Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет4/7
Дата14.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#135047
1   2   3   4   5   6   7

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Пробиотиктер туралы не білесіз? Жалпы түсінік қандай?

  2. Пробиотиктерге қойылатын талаптар қандай?

  3. Пробиотиктерді алу үшін қолданылатын микроорганизмдер қалай жіктеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілген.
№ 11 ДӘРІС.
Тақырыбы: Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері және қолданылуы.

Жоспары:

  1. Пробиотиктердің әсер ету механизмі және қолдану мүмкіншілігі.

  2. Бәсекелестік әсері.

  3. Пробиотиктерді індетті диареяда қолдану.

  4. Пробиотиктерді антибиотиктерге төзімді диареяға қолдану.

  5. Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері.

  6. Пробиотиктерді тағайындау көрсеткіштері.

Пробиотиктердің әсері оларды ішекке орналастырумен ғана шектелмейді. Олардың әсері күрделі және жан-жақты болып келеді. Олар: патогенді және шартты патогенді микрофлорамен бәсекелестік, ішектің кілегей қабығына жабысушылық, эпителиоциттермен қарым-қатынас, иммуномодуляциялық әсер.

Пробиотиктердің бәсекелестік әсері бактерицидтік заттарды синтездеу мүмкіншілігіне, қоректік заттар мен өсу факторларына бәсекелестігіне, іш қуыстарындағы Рн төмендетуіне, адгезия мен патогенді микроорганизмдерге қарсы әсеріне байланысты.

Пробиотиктердің шартты және шартсыз микрофлораларға қарсы қорғаныс әсер етуінде бірнеше механизмдері бар. Көптеген штаммы бактериоциндер өндіреді. Ондай қасиет эньерококктар мен лактобактерияларда жақсы дамыған. Пробиотиктердің көбінің токсинге қарсы әсері бар. Олар вирустар мен бактериялардың цито- және энтеротоксиндерін бейтараптайды. Пробиотиктер әсіресе вирустық диареяда, энтеропатогендік эшерихиозда және антибиотиктерге төзімді қоздырғыштары бар диареяда тиімді.

Антибиотиктерді клиникалық тәжірибеде кеңінен қолдану ауруды асқындыруы мүмкін. Соның бірі антибиотикке төзімді қоздырғышты диарея. Бұл аурудың пробиотиктерді қолдану арқылы емдеуге және алдын алуға болады.

Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсеріне сүйене отырып оны көптеген клиникалық ситуацияларда қолдануға болады:



  • нelicobacter pylori, Giardia lamblia тудыратын індетті аурулардың созылмалы түрлерін емдеу үшін;

  • азықтан болатын аллергияны емдеу үшін;

  • ішектердің қабынуын және басқа да созылмалы ауруларын емдеуге;

  • жиі және ұзақ ауыратын малдарды емдеу үшін.

Пробиотиктерді тағайындау көрсеткіштері. Оларды тек қана ішек биоценозын қалыптастыру үшін емес, басқа да көптеген жағдайларда қолдануға болады. Оларға жататындар:

  • жеңіл және орташа деңгейде өтетін ішек індеттерінің, әсіресе вирустық, жіті түрінде;

  • шартты патогенді микробтардың әсерінен болатын созылмалы диареяда;

  • антибиотиктерге төзімді қоздырғышты диареяны емдеу және алдын алу үшін;

  • H. pylori індетінде;

  • Лямблиозда;

  • Ішектердің қабынуында;

  • Азықтан болатын аллергияда.

Пробиотиктердің көптігі мен әртүрлілігін ескере отырып, оларға қойылатын қатаң талаптарды сақтау керек. Осы талаптарға сай препараттарды ғана қолдануға ұсынуға болады. Ондай талаптарға жататындар:

  • бактериялардың тірі штаммдары;

  • симбионтты микробтарды қатарынан қолдану;

  • олардың антибиотиктердің әсеріне төзімді болуы;

  • олардың қышқылдыққа төзімді болуы.

Осындай талаптардың барлығына сай препараттар аздап қана саналады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Пробиотиктердің әсер ету механизмі және қолдану мүмкіншілігі.

  2. Олардың бәсекелестігі.

  3. Пробиотиктерді індетті диареяға қарсы қолдану.

  4. Антибиотиктерге төзімді қоздырғышты диареяға қолдану.

  5. Пробиотиктердің иммундық жүйеге әсері.

  6. Пробиотиктерді қолдану көрсеткіштері.

Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілген.
№ 12 ДӘРІС.
Тақырыбы: Ферментті-пробиотикті қосымша азықтар.

Жоспары:

  1. «Споровит» пробиотигі.

  2. «Бацелл» ферменттік-пробиотикалық қосымша азық.

  3. «Моноспорин» пробиотигі.


Споровит иммуномодулдық препарат. Бұзылған иммундық статусты қалпына келтіреді, эндогенді интерферонды көбейтеді, макрофагтардың функционалдық белсенділігін арттырады, лейкоциттердің, моноциттердің және нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділіктерін жоғарылатады.

Ішек індеттерінің жіті түрлерін «Споровитпен» емдегенде гамма-глобулин фракциясының біртіндеп жоғарлағаны тіркеледі. Созылмалы індетте белок фракциясының ара қатынасы қалыптасады.

Ауыз қуысы арқылы берілген препарат антитоксикалық әсер етеді. Бацилладан тұратын биопрепараттардың аллергияға қарсы әсерлері спор түзетін бактериялардың ферменттерінің комплексті әсерлерімен түсіндіріледі. Bacillus өндірістік штаммдарының ішек эпителий торшаларына адгезивтік қасиеттері әлсіз болып келеді. Олар патогенді микроорганизмдерге бәсекелестік деңгейде қарсы әсер етеді, ал пайдалы микроорганизмдерге антогонистік әсер етпейді. Олар бәсекелессіз өсіп-өнеді.

«Споровит» препаратын қолданғаннан кейін 3-5 күн өткенде лактобактериялардың, бифидобактериялардың, ішек таяқшаларының мөлшері қалыптастырылады.

Спора түзетін бактериялардың адаптациясы макроорганизмнің жеке басының ерекшеліктеріне байланысты болады. Олар әрқашанда микробиоценозға араласа бермейді.

Қорыта келгенде, «Споровит» медицина және ветеринария салаларында болашағы бар препараттардың қатарына жатады. Ол белсенді және таңдамалы түрде әсер етеді. Жоғары деңгейде ферментативті және биосинтетикалық әсерлері бар. Макроорганизм мен аутомикрофлораға зиянсыз, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді.



«Бацелл» қосымша азығы – ферментті-пробиотикті препарат. Малдар мен құстардың ас қорыту жолынан алынған микроорганимздердің ферментациясының қатты фазасының негізінде алынған.

Препараттың проибиотикалық әсерінің мүмкіншілігі:



  • патогенді микрофлора тудыратын көптеген аурулардың алдын алу;

  • ішектің қалыпты, пайдалы микрофлорасын қалыптастыру;

  • малдың өсуінің иммуностатусын жоғарылату және т.б..

  • Организмде биологиялық белсенді заттардың синтезін ұйымдастырады. Организмнің өз ферменттеріне теріс әсер етпейді.

Малдар мен құстардың өнімділігі жоғарылайды, шығын азаяды, өнімнің өзіндік құны төмедейді, экономикалық көрсеткіштер жақсарады.

«Бацелл» - құрғақ, сусымал, қоңыр түсті, әлсіз иісті өнім. Көп қабатты қағаз қапшықтарды шығарылады. Құрғақ жерде, 10-25ºС температурада 6 айдан артық сақтауға болмайды.

«Моноспорин» пробиотигі. Кең спектрлі әсері бар азық қоспасы. Құрамында жоғарғы деңгейде белсенді микроорганизмдер бар. Шартты патогенді микроорганизмдерді тежейді, ас қорыту процесін қалыптастырады. Грамм-теріс ішек індеттеріне жоғарғы антагонистік қасиеті бар. Ішектегі қалыпты флораның өсуіне стимуль береді. Дисбактериоздың алдын алу үшін, токсикалық диспепсияны эшерихиозды, сальмонеллезді, кандидомикозды, кокктарды емдеу үшін қолданылады. Азықтың қорытылуын, малдың өсуін жақсартады. Ферменттерді ыдыратады. Мал басының сақталуын және өнімін жақсартады. Қалқанша бездің функционалдық мүмкіншілігін реттейді. Қандағы моноциттерді, нейтрофилдерді, фагоцит санын көбейтеді. Мал организміндегі зат алмасу процесін қуаттандырады. Патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейді, организмнің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қарсы тұру резистенттілігін арттырады. Антибиотиктердің тиімді альтернативі. Малдарға қауіпсіз, мал өніміне кері әсері жоқ.

Қоспа сұйық және құрғақ түрлерінде шығарылады. Сұйық түрі флакондарда, құрғақ сусымал түрі көп қабатты қағаз қапшықтарды шығарылады. Тікелей күн көзінен сақтайды. Алты айға дейін пайдалнуға болады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Ферментті-пробиотиктік қосымша азықтың құрамына не кіреді?

  2. «Бацелл» пробиотигі туралы не білесіз?

  3. «Споровит» пробиотигін қалай қолданады?

  4. «Моноспорин» пробиотигі туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістердегідей.
№ 13 ДӘРІС.
Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ету уақытын ұзарту үшін қолданылатын жаңа биоцидті құрамдар.

Жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Метропол.

  3. Альбипен LA.

  4. Амоксициллин.

  5. Биогель-5.

  6. Бифитрилак.

  7. Докси.

Кез келген дәрілік заттың өзінің нақтылы химиялық құрылысы бар. Олардың әсері белгілі бір химиялық немесе физикалық пролцестерге байланысты болады. «Биоцидтік әсер» деген термин дәрілік заттардың организмдегі індет қоздырғыштарына қарсы әсері деген ұғымды береді.

Дәрілік заттардық таңдамалы әсері олардың мал ұлпаларына қарағанда қоздырғыштарда көп шоғырлануына байланысты. Макроорганизмге зиянды әсерін тигізбей қоздырғыштардың өмірге қажетті метаболиттерін жояды. Неғұрлым дозасы жоғары болса, солғұрлым терапевтік тиімділігі де жоғары болады. Бірақ кейбір препараттардың ондай дозасы кері әсерін тигізуі де мүмкін. Мүндай жағдайда жоғарғы химиотерапевтік индексті препараттарды қолданған дұрыс.

Химиотерапевтік индекс дегеніміз препараттың ең жоғарғы емдік дозасы мен ең төменгі емдік дозасының ара қатынасы. Ветеринария саласында ондай препараттар індетті аурулардың алдын алу үшін де қолданылады.

Қазіргі кезде биоцидтік препараттардың болашағы зор болғандықтан арнайы ЖШС «Тринти фарма» осымен айналысады. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарын, клиникалық тексерулер, тәжірибеге енгізу жұмыстарын жүргізеді.

2001 жылы ұзақ уақыт әсер ететін, антигипоксиялық «Эмицидин» препараты іске қосылды. Ол суда еритін антиоксидант. Көптеген препараттар қазірде тексеруден өтуде.

Метропол – ұзақ уақыт әсерлі, иммуностимуляциялық қасиеті бар ерекше препарат. Ол белгілі дәрілік заттар метронидазол мен поливинилпироллидонның инкюзивті комплексі. Аэробты және спора түзбейтін анаэробты микроорганизмдерге белсенді түрде әсер етеді. Препаратты венаға жібергеннен кейін анаэробты микроорганизмді әлсірету әссері 30-40 сағаттан кейін біліне бастайды. Ал полимерде иммобилизденбеген препарат 6-8 сағаттан кейін организмнен шығарылады. Метрополды антибиотиктермен қатарынан қолданғанда соңғысының дозасын 1,5-2 есе азайтуға болады. Бактерицидтік қасиеті сақталады.

Метропол жаңа ұзақ уақыт микробтарға қарсы әсер ететін препарат ретінде хирургия, гинекология, стоматология, ветеринария салаларында қолдануға болады. Препарат клиникаға дейінгі тексеруден өтуде. Уақытша фармакопейлік мақала және патент дайындалуда.



Альбипен LA – жартылай синтетикалық пенициллинді антибиотик. 10 %-ды ампициллинмен әсер ету уақыты ұзартылған. Кең спектрлі грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге, стрептококк, пневмококк, энтерококк, стафилококк, эшерихийлерге және сальмонеллаларға белсенді түрде әсер етеді. Мал организмінде терапевтикалық концентрациясы екі тәулікке дейін сақталады.

Құрамы: 100 мг/мл ампициллин ангидриді алюминий стеараты мен кокос майының эмульсиясында. Ас қорыту жүйесінің, зәр шығару, жыныс жолдарының ауруларында; пневмонияда, хирургиялық індеттерде, маститтерде, полиартриттерде, септицемияда, вирустық аурулардан кейінгі екінші қатардағы індеттерде қолдануға болады. Дозасы: ірі малдарға 15 мг/кг, төлдерге 25 мг/кг 48-72 сағатына бір рет терінің астына немесе еттің ішіне жіберіледі.

Препарат қолданған малдың етін 14 тәуліктен, ал сүтін 72 сағаттан кейін пайдалануға болады. 100 мл флаконда шығарылады. Екі жылға дейін сақталады.

Иттерде препаратты қолданғаннан кейін ауырсыну реакциясы болуы мүмкін. Жылқыларда препаратты жіберген жерде ісік пайда болады да ол бірнеше күннен кейін жоғалады.

Жоғарғы сезімталдықты малдарға қолданбаған дұрыс.

Амоксициллин. Жартылай синтетикалық антибиотик. 15 %-ды әсері ұзартылған препарат.

Ас қорыту жүйесінің індетінде, маститте, метритте, нефритте, уретритте, циститте, абсцесстерде, пододерматиттерде, артриттерде, офтальмиттерде, ұлпа-тері індеттерінде, атрофиялық ринитте күніне бір рет еттің ішіне жіберу арқылы қолданады.

Пенициллинге сезімтал малдар мен кеміргіштерге қолануға болмайды. Аллергиялық реакция болуы мүмкін. Басқа бактериостатикалық препараттармен бірге қолдануға болмайды. Жарық түспейтін жерде сақтайды. 10, 100 мл суспензия ретінде шығарылады.

Шығарушы – Байминда Ирландия.



Биогель – 5. Бактерицидтік, қабынуға қарсы және регенеративті әсерлі прополис экстрактісімен комплексте ас қорыту жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылатын препарат. Грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге бактериоцидтік және бактериостатикалық әсер етеді. Улы заттардың сіңуіне кедергі жасайды. Организмнің иммунитеті мен табиғи резистенттілігін қуаттандырады.

Бұзаулар мен торайлардың тышқақ ауруларында ауыз қуысы арқылы қолданады. Азықтандырғанға дейін, күніне екі рет, мал толық жазылғанша қолданады. Аурудан сақтандыру үшін төл туғаннан кейін екі-үш күндей күніне екі рет ауыз қуысы арқылы береді. Қараңғы жерде бір жылға дейін сақтауға болады. 100, 1000 мл флаконда шығарылады. Адсорбенттік қасиеті бар.

Шығарушы ЗАО «Фармакс», Ресей.

Бифитрилак. Ветирнария саласында қолданылатын пробиотик. Иттерді, мысықтарды, декоративті құстарды, ауылшаруашылық малдарының ас қорыту жүйесінің ауруларының жіті түрін емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Емдеу үшін азықпен қосып күніне бір рет, 5-10 күндей, сақтандыру үшін 3-5 күндей қолданады. Жарық түспейтін жерде сақтайды.

Дайындаушы – ЗАО «Бакс».



Доксин – 200 ВС. Ветеринария саласында ауыз қуысы арқылы қолданылатын, суда жақсы еритін ұнтақ препарат. Бір грамм ұнтақта 100 мг диоксициклин гиклаты және 100 мг тилозин тартраты бар. Ақшыл-сарғыш түсті, ұсақ кристаллды ұнтақ.

Құрамының фармакологиялық қасиеттері: диоксициклин гиклаты окситетрациклиннің жартылай синтетикалық туындысы болып келеді. Ұзақ уақыт әсерлі, тез сіңетін, организмнен жәй шығатын препарат. Майда жақсы ериді. Қан плазмасындағы белоктармен 80-92 % байланысады. Антибиотиктің терапевтикалық деңгейі ұлпаларда 20сағатқа дейін сақталады. Бауырда жинақталады, өтпен, зәрмен, нәжіспен биологиялық белсенді түрінде бөлінеді.



Тилозин тартраты макролидтер тобына жатады. Streptomyces fradiae актиномицетінің ферментативті белсенді өнімі. Грамм оң және грамм теріс микроорганизмдерге қарсы белсенді. Әсіресе патогенді микоплазмалар өте сезімтал келеді. Ол бактерия торшаларында белоктың синтезін тежейді, рибосоммен комплекс түзеді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жақсы сіңеді, барлық ішкі ағзаларға тарайды. Малдар мен құстардың қанында терапевтикалық деңгейі 6-8сағаттай сақталады. Қандағы ең жоғарғы концентрациясы жібергеннен кейін 30 минутта анықталады. Зәрмен, өтпен, нәжіспен бөлінеді. Малдар мен құстардың ас қорыту, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Организмде жасанды бактериалдық резистенттілік өте жәй дамиды. Қолданар алдында қоздырғыштардың доксициклин мен тилозинге сезімталдығын тексеріп алған дұрыс. Емдеу кезінде тек препарат ерітілген сумен ғана суғару керек.

Доксин – 200 ВС препаратын пенициллинмен, цефалоспориндермен және линкомицинмен қатарынан қолдануға болмайды. Тилозиннің бактерияға қарсы әсері күрт төмендейді. Доксициклин темір препараттарымен үйлеспейді.

Ауыз қуысы арқылы ғана қолданылады. Дозасы – 1000 л суға 1 кг. Емдеу курсы – 3-4 күн аралас індетте, ал созылмалы түрінде 5 күн. Егер 2-3 күн аралығында клиникалық жақсару байқалмаса, онда микроорганизмдердің сезімталдығын қайта тексеру керек.

Аурудан сақтандыру үшін 2000 л тәуліктік ішетін суға 1 кг препарат қосып, 3-5 күндей қолданады. Препаратты жылы суға, сүтке және сүтті алмастыратын сұйыққа ерітуге болады.

Препарат күйіс қайыратын малдардың етінде 14 күндей, шошқалардың етінде 8, құстардың етінде 7 күндей сақталады. Ол өнімді пайдалану үшін ол уақытты ескеру керек.

Препарат құрғақ, жарық түспейтін жерде, 15-25ºС температурада сақталады. Пластикалық банкаларда 1000 г, бочкаларда 25 кг мөлшерде шығарылады.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Биоцидтік препараттардың пролонгациясы туралы не білесіз, оның қандай маңызы бар?

  2. Эмицидин препаратының әсер ету ерекшелігі қандай?

  3. Метропол препараты қалай әсер етеді?

  4. Альбипен препаратының әсер ету ерекшелігі неде?

  5. Амоксициллин препаратының әсер ету механизмінің еркешелігін айтып беріңіз.

  6. Биогель препаратының әсерінің ерекшелігі қандай?

  7. Бифитрилак препаратының әсерінің ерекшеліктері қандай? Доксин препаратын қалай қолданады, әсері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілген. Қосымша ретінде Ветеринария жұрналының 2008 жылғы 9-12 нөмерлері ұсынылады.
№ 14 ДӘРІС.
Тақырыбы: Табиғи иммуномодуляторлардың организмге әсерлерін функционалды клиникалық бағалау.

Жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Препараттардың сипаттамасы.

  3. Иммунокорректорлардың мал организміне әсері.

Иммундық жүйе организмнің ішік ортасының қалыптылығын сақтауда функция функция атқарады. Клиникалық тәжірибеде бұзылған гомеостазды қалыптастыруда иммундық коррекция басты рөл атқарады. Тиімді иммунокорректорды іздеп табу, оны емдеу үшін қолдану әдістерін анықтау басты міндет. Малдарда кең тараған иммунодефициттік жағдай фармакологиялық коррекцияның келелі мәселе екенін байымдайды. Көптеген факторлардың иммунодепрессивті әсерлері ертеден белгілі. Қазіргі алда тұрған мәселе сол иммунодепрессияның механизмін зерттеу, оған қарсы тиімді заттарды тауып, пайдалану. Иммундық жүйенің жеткіліксіздігін неғұрлым ерте анықтау әдістерін іздеп, оның уақытында реттелуін шешу алда түрған күрделі мәселелердің бірі.

Қазірде көптеген синтетикалық жолмен алынатын дәрілік заттар бар Бірақ олардың кейбірін қолданғанда иммунодепрессивті жағдайдың асқынуы, мал өнімінің және сыртқы қоршаған ортаның ластануы жиі байқалады. Осындай кемшіліктері аз табиғи препараттарды ветеринария саласында кеңінен қолданудың маңызы өте зор. Бұл препараттардың көбінің синтетикалық препараттарға қарағанда артықшылықтары бар. Олар: организмге жан-жақты, иммундық модулды әсерлілілігі, улылығының төмендігі нейроэндокринді жүйенің функциясын белсендендіруі, регенерация процесін стимулдауы, стресс факторлардың әсерін әлсіретуі, вакцинация кезінде иммундық жауапты жақсартуы, химиятерапевтикалық тиімділігін арттыруы және қолданылуын азайтуы.

Бұл жөнінде өсімдіктерден, мал ағзалары мен ұлпаларынан, шаян тәрізді жануарлардың хитиндерінен алынатын препараттардың болашағы зор. Бұл әдістердің көптеген жақтары ветеринария саласы үшін әліде зерттеуді, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуді талап етеді. Әсіресе нейроэндокринді тұрғыдан типтік гисто- және ағзалық заңдылықтарға баға берудің алатын орны ерекше. Бұл бағыт иммунодефициттік жағдайды патогенездік емдеу негізінде әлі толық зерттелмеген.



Белгілі препараттарға қысқаша сипаттама. Рибав – құрамында балансты тұрғыда, күрделі биологиялық белсенді заттар мен эндофиттік микромицеттер синтезінің өнімдері бар спирт экстрактісі.

Олетим – су-тұз экстракциясы әдісімен солтүстік бұғыларының тимусынан алынған препарат. Пептидтердің комплексі мен толықтырушы заттардан тұрады.

Хитозан – теңіз шаяндарының хитинынан ацетилсіздендіру арқылы алынған түзу сызықты полисахарид. Ол бунақденелі жәндіктердің қаңқасында, саңырауқұлақтардың торшаларының қабырғаларында болады.

Хитомаст – хитозан мен гель түзетін негіз бар емдеу үшін қолданылатын препарат.

Иммунокорректорлардың мал организміне әсері. Гиперпластикалық өңірде дегенерацияға ұшыраған, өлі торшалар көптеп кездеседі. Ондай малдарды тексергенде олардың тері асты және мезентериалды лимфа түйіндерінің екі-үш есе үлкейгендері байқалады. Плазмоциттерде органеллалар мен цитомембраналарының құрылысының гиперплазиясы байқалады. Макрофаг торшалары лимфа түйіндерінің кортикалды аймағында ғана емес, милы жұмсақ ұлпаларында да кезедседі. Бүйректерде де сондай құбылыстар анықталады.

Таңдап алынған препараттармен емдеу дәнекер ұлпалар мен иммунокомпотенттік торшалар жағында қабыну реакциясын төмендетеді. Висцералдық ағзалардың құрылысы бұзылмайды, иммундық гомеостаз реттеледі. Иммундық жүйенің функционалдық белсенділігі жақсарады. Гипоталамуста нонапептидтер мен кортикотропты гормондар босайды, олар қанға түседі, висцералдық ағзалардағы бұзылған гомеостазға оң әсер етеді.
Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Организмде иммундық жүйе қандай қызмет атқарады?

  2. Дәрілік заттарды өндіруде қазіргі кездегі негізгі проблемалар қандай?

  3. Табиғи иммунокорректорлардың синтетикалық иммунокорректорлардан артықшылығы неде?

  4. Олетим, хитозан, хитомаст, рибав препараттарына қысқаша сипаттама беріңіз.

  5. Иммунокорректорлардың мал организміне әсерлері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер алдыңғы дәрістерде көрсетілгендердей.
№ 15 ДӘРІС.
Тақырыбы: Иммунодепрессанттар.

Жоспары:

  1. Иммунодепрессанттар тобына жалпы сипаттама.

  2. Азатиоприн.

  3. Базиликсимаб.

  4. Батриден.

  5. Зенапакс.

  6. Имуран.

  7. Рапамун.

  8. Тимодепрессин және циклорал.

Организмді қорғауда маңызды рөл атқаратын иммундық механизмдер белгілі бір жағдайда зиянды реакцияның себебі болуы да мүмкін. Мысалы, қондырылған ұлпаның организм тінімен бірігіп өспеуі организмнің иммунологиялық үйлеспеушілігіне тікелей байланысты. Мұндай жағдайда организм бөгде ұлпаның антигеніне қарсы денелер түзеді де, ол лимфоидты торшалармен бірге оны жарақаттайды және өлтіреді. Қазіргі кездегі деректерге сүйенсек, кейбір ауруларды организмдегі арнайы антигендердің босауы салдарынан болатын аутоиммунды процесс деп қарауға болатын көрінеді. Қалыпты жағдайда бұл антигендер байланыста болады да, иммунопатологиялық реакция тудырмайды. Осыған байланысты жаңа бағыт – иммуногенезді, қарсы денелердің түзілуін тежейтін дәрілік заттарды іздеу бағыты дамып келеді. Ондай дәрілік заттар лимфоидты – иммунокомпотентті ұлпалардағы пролиферативті процесті және нуклеин қышқылдарының биосинтезін тежейтін химиялық қосылыстар болуы керек. Міне, осындай иммунодепрессантты әсер ететін көптеген дәрілік заттар бар екен. Олардың өз классификациясы бар:



  • жалпы иммундық жауапты қажытатын цитостатиктер;

  • арнайы иммунодепрессивті әсер ететін антилимфоцитарлық қанның сары суы;

  • иммундық процестерді тудыратын реакцияны болдырмайтын дәрілік заттар;

  • қабынуға қарсы әсер ететін дәрілік заттар;

  • аздап қана иммунодепрессивтік әсер ететін глюкокортикоидтар.

Ерекше иммунодепрессивті белсенді дәрілік заттардың қатарына цитостатиктер, антиметаболиттер, кейбір антибиотиктер жатады. Қазіргі бұл топтардың препараттары иммунодепрессанттар ретінде қолданылады. Арнайы иммунодепрессантқа азатиоприн жатады. Иммунодепрессивті препараттар ұлпалардың бірікпеу реакциясын төмендетеді. Сондықтан аутоиммунды ауруларды емдеуде тиімділік көрсетеді. Бірақ, қазірде белгілі препараттарды қолданғанда олардың жанама әсерлері кедергі жасауы мүмкін. Олар интерферон өнімін, қан түзілу процесін тежейді. Организмнің жалпы қорғаныс күшін әлсіретеді. Ондай жағдайда екінші қатардағы індет үдей түседі, септицемия дамиды, ұзақ уақыт қолданғанда залалды ісіктердің дамуы мүмкін. Сондықтан оларды өте сақтықпен қолдану керек.

Азатиоприн. Суда, спиртте ерімейтін, сілтіде оңай еритін кристаллды ұнтақ. Әсері – иммунодепрессант. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін аденин, гипоксантин, гуаниндердің аналогы. Нуклеотидтердің биосинтезін бүлдіреді, ұлпалардың пролиферациясын тежейді. Ауыз қуысы арқылы қолданғанда жылдам сіңеді. Қан плазмасының белогымен байланысады. Шу барьеры арқылы да өтеді, сүтке бөлінеді. Бауырда тотығады. Оның тотығуы және метилденуі эритроциттерде де жүреді. Қаннан ұлпаларға жылдам өтеді. Иммунодепрессивтік әсері лимфоидты ұлпалардың гипоплазиясына, Т- лимфоциттердің азаюына, иммуноглобулиндердің синтезінің бұзылуына, қанда атиптік фагоциттердің пайда болуына, жоғарғы сезімталдық реакцияның қажуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет