Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі


N 238-II Заңымен 333-бап жаңа редакцияда 333-бап



бет15/18
Дата14.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#136106
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
N 238-II Заңымен 333-бап жаңа редакцияда

333-бап. Заңды күшiне енбеген шешiмдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды:

1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге - облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы;

2) облыстық және оларға теңестiрiлген бiрiншi сатыдағы соттар шығарған шешiмдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 334-бап өзгертілді

334-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері

1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.

2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

3. Шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.

4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 335-бап өзгертілді



335-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;

2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;

3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;

4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;

5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;

6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;

7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;

8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Шағымға мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.

2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін.

3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.

4. алынып тасталды

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 336-бап өзгертілді



336-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

1. Осы Кодекстің 334-бабының екінші бөлігінде және 335-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген (келтірілген) кезде судья қаулы шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.

2. Егер шағым немесе наразылық берген (келтірген) тұлға белгіленген мерзімде қаулыдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етілген күнінде берілген болып есептеледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 337-бап өзгертілді



337-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару

Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның қаулысымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:

1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулыдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;

2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;

3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтінім болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;

4) егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе) қайтарылады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 338-бап өзгертілді

338-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi

1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 334-бабының екінші бөлігінің және 335-бабының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья:

1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жіберуге;

2) шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберуге;

3) iске қатысушы адамдарды iстi апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиiсiнше хабардар етуге мiндеттi. Iстiң апелляциялық сатыда қаралатын күнi туралы хабар iс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетiндей, ал iске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкiндiгiне ие болатындай есеппен берiлуге тиiс.

2. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II ; 24.12.01 ж. N 276-II Заңдарымен 339-бап өзгертілді

339-бап. Апелляциялық шағымға қосылу

Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосылуға құқылы.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 340-бап өзгертілді

340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қарсылық

1. Іске қатысушы тұлғалар осы қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа жазбаша түрде қарсылық білдіруге құқылы.

2. Қарсылық пен оған қоса берілген құжаттар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен бірге берілуге тиіс.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 341-бап өзгертілді



341-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту және наразылықты кері қайтарып алу

1. Апелляциялық шағым берген тұлға сот қаулы шығарғанға дейін одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.

2. Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 342-бап өзгертілді



342-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы және тараптардың бітімгершілік келісімі

1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы немесе тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда көрсетілуге тиіс.

2. Тиісінше талап қоюшының немесе тараптардың арыздарын қарау тәртібі және талаптан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау, бітім келісімін бекіту немесе бекітпеу салдары осы Кодекстің 193-бабының ережелері бойынша белгіленеді. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту кезінде апелляциялық саты бірінші сатыдағы шешімнің күшін жояды және осы Кодекстің 247-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 343-бап өзгертілді



343-бап. Шешімнің, қаулының орындалуын тоқтата тұру

Апелляциялық сатыдағы судья кассациялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, осы Кодекстiң 237-бабында аталған iстер бойынша шешiмдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.

11.07.01 ж. N 238-II   ; 2005.30.12  № 111-III  (бұр. ред. қара)   ҚР  Заңдарымен   344 - бап  өзгертілді

344-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым беру, наразылық келтіру

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы  (қаулысы),  істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына  (қаулысына),  осы Кодекстің 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруі (келтіруі) мүмкін. Егер ұйғарым  (қаулы)  іске қатыспайтын тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына  (қаулысына),  шағым жасауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қараған кезде шығарған ұйғарымдары апелляциялық тәртiппен шағымдануға, наразылық келтiруге жатпайды және олар жария етiлген күнiнен бастап күшiне енедi.

2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына  (қаулыларына) жеке шағымдар мен наразылықтар берілмейді, бірақ бұл ұйғарымдарға  (қаулыларға) қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

3. Шешім шығарумен аяқталған сот қарауы кезінде шығарылған ұйғарымға (қаулыға)  шағым жасалып, наразылық келтірілген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына шешімге шағым беруге белгіленген мерзім өткенде ғана жіберіледі. Бұл орайда шешімге апелляциялық шағым жасалып, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.

4. Бiрiншi саты бойынша iстердi қарау кезiнде аудандық немесе облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың ұйғарымдарына (қаулыларына)  жеке шағымдар, наразылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалып отырған ұйғарым (қаулы) шығарылған күннен бастап он бес күн iшiнде беріледi. Жеке шағым немесе наразылық ұйғарым (қаулы) шығару кезiнде қаралу нысанасы болған барлық құжаттарды қосып, қаулы шығарған сот арқылы берiледi. Жеке шағым, наразылық осы Кодекстiң 41-тарауында белгiленген ережелер бойынша апелляциялық тәртiппен қаралады.



5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы (қаулысы) шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.

6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша:

1)  ұйғарымды (қаулыны) - өзгерiссiз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

2) ұйғарымның (қаулының) күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi бiрiншi апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру туралы;

3) ұйғарымның (қаулының) күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселенi мәнi бойынша шешу туралы ұйғарым (қаулы) шығарылады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 345-бап жаңа редакцияда



345-бап. Iстi апелляциялық тәртiппен қараудың шектерi

1. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.

2. Апелляциялық сатыдағы сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бiрiншi сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей алады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 346-бап жаңа редакцияда



346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 253-бабында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жеке ұйғарым шығара алады.

41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша

істерді қарау

347-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 348-бап жаңа редакцияда

348-бап. Iстi апелляциялық сатыдағы соттың қарауына әзiрлеу

Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым немесе наразылық келтiрiлген iстi алғаннан кейiн бiрiншi сатыдағы соттың осы Кодекстiң 338-бабының талаптарын орындауын тексередi, iстiң материалдарын, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерiн және оларға қоса берiлген материалдарды зерделейдi; iстi белгiленген мерзiмде қарау мүмкiн болмаған жағдайда iске қатысушы адамдарға iстi қараудың жаңа мерзiмi туралы хабарлайды.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 349-бап жаңа редакцияда

349-бап. Iстi қарау мерзiмдерi

Iс апелляциялық сатыда ол бiрiншi сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 350-бап жаңа редакцияда

350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу

1. Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргiзу осы Кодекстiң 41-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына iс бойынша қорытынды беретiн прокурор мiндеттi түрде қатысады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 351-бап жаңа редакцияда



351-бап. Iстi талқылаудың басталуы

1. Төрағалық етушi апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашып, қандай iс, кiмнiң шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешiмi қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер iстiң қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.

Төрағалық етушi iске қатысушы адамдардың қайсысы келгенiн анықтайды, келген адамдардың кiмдер екенiн айқындайды, өкiлдердiң өкілеттігін тексереді және олардың судьяларға, прокурорға, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылығының бар-жоғын, өтiнiштердiң бар-жоғын анықтайды. Егер қарсылықтар мәлiмделсе, олар осы Кодекстiң 42-бабында белгіленген тәртiппен шешiледi.

2. Iстi мәнi бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешiмнiң мән-жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi және iс материалдары туралы баяндамасымен басталады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 352-бап өзгертілді

352-бап. Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары

1. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.

2. Осы бапта аталған, істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда сот бұл жағдайда да келмеу себебін дәлелді деп тани отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот iске қатысушы адамдарға соттың қайта өткiзiлетiн отырысында iстiң қаралу уақыты мен орны жайында тиiсiнше хабарлайды. Бұл жағдайда iстi талқылау басынан бастап жүргiзiледi.

353-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуі

1. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.

2. Тараптар зерттеген кезде өздеріне бірінші сатыдағы сот бас тартқан дәлелдемелерді талап ету туралы өтінім жасауға құқылы.

3. Мәлімделген өтінімдерді шешу осы Кодекстің 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінімді бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

354-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері

Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 355-бап өзгертілді

355-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

1. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот белгілейді.

2. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелдi себептермен олар бiрiншi сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттiгi қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi.

3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.

4. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 356-бап өзгертілді



356-бап. Сот жарыссөзі

1. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етушi тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң сот жарыссөзіне көшеді.

2. Сот жарыссөзі осы Кодекстің 211-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.

3. Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот соттың актісін қабылдауға арналған бөлмеге кетеді.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 357-бап жаңа редакцияда

357-бап. Апелляциялық қаулы шығару

1. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады.

2. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарарлық бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iстi қараған күннен бастап бес күндiк мерзiмде жазылып, оған барлық судьялар қол қояды.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 358-бап өзгертілді



358-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі

Апелляциялық сатыдағы сот:

1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;

2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

4) осы Кодекстің 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;

5) осы Кодекстің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 359-бап жаңа редакцияда



359-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актiлерi

Апелляциялық саты iстi қарау нәтижелерi бойынша сот актiсiн қаулы түрінде шығарады.

ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 360-бап жаңа редакцияда

360-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

1) қаулының шығарылған уақыты мен орыны;

2) соттың атауы, сот құрамы;

3) апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам;

4) шешiмнiң, апелляциялық шағымның немесе наразылықтың, iстi апелляциялық сатыда қарау кезiнде оған қатысушы адамдар табыс еткен дәлелдемелердiң, түсiнiктемелердiң қысқаша мазмұны;

5) сотты өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме;

6) сот қаулысы көрсетiлуге тиiс.

2. Апелляциялық шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда сот сол бойынша шағым немесе наразылық дәлелдерi дұрыс емес немесе шешiмнiң күшiн жоюға негiз болып табылмайды деп танудың себептерiн көрсетуге мiндеттi.

3. Шешiмнiң толық немесе бiр бөлiгiндегi күшiн жойған және iстi жаңадан қарауға берген жағдайда сот iстiң қандай мән-жайларын анықтау қажеттiгiн, қандай дәлелдемелердi зерттеу керектiгiн көрсетуге, бiрiншi сатыдағы сот жасауға тиiстi басқа да iс-әрекеттердi көрсетуге мiндеттi.

4. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшiн жойған және жаңа шешiм шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшi жойылған негiздер, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары және оның шешiмi көрсетiлуге тиiс.

5. Осы Кодекстiң



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет