Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
(ЖАЛПЫ БӨЛІМ)
«Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған
оқу құралы
1 бөлім
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 347.1 (574) (075)
КБЖ 67.404 (5Каз)я 73
К18
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің отырысында баспаға ұсынылды
Пікірсарапшылар
Жунусов Н. Ж. – заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі, Павлодар облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары;
Жетписов С.К. – Юриспруденция кафедрасының меңгерушісі Инновациялық Еуразия университеті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
Ахмеджанова Г. Б. – заң ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі.
Құрастырушы: Карибаева Ж. К.
К18 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) : «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы. 1 бөлім / құраст. Карибаева Ж. К. – Павлодар : Кереку, 2012. – 67 б.
«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)» атты оқу құралында осы курсты оқуға қажетті теориялық негіздер беріледі. Оқу құралының мазмұны азаматтық құқықтық қатынасты реттеуші нормативтік құқықтық актілерге негізделген. Оқу құралының негізгі мақсаты – оқырманға азматтық-құқықтық қатынас саласында азаматтың құқықтарымен танысуда көмек беру. Студенттерге, оқытушыларға, гимназия мен лицей оқушыларына арналған.
ӘОЖ 347.1 (574) (075)
КБЖ 67.404 (5Каз)я 73
© Карибаева Ж. К., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушы жауапты
|
|
|
Кіріспе
Азаматық құқық Қазақстандық құқық жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр. Бұл сала азаматтық қоғамда қалыптасатын қатынастардың үлкен бөлігін реттейді. Азаматтық қоғам дегенде биліктің және басқарудың мемлекеттік институттарымен бірге өз қызығушылығымен және қоғамның қызығушылықтарымен қызметтің әр алуан түрлерін жүзеге асыратын әлеуметтік және экономикалық жағынан тәуелсіз субъектілерілердің жиынтығы түсініледі. Мемлекеттің азаматтық қоғамның қатысушыларының өмірі мен қызметі саласына араласуға құқығы жоқ, тек заң шеңберінде ғана өз қызметтерін атқарады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі әр түрлі қажеттіліктерді (экономикалық, мәдени, рухани және т.б.) қанағаттандыруды қажет етеді. Осы мақсатта олар мүлікті иесіздендіреді және бір-біріне әр түрлі қызмет көрсете отырып мүлікке ие болады, мемлекет мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, азаматтық заңнамада айналым қатысушыларының құқықтық жағдайларын нығайтады, мүлікті меншікке айналдыру мүмкіндігін, ақша-тауар қатынастарына қатысу мүмкіндігін береді.
Осылардың барлығы да азаматтық құқық курсы бойынша оқу құралын дайындау қажеттілігін тудырды, бұл еңбекте оқу бағдарламасының негізгі мәселелері және заңнаманың осы саладағы жаңа шарттары қарастырылады. «ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)» атты осы оқу құралы жоғары оқу орындарының азаматтық құқық курсын оқитын «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған.
Оқу құралының мақсаты – азаматтық құқықтың негізгі теориялық білімдерін меңгеруде, іс жүзіндегі заңдарға бағдарлана білуде студенттерге көмек беру. Мемлекет, азаматтық құқықтық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастың ерекше маңыздылығын мойындай отырып, оларға құқықтық реттеу жолымен нормативті әсер етеді. Сондықтан қоғамдық қатынас құрылымы, мәні бойынша, азаматтық құқық құрылымын құқық жүйесі ретінде қарастырады. Тек бір ғана құқықтық норманы қолдану жолымен ғана қоғамдық қатынастың реттілігіне қол жеткізу мүмкін емес, осыған байланысты кезеңдік әсер ету мақсатында мемлекет бірқатар нормалар кешенін қабылдайды, онда азаматтық-құқықтық салада қоғамдық қатынастың біртекті нақты бір ортасын реттей отырып, әр түрлі деңгейдегі қатысты өзіндік құқықтық білімге біріктіріледі.
1 Азаматтық құқық түсінігі
Юриспруденцияда азаматтық құқық түсінігі үш мағынада беріледі:
а) құқық саласы ретінде – бұл құқықтық нормалар жүйесі, ол мүліктік, сонымен қатар онымен байланысты және кейбір байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, ол қоғамдағы экономикалық қатынастың дұрыс дамуы үшін және жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін неғұрлым жақсы жағдай жасау мақсатында екі жақтың тәуелсіздігіне, мүліктік дербестігіне және заңды теңдіктеріне негізделеді;
ә) ғылым ретінде – азаматтық құқық бұл – ғылыми көзқарастар, идеялар, азаматтық-құқықтық құбылыстар, олардың байланысы мен дамуы туралы білімдер жүйесі. Азаматтық құқық ғылымы (азаматтық құқық ғылымының пәні) мыналарды зерттейді:
- азаматтық-құқықтық нормаларды;
- азаматтық құқықтық қатынастар мен азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуын;
- азаматтық құқықтың құқық пен ғылымның салалары ретінде дамуының тарихы мен тенденцияларын;
б) оқу пәні ретінде – азаматтық құқық ғылымының негізінде азаматтық құқық оқу курсы құрылды, оның міндеті – азаматтық құқықтың оқу орындарында құқықтың және құқықтық ғылымның саласы ретінде оқытылуы.
1.2 Азаматтық құқық пәні
Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар - адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.
1.3 Азаматтық құқық әдістері
Азаматтық-құқықтық реттеу әдістері бұл – қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.
Азаматтық-құқықтық әдісі жалпыға бірдей болады, оған әсер етудің императивті әдістері мен тәсілдері де, диспозитивті әдіс, тсәілдері де енеді, сонымен қатар мынадай ерекше қабілеттері болады:
1) заңды теңдік;
2) екі жақтың еркіндік автономиясы;
3) екі жақтың мүліктік дербестігі;.
4) азаматтық құқықты қорғау;
5) азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипаты.
1.4 Азаматтық құқық принциптері
Азаматтық құқық принциптері бұл – құқықтық актілерде бекітілген жалпыға міндетті ережелер, идеялар, бастамалар, олар барлық азаматтық құқықтан өтеді, қоғамның даму тенденциялары мен қажеттіліктерін көрсетеді және азаматтық құқықты тұтастай сипаттайды. ҚР АК 2 бабында аталған азаматтық құқықтың мына принциптерін атап өтеміз:
- азаматтық құқық қатынасы қатысушыларының теңдік принципі;
- жеке істерге өздігінен араласуға шектеу қою принципі – бұл принцип негізінен көпшілік билігінің әрекетінен қорғануға бейімделген;
- келісім еркіндігі: тұлға серіктесті келісім бойынша өздігінен таңдайды, екі жақ келісімшартқа отырған кезде және оның шарттарын анықтаған кезде еркін болады;
- азаматтық құқықтың, оның қалпына келуі мен қорғалуының еш мүлтіксіз жүзеге асуы принципі;
- тауардың, қызмет көрсетудің және еңбектің ҚР барлық аумақтарында еркін қозғалысы мен айналымы принципі.
1.5 Азаматтық құқық жүйесі
Азаматтық құқық бұл – құқықтық нормалар жүйесі, бұл олардың тек бірлігін ғана емес, қосалқы сала мен институттарға жіктелуін, сарапталуын да ұсынады. Жеке қосалқы салалар мен институттың бөлінуі оларды құраушы нормалардың бір негіздегі біршама байланыстылығына негізделеді.
Азаматтық құқық жүйесі былайша бөлінеді:
- жалпы бөлімі, оның нормалары азаматтық құқықтың барлық қалған бөліктері үшін біріктіруші бастама болып табылады (мысалы, заңды және жеке тұлғалары туралы, азаматтық құқық нысандары туралы, меншіктік құқық туралы, келісімдер туралы, тағы да басқа нормалар);
- ерекше бөлімі, мына салалардағы қатынастарды реттейді: міндеттеменің жеке түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, халықаралық жекеше құқық және т.б.
Сонымен, азаматтық құқық жүйесі бұл – бөлімдердің, институттардың және нормалардың ішкі логикалық байланыс пен тәуелділіктегі жиынтығы.
1.6 Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің жүйесі
Азаматтық құқықтың қайнар көздері бұл – азаматтық-құқықтық нормалардың көріну формалары.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
а) Заңнама актілері, заңға тәуелді актілер;
б) Халықаралық келісімдер;
в) Іскери айналым әдеттері;
г) ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары.
Заңнама актілері мен заңға тәуелді актілер заңдылықтың кең түсінігіне енеді. Нормативтік-құқықтық актілердің орналасуы оның заңды күші бойынша (иерархия) кең тәжірибелік маңызға ие. Нормативтік-құқықтық актілер арасында қарама-қайшылық болған жағдайда иерархия көмекке келеді. Иерархияның жоғары сатысында тұрған актілерді басшылыққа алу қажет, ал егер актілер бір сатыда тұратын болса мерзімі бойынша кешірек қабылданғаны қолданылады (ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы).
Азаматтық заңдылықтың барлық массасының ішінен ерекше атап өтетін негіз құраушы заңдылық акті – ҚР Азаматтық кодексі (одан әрі ҚР АК). ҚР АК жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған болатын, ал 1995 жылдың 1 наурызынан бастап жүзеге асырыла бастады. ҚР АК ерекше бөлімі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданып, 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылды.
Дегенмен нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясынан тыс өзінің ерекшеліктеріне байланысты халықаралық актілер мен ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары тұрады. Қазақстан мойындаған халықаралық құқық нормалары бойынша ҚР қатысушысы болатын барлық халықаралық келісімшарттар (конвенциялар) қазақстан заңнамасының алдында басымдылыққа ие. Бұл халықаралық келісімшарт пен қазақстан заңнамасының актілері арасында қарама-қайшылық болған жағдайда халықаралық келісімшарттың нормалары қолданылуы қажет дегенді білдіреді. Осылайша, халықаралық келісімшарт дегенде ҚР бекітілген (ҚР Конституциясының 3 бабының 4 тармағы) мемлекеттер арасындағы келісімшартты түсінеміз.
ҚР Жоғары сотының Нормативтік қаулылары түсіндіру сипатында болады және оларды түсіндіру акті деп те санауға болады. Себебі олар азаматтық заңнаманың қолданылу тәжірибесін тек сараптап қана қояды, жаңа нормалар енгізбейді.
ҚР АК 3 бабы іскери айналым әдеттерін заңнамаға немесе келісімге қайшылық келтірмеген жағдайда қолдануға рұқсат береді. Бұл жерде әдет – сол жергілікті жерде, сол этникалық (әлеуметтік) топта, қатынастың нақты бір саласында қалыптасқан мінез-құлық ережесі. Іскери айналым әдеттері, яғни ережелері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасады.
2 Азаматтық құқық қатынасы түсінігі және азаматтық құқық қатынасының ерекшеліктері
Азаматтық құқық қатынасы бұл – азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады.
Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:
- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;
- азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл – келісім, мәмілелер;
- құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;
- азаматтық құқық бұзылған жағдайдағы басым сот тәртібі.
Азаматтық құқықтық қатынас туралы неғұрлым анық көрініс оны тек қана біртұтас жалпы деп қарастырған кезде ғана емес, оның құраушы элементтерін жеке қарастырғанда да туады, оның қатарына құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері мен нысандары жатады.
2.1 Азаматтық құқық қатынасының құрылымы
Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді:
1) құқықтық қатынас субъектілері;
2) құқықтық қатынас нысандары;
3) құқықтық қатынас мазмұны.
Құқықтық қатынас субъектілері бұл – азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады:
- жеке тұлғалар;
- заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы).
Құқықтық қатынас нысандары бұл – игілік (материалдық немесе бейматериалдық), оған байланысты құқықтық қатынас туады және оған байланысты құқықтық қатынас қатысушылары құқықтар мен міндеттемелерге ие. Адамдар арасындағы өзара әрекет нәтижесінде бекітілетін қоғамдық байланыс тәрізді аазматтық құқықтық қатынастар тек қана адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастар нысаны ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы қаралады.
Құқықтық қатынас мазмұны бұл – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективті азаматтық құқықтары мен міндеттемелері. Субъективті құқықтар мен міндеттемелер өзара байланысты болып келеді және әрбір жеке адамның субъективті құқығына екінші бір адамның нақты бір субъективті міндеттемесі сәйкес келеді.
Субъективтік құқық дегеніміз – құқықтық нормалармен қарастырылған құқықты болған тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлық шаралары.
Субъективтік міндеттеме дегеніміз – құқықтық нормалармен бекітілген міндетті тұлғаның қажетті мінез-құлық шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |