Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет1/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе
кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормалары бекітілсін.
      2. «Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 779 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 859 қаулысымен   
бекітілген     
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары 1-бөлім. Жалпы ережелер
      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары (бұдан әрі – Нормалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын негізгі талаптарын белгілейді.
      2. Осы нормалар азаматтық ӘК, азаматтық ӘК қозғалтқыштары мен жабдығына қолданылады және ұлттық стандарттарды, азаматтық ӘК техникалық тапсырмалары мен техникалық шарттарын әзірлеген кезде міндетті болып табылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      3. Осы Нормалардың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін конструкциялау, өндіру, сынау, сертификаттау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
      4. Осы Нормалардан ауытқуды, егер жекелеген нормаларды орындамау белгіленген тәртіппен сертификатталған және орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдаған ұшу жарамдылығының баламалы деңгейін қамтамасыз ететін басқа шаралармен өтелетін болса, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қолайлы деп таниды.
2. Негізгі анықтамалар
      5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) ұшу жарамдылығы нормалары – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған азаматтық әуе кемесінің конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына, азаматтық әуе кемесінің қозғалтқыштары мен жабдықтарына қойылатын талаптар;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) әуе кемесі – жер (су) бетінен қайтарылған ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
      4) тапсырыс беруші – азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, азаматтық авиация ұйымдары;
      5) орындаушы (дайындаушы) – авиациялық техникалардың тәжірибелі үлгісін жобалауды, жасауды және ӘК сериялық шығаруды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйым;
      6) сертификаттау – әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына ӘК-тің сәйкестігін растау;
      7) үлгі сертификаты (бұдан әрі – ұшу жарамдылығының үлгі сертификаты) – азаматтық әуе кемесі үлгісінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
      8) сәйкестілік кестесі – ӘК-і үлгілерінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормалардың талаптарына сәйкестілігі туралы куәландыратын құжат;
      9) азаматтық ӘК-тің ұшу жарамдылығы сертификаты – азаматтық ӘК-тің осы Нормаларға сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;
      10) ӘК ұшу жарамдылығының экспорттық сертификаты – ӘК данасының дайындаушы мемлекеттің немесе ӘК тізілімде тұрған тіркеу мемлекетінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      11) бұйымдардың жарамдылығы туралы куәлік немесе сертификат – қозғалтқыш немесе жабдық үлгісінің осы Нормаларға сәйкестігін куәландыратын құжат;
      12) үлгілік конструкция – осы Нормаларға сәйкестігі зауыттық, мемлекеттік пен пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша белгіленген ӘК конструкциясы;
      13) ұшу жарамдылығы – ӘК-тің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін, оның техникалық жай-күйі;
      14) ӘК-тің ұшуы – ӘК-тің ұшу кезіндегі екпіндеуінен бастап (тік ұшу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) жүрісі аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдаусыз босату) немесе тік қону кезінде жер (су) бетіне жанасқанға дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігіндегі қозғалысы;
      15) пайдаланудың күтілетін жағдайлары – осы Нормаларда айқындалған есептік жағдайлар, пайдалану шектеулері мен ӘК-ті сертификаттау кезінде оның осы үлгісі үшін белгіленген ұшудың ұсынылатын режимдері;
      16) шекті шектеулер – қандай да болмасын жағдайларда олардан тыс шығуға жол берілмейтін ұшу режимдерінің шектеулері;
      17) пайдалану шектеулері – ӘК пайдалану процесінде олардың шектерінен әдейі шығуға жол берілмейтін параметрлердің шарттары, режимдері мен мәндері;
      18) ұсынылатын ұшу режимдері – ӘК-ні ұшу пайдалануы жөніндегі басшылықта белгіленген пайдалану шектеулері шегіндегі ұшу режимдері;
      19) ӘК функционалдық жүйесі – міндеттелген жалпы функцияларды орындауға арналған өзара байланысты бұйымдар жиынтығы;
      20) істен шығу жай-күйі (бұдан әрі - функционалдық істен шығу) – осы жай-күйге әкелген себептерге қарамастан оның функциясының белгілі бір бұзылуымен сипатталатын жалпы жүйенің жұмысқа қабілетсіз жай-күйінің түрі;
      21) ресурс – пайдаланудан бастап немесе ӘК-ті пайдалануды тоқтатқанға немесе тоқтата тұрғанға дейінгі жөндеуден кейін жаңғыртылуынан атқарымы;
      22) атқарым – ұшу кезіндегі сағаттарда, ұшулар/қонулар санында немесе басқа бірліктерде көрсетілетін ӘК ұшуда және жердегі жағдайларда пайдалану ұзақтығы;
      23) шекті жай-күй – қауіпсіздік талаптары бұзылуына немесе берілген параметрлердің белгіленген шектерден шығуына немесе пайдалану тиімділігінің рұқсат етілгеннен төмендетілуіне байланысты конструкцияны одан әpi пайдалану тоқтатылатын кездегі оның жай-күйі;
      24) белгіленген ресурс – қол жеткізілген кезде пайдаланылуы оның жай-күйіне қарамастан тоқтатылуы тиіс оның сомалық атқарымы;
      25) есептен шығарғанға дейінгі ресурс - шектік жағдаймен байланысы пайдаланудың басынан ӘК-тің есептен шығарылуына дейінгі оның ресурсы;
      26) зақымдану – одан соң белгілі бip шамадағы жүктемеге төтеп бере алатындай мүмкіндігі сақталатын жартылай бұзылулар; тоза бастаған зақымданулар – тозудан туындаған зақымдалулар;
      27) тозу - қасиеттерінің өзгеруіне, сызаттардың пайда болуы мен дамуына әкелетін ауыспалы жүктемелік жұмыс істеулер әрекетін конструкциясыда (элементінде, материалында) зақымданулардың біртіндеп жиналу процесі;
      28) тозу беріктігі (тозуға төтеп бергіштік) – тоза бастауға төтеп беретін конструкцияның (элементінің, материалының) қасиеті;
      29) төзімділік – конструкцияның (элементінің, материалының) тоза бастаудан зақымданулар пайда болуы мен дамуына төтеп беретін қасиеті (тоза бастаудан зақымданулар пайда болғанға дейінгі кезеңдегі төзімділік, тоза бастаудан зақымданулар дамыған кезеңдегі төзімділік);
      30) өміршеңдік – конструкцияның (элементінің, материалының) зақымданулар бар болған кезде (оның ішінде тоза бастаудан) беріктігін сақтап қалу қасиеті;
      31) қалдық беріктік – зақымданулар бар болған кезде конструкцияның (элементінің, материалының) беріктігі;
      32) қауіпсіз зақымданулар – қалдық беріктігін рұқсат етілген деңгейден төмендетпейтін конструкцияның зақымдануы;
      33) төзімділікке сынақтар – конструкцияға ауыспалы жүктемелерді көп мәрте түсіру арқылы төзімділіктің сандық сипаттамаларын эксперименттік анықтау;
      34) өміршеңдіккe сынақтар – жартылай зақымдалған конструкцияның қалдық беріктігін эксперименттік анықтау;
      35) төзімділік шарттары бойынша пайдалануға рұқсат етілген атқарым – конструкцияны арнайы қараусыз шектерінде қауіпсіздіктің (қалдық беріктікті рұқсат етілген деңгейден төмендететін тозу зақымданулардың болуымен сипатталатын жай-күйді болдырмау) қажетті деңгейі қамтамасыз етілетін атқарым;
      36) өміршеңдікті есепке ала отырып, пайдаланудағы рұқсат етілген атқарым – шегінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету зақымданулардың болуымен, қалдық беріктігі рұқсат етілген деңгейден төмендететін сипатталатын жай-күйді болдырмауға бағытталған конструкцияны арнайы қарауды талап ететін атқарым;
      37) тоза бастаудан зақымдану – есептеу тәсілмен (мысалы, тоза бастаудан зақымдану қосудың желілік гипотезасын пайдалана отырып) анықталатын тоза бастаудың шартты шамасы;
      38) тәжірибелік қозғалтқыш – мемлекеттік сынақтан өтпеген қозғалтқыш. Бұл ретте қозғалтқышты мемлекеттік сынақтан өткізу - қозғалтқыштың нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына және жарамдылық туралы куәлікті ресімдеу үшін қозғалтқышты ӘК орнатқанға дейін сертификаттауды анықтайтын осы Нормаларға сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссия орындайтын тәжірибелік қозғалтқышты сынау;
      39) топтамалық қозғалтқыш – топтамалық өндіріспен жасалатын және негізгі деректері, параметрі және конструкциясы мен қолданылатын материалдары бойынша мемлекеттік сынақтан өткен және Жарамдылығы туралы куәлік алған қозғалтқышқа сәйкес келетін қозғалтқыш;
      40) түрлендірілген қозғалтқыш – топтамалық қозғалтқышты, оның сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына елеулі әсер ететіндей конструкциясын өзгертулермен топтамалы қозғалтқыштарды дамыту болып табылатын қозғалтқыш;
      41) жөнделетін қозғалтқыш – жөндеуаралық ресурс шегінде оның одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз ететін жағдайға дейін жөнделген топтамалық қозғалтқыш;
      42) максимальді режим – жерде немесе шектелген уақыт ішінде ұшу кезінде максималды тартыммен (қуатпен) сипатталатын қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
      43) ұшып көтерілу режимі – ӘК ұшу кезіндегі жердегі (Н=0, М =0) қозғалтқыш жұмысының максималды режимі;
      44) максимальді ұзақ режим – ротордың (роторлардың) айналу жиілігінің және қозғалтқыш жалпы атқарым уақыты бойынша шектеумен жұмыс істей алатын турбина алдындағы газ температурасының максимальді режиммен салыстырғандағы төмендетілген мәндермен сипатталатын қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі. Бұл ретте:
      максимальді ұшу және максимальді ұзақтық режимдерін қолдану жағдайлары, сондай-ақ осы режимдерде ресурс үшін атқарымның рұқсат етілетін жиынтығы Техникалық пайдалану жөніндегі басшылықта көрсетіледі.
      осы режимдерді регламенттеу (оларды қолданудың жағдайлары мен ұзақтығы бойынша шектеулер) ұшқышты қауіпті жағдайда осы шектеулер шегінен шығу құқығынан айырмайды;
      45) тартымның кері қимылдау режимі – қосылған кері қимылдайтын құрылғы жағдайында қозғалтқыш жұмысының орныққан режимі;
      46) жердегі кіші газ режимі – жердегі ротор мен тартымның (қуаттың) минималды айналу жиілігі кезінде, оның тұрақты жұмысын және талап етілетін қабылдауыштығын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
      47) ұшудағы кіші газ режимі – ротордың минималды қол жетімді айналу жиілігі кезінде, қонуға кірген кездегі тартымның талап етілетін қабылдауыштығы мен шамасын қамтамасыз ететін қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
      48) қабылдауыштықты тексеру режимі – ұшып көтерілу тартымының (қуаттың) 5 секунттан аспайтын, 95% жеткенге дейінгі регламенттелген қабылдағыштықтың уақытын тексертетін ұшып көтерілу режиміндегі оның мәнінен 15% аспайтын тартымы (қуаты) бар текшедегі қозғалтқыш жұмысының режимі. Бұл ретте регламенттелген қабылдағыштықтың уақытын ұшдың кіші газ режимінен, егер осы режим қозғалтқышқа белгіленсе, анықтау мүмкін болады;
      49) әуе винтінің қуаты (Nв) – әуе винтінің айналуына жұмсалатын қуат;
      50) эквивалентті қуат (Nэкв) – әуе винті қуатының сомасы және турбовинттік қозғалтқыштың реактивтік ағысының қуаты;
      51) қалыпты іске қосу – қозғалтқыштың роторын (роторларын) жылжымайтын жай-күйден (немесе авторотация режимінен) іске қосу уақытын және техникалық құжаттамада белгіленген шектегі басқа параметрлерді сақтай отырып, кіші газ режиміне жеткенге дейін айналдырудың ауыспалы процесі;
      52) жалған іске қосу – ажыратылған от алдыру жүйесі кезінде жану камерасына отын беру арқылы іске қосу құрылғысымен қозғалтқыштың роторын айналдыру;
      53) салқын түрде іске қосу – қозғалтқыш ажыратылғаннан кейін екі сағаттан ерте емес немесе техникалық құжаттамада белгіленген басқа уақыт аралығында жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
      54) ыстық түрде іске қосу – жұмыс істеп тұрған қозғалтқышты ажыратқаннан кейін 15 минуттан кешіктірмей жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
      55) максимальді рұқсат етілетін айналдыру сәті (еркін турбиналы қозғалтқыштарға ғана қолданылады) – максимальді қол жетімді айналдыру сәті, оны қолдану 20 секундқа дейін уақыт кезеңі ішінде оны қолдану қозғалтқыш үшін қауіпті салдарларға әкелмейді;
      56) максимальді айналдыру жиілігі – пайдаланудың күтілетін жағдайларында максимальді (ұшу) режимдегі ротордың ең жоғары айналу жиілігі;
      57) газдың (қозғалтқыштың газды әуе трактісі қималарының бірінде) температурасы – газдың (осы қимадағы) тежелген ағысының орташа массалық температурасы;
      58) қауіпті зардаптармен қозғалтқыштың істен шығуы – апатты жағдайларға алып келуі мүмкін істен шығулар. Қауіпті зардаптары бар істен шығуға:
      сынықтары ішкі корпустарда (локализациясыз бұзылу) ұстамайтын роторлар элементтерінің бұзылуы;
      локолизациясыз өрт;
      тартылатын ауада (конденционерлік жүйеге) рұқсат етілетіннен астам концентрациялардан жоғары қозғалтқыш шығаратын зиянды қоспалардың ұсталуын арттыруды туындататын істен шығу;
      ӘК қозғалысына қарама-қарсы бағытта рұқсат етілмейтін тартымның туындауына алып келетін істен шығу;
      қозғалтқышты ажырату мүмкіндігін болдырмайтын істен шығу жатады;
      59) атқарым – ұшудағы сағаттарда, ұшу циклдарының сандарда, қосу санында және т.б. көрсетілген және жердегі жағдайларда қозғалтқышты пайдалану ұзақтығы;
      60) қозғалтқыштың (бөлшектерінің) белгіленген ресурсы – қозғалтқыштың (бөлшектерінің) жиынтықты атқарымы оған қол жеткен кезде пайдалану оның (олардың) жай-күйіне қарамастан тоқтатылуға тиісті;
      61) негізгі бөлшектер – бұзылу немесе бұзылу салдары ӘК үшін қауіпті салдарларға алып келуі мүмкін бөлшектер.
      Негізгі бөлшектердің нақты тізбесі қозғалтқышты бабына жеткізу және оның түпкі үлгілерін пайдалану тәжірибесін ескере отырып, қауіпті салдары болуы мүмкін істен шығуларды талдау негізінде анықталады.
      62) қозғалтқыштың алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурсы – пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым.
      Ескертпе. Ресурстардың сериялық өндірісі мен алғашқы күрделі жөндеуге дейін пайдалану процесінде оның бастапқы мәнінен қозғалтқышқа берілген техникалық талаптарға дейін көбейту жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар мен жөндеуаралық ресурстардың шегінде техникалық регламентте көзделген жергілікті жөндеулер мен жекелеген бөлшектерді айырбастау арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;
      63) орташаланған ұшу циклы (ұшу циклы) – қозғалтқышқа кірерде ауаның қысымы мен температурасының уақыт бойынша өзгеруі және ӘК қозғалтқыш жұмысының режимін сипаттайтын қозғалтқыш роторлары мен басқа параметрлердің айналу жиілігінің өзгеруі. Ұшу циклы пайдаланудағы қозғалтқыш жұмысының іс жүзіндегі жағдайлары туралы деректер пайдалана отырып үлгілік ұшу циклдарын талдау топтастыру мен орташаландыру жолымен іске асады;
      64) сынақ циклы – роторлардың уақыт бойынша айналым жиілігінің, реттеуші органдарды ұстау жағдайының ережелерінің және ұшу циклдарында жинақталған зақымдылықты, осы циклдарды іске қосуда пайдаланудың салыстырмалы жиілігін ескеріп, барынша толық және жеделдете қайта өндіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін текшелік сынақтардың кезінде қозғалтқышқа кірудегі шарттардың өзгеруі;
      65) белгіленген режим – қозғалтқыштың өлшемдері уақыт бойынша өзгермейтін (техникалық құжаттамада көрсетілген кіруге рұқсат шегінде өлшемдердің өзгеруіне жол беріледі) оның жұмысының режимі;
      66) ауыспалы процесс – белгіленген екі режим арасындағы (іске қосу, толық және ішінара қабылдағыштығы, дросселдеу, газдың түсуі, қалдықтар мен басқалар) параметлердің уақыт ішінде өзгеру процесі;
      67) жабдық түрі – мақсатының, іс-қимыл қағидасының немесе жұмыс процесінің ортақ белгілері бар жабдық;
      68) кешен – жалпы функционалдық мақсаттағы міндеттер тобын бірлесіп орындауға арналған ақпараттық жүйелердің, есептеу-бағдарлама құралдарының, индикация, сигнал беру және басқару жүйелерінің жиынтығы;
      69) жүйе – берілген функцияларды орындауға арналған бір-бірімен байланысты авиациялық техника бұйымдарының жиынтығы;
      70) өлшеу (басқару) тракты – қабылдау, өлшеу және параметрді индикациялау (басқару) міндеттерін шешетін бір немесе бірнеше жүйелерде немесе кешендерде жүйелі байланысқан элементтердің тізбегі;
      71) аспап – дербес пайдалану мәні бар және параметрді (параметрлерді) өлшеу мен индикациялауды қамтамасыз ететін құрылғы;
      72) индикатор - өлшемдер шамасының саны немесе сапасы туралы ақпаратты бейнелеу құралы;
      73) сигнализатор – параметрдің, жүйенің немесе объектінің талап етілетін мәнге немесе жай-күйіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ақпараттың көрсетілуін көзбен шолып қарау, дыбыстық және тактильді сигналдар түріндегі қамтамасыз ететін аспап;
      74) датчик – өлшенетін жатқан параметрдің ағымдағы мәні туралы сигналды шығаруға арналған өлшеу құрылғысы;
      75) ұшу-навигациялық жабдық – жалпы ұшудан бастап қонғанға дейін ұшудың, навигацияның және ұшақ жүргізудің міндеттерін шешуге және тұтынушыларға ақпарат беруге арналған ӘК бортындағы өлшеу, есептеу және басқару жүйелері мен құрылғыларының және ақпаратты бейнелеп көрсету жүйесінің жиынтығы;
      76) навигацияның, қонудың және әуе қозғалысын басқарудың радиотехникалық жабдығы – ӘК ұшудағы, маршрутта болудағы, ұшып көтерілудегі және қону кезіндегі орнын анықтауды, сондай-ақ радиотехникалық әдістермен жердегі әуе қозғалысын басқару қызметтеріне автоматты түрде деректер беруді қамтамасыз ететін жабдық;
      77) радиобайланыс жабдығы – радиоарналар бойынша хабарларды қабылдауды және жіберуді, экипаж мүшелері арасында байланыс жүргізуді, сондай-ақ жолаушыларды хабардар етіп отыруды қамтамасыз ететін жабдық;
      78) антенна-фидер құрылғысы – навигацияның борттық қонудың радиотехникалық жабдығының және/немесе радиобайланыс жабдығының электромагниттік энергияны қабылдауын және/немесе оның сәуле шығаруын қамтамасыз ететін, құрамында антеннасы, байланыс элементтері мен фидерлері бар құрылғылар жиынтығы;
      79) электро-техникалық жабдық – электр энергиясын қабылдайтындар арасында электр энергиясының генерациялануын, түрленуін, таралуын қамтамасыз ететін жабдық, сондай-ақ дербес мақсаты бар және басқа жүйелердің элементтері болып табылмайтын әр түрлі электротехникалық құрылғылар;
      80) электрмен жабдықтау жүйесі – электр энергиясын өндіруді және оны тарату жүйелерінің жиынтығы;
      81) өндіру жүйесі – электр энергиясының (генераторлардың, токтың және кернеу шамасының түрлендіргіш қондырғыларының, аккумуляторлардың) бір орталықтан өндірілуін және оның сипаттамаларының берілген шекте болуын қамтамасыз ететін электр энергиясы көздерінің немесе түрлендіргіштерінің, олардың кернеулері мен жиіліктерін тұрақтандыру құрылғыларының, қатар жұмыстар жүргізу, қорғау, басқару мен бақылау құрылғыларының жиынтығы;
      82) бастапқы электрмен жабдықтау жүйесі - генераторлары ӘК қадамдық қозғалтқыштары немесе көмекші күш-қуат қондырғысы арқылы қозғалысқа келетін электрмен жабдықтау жүйесі;
      83) қайталама электрмен жабдықтау жүйесі – қуат көздері бастапқы жүйеден қуат ала отырып, түрлендіргіш қондырғылар болып табылатын электрмен жабдықтау жүйесі;
      84) электр энергиясының авариялық қуат көзі – қадамдық қозғалтқыштар мен көмекші күш-қуат қондырғысында орнатылған бастапқы қуат көздері жұмысынан тәуелсіз электр-энергия көзі. Авариялық қуат көзі электр энергиясын қабылдағыштардың шектеулі құрамына (І санатына) қуат беру үшін бастапқы қуат көздері істемей қалған немесе/және өшірілген кездегі ұшуда қолданылады. Авариялық қуат көздеріне аккумулятор және одан қоректенетін түрлендіргіш мысал бола алады;
      85) электр энергиясын тарату жүйесі – электр энергиясын туындату жүйесінен, жердегі қуат көзінің қосылу элементінен тарату құрылғыларына және тарату құрылғыларынан соң қажетті коммутациялар өндіруді, қабылдағыштардың электрмен қуаттануын резервтеуді және тарату жүйесін бұзылудан қорғауды қамтамасыз ететін электр энергия қабылдағыштарына жеткізіп отыратын құрылғылар жиынтығы;
      86) бастапқы тарату жүйесі – электр энергиясын өндіру жүйесінен тарату құрылғыларына жеткізетін тарату жүйесінің бір бөлігі;
      87) қайталама тарату жүйесі – электр энергиясын тарату құрылғыларынан электр энергия қабылдағыштарына жеткізетін тарату жүйесінің бір бөлігі;
      88) электр энергиясын қабылдағыштар – жұмыс істеу үшін электр энергиясын қажет ететін жүйелер, құрылғылар, жекелеген блоктар. Электрмен жабдықтаудың сенімділік талаптары сипаты бойынша электр энергиясының қабылдағыштары үш санатқа бөлінеді:
      осы Норманың 32-тармағына сәйкес жұмысы ұшу мен қонудың қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажетті бірінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар;
      ұшу тапсырмасы бойынша жоспарланған жұмысы ұшу мен қонудың қауіпсіз жалғасуы үшін қажетті екінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар;
      электр қуатының тоқтатылуы ұшу қауіпсіздігіне және ұшу тапсырмасын орындауға әсер етпейтін үшінші санатты электр энергиясын қабылдағыштар;
      89) жарық-техникалық жабдық – жолаушылар салонын, экипаж кабинасын, техникалық және жүк бөліктерін, басқару аспаптары мен пульттерін жалпы және жергілікті жарықтандыруды, белгілеуді және сыртқы жарықтандыруды авариялық шығатын жерлерді, ӘК орналасқан жерді белгілеуді, сондай-ақ жүргізгенде, ұшып көтерілгенде, қонғанда сыртқы кеңістікті жарықпен және ӘК конструкциясы элементтерін жарықтандыруды қамтамасыз ететін жабдық;
      90) күш қондырғысы жұмысын бақылау құралдары (осы Норманың 156-193-тарауларында қаралып отырған) – экипажға қозғалтқыштардың, отын және май жүру жүйелерінің жұмыстары параметрлерін өлшеуді және индикациялауды қамтамасыз ететін аспаптар;
      91) негізгі жабдық – күтіліп отырған пайдалану жағдайларында берілген негізгі функцияларды қамтамасыз ету үшін қажет болатын міндетті жабдық;
      92) резервтік жабдық – негізгі жабдықтың жекелеген түрлері істен шыққанда немесе оларды пайдалану мүмкін болмағанда қолайлы дәл сипаттамалары бар функциялардың шектелген санының қалыпты орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет болатын міндетті жабдық;
      93) орталық сигнал шамы – ӘК авариялық немесе ескерту сигналдарының кез келгенінің қосылғаны туралы ӘК экипажы мүшелерінің назарын аударуға және ақпарат үшін арналған жарық-сигнал құрылғысы;
      94) RBS (А, АС) режимі (Radar Beacon System) – Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясының 10-қосымшасына сәйкес радиолокациялық жауап жиілік диапазонында және сауал-жауап кодтары бойынша ӘКБ-ның жұмыс режимі;
      95) әуе қозғалысын басқару режимі – радиолокациялық жауапкердің қайталама жүйесінде қабылданған жиілік диапазонында және «сауал-жауап» кодтары бойынша жұмыс режимі;
      96) күш қондырғысы – тартымды жасауға қажетті ӘК элементтерінің жиынтығы. Күш қондырғысы әуе винттерін (турбовинттік қондырғы үшін) қозғалтқышын, отын және май жүйесін, қозғалтқыштарды басқару жүйесін, бақылау және суыту, ауа жинағыш, өрттен қорғау жүйелерін және т.б. жабдықтарды қамтиды;
      97) қосалқы күш қондырғысы – сығымдалған ауаның, электр энергиясының, білік қуатының көздері болып табылатын және жерде және ұшуда ӘК жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде күш қондырғысы қозғалтқыштарды іске қосу үшін тағайындалған қосалқы газтурбиналық қозғалтқышы бар элементтердің және қуатты қондырғы қозғалтқышына орнатылған алғашқы көздер істен шыққан жағдайда ұшуда ӘК электрмен жабдықтау жүйелерінің жиынтығы;
      98) күш және қосалқы қондырғылардың жұмысын бақылайтын құралдар – қозғалтқыштар жұмысының параметрлерін және күш және қосалқы қондырғылар жүйелерін өлшеу мен индекстеуді қамтамасыз ететін аппаратура;
      99) отын жүйесі – отынды ӘК орналастыруға, оны белгілі бір тәртіппен шығаруға, отынды күш қондырғысы және қосалқы күш қондырғы қозғалтқышына және басқа да тұтынушыларға беруге, сондай-ақ қосалқы функцияларды орындауға арналған жүйе;
      100) отынды орталықтандырылған құю жүйесі – құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, отынды қысыммен беру кезінде бактарды берілген бірізділікпен және белгілі бір мөлшерде отынмен толтыруды қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
      101) отынды авариялық ағызу жүйесі – құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, қажет болған жағдайларда ұшу уақытында атмосфераға бактардан белгілі бір мөлшерде отынды тез ағызуды қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
      102) отын бактарын дренаждау жүйесі – құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, атмосферамен бактардың ауа қуыстарының қатынасын қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
      103) отынның кессон багы – отынды орналастыруға арналған ӘК конструкциясының герметикаланған бөлігі;
      104) отын толтыру сорғысы – отынды шығыс багынан немесе отын багының шығыс бөлігінен қозғалтқыштарға беретін сорғы;
      105) отын қотару сорабы – ӘК бір отын бактарынан екіншісіне қайтаруға арналған сорғы;
      106) отынының шығыс багы – отынды қозғалтқыштарға (қозғалтқышқа) және басқа тұтынушыларға беретін ӘК отын багы;
      107) отын багының шығыс бөлігі – ӘК отынды қозғалтқышқа және басқа тұтынушыларға беретін отын багының бір бөлігі;
      108) май жүйесі – қозғалтқыш пен күш қондырғысының агрегаттары мен тораптарын қамтитын, майдың орналасуы мен суытылуын, сондай-ақ оның жұмысы барысында қозғалтқыштың үйкелісі, тораптарын майлау мен суыту үшін оның айналысын қамтамасыз ететін күш қондырғысының жүйесі;
      109) күш қондырғысын суыту және желдету жүйесі – мотогондол конструкциясының неғұрлым жылу қарбаластығы элементтерін, қозғалтқыштың сыртқы корпустары мен агрегаттарын суыту, ал қосымша газ-турбиналық қозғалтқыш үшін оны ұшуда іске қосуға қосымша қажетті температуралық жағдайлар жасау үшін ауаны әкелу мен шығаруды қамтамасыз ететін ӘК пен қозғалтқыш элементтерінің жиынтығы;
      110) қозғалтқыштарды басқару жүйесі – іске қосуды, жұмыс режимін (тартымды немесе қуатты) өзгерту мен ұстап тұруды және қондырғысының әрбір қозғалтқыштың күш ажыратуды қамтамасыз ететін барлық элементтердің жиынтығы;
      111) ӘК өрттен қорғау құралдарының кешені – өрттен қорғаудың конструктивтік шараларының, өрт сигнал беру және өрт сөндіру құралдарының, оларды ӘК бақылау мен басқарудың жиынтығы;
      112) Өрт қауіпі бар бөлік – ӘК өрт ошағы туындауының әлеуетті қауіптілігі бар бөлік;
      113) Өртке қарсы қолданылатын құбыршүмек – қозғалтқышқа және өрт қауіпі бар бөліктің басқа да тұтынушыларына отынның түсуін тоқтатуға арналған арақашықтық басқару бар құрылғы;
      114) от өтпейтін материал – алау диаметрі 120 мм және 1100+500С температурамен 15 минут ішінде керосин немесе газ лампасының жалынын өткізбейтін материал;
      115) отқа төзімді материал – алау диаметрі 120 мм және 1100+500С температурамен 5 минут ішінде керосин немесе газ лампасының жалыны әрекетіне шыдайтын материал;
      116) максималды режим – жерде немесе шектелген уақыт ішінде ұшу кезінде максималды тартыммен (қуатпен) сипатталатын қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
      117) максималды ұзақ режим – жұмыс уақытын шектеусіз техникалық пайдалануы жөніндегі нұсқаулықпен рұқсат етілген шектеулі уақыт ішінде эквиваленттік әуе және электр қуатының алынатын максималды мөлшерімен сипатталатын қосымша газ-турбиналық қозғалтқыштың қалыптасқан жұмыс режимі;
      118) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың эквиваленттік әуе қуаты – көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштан алынатын сығылған ауаның атмосфералық қысымға дейін адиабатты ұлғаюы кезінде оның үдете алатын қуаты;
      119) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың электр қуаты – электр энергиясын ұшақтың қабылдағыштар үшін көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың электр-генераторларынан алынатын электр күші;
      120) бос жүріс режимі – көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың қуат алмай жұмыс істейтін оның қалыптасқан жұмыс режимі;
      121) кіші газ режимі – көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың орнықты жұмысын қамтамасыз ететін турбокомпрессор роторы айналысының минимальды жиілігіндегі қалыптасқан режим;
      122) қалыпты іске қосу – көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың роторын қозғалыссыз күйінен (немесе авторотация режимінен) техникалық құжаттамада белгіленген шектерде іске қосу уақытын және басқа параметрлерін сақтай отырып, кіші газ режиміне немесе бос жүріс режиміне жеткізгенге дейін айналдырудың ауыспалы процесі;
      123) жалған іске қосу – көмекші газ турбиналық қозғалтқыштың роторын оталдыру жүйесі ажыратылған кезде жану камерасына отын бере отырып, іске қосу құрылғысы арқылы айналдыру;
      124) салқын түрде іске қосу – көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ажыратылғаннан кейін екі сағаттан ерте емес немесе техникалық құжаттамада белгіленген басқа бір уақыт аралығында жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
      125) ыстық түрде іске қосу – жұмыс істеп тұрған көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ажыратылғаннан кейін 15 минуттан кешіктірмей жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
      126) рұқсат берілген максималды айналдыру сәті (тек еркін турбиналық көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа ғана қатысты) – қолданылуы 20 секунд ішінде көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш үшін қауіпті салдарларға әкелмейтін ең жоғары айналыс мезеті;
      127) айналыстың максималды жиілігі – егер максималды режим техникалық пайдалану жөніндегі басшылықты көзделмесе, қосымша газ турбиналық қозғалтқышты пайдаланудың күтіліп отырған жағдайында максималды немесе максимальды ұзақ режимде ротор айналысының максималды жиілігі;
      128) рұқсат етілген максималды айналыс жиілігі – максималды айналыс жиілігінен асып кеткен кезде көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш автоматты түрде ажыратылатын пайдаланудың күтіліп отырған жағдайларындағы ротор айналыс максималды жиілігі;
      129) газ температурасы (көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың газ-ауа трактысы қималарының біріндегі) – тежелген газ ағынының (осы қимадағы) орташа массалық температурасы;
      130) қауіпті зардаптарға әкелетін көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың істен шығуы – авариялық жағдайларға әкелуі мүмкін болатын жабдықтардың істен шығуларға. Қауіпті зардапқа әкелетін істен шығуларға:
      көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш корпусының ішінде сынықтары алмайтын ротор элементтерінің қирауы (оқшауландырылмаған қираулар);
      көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы оқшауландырылмаған өрттер;
      (кондициялау жүйесіне) алынатын ауадағы қозғалтқыштан туындаған зиянды қоспалардың рұқсат етілген шоғырлануының артуына әкелетін жабдықтардың істен шығуы;
      авариялық жағдайда ұшу барысында көмекші газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалануға мүмкіндік бермейтін жабдықтардың істен шығуы жатады;
      131) атқарым – жердегі жағдайларда және ұшуда көмекші газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалану циклдары ішінде, қосулар ішінде, сағатта көрсетілген, пайдалану ұзақтығы;
      132) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде қозғалтқыштың (бөлшектердің) жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқталуы тиіс.
      Ескертпе. көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың белгіленген ресурсы шегіндегі регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі жөндеулер және кейбір бөлшектерін ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал бөлшектердің белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының мәндері оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы техникалық шарттарымен берілген мәндеріне дейін біртіндеп ұлғаяды. Көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі детальдардың уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. Көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады;
      133) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ресурсы – пайдалану басталғаннан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген атқарым.
      Ескертпе. Топтап шығару процесінде және пайдалану барысында ресурс алғашқы күрделі жөндеуге дейін оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа берілген техникалық шарттар мәніне дейін ұлғаюға жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурс пен жөндеуаралық ресурстар шегінде кейбір бөлшектердің ауыстыра отырып, Техникалық Қызмет көрсету Регламентінде көзделген жергілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жол беріледі;
      134) орташа алынған пайдалану циклы (пайдаланушы циклы) – көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа кірудегі ауа қысымының және температурасының уақыт бойынша өзгеруі, роторлар айналысы жиілігінің және ұшақтағы көмекші газ турбиналық қозғалтқыштың жұмыс режимін сипаттайтын басқа да параметрлердің өзгеруі. Пайдалану циклы көмекші газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалану барысындағы оның нақты жұмыс жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың жер бетіндегі ӘК-гі және ұшу барысындағы үлгі жұмыс циклдерін талдау, топтастыру және орташа алу арқылы жасалады;
      135) сынақ циклы – пайдалану барысында пайдаланушы циклдарды пайдаланудың салыстырмалы жиіліктерін ескере отырып, осы циклдерде жинақталған зақымданудың ең толық және жеделдетілген көрінісін қамтамасыз ететін текшелік сынақтар кезінде көмекші газ турбиналық қозғалтқышқа кірудегі роторлардың айналыс жиіліктерінің, реттегіш органдар қалыптарының уақыт бойынша өзгеруі;
      136) қалыптасқан режим – параметрлері уақыт ішінде (техникалық құжаттамадағы рұқсат берілген шектерде параметрлерді өзгертуге жол беріледі) өзгермейтін көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың жұмыс режимі;
      137) ауыспалы процесс – қалыптасқан екі режим арасында (іске қосу, бір режимнен екінші бір режимге ауысу, тоқтау және т.б.) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш параметрлерінің уақыт ішіндегі өзгеру процесі;
      138) Әуелік винт – қозғағыш айналысқа келтіретін және ӘК қозғауы үшін қажетті тартқышты алуға арналған қалақты жылытқыш;
      139) өзгермелі қадамды әуе винті – қалақтары жұмыс уақытында автоматты түрде немесе қолмен басқару арқылы өз осінен айнала алатын және қажетті бұрышта орнығатын әуе винті;
      140) әуе винтінің төлкесі – қалақтарды қозғалтқыш біліктерімен (редукторлармен) біріктіретін әуе винтінің бөлігі;
      141) қадамды орталыққа келтіретін ауыртпалық – әуе винтінің қадамдарын ұлғайту арқылы оның тарқатылуын болдырмауға арналған қорғаушы құрылғы;
      142) қадамды орталыққа келтіретін орнықтырғыш – әуе винтінің қадамдарын орнықтыру арқылы тарқатылуын болдырмауға арналған қорғауыш құрылғы;
      143) әуе винтінің реттегіші – әуе винтінің қадамын басқаратын және оның айналысының берілген жиілігін автоматты түрде ұстап тұратын қозғалтқыштың агрегаты;
      144) әуе винтінің реттеу және басқару жүйесі – қалақтарды орнату бұрышы өзгертумен әуелік винтінің айналу жиілігін реттеуге арналған жүйе;
      145) флюгерлеу жүйесі – әуе винттің қалақтарын флюгерлік жағдайға ауыстыруға арналған және автоматты қолмен қосылатын жүйе;
      146) әуе винтінің қуаты – әуе винтінің айналдыруға қозғалтқыштың жұмсайтын қуаты;
      147) әуе винтінің теріс тартым күші – ӘК қозғалысының қарама-қарсы бағытындағы әуе винтінің тартым күші;
      148) әуе винтінің кері қимылдық жұмыс режимі – әуе винтінің жұмыс режимі, онда винттің айналуына қуат жұмсаған кезде теріс тартым жасалады;
      149) тәжірибелік әуе винті – мемлекеттік сынақтардан өтпеген әуе винті.
      Ескертпе. Мемлекеттік сынақ – ауалық бұрамның жарамдылығы туралы куәлікті ресімдеуге үшін «ӘК орнатқанға дейінгі» әуе винтінің сертификатталуын анықтайтын Нормативті-мехникалық құжаттамалары мен осы Нормалардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссиялар орындайтын тәжірибелік әуе винттерінің сынағы;
      150) топтамалы әуе винті – топтамалы өндірісте жасалатын және негізгі деректерге, параметрлерге, құрылымдарға сәйкес келетін, әуе винттері материалдарына қолданылатын, мемлекеттік сынақтардан өткен және Жарамдылығы туралы куәлігін алған әуе винті;
      151) модификацияланған әуе винті – сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына айтарлықтай әсер ететін өзгерістерімен құрылымдардың топтық әуе винтінің дамуы болып табылатын әуе винті;
      152) жөндеуші әуе винті – жөндеу аралық ресурс шегіндегі әрі қарай пайдалануды қамтамасыз ететін жай-күйге дейін жөнделген топтамалы әуе винті;
      153) қатерлі зардаптармен әуе винті істен шығуы – авариялық жағдайға әкеп соқтыратын істен шығу. Қатерлі салдарлары бар істен шығулар:
      әуе винті қалақтарының немесе олардың бөліктерінің үзілуіне әкеп соқтыратын бұзылу;
      жол берілмейтін теріс тартымға әкеп соқтыратын істен шығулар жатады;
      154) әуе винтін пайдаланудағы күтілетін жағдайлар төменде көрсетілген ұшу параметрлерін (режимдерін), жай-күйі, параметрлерді және әуе винтіне сыртқы ортаның әуе винтіне әсерін және пайдалану факторларын, оның ішінде ұшу циклы ішінде бұл сипаттамалардың уақыт бойынша өзгеруін (мүмкін болатын жерде) қамтиды. Ұшу циклы күтілетін белгіленген режимдерді және жерде қозғағыштарды іске қосудан бастап ӘК қондырғаннан кейін ажыратқанға дейінгіні, әуе винті жұмысының ауыспалы процесін, сондай-ақ бір ұшу техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізген кездегі, циклына жатқызған барлық режимдерді өзіне қамтиды;
      155) атқарым – сағаттарда, пайдалану циклдары санында көрсетілген, әуе винтін жер бетінде және ұшуда жағдайларда пайдалану ұзақтығы;
      156) Әуе винтінің (бөліктерінің) жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде әуе винтінің (бөліктерінің) жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқталуы тиіс.
      Ескертпе. Әуе винтінің белгіленген ресурсы шегіндегі регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі жөндеулер және кейбір бөлшектерін ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал бөлшектердің белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Әуе винтінің (бөлшектерін) уақытша белгіленген ресурсының мәндері оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы техникалық шарттарымен берілген мәндеріне дейін біртіндеп ұлғаяды. Әуе винтінің (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі бөлшектердің уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. Әуе винтінің (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады;
      157) негізгі бөлшектер – бұзылуы немесе бұзылу салдарлары ӘК үшін қатерлі салдарларға әкелуі мүмкін бөлшектер. Негізгі бөлшектердің нақты тізбесі әуе винттің бойына жеткізу, оның түпкі үлгілерін және пайдалану тәжірибесін ескере отырып, қауіпті салдарлары болуы мүмкін істен шығуларды талдау негізінде анықталады;
      158) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі әуе винтінің ресурсы – пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым.
      Ескертпе. Топтамалық өндіріс және алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар оны бастапқы мәнінен әуе винтіне техникалық құжаттамамен берілген мәнге дейін ұлғайтуға жатады. Күрделі жұмысқа және жөндеу аралық ресурстары шегінде Техникалық регламентке көзделген жергілікті жөндеулер мен жеке бөлшектерді ауыстыру арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;
      159) орташаланған ұшу циклы (ұшу циклды) – әуе винтінің жұмыс режимдерін уақыт және оның ӘК-гі жұмыс жағдайын сипаттайтын басқа да параметрлерін уақыт бойынша өзгерту. Ұшу циклы әуе винтінің пайдаланудағы жұмысының нақты жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, үлгілік ұшу циклдарын талдау, топтастыру және орташаландыру арқылы алынады;
      160) сынақ циклы – осы циклдарды пайдалану барысында пайдаланудың салыстырмалы жиіліктерін ескере отырып, ұшу циклдарында жиналған зақымдануды мүмкін неғұрлым толық және жедел қалпына келтіруді қамтамасыз ететін текшелік сынаулар кезінде әуе винтінің жұмыс режимдерін уақыт бойынша өзгерту;
      161) орныққан режим – әуе винтінің параметрлері уақыт бойынша өзгермейтін кездегі оның жұмыс режимі (әуе винтіне техникалық құжаттамада көрсетілген рұқсат етілген шектерде параметрлерді өзгертуге жол беріледі);
      162) ауыспалы процесс – екі орныққан режим (іске қосу, тоқтату және басқалары) әуе винтінің параметрлерінің уақыт бойынша өзгеру процесі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет