Кез келген тік жазықтықтағы жарық маягы шамының тиімді жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері
Көлденең жазықтықтан жоғары немесе төмен бұрыш, град
|
Жарықтың тиімді күшінің салыстырмалы көрсеткіштері
|
0-ден 5-ке дейін
5-тен 10-ға дейін
10-нан 20-ға дейін
20-дан 30-ға дейін
30-дан 75-ке дейін
|
1,0 J
0,6 J
0,2 J
0,1 J
0,15J
|
1222. Көлденең жазықтықтағы жарық маягы шамының қолданыс бұрышы кемінде 3600 болуы тиіс.
1223. Маяк шамы ӘК конструкциясы элементтерімен экрандалған жағдайда маяктың аталған қолданыс аралығы шегінде «өлі аймақтарға» жол беріледі. Әрбір шамға арналған «өлі аймақ» бұрышының жиынтық шамасы ӘК кіндіктемесіне қатысты орталықтанған және кері кеткен 0,15 стерадианға тең болатын дене бұрышы шегінде 0,03 стерадианнан аспауы қажет.
1224. Әрбір шамның тиімді жарық күшінің абсолюттік көрсеткіші кемінде:
ақ түсті сәуле шығаратын маяк үшін - 400 кд;
қызыл түсті сәуле шығаратын маяк үшін - 400 кд болуы қажет.
1225. Маяктың әрбір шамының жарқылының жиілігі минутына 40-90 болуы қажет. Ұласу аймақтарында жарқыл жиілігінің жиынтығы минутына 180 жарқылдан аспауы қажет.
1226. Жарық маягының шамдары авиацияда қабылданған ақ түсті немесе қызыл түсті болуы және тиісті талаптарына қанағаттандыруы тиіс.
1227. Осы Норманың 1217-1219, 1221-1223-тармақтарында келтірілген жарық күшінің көрсеткіштері ӘК электр желісінің номиналды пайдалану кернеуіне сан жағынан тең болатын кернеуде, барлық жарық сүзгіштері мен қалпақтары орындарында орнатылған аппаратурамен қамтамасыз етілуі қажет.
180. Қону-рульдеу жабдықтары
1228. Қону-рульдеу жабдықтары қону және рульдеу (немесе қону-рульдеу) фарларынан құралуы қажет және:
1) ӘК қонуға бет алғанда және ӘК алдыңғы аяғы жерден көтерілгенге дейін ұшу-қону жолағы мен оның жақын маңайының қажетті жарықтандырылуын;
2) ӘК әуеайлақ бойынша жылжыған кезде ұшу-қону жолағы мен рульдеу жолдарының қажетті жарықтандырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
1229. Қону (қону-рульдеу) фарларының саны кемінде екеу болуы тиіс. Рульдеу фарларының саны регламенттелмейді.
181. Экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға және ішкі кабиналық жарықпен сигнал беруге арналған жабдықтар
1230. Экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға арналған жабдықтар:
1) барлық приборлардың, жабдықтардың және ӘК басқару органдарының жарықтандырылуын;
2) экипаж мүшелері жұмыс орындарының қажетті жарықтандырылуын;
3) приборларды жарықтандырудың жарықтығын реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
1231. Жарық сигналдары күндізгі уақытта анық ажыратылуы қажет және түнгі уақытта көзді шағылыстырмауы тиіс.
182. Жолаушы кабиналары мен қызметтік жайларды жарықтандыруға арналған жабдықтар
1232. Жолаушы кабиналары мен қызметтік жайларды жарықтандыруға арналған жабдықтар:
1) жолаушы кабиналары мен қызметтік жайлардың қажетті жарықтандырылуын;
2) түнгі уақытта ӘК қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін ӘК техникалық бөлімдерінің жарықтандырылуын қамтамасыз етуі қажет.
1233. ӘК жолаушылар кабинасының жарықтандырылуы жолаушыларға ұшу сапарының жайлы болуын және ұшу барысында жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.
183. Жарық беру техникалық жабдықтарының түстік сипаттамалары
1234. Жасыл, қызыл, сары және ақ түстер жарықтандыру бойынша ұсынылған және 26-кестеде келтірілген түстік координаттарға сәйкес келуі қажет. Түстік кестеде қосарланған 1, 2, 3, 4 нүктелерді жалғап аталған түстерге сәйкес келетін иілген және тіке аралықтар көрсетілген.
26-кесте
Жарық беру техникалық жабдықтарының түстеріне рұқсат берілген аралықтар
Нүкте координаттары
|
X1
|
Y1
|
Х2
|
Y2
|
Х3
|
Y3
|
X4
|
Y4
|
Қызыл
|
0,735
|
0,265
|
0,665
|
0,335
|
0,655
|
0,335
|
0,720
|
0,267
|
Жасыл
|
0,266
|
0,724
|
0,024
|
0,414
|
0,245
|
0,414
|
0,311
|
0,465
|
Сары
|
0,603
|
0,397
|
0,545
|
0,455
|
0,530
|
0,447
|
0,590
|
0,390
|
Ескертпе. Ү0 - Х=Х0 болатын Планк сәуле шығарғышы үшін оның Ү кіндіктемесі бойынша координаты.
184. Экипаж кабинасын жинақылау
1235. Осы тараудың талаптары экипаж кабинасын жинақылауға қолданылады.
Кабинаны жинақылау берілген құрамдағы экипаж мүшелеріне:
антропометрикалық талаптарды сақтай отырып, кабинадағы барлық экипаж мүшелерінің жайлы жайғастырылуын;
Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген барлық ұшу режимдерінде функционалдық міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1236. Экипаждың әрбір мүшесі үшін жұмыс орнының көзделуі қажет. Ұшқыштардың жұмыс орындары кабинаның алдыңғы жағында, ӘК командирінің орны кабинаның сол жағында орналасқан болуы қажет. ӘК экипаж құрамына пилоттардан басқа бортинженер кіреді, оның орны оң жақ бортта немесе пилоттардың жұмыс орындары арасында орналасуы қажет.
Экипаж мүшелерін ұшу бағытына қарсы артқа қаратып орналастыруға жол берілмейді.
Ескертпе. Егер Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта бортинженердің жұмыс орнындағы қызметі оң жақ бортта да, сол сияқты ұшқыштардың жұмыс орындарының арасында да көзделген болса, онда оған:
екі жұмыс орнында да оған жұмыс істеуге ыңғайлы болуын;
ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ бір жұмыс орнынан екіншісіне жылжуға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1237. Пилоттарға күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы барлық маневрлер кезінде және барлық режимдерде оларға ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін, жеткілікті түрде кең ауқымды көлеңкесіз, бұрмаламай кабинадан шолуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі қажет. Қос пилоттың жұмыс орындарында нысана сызығының шартты жағдайындағы ұшқыштардың көздерін табуға бақылау жасауды қамтамасыз ететін құралдар болуы қажет. Күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты ішкі және сыртқы кабиналық кеңістікті күндіз және түнде шолуға қиындық туғызатын түрлі сәулелердің көзге шағылысуын болдырмау қажет. Атмосфералық жауын-шашыннан маңдайлық әйнектің бетін тазалауға арналған құрылғылар ішкі кабиналық кеңістікті шолуға жеткілікті мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1238. Кабинадағы барлық жазулар өздеріне қатысты элементтерде (тұтқаларда, тумблерлерде және т.б.) орналасуы тиіс және күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты күндіз де, түнде де қараған кезде анық, айқын болуы қажет. Мәтін бойынша қысқартылған жазулар олардың мағынасын түсіндіруге байланысты түрлі түсінік тудырмауы тиіс.
185. ӘК-ні күш-қуат қондырғысын және жабдықтарды басқару органдарын экипаждың жұмыс орындарына орналастыру
1239. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатылып және ұшу барысында қолданылатын ӘК, күш-қуат қондырғысының және жабдықтардың басқару органдарына экипаж мүшелерінің қолдары жете алатындай және ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ олардың жұмыс орындарынан көрінетіндей болуы қажет.
1240. Ең жиі қолданылатын, оның ішінде ең күрделі ұшу кезеңдері (мысалы, пилоттарға - қонуға бет алғанда және қону кезінде) барысында, сондай-ақ күрделі және авариялық жағдайларда қолданылатын басқару органдары әрбір экипаж мүшесіне қолжетімді және шолу жасай алатын олардың жұмыс аралық аймақтарындағы ең ыңғайлы орындарда орналасуы қажет. Бұл ретте басқару органдарының орналасуы ӘК жерден көтерілуі барысында, қонуға бет алғанда, қонуы кезінде және Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулық бойынша іс-қимылдарды орындау үшін екінші айналысқа кеткенде пилоттар штурвалдардағы қолдарын ауыстырып жатпайтындай етіп таңдау қажет.
Екінші пилоттың штурвал тұтқасында орнатылған басқару органдары бірінші пилоттың штурвал тұтқасындағы олардың орналасуына қатысты «айнадағыдай» орналасуы қажет.
1241. Жекелеген жағдайларда резервтік (апаттық) басқару органдарын (иінтіректерді, ауыстырғыштарды, сақтандырғыштарды) тек экипаж құрамында ұшуды басқарудан бос адам болған жағдайда ғана, пилоттардың жұмыс орындарынан тыс жерге орналастыруға жол беріледі.
1242. Ұшу барысында экипаж мүшелері үздіксіз пайдаланатын басқару органдары (пилоттарға - штурвал, басқыштар, қозғалтқыштарды басқару иінтіректері) басқару процесінде антропометрикалық талаптарды сақтай отырып орналасуына және пилоттардың ең аз шаршауын сондай-ақ экипаждың креслоларына қатысты жылжып отыруы қажет.
1243. Басқару органдарының орналасуы, тұтқаларының нысаны және көлемі барлық ұшу режимдерінде және айрықша жағдайларда оларды тез танып, қатесіз қимылдауды қамтамасыз етуі қажет.
Түрлі мақсаттағы басқару органдарының бір-бірінен айырмасы (мысалы, нысаны, түсі бойынша және т.б.) болуы қажет. Апаттық басқару органдарының тұтқалары немесе олардың қорғаныш құрылғылары қызыл түске боялуы қажет. Оның басқа түспен қоса қолдануына жол беріледі.
1244. Кездейсоқ жылжуы айрықша жағдайларға алып келуі мүмкін басқару органдарын кабинаға орналастыру кезінде олардың қалпы кенеттен (кездейсоқ) өзгеріп кетпес үшін ондайды болдырмайтын шаралар көзделуі қажет. Бұл үшін басқару органдарын пайдалануға кедергі келтірмейтін әрі оларды тануға қиындық туғызбайтын оқшаулау құрылғыларын орнату қажет.
1245. Ұшу барысында бірнеше экипаж мүшелері пайдаланатын басқару органдарының тұтқаларын кабинаның барлығына ортақ аймағында не болмаса міндеттеріне осы тұтқаларды басқару кіретін экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орналастыру қажет.
1246. Әрбір экипаж мүшесі пайдаланатын басқару органдарын әрбір жылжуы кабинаның конструкциясына, басқа басқару органдары қалыптарының мүмкін болатын комбинацияларына және экипаж мүшелерінің киімдеріне қандай да болмасын кері әсері болмайтын оның креслосына қатысты басқару органының қажетті толық және кедергісіз жылжуын қамтамасыз ететіндей орналастыру қажет.
1247. Түрлі қозғалтқыштардың (мысалы, қозғалтқышты басқару иінтірегі, қозғалқыштардың реверсивті құрылғыларын басқару иінтіректері, қозғалқыштардың тоқтату иінтіректері), сондай-ақ резервіленген жүйелердің бірдей басқару органдары және де олардың тұтқаларының орындалуы қозғалтқышқа немесе резервтелінген жүйенің бөлігіне тиесілігін анықтау барысында қиындық туындамайтындай етіп орналастырылған болуы қажет.
Қозғалтқыштарды басқару иінтіректері мен қозғалқыштардың реверсивті құрылғыларын басқару иінтіректерінің өзара орналасу қалыптары аттас иінтіректердің барлығын бірге, сондай-ақ әрқайсысын жеке басқаруға (осы Норманың 975-тармағы) мүмкіндік қамтамасыз етуі қажет.
1248. Басқару органдарының жылжу бағыты ӘК-де көрсетіп отырған олардың әсеріне сай бола отырып, индикациялау приборларының көрсеткіштерімен көру жағынан және функционалдық жағынан сәйкес келуі қажет.
Айналмалы қозғалыспен қимылға келтірілетін басқару органдарының тұтқалары (гидравликалық, оттегі және ауа крандарынан басқасы) ажыратылған қалыптан толықтай іске қосылғанға дейін сағат тілі бойынша жылжып отыруы қажет.
Негізгі басқару органдарының жылжу бағыты мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:
1) биіктік рулі - штурвалды (бағананы) артқа қарай (өзіңе қарай) - тік көтерілуге;
2) элерондар - штурвалды сағат тілі бойынша оңға қарай - оңға қарай жантаюға;
3) бағыттау рулі - оң басқышты алға қарай - оң жақ бұрылысқа;
4) тұрақтандырғыш - ауыстырғышты алға қарай (жоғары қарай) - шүйілуге;
5) қозғалтқышты басқару иінтірегі - артқа қарай (өзіңе қарай) - тіке тартымның (қуаттың) азаюына;
6) қозғалтқыш реверсін басқару иінтірегі - артқа қарай (өзіңе қарай) - кері тартымның (қуаттың) артуына;
7) шасси - басқару иінтірегін төмен қарай, артқа қарай (өзіңе қарай) - шығаруға;
шасси шығарылуын түймешелермен басқарғанда:
алдыңғы түймеше - жинауға;
артқы түймеше - шығаруға;
8) жалғас қанаттар, алғы қанатшалар - басқару иінтірегін төмен қарай, артқа қарай (өзіңе қарай) - шығаруға.
186. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатылған приборлар мен сигнализаторларды орналастыру
1249. Экипаж мүшелерінің прибор тақтасының иілу бұрышы онда орнатылған приборларды және сигнализаторларды пайдаланғанда олардың жеткілікті қолайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1250. Прибор тақтасының дірілі приборлар көрсеткішін барлық ұшу кезеңінде есептеуге қиындық туғызбауы қажет.
1251. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатуға арналған приборлар мен сигнализаторлардың орындарын олар беретін ақпараттың маңыздылығын ескере отырып таңдау қажет.
Бұл ретте:
ұшу қауіпсіздігі үшін маңыздылығына (мысалы, негізгі пилотаждық-навигациялық приборларды ұшқыштың прибор тақтасының жоғарғы және ортаңғы аймақтарында орналастыру) байланысты топтастыру;
функционалдық мақсаты, яғни бір функционалдық жүйеге (мысалы, күш-қуат қондырғысының жұмысына бақылау жасайтын приборларды маңайына орналастыру) қатыстығы бойынша топтастыру;
қолдану уақыты, яғни ұшу барысында немесе жерде жекелеген ұшу кезеңдерінде белгілі бір уақыт тәртібі және т.б. бойынша топтастыру қолданылуы мүмкін.
1252. Экипаж мүшелерінің прибор тақталарында орнатылған приборлар мен сигнализаторлар күндізгі және түнгі ұшу жағдайларында олардың жұмыс орындарынан жақсы көрініп тұруы қажет. Бұл ретте экипаж мүшелеріне өздерінің негізгі жұмыс отырысын сәл өзгертуге жол беріледі. Приборлардың көрсеткіштерін экипаж мүшелері жоғары дәрежедегі дәлдікпен еш бұрмалаусыз қабылдап отыруы қажет.
Сигнал берудің көрінетін құралдарының ақпаратын экипаждың тиісті мүшесі еш бұрмалаусыз және осы функционалдық жүйенің немесе бақылау жасалып отырған өлшемнің жағдайы туралы қате түсінік туғызбай қабылдауы қажет. Экипаж мүшелеріне өз жұмыс орындарынан Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулық бойынша олар жұмысын бақылайтын күш-қуат қондырғысының приборлар көрсеткіштерін дұрыстап көруін және оларды бақылауға ыңғайлы болуын қамтамасыз ету қажет.
1253. Пилоттардың жұмыс орындарындағы пилотаждық-навигациялық приборлардың орналастырылуы төменде айтылатын талаптарға сәйкес болуы қажет.
1254. Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобын құрайтын ең маңызды пилотаждық-навигациялық приборлар әрбір пилоттың прибор тақтасында пилотқа қарсы, штурвал көлеңкелемейтін және барлық уақытта оның көз алдында тұратын орталық учаскесінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасуы қажет.
Топтың ішіндегі негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар мынадай тәртіппен орналасуы қажет:
1) прибор тақтасының жоғарғы бөлігіндегі орталық орында ӘК-нің кеңістіктегі орнын (жантаю және тангаж бұрышын) көрсететін негізгі пилотаждық прибор орналасуы қажет;
2) негізгі пилотаждық прибордың астында онымен бір тік кіндіктемеде ұшу бағытын көрсетіп отыратын негізгі навигациялық прибор орналасуы қажет.
Ескертпе: негізгі пилотаждық және навигациялық приборлардың ұшқыштың креслосы симметриясының тік жазықтығынан 30 мм-ден аспайтын бірдей шамаға бір мезгілде жылжуына жол беріледі;
3) негізгі пилотаждық прибордың сол жағында онымен бір деңгейде ұшудың әуедегі (прибор) жылдамдығын көрсетіп отыратын прибор орналасуы қажет;
4) негізгі пилотаждық прибордың оң жағында онымен бір деңгейде ӘК тік көтерілу немесе тік түсу жылдамдығын көрсетіп отыратын прибор орналасуы қажет;
5) тік жылдамдық көрсеткішінің астында ұшудың барометрлік биіктігін көрсетіп отыратын негізгі прибор орналасуы қажет.
Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобын бірінші және екінші ұшқыштардың прибор тақталарына бірдей орналастырып, ұшқыштардың прибор тақталарында орнатылған басқа негізгі приборлардан айыратындай етіп ақ түсті контур сызықпен белгілеу қажет.
Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобына жатпайтын приборларды орнату ӘК басқарудағы олардың рөлін және ұшу барысындағы қауіпсіздікке байланысты олар бақылайтын өлшемдердің маңыздылығын, сондай-ақ олардың негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобымен байланысын ескере отырып жүргізіледі:
1) биіктік өлшемдерін индикациялайтын приборлар негізгі биіктік өлшегіштің маңына орнатылады;
2) навигациялық өлшемдерді индикациялайтын приборлар негізгі навигациялық прибордың маңына орнатылады, сонымен бірге курстық өлшемдерді беретін индикаторлар басымдыққа ие;
3) жылдамдық өлшемдерін индикациялайтын приборлар негізгі жылдамдық приборының маңына орнатылады;
4) резервтік приборлар тиісті негізгі пилотаждық-навигациялық приборлардан ең аз қашықтықтағы прибор тақтасында орнатылады. Резервтік радиокөкжиек бірінші ұшқыштың прибор тақтасының оң жақ жоғары бөлігінде, ӘК-нің кеңістіктегі орнын көрсетіп тұратын негізгі прибордың маңында не ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасының сол жақ жоғары бөлігінде орналасуы қажет. Сонымен қатар екінші ұшқыш оны көріп отыруы қажет.
Күш-қуат қондырғысының негізгі бақылау приборларын ұшқыштардың ортаңғы прибор тақтасында топтастырып орналастыру қажет. Бұл ретте олардың топ ішінде өзара орналасуы қозғалтқыштардың ӘК орналасуына сай болуы қажет:
түрлі қозғалтқыштардың бірдей жұмыс өлшемдеріне бақылау жасайтын приборлар қозғалтқыштардың ӘК орналасу тәртібі бойынша бір көлденең қатарда - солдан оңға қарай орналасуы қажет;
бір қозғалтқыштың түрлі жұмыс өлшемдеріне бақылау жасайтын приборлар бақыланатын өлшемдердің маңыздылығына байланысты тәртібі бойынша бір тік қатарда - жоғарыдан төмен қарай орналасуы қажет.
Ескертпе: қиыстырылған приборларды қолданған жағдайда оларды осы индикатор немесе параметр қай қозғалтқышқа жататындығын анықтау барысында мүмкін болатын қателіктерге бой алдырмайтындай етіп орналастыру қажет.
1255. Пилоттар берілген режимдерге қозғалтқыштардың шығуын бақылау үшін қолданатын қозғалтқыштар жұмысының негізгі бақылау приборлары пилоттардың ортаңғы прибор тақтасында орналасуы қажет және негізгі жұмыс отырысының сәл өзгерген жағдайында көрініп тұруға тиіс.
Егер экипаж құрамына бортинженер кіретін болса, қозғалтқыштар жұмысының басқа бақылау приборларын (прибор тақтасында тиісті сигнал беру орнатылған жағдайда) пилоттардың прибор тақтасынан тыс жерде орналастыруға болады.
1256. ӘК-де жеке жұмыс орны бортинженердің прибор тақтасында күш-қуат қондырғысының қажетті бақылау приборлары мен индикаторлары, сондай-ақ бортинженердің функционалдық міндеттеріне сәйкес басқа ұшақ жүйелерінің бақылау приборлары, индикаторлары және сигнализаторлары орнатылған болуы қажет.
1257. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарық сигнал құралдарын жинақылау олар беретін ақпараттың маңыздылығын (осы Норманың 1269-тармағы) ескере отырып орындалуы қажет.
1258. Жарық сигнал таблоларының әрбір тобы немесе блогы мына қағидаттардың бірі бойынша құралуы қажет:
бір функционалдық кешенге (мысалы, қозғалтқышқа) тиесілігі;
бір мезгілде қолданылуы (мысалы, қонуға бет алғанда);
уақыт резерві (авариялық, ескерту).
1259. Авариялық жарық сигнал құрылғыларын экипаж мүшесінің негізгі жұмыс қалпынан көрініп тұратындай етіп орналастыру қажет. Ескерту жарық сигнал құрылғыларын, сондай-ақ орталық сигнал шамдарын (бұдан әрі - ОСШ) тиісті экипаж мүшелерінің жұмыс орындарынан шолуға ыңғайлы аймақтарда орналастыру қажет, бұл ретте бас қимылын өзгертуге жол беріледі.
1260. ОСШ және авариялық жарық сигнал құрылғылары бірінші және екінші ұшқыштардың прибор тақталарында бірдей орналасуы қажет.
Орталық сигнал шамдарын ортаңғы прибор тақтасының жоғары бөлігінде орналастыруға жол беріледі.
187. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау құралдары
1261. Осы тараудың талаптары газ турбиналы қозғалтқыштары бар ӘК күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысын бақылауға және басқаруға қажетті ақпаратпен экипажды қамтамасыз ететін өлшеу, индикациялау және сигнал беру құралдарына қолданылады.
1262. Күш-қуат қондырғысы мен көмекші күш-қуат қондырғысы жұмысын бақылау құралдарының сипаттамалары нақты қозғалтқыш пен ӘК пайдалану құжаттамасына сәйкес олардың қамтамасыз етуі қажет.
188. Күш-қуат қондырғысының бақылау құралдарына қойылатын талаптар
1263. Күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылау үшін ӘК-де мыналар орнатылуы қажет:
әрбір қозғалтқыш роторларының айналу жиілігін өлшеуге және индикациялауға арналған тахометр;
әрбір қозғалтқыш газының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр;
әрбір қозғалтқыш отынының массалық сағат бойынша жұмсалуының шапшаң көрсеткішін өлшеуге және индикациялауға арналған шығыс өлшегіш. Жергілікті әуе желілерінің ӘК шығыс өлшегішті орнатпаса да болады;
әрбір қозғалтқыштың багындағы майдың мөлшерін өлшеуге және индикациялауға арналған май өлшегіш. Экипаж кабинасына май өлшегіштік индикаторын орнатпаса да болады;
әрбір қозғалтқыштың май жүйесіндегі майдың қысымын өлшеуге және индикациялауға арналған манометр;
әрбір қозғалтқыш майының температурасын өлшеуге және индикациялауға арналған термометр;
рұқсат берілген діріл деңгейінен асқандығын білдіретін сигнал беру әрбір қозғалтқыштың діріл деңгейін өлшеу және индикациялау құралдары немесе әрбір қозғалтқыштың рұқсат берілген діріл деңгейінен асқандығын білдіретін сигнализаторлар;
әрбір бактағы немесе бір-бірімен жалғасқан бактардың тобындағы отынның мөлшерін және ӘК-дегі отынның жиынтық мөлшерін өлшеуге және индикациялауға арналған құралдар (жүйе);
роторлардың айналу жиілігінің рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнал беру құралдары;
газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштерінен асқандығын сигнал беру құралдары;
отынның резервтік қалдығын сигнал беру құралдары;
қозғалтқышқа кіре берістегі отынның ең төменгі қысымын сигнал беру құралдары;
әрбір қозғалтқыштың отын сүзгішіндегі ең жоғарғы рұқсат берілген отын қысымының өзгеруін сигнал беру құралдары;
май багында қалған майдың ең төмен қалдығын сигнал беру құралдары. Бір приборда майдың мөлшерін индикациялау мен майдың ең төмен қалдығын сигнал беру қоса атқаруға жол беріледі. Жергілікті әуе желілерінің ӘК сигнал беру болмауы мүмкін;
майдың ең төменгі қысымын сигнал беру құралдары;
әрбір қозғалтқыштың майында жоңқаның пайда болғандығын сигнал беру құралдары;
күш-қуат қондырғысының өрт шығуы қауіпті бөлімдерінде өрт сигнал беру құралдары;
қызып кеткенде өрт туғызуы мүмкін ақаулы жағдайда қозғалтқыштың ішкі май немесе суфлирленетін аралықтарында қызып кету сигнал беру құралдары;
әрбір қозғалтқыштың мұздануын сигнал беру құралдары. Егер қозғалтқыштың ауа жинағышының орналасуы немесе қозғалтқыш конструкциясы мұзданудың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады деп көрсетілсе, онда мұздану сигнализаторларын орнатпаса да болады;
айдайтын және асыра айдайтын сорғылардың, қиылыс қуатты крандарының және өрт сөндіру крандарының жұмысын сигнал беру құралдары;
компрессорға сұйықтық бүркудің іске қосылғандығын және ажыратылғандығын сигнал беру құралдары, егер қозғалтқышта осындай жүйе орнатылған болса;
әрбір қозғалтқыш помпажын сигнал беру құралдары.
1264. Турбореактивті қозғалтқыштары бар ӘК осы Норманың 1263-тармағында көрсетілген құралдардан басқа, реверсивті құрылғымен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың реверсивті құрылғылары қалпының сигнализаторлары орнатылуы қажет.
Турбореактивті қозғалтқыштары бар ӘК әрбір қозғалтқыш тартымын немесе оны сипаттайтын параметрін өлшеу және индикациялау құралдарын орнату ұсынылады.
1265. Турбовинтті қозғалтқыштары бар ӘК-де осы Норманың 1263-тармағында көрсетілген құралдардан басқа:
1) әрбір қозғалтқыштың айналу сәтін өлшеу және индикациялау құралдары;
2) әрбір қозғалтқыштың басқару реттегішінің қалпын өлшеу және индикациялау құралдары;
3) реверсивті құрылғымен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың әуе винтінің реверсивті тартымын басқару жүйесінің іске қосылуын сигнал беру құралдары;
4) автоматты флюгерлеу жүйесімен жабдықталған әрбір қозғалтқыштың әуе винті қалақтарын автоматты флюгерлеу жүйесінің іске қосылуын сигнал беру құралдары орнатылуы қажет.
Ескертпе: жергілікті әуе желілерінің ұшағындағы күш-қуат қондырғысының жұмысын бақылауға арналған приборлар мен сигнализаторлар тізбесінің өзгертілуі немесе қысқартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |