Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ (жалпы бөлім) «Юриспруденция»


Азаматтық құқық қатынасының түрлері



бет2/6
Дата11.06.2016
өлшемі496 Kb.
#128302
1   2   3   4   5   6

2.2 Азаматтық құқық қатынасының түрлері


         2.2.1 Өзара байланыс сипаты бойынша құқықты болған және міндетті тұлғаны абсолюттік және қатыстық құқықтық қатынас деп бөледі.

          Абсолюттік құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаның субъективтік құқығына міндетті тұлғалардың анықталмаған тобының міндеттері хабарланады. Осылайша, меншік иесінің өзіне тиесілі затты иемденуге, қолдануға және басқаруға құқығына басқа барлық тұлғаның оған затты қолдануына кедергі болмау міндеттемесі сәйкес келеді. Сондықтан жауапкершілік шаралары да осы жағдайда құқықты болған тұлғаның абсолюттік құқығын бұзған кез-келген тұлғаға қолданыла алады. Қатыстық құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаға қатаң түрде анықталған міндетті тұлға және міндеттеменің орындалуын талап ету қарсы тұрады, ал оның орындалмаған жағдайында күштеу шараларын осы міндетті тұлғаға ғана қолдануға болады. Осылайша, тек қана қарызға ақша алған тараптардан қарыз қайтаруды талап ету қажет.

          2.2.2 Азаматтық құқық нысаны бойынша мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынас деп бөледі.

          Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке) байланысты туады және де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т.б.) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша, мұрагерлік тәртіпте) байланысты. Мүліктік құқықты қорғау үшін тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т.б.). Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар: ар-ұят, намыс, іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т.б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады (авторлықты мойындау, көпшілік алдында теріске шығару және т.б.).

        2.2.3 Құқықты болған тұлғаның қызығушылықтарын қанағаттандыру тәсілдері бойынша заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастарға бөледі.

          Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын жанамалайды және құқықты болған тұлғаның өзінің әрекеттерімен жүзеге асырылады (мысалы, меншік иесі құқығында тұлғаға тиесілі затты иемдену, қолдану мен басқару).

          Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастың динамикасын реттеп отырады: затты беру жайындағы қатынас, жұмысты орындау мен қызмет көрсету.

         2.2.4 Қатысушылардың арасындағы құқық пен міндеттемелерді бөлу бойынша жай және күрделі құқықтық қатынастар деп бөлінеді. Азаматтық құқықтық қатынастардың көпшілігі күрделі болып табылады, яғни әрбір қатысушының бір мезгілде әрі құқығы, әрі міндеттемесі болады.

         Қарапайым құқықтық қатынастарда бір қатысушыда тек қана құқық, ал екінші бір қатысушыда – тек қана міндеттеме болады (мысалы, қарыз келісімінде).

2.3 Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері


          Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды.

Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз – қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.

Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.

Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.

Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т.б.

          Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды

тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады.

Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды.

         Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.

           Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес.

           Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз – азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер.

          Заңды актілер бұл – сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады.

          Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.

Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады.

Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т.б.), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады.

Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін:

а) оқиға мен әрекет;

б) заңды және заңсыз әрекеттер;

в) заңды әрекеттер және заңды актілер; 

г) әкімшілік актілер мен келісімдер.


3 Жеке тұлға түсінігі. Азаматтық құқық иелену
        Азаматтық құқықтың субъектілерінің арасында АК ҚР азаматтарын және басқа да жеке тұлғаларды бөліп қарастырады, ҚР АК 2 тарауы соларға арналған. «Жеке тұлғаның» жалпы түсінігі ҚР АК 12-бабында қалыптасқан. Бұл бап жеке тұлға түсінігімен ҚР азаматтарын, шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды біріктіреді.

       Демек, азаматтық айналымдағы бағалы қатысуы үшiн жеке тұлға қабiлеттiлiктiң азаматтық құқық иеленуi қажет, яғни азаматтық құқығы мен мiндеттеріне ие болуы керек және оларды жүзеге асыруы қажет. Бұл қасиетке ие болу да индивидтi азаматтық құқықтың субъектiсіне айналдырады. «Құқық иелену» термині азаматтық заңнамада қолданбайтын болса да, азаматтық құқық иеленудiң бастаулары экономикалық тауарлық қатынастарда негiзделедi, осы көрcетiлген қасиет позитивтi құқықпен бекiтіледі. Құқық иелену ұғымы өзi заң ғылымымен жасалған және ҚР-ның Конституциясында бекiтілген. Азаматтық құқық иелену бұл – салалық құқық иеленудің түрлерінiң бiрi.

Заңды тұлғалардың құқық иеленуіне қарағанда жеке тұлғалардың азаматтық құқық иелену екіге бөлінедi:

        - азаматтық құқықтық қабiлеттiлік;

        - азаматтық әрекет қабілеттілігі.
3.1 Азаматтық құқықтық қабілеттілік : түсінігі, мазмұны. Азаматтық құқықтық қабілеттің субъективті азаматтық құқықтан айырмашылығы

           Азаматтық құқықтық қабiлеттiк бұл – құқықта танылатын азаматтардың азаматтық құқығы болуы мен азаматтық мiндеттер атқаруының мүмкіндігі. Азаматтық құқықтық қабiлеттiк адам болудың өзiнен ажырағысыз. Өмiр сүрiп отырған адам, тірі болғанда, ол құқықтық қабiлеттiкке ие болады. ҚР АК 13-шi бабында азаматтың құқықтық қабiлеттiгi оның тууы кезінде пайда болатынын және өлiммен тоқтайтынын бекiткен. Адам дүниеге келген болып есептелетiн сәт заңды емес, медициналық категориямен анықталады. Құқықтық қабiлеттiктiң тоқтатылуы биологиялық өлiммен байланысты.

Азаматтық құқықтық қабiлеттiктiң мазмұны азаматтық құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығын құрайды және азамат оған қолданыстағы заңға сәйкес ие бола алады.

Азаматтық құқықтық қабiлеттiктiң мазмұны (ҚР АК 14 бабы) мына мүмкіндіктерден тұрады:

- меншiк құқығында дүниеге ие болу;

- дүниенi мұра етiп мұраға қалдыру;

- кәсiпкерлiк және басқа да заң арқылы тыйым салынбаған қызметпен шұғылдану;

- заңды тұлғаны құру;

- заңға қайшы келмейтiн кез-келген мәмiлеге келу және мiндеттемелерге қатысу;

- тұратын жерiн сайлату;

- ғылымның, әдебиет және өнердің шығармасында авторлық құқығы болу;

- басқа мүлiктiк және дербес мүлiктік емес құқықтарды алу.

       Бұл аталған құқықтардың ішінде неғұрлым маңыздысы конституциондық сипат. Бұл – өзінің дербес мүлкіне ие болу, оны мұраға қалдыру, тұрғын үйге құқығы болу, авторлық құқығы болу және т.б. мүмкіндігі.

Мемлекет азаматтардың құқықтық қабiлеттiгiне кепiлдiк бередi. «Азаматты құқықтық қабiлеттiгiнен айыру және шектеудің қол жетімсіздігі»:

        1) Ешкім де заң актілерінде ескерiлген жағдайда болмаса құқықтық қабiлеттiкте және әрекеттік қабiлеттiлiкте шектеле алмайды;

       2) Заңнама актiлерімен бекітілген азаматтың құқықтық қабiлеттiк және әрекеттік қабілеттерінің немесе олардың кәсіпкерлік және басқа да бір қызметпен айналысуға құқықтарының шектелуі, шарттары мен тәртібінің сақталмауы тиiстi шектеу қоюды бекітетін мемлекеттiк немесе басқа да органның актілерінің нақты еместiгiн білдіреді;

3) Азаматтың құқықтық қабiлеттiктен немесе әрекет қабiлеттiлiктерінен толық немесе жартылай бас тартуы және басқа да азаматтың құқықтық қабiлеттiкке немесе әрекет қабiлеттiлiктеріне шектеу қоюға бағытталған келісімдер маңызсыз, тек қана мұндай мәмiлелер заң актілерiмен рұқсат етiлетiнде ғана болады.

Осылайша, азамат өздігінен құқықтық қабілетінен немесе әрекет қабілеттілігінен толықтай немесе жартылай бас тартуға құқығы жоқ.

          Мемлекет тиiстi заңдар шығару жолымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуді өзі шешеді. Алайда бұл тек қана төтенше (әскери) жағдайларда ғана жасалына алады, мұнда осы шектеулердің әрекет ету мерзімі мен шегі көрсетіледі (ҚР Конституциясының 39 б., 1 т.).

Сонымен, құқықтық қабiлеттiк - бұл нақты заң фактілерінің (яғни заңның заң зардаптарының болуымен байланыстыратын тiршiлiк жағдайлары) негiзiнде тұлғада нақты жеке құқық (яғни жеке тұлғада бар тәуелдi құқық) пайда болатын ортақ алғышарт.


3.2 Азаматтық әрекет қабілеттілігі. Кәселетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

          Азаматтық әрекет қабілеттілігі бұл – азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарын іске асыруы мен жасай алуы және өзіне азаматтық міндеттемелерді құру мен оларды орындай алу қабілеті.

Әрекетке қабілеттілік мына жағдайда толықтай пайда болады:

          - кәмелет жасқа толғанда, яғни он сегіз жасқа толғанда;

         - 16 жасқа толған соң кәмелет жасқа толмаса да рұқсат етілген некеге тұру жағдайларында сол кезден бастап пайда болады.

        Кейбiр мемлекеттердiң заңында эмансипация институты жұмыс iстейдi, ол жасы 16-ға толған, кәмелетке жасы толмаған тұлғаны егер де ол келiсiм шарты бойынша жұмыс iстесе немесе заңды өкілдердің келiсiмiмен кәсiпкерлiк жұмыспен шұғылданса, оны толық әрекетке қабілетті деп тануды білдіреді. Осы институт Қазақстан Республикасында заң шығару жағынан бекiтілмеген.

Әрекетке қабiлеттiлiк мынадай элементтерден тұрады:

- адам тәуелдi құқықтарды өз алдына жүзеге асыра алатын қабiлеттiлiгi;

- келісімшарттар жасай алу қабілеті;

- сол арқылы өзіне жаңа міндеттемелер жүктеу және құқықтарға ие болу;

- заңға қайшы әрекеттерімен келтiрiлген зиянға азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi ала білу қабілеті (деликтіге қабілеттілік).

       Жас критерийлеріне байланысты азаматтарды былайша бөлуге болады:

        1) толығымен әрекетке қабілетті тұлғалар (жоғарыда аталған тұлғалар, яғни 18 жасқа толған, некеге тұрған азаматтар);

        2) 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті емес тұлғалар;

         3) 14 жастан 18 жасқа дейінгі жартылай әрекетке қабілетті тұлғалар.

   14-ке дейiнгi жас шамасындағы кәмелетке жасы толмаған тұлғалар (жасөспiрiмдер) тек қана олардың жас шамаларына тиiстi майда тұрмыстық мәмiлелердi ғана өздігінен жасай алады.

Сонымен қатар ҚР АК 25 бабы бойынша кәселетке жасы толмағандар банкке салым салуға және де өзі салған салымды өздігінен дербес басқаруға құқылы. Басқа келісімдерді олардың аттарынан олардың заңды өкiлдерi жасайды.

14 жастан 18 жасқа дейінгі жартылай әрекетке қабілетті тұлғалар өздігінен жасай алады:

- майда тұрмыстық мәмiлелерді жасау;

- өз еңбек ақысы, стипендиямен немесе басқа табыстарына иелiк ету;

- ой-ақыл меншiгiнiң авторларының құқығын жүзеге асыру; 16 жастан бастап кооперативтердің мүшесі болу;

- банкке салым енгiзiп иелiк ету, сонымен бiрге олардың атынан енгiзiлген салымдарға иелiк ету.

Олар басқа мәмiлелерді келiсiмiмен заңды өкілдерінің келісімдерімен жасайды. Келiсiмнiң формасы жасалатын мәмiленiң формасына сәйкес келуi керек. Олар келтірілген зиянға өз алдына жауапкершiлiк жүктейдi. Егер кәмелетке толған азаматтың келтiрiлген зиянның орнын толтыруы үшiн жеткiлiктi қаражаты жоқ болса, заңды өкiлдері осы жағдайда жәрдемақы жауапкершiлiктерiн алады.
3.3 Азаматтық әрекетке қабілеттіліктің шектелуі мен одан айыру

Қабiлеттiлiк – тек қана заңмен белгiленген жағдайда ғана шектеліне алатын азаматтың айырылмайтын қасиетi. Қабiлеттiлiктiң көлемiне жас шамасына байланысты белгiден тысқары және тұлғаға сәйкес қабiлеттiлiкте шектелген немесе одан айырылатын дәрiгерлiк белгi де ықпал етедi

Әрекетке қабiлеттiлiк екi жағдайларда болуы мүмкiн:

1) құқықтағы қамқорлық және қамқоршылық органдарымен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмағандардың жас шамасында жеткiлiктi негiздер болған жағдайда (ҚР АК 22-шi бабының 3 тарауы) ой-ақыл меншiгi нысандарының табыстарымен иелiк етуге құқылы;

2) егер iшкiлiк немесе есiрткi заттарын пайдаланып, соның салдарынан өз жанұясын ауыр материалдық жағдайға қалдырса, әрекетке қабiлеттi азаматты сот қабілеттіліктен шектете алады (ҚР АК 27б).

Мұндай азамат майда тұрмыстық мәмiлелерiн өз алдына жасайды және өз мiндеттемелері бойынша мүлiктiк жауапкершiлiктi өз беттерiнше алып жүредi.

Әрекеттік қабілетіне шектеу қойылған азаматтың басқа мәмiлелерді шешуге, сонымен бiрге еңбек ақысын, зейнетақыны және басқа табыстарды алуға және оларды иемденуге тек қана қамқоршы келiсiмiмен ғана құқығы бар.

Азаматтың әрекетке қабілетсіздігіне негіз болған жойылған кезде ғана сот оны әрекетке қабілетсіздігі шектеулі деп тануы туралы шешімін қайтарып алады.

Азаматты әрекетке қабiлетi жоқ деп табу. психикалық бұзылу салдарынан өз әсерлерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе оған басшылық ете алмайтын азамат сотпен (ҚР АК 26-шы бап) қабiлетi жоқ деп мойындалады.

Психикалық бұзылу жан күйзелiсінің, ақылсыздықтың, есiрткi заттарын қолданудын және т.б. нәтижесі болуы мүмкін. Психикалық бұзылу туралы жеткiлiктi мәлiметтердi алу үшiн сот психиатриялық сараптама тағайындайды.

Сараптамалар қорытындысы және басқа да мәліметтер негізінде сот азаматтың өз әрекеттерін түсіну және басқара білу қабілеті туралы шешім жасайды (мысалы, нашақор нашақорлық құралдарды алу мақсатында дәріханаға келу арқылы өз әрекетінің мәнін түсінеді, бірақ оны басқара алмайды).

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат ешқандай келісімдер жасай алмайды, сонымен қатар ұсақ тұрмыстық келісімдер де жасай алмайды. Оған бақылау, қамқорлық бекітіледі және келісімдерді оның атынан қамқоршысы жасайды.

        Егер де оны әрекетке қабілетсіз деп таныған негіздеме жойылса, сот оны әрекетке қабілетті деп таниды.

3.4 Жеке тұлғаның жекелену құралдары. Азаматтық хал-ахуал актілері

         Субъектілердің келісім құқықтарын қорытындылауы, нақты бір құқықтық қатынасқа қатысуы осы субъектілердің жекеленуінсіз және құқықтық қандай субъектісі келісім жасауда, оның субъективтік құқықтары мен міндеттемелері бар ма екендігін анықтамайынша мүмкін емес.

Бір тұлғаны екіншісінен айыра алатын жекелену құралдарына жататындар:

          - азаматтың аты;

           - мекенжайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет