“Сырдария” университеті
Жаратылыстану факультеті
“Биология” кафедрасы
“Зоологиясы ” пәні бойынша
050113 “Биология” мамандықтарынын студентері үшін
Лабораториялық сабақ
.
3 кредит
2-ші бөлім
Жетісай- 2005 ж
Курс бойынша лабораториялық сабақтардың мақсаты:
Студенттерді Омыртқалылар зоологиясы пәні бойынша жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысы, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму заңдылықтарын табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру.
Лабораториялық сабақтардың негізгі міндеттері:
А) Омыртқалылар зоологиясын оқыту пәні бойынша олардың алуан түрлерін зерттей отырып, олардың ерекшеліктерін ер түрлі зерттеу мақсаттарын, әдістерін оқып үйрену.
Б) Жануарларды зерттеу: олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау міндеттерін толық меңгеру.
В) Омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысын анықтай білу.
Г) Ылғалды препратты дайындай алу.
Д) Ұсақ және ірі объектілерді зерттеуге және олардың препараттар жасауға дағдылану.
Е) Микроскопта көрсетілген керіністі сала білу.
Лабораториялық сабақ №1
Тақырыбы: Қарапайым хордалылар ретінде бас сүйектілердің өкілі ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы
Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны
Тип. Хордалылар — Chordata
Т.т. Бас сүйексіз — Асrаnіа Класс.
Бас хордалынар — Cephalochordata
Өкілі: Көдімгі ланцетник — Branchiostoma Lanceolatum
Қажетті материалдар: Арнайы шыны ыдыстағы сұйық ерітіндіде сақталған кәдімгі ланцетник плакаттар.
Тапсырмалар:
1. Ланцетниктің ішкі құрылысы бойынша төмендегі көрсетілген органдар жүйелерінің схемалық құрылыстарын оқып, бір қатарып альбомдарыңызға салып алыңыздар.
А) ланцетниктің жұтқыншақ және ішек тұсынан көлденең кесінділерінің схемасын оқып, танысыңыздар
Б) ланцетниктің зәр шығару және ұзынынан кесіндісінің схемалық көріністерін альбомға салыңыздар
Пысықтау сұрақтары:
1. Бас сүйексіздер тип тармағына қысқаша сипаттама беріңіз
2. Суда тіршілік ететін жануар ретінде ланцетниктің сырткы пішіні мен құрылысы қандай?
3. Ланцетниктің басты-басты ішкі органдар жүйесін ата, олардың құрылыс ерекшеліктері қандай?
4. Ланцетниктің кебеюі мен өніп-өсуі
Лабораториялық сабақ №2
Тақырыбы: Балықтар класс үсті тобы.
Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы
Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны
Тип. Хордалылар — Chordata
Т.т. Бас сүйектілер - Craniata
К.ү.т. Балықтар — Pisces
Класс. Шеміршекті балықтар — Chondrichthyes
Өкілі: Тікенекті акула — Squalus Acanthieas
Қажетті материалдар: Акуланың ішкі органдар жүйесінен істелінген ылғалды препараттар. Тікенекті акуланын сыртқы және ішкі органдарының құрылысы бейнеленген схемалық плакаттар.
Тапсырмалар:
1. Тікенекті акуланың схемалық суретін пайдаланып, шеміршекті балықтардың сыртқы пішінімен және құрылысымен танысыңыздар. Альбомдарыңызға тікенекті акуланың сыртқы схемалық суретін салыңыздар.
2. Плакаттарды және схемалық суреттердің пайдаланып тікенекті акуланың ішкі органдар жүйелерімен танысыныздар. Альбомдарыңызға төмендегі көрсетілген органдар жүйесінің құрылыс қызмет принциптерінің схемалық көріністерін салып белгілеңіздер.
-
Ac қорыту жүйесі
Б) тыныс алу жүйесі
B) Қан айналу жүйесі
Г) Зор жыныс органдары
Д) Акуланын бас миынын құрылысы мен қызметі
Пысықтау сұрақтары:
1. Балықтар класс үстіне жалпы сипаттама берініз.
2. Балықтардың ішіндегі шеміршекті балықтар класына қысқаша сипаттама беріңіз
3. Шеміршекті балықтардың өкілі ретінде тікенекті акуланың сыртқы пішіні мен құрылысы қандай?
4. Акуланың ішкі органдар жүйесінің құрылыс қызмет, принциптері қандай?
-
Акуланың бас миының құрылысы мен қызметі.
Лабораториялық сабақ №3
Тақырыбы: Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы классификациясы.
Практикалық жұмыс объектісінін хордалылар қатарындағы орны
Тип. Хордалылар — Chordata
Т.т. Бас сүйектілер — Craniata
К.ү.т. Балықтар — Pisces Класс.
Сүйекті балықтар — Ostcichthyes
Өкілі: Теңіз алабұғасы — Serranus scriba
Қажетті материалдар: Ерітіндіде сақталған сүйекті балықтың өкілі.
Балықтардың сыртқы құрылысы бейнеленген плакат.
Тапсырмалар:
1. Әр түрлі сүйекті балықтардың суреті салынған плакатты пайдаланып, класс өкілдерінің сыртқы пішінімен және құрылысымен танысыңыз.
2. Әр түрлі сүйекті балықтардың суреті салынған плакатты пайдаланып, класс өкілдерінің классификациясымен танысыңыз.
Пысықтау сұрақтары:
1. Балықтар класс үсті тобының ішіндегі сүйекті балықтар класына сипаттама беріңіз.
2. Су ішінде тіршілік ету орындарына қарай сүйекті балықтардың сыртқы пішінінің әр түрлі болуының себебін түсіндір.
-
Сүйекті балықтардың бір өкілін мысалға алып сыртқы құрылысын айтып беріңіз.
қандай?
Лабораториялық сабақ № 4
Тақырыбы: Қосмекенділердің сыртқы көрінісі, терісі, бұлшық еттері.
Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:
Тип: Хордалылар – Сһоrdata
Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata
Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda
Класс: Қосмекенділер - Amphidia
Отряд үсті: Секірушілер - Salientia
Отряд: Құйрықсыздар – Ecaudatia
Тұқымдас: Нағыз бақалар - Renidae
Өкілі: Көл бақа – Rana ridilunda
Лабораториялық жұмысқа қажетті материалдар:
Жансыздандырылған бақа мен құрбақалар, оқулықтар, таблицалар.
Пысықтау сұрақтары:
1. Қос мекенділердің системасы отрядтардың негізгі өкілдері және олардың таралуы.
2. Аяқсыздар мен құйрықтылардың сыртқы көрінісінің ерекшеліктері.
3. Аяқсыздар мен құйрықтардың посткрамиальды скелетінің ерекшеліктері.
4. Қос мекенділердің жер үстінде тіршілік етуіне байланысты постраниальды скелетінде қандай өзгерістер бар.
Тапсырмалар.
Бақаның дене формасын көлемін, алдыңғы және артқы аяқтарының құрлысын қарап көру. Бақаның терісінің құрлысының ерекшеліктерін, көпклеткалы бездердің құрлысын олардың функциясын, терінің газ алмассуға қатысуын анықтау. Посткрамиальды скелетті қарап-көру, мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінің омыртқаларын сипаттау. Алдыңғы және артқы аяқтарының құрлысын зерттеу.
Лабораториялық сабақ № 5
Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы: агаманың сыртқы құрылысы, терісін, посткраниальды скелетіннің құрылысы.
Материал мен құрал саймандар: формалинде немесе спиртте сақталған агамалар мен жыландар, шағын ванналар, пинцеттер, агама терісінің микропрепараты, кесірткенің скелеті, оқулықтар, таблицалар. Мақсаты. Бауырмен жорғалаушылардың сыртқы көрінісінің, терісінің, посткраниальды скелетінің ерекшеліктерін зерттеу. Міндеті: бауырмен жорғалаушылардың сыртқы көрінісімен танысып, кесірткенің терісінің, посткраниальды скелетінің құрылысы мен танысып, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:
Тақырыпты түсіндіру және тапсырма беру: кесірткенің немесе жыланың сыртқы түрін қарап, бастың бедеріне, қасына, арқа және бауыр қабыршағына, сан (балтыр) тесіктеріне көңіл аудару керек. Микроскоп арқылы кесірткенің терісін қарап, оның эпидермисіндегі мальпиги (герминативті) жылтырауық, түйіршікті және мүйізденген қабаттарын ажырату керек. Рептилиялардың түзілуін (қабығын тастауын) сипаттау. Кесірткелердің арқа жотасының құрылысының ерекшеліктерін анықтап: мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық омыртқаларыныың құрылысын сипаттау. Омыртқалардың қай типке жататынын және олардың бір-бірімен қалай жалғасатынына көңіл аудару. Құйрық омыртқаларына, олардың аутотомиясының принципіне көңіл аудару. Кеуде қуысының иық және жамбас белдеуделінің құрылысына көңіл аударып, олардың арқа жотасына қалай жалғасатынын анықтау. Алдыңғы аяғының (білезігінің) интеркарвалды артқы аяғының (толарсағы) интерзальды жалғасуын көрсету. Кесірткенің, поскраниальды скилетінің суретін салу. Сұрақтар:
1. Амфиялар мен рептилиялардың посткраниальды скелетінің құрылысыдағы ерекшеліктері.
2. Қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың терісінің құрылысындағы айырмашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |