір ұшуы туралы есеп құжаттарын қатарынан 12 ай ішінде сақтайды.
119-параграф. Ұшуға даярлық
722. Ұшу немесе ұшулардың сериясы ӘКК:
1) экипаж және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын;
2) алдағы ұшу үшін осы Қағиданың 33 параграфында көзделген аспаптар мен жабдықтар жеткілікті санда орнатылғандығын;
3) әуе кемесінде техникалық қызмет көрсетудің пайдаланушы құжаттамаларында көзделгенді орындағандығын;
4) әуе кемесінің салмағы және оның ауырлық ортасынан орналасуы ұшудың күтілетін жағдайларын ескеріп, ұшуды қауіпсіз орындауға мүмкіндік беретіндігін;
5) бортта бар кез келген жүк дұрыс орналасқанын және сенімді бекігенін;
6) нәтижесін тағайындалған ұшу барысында осы Қағидалардың 744-тармағында көзделген пайдалану шектеулері сақталатындығын көрсеткен тексеру жүргізілгендігін;
7) ұшудың жұмыс жоспарын жасауға қатысты осы Қағиданың 723-тармағының талаптары сақталғандығын растайтын даярлық нәтижелеріне көз жеткізгенге дейін басталмайды.
Ескерту. 722-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
723. Ұшудың жұмыс жоспары(навигациялық есеп) әрбір тағайындалған ұшуға немесе пайдаланушының ҰЖН-де айқындалған қатарынан ұшу серияларына арналып жасалған. Ұшудың жұмыс жоспарын ӘК командирі және бұл ҰЖН-де көзделген болса, ұшуды қамтамасыз ету бойынша қызметкер (ұшу диспетчері) бекітеді және мына мәліметтерді қамтиды:
1) әуе кемесінің үлгісі;
2) рейс нөмірі, ұшу күні, ӘК мемлекеттік тіркеу нөмірі;
3) ӘК экипажы;
4) ұшып шығу және қону әуеайлақтары;
5) қайталама пункттерді және міндетті жеткізу пункттерін қоса алғандағы ұшу бағыты, қашықтығы, олар арасындағы ұшу уақыты және қосымша әуеайлақтарға ұшуды қоса алғанда, бағытта тағайындалған жол бұрыштары;
6) жоспарланған крейсорлық жылдамдық және ұшудың жалпы уақыты, көрсетілген пункттерді ұшып өтудің есептік және нақты уақыты;
7) ұшудың ең төменгі қауіпсіз биіктігі (эшелондар), ұшудың жоспарланған биіктігі (эшелондар);
8) отын есебі және ұшуда отынды жұмсауды бақылау;
9) тағайындалған, ұшып көтерілудің және бағыттағы қосымша әуеайлақтары;
10) ұшуда өзгерген ұшу жоспарын есептеу;
11) қажетті метеорологиялық ақпарат;
12) пайдаланушы белгілеген басқа ақпарат;
13) егер, жоғарыда аталған пункттердің кез келген ақпараты әуе кемесі экипажына қол жетімді басқа құжатта қамтылса, ол ұшудың жұмыс жоспарында келтірілмейді.
Ұшу жұмыс жоспарының нысанын пайдаланушы бекітеді және ҰЖН-де келтіріледі.
Ұшу жұмысы жоспарының бір данасы пайдаланушыға беріледі немесе егер, ол мүмкін болмаса, ұшып кету пунктіне сақтауға тапсырылады.
Жұмыс жоспарын құру кезінде осы Қағиданың 724, 741-тармақтарының талаптары орындалады.
120-параграф. Қосымша әуеайлақтар
724. Ұшудың жұмыс жоспарында егер, ұшып көтерілу әуеайлағындағы метеорологиялық жағдай әуеайлақтың эксплуатациялық минимумынан төмен болса немесе басқа себептер бойынша ұшып кету әуеайлағына қайтып келу мүмкін болмаған жағдайда ұшып көтерілу кезінде әуе кемесі үшін қосымша әуеайлақ көрсетіледі.
725. Ұшып көтерілу кезінде ұшақтар үшін қосымша әуеайлақ осы Қағиданың 451, 452-тармақтарындағы талаптарға сәйкес таңдалады.
726. Бағыттағы қосымша әуеайлақтар екі немесе одан көп газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін таңдалады және ұшудың жұмыс жоспарында көрсетіледі.
727. Қосымша әуеайлақты таңдау осы Қағиданың 84, 85-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тағайындалған пункттің қосымша әуеайлақ ретінде тағайындалған әуеайлақтың екінші қиылыспайтын ҰҚЖ пайдалануға рұқсат беріледі.
728. Тікұшақ ұшып көтерілу кезіндегі қосымша тікұшақ айлағы егер, тікұшақ айлағындағы (әуеайлақтағы) ауа райы жағдайлары тікұшақ айлағының (әуеайлақтың) пайдаланушы минимумынан төмен болмаса, таңдалады және ұшудың жұмыс жоспарында көрсетіледі немесе басқа себептерге байланысты ұшу әуеайлағына қайтуға мүмкіндік туындайды.
Ескерту. 728-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
729. Ұшып көтерілу кезінде қосымша тікұшақ айлақ (әуеайлақ) ретінде таңдалатын тікұшақ айлағы (әуеайлақ) бойынша бар ақпарат ұшып көтерілуді орындау үшін тікұшақ айлағының (әуеайлақтың) пайдаланушы минимумынан төмен болмайтын, оның пайдаланудың есептік уақытының жағдайларын айқындайды.
730. АҰҚ бойынша орындалатын ұшу кезінде ұшудың жұмыс жоспарында және ұшу жоспарында мына жағдайларды қоспағанда, белгіленген пункттегі кемінде бір қосымша әуеайлақ көрсетіледі:
1) ұшудың ұзақтығы және басым метеорологиялық жағдайлар тағайындалған тікұшақ айлағына (әуеайлаққа) ұшып келудің есептік уақытына, сондай-ақ қонудың жоспарланған уақытына дейін 1 сағат ішінде және кейін қонуға бет алу және қону көзбен шолынатын метеорологиялық жағдайда орындалу мүмкіндігіне сенімді болу үшін негіздеме береді;
2) жарамды қосымша тікұшақ айлағы (әуеайлақ) жоқ. Осы жағдайда қайту шегі (бұдан әрі – PNR, қысқартылған атауы ағылшын тілінде) айқындалады.
731. Тағайындалған тікұшақ айлағы (әуеайлақ) ретінде таңдалатын тікұшақ айлағы (әуеайлақ) бойынша бар ақпарат қону үшін тікұшақ айлағының (әуеайлақ) пайдалану минимумынан төмен болмайтын уақыт есебінде оны пайдалануды айқындайды.
732. Ашық теңізде орналасқан жарамды қосымша тікұшақ айлағы (әуеайлақ) мыналарға сүйене отырып, таңдалады:
1) ашық теңізде орналасқан жарамды қосымша тікұшақ айлағы тек PNR кейін пайдаланылады (PNR дейін тек қосымша тікұшақ айлағы, құрлықтағы әуеайлақтар пайдаланылады);
2) бір жұмыс істемейтін қозғалтқышы бар 1 және 2 класының ұшу-техникалық сипаттамалары қосымша тікұшақ айлағына қонуға мүмкіндік береді;
3) палубаларда орынды қамтамасыз етеді;
4) ауа райы туралы ақпарат сенімді және нақты болуы тиіс.
Ашық теңізде орналасқан жарамды қосымша тікұшақ айлағы егер, әуе кемесінің бортында құрлықта орналасқан жарамды қосымша тікұшақ айлағында ұшу үшін жеткілікті отын қоры бар болса, пайдаланылмайды.
121-параграф. Метеорологиялық жағдайлар
733. ҚҰҚ бойынша орындалуы жоспарланған ұшу ағымдағы метеорологиялық ақпарат немесе әуе кемесі ҚҰҚ бойынша жүретін бағыт бөлігі осы Қағиданың 462-тармағының талабына сәйкес келмейінше басталмайды.
734. Осы Қағиданың 735-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мыналарды көрсететін ақпарат алынбағанша дейін АҰҚ бойынша ұшуды бастауға тыйым салынады:
1) ұшып келу есептік уақытына тағайындалған қону әуеайлағының жағдайлары әуеайлақтың пайдалану минимумына сәйкес немесе олардан асатын болады;
2) тағайындалған қосымша әуеайлақ пунктінің жағдайлары, егер ол қонуға жоспарлы бет алу кезінде ұшып келудің есептік уақытына талап етілсе, осы Қағиданың 457-тармағының талабына сәйкес келетін болады.
Қосымша әуеайлақты таңдау кезінде жел бағыты мен жылдамдығын ескере отырып, нақты ҰҚЖ-да қолданылатын әуеайлақтың пайдалану минимумы пайдаланылады.
735. Осы Қағиданың 455-тармағының 1)-7) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін метеорологиялық жағдайлары бар екі қосымша әуеайлақтың немесе бұлттардың төменгі шекарасы мынадай болатын:
1) 150 м кем емес, бірақ 5 000 м кем емес көрініс кезінде 450 м кем емес шеңбер маневрін жасауды қолданып қонуға бет алу үшін МDA/H асатын;
2) пайдалану минимумынан жоғары 1000 м-де ҰҚЖ-ға көріністе MDA/H 100 м асатын бір қосымша әуеайлақтың болуы кезінде тағайындалған әуеайлақтың метеорологиялық жағдайлары туралы ақпарат болмаған кезде АҰҚ бойынша ұшуды бастауға рұқсат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |