Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


Кәдімгідей оңтүстік қара топырағы



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
#131538
1   2   3   4   5   6

Кәдімгідей оңтүстік қара топырағы тегінің морфологиялық белгілері, химиялық және физикалық қасиеттері жоғарыда сипатталып өткен оңтүстік қара топырағы типшесіне сәйкес келеді.

Карбонатты және кебірленген тектерге жататын оңтүстік қара топырағының түзілу жағдайлары, қасиеттері, айрықша белгілері кәдімгі қара топырақ типшесінің осындай тектеріне ұқсас болып келеді.

Тереңнен қайнайтын оңтүстік қара топырағы тегі жеңіл гранулометриялық құрамды аналық тау жыныстары (құм, құмдақ, кейде жеңіл саздақ) үстінде қалыптасады. Бұл топырақ тегінде карбонаттар және суда ерігіш тұздар топырақтың терең астыңғы қабаттарына шайылған болады. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы және көзге көрінетін карбонаттар жиынтығы топырақтың ВС немесе С аналық тау жынысы қабатында байқалады. Осы топырақтың генетикалық қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады, қарашірінді қабаты созыңқы болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері шамалы (1,5-3,0 %), қоректік элементтердің де қоры аз. Гранулометриялық құрамы жеңіл болып келгендіктен және қарашіріндінің мөлшерінің аз болуынан бұл топырақтардың құрылымы, түйіршіктелінуі нашар болып, топырақты өңдегенде майдаланып, үгіліп жел эрозиясына тез шалдығады.

Фосфоритті оңтүстік қара топырағы тегі Ақтөбе облысында тараған. Олар фосфорға бай топырақ түзуші тау жыныстарында дамыған. Қарашірінді қабаты 30-40 см, түсі біршама қоюланған қара-сұр. Топырақтың тік кескінінде фосфоритті қиыршық тау жыныстары үгінділері кездеседі. Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы қарашірінді қабатының астыңғы жағында байқалады. Карбонаттардың шоғырлануы топырақтың 60-70 см қабатында. Топырақтың үстіңгі қабатында қарашірінді мөлшері 5-6 %, жалпы азот қоры 0,20-0,30 %. Бұл топырақтың химиялық ерекшелігі оның құрамында көп мөлшерде (1,3-6,0%) жалпы фосфор және жоғары дәрежеде жылжымалы фосфор

(4000 мг/кг) мөлшерінің болуы (К.Ш.Фаизов, ж.т.б. 2001).



Шала дамыған оңтүстік қара топырағы Көкшетау қыраты, Орал үстірті және Мұғалжар таулары маңында кездеседі. Олар шоқылардың көлбеу беткейлерінде және шоқылар аңғарындағы көтеріңкі жазықтарда аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер астында түзілген. Топырақ түзуші тау жыныстары шеміршекті-тасты саздақ. Олар саяз қабаттан кейін кездесетін тығыз негізгі тау жыныстары немесе олардың үгіндісі үстінде орналасқан.

Бұл топырақтардың морфологиялық ерекшелігі тік кескінінің яғни топырақтың қалыңдығының саяз болуы. Оның қуаты 40-80 см-ден аспайды. Сонымен бірге әр қабаттың қуаты әлсіз және олар қиыршық тасты болып келеді. Қарашірінді А қабатының қалыңдығы 14-20 см, шаңды-кесекті, немесе шаңды құрылымды. В қабаты қуаты (В1 және В2) 5-30 см. Химиялық және физикалық-химиялық қасиеттері толық дамыған топырақтардың қасиеттеріне жақын. Қарашірінді мөлшері 2-4 %-дан 5-7 %-ға дейін болуы мүмкін, жалпы азотттың мөлшері 0,30-0,50 %, алмаса сіңген негіздер 100 г топырақта 25-30 м-экв.

Бұл топырақтар шоқылардың беткейінде орналасқандықтан және қиыршық тасты болып келетіндіктен егістік жерге жарамсыз, сондықтан олар мал жайылымдары және шабындықтар ретінде пайдаланылады.

Әлсіз дамыған оңтүстік қара топырағы тегі Орал үстірті және Көкшетау қыраты өңірінің шоқылардың үстінде және тік беткейлерінде аралас шөпті-бозды-бетегелі өсімдіктер жамылғысы астында дамыған. Бұл топырақтардың айрықша белгісі топырақтың қабатынан қуаты 40 см-ден аспауы. Негізгі тау жыныстары 40 см тереңдіктен басталады. Топырақтың генетикалық қабаттарының қуаты тым әлсіз және кейде кейбір қабаттар болмайды. Топырақтың тік кескінінде қиыршық тастар мол кездеседі. Көбінесе бұл топырақтар аз өнімді мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Жалпы алғанда оңтүстік қара топырағы типшесінің табиғи құнарлылығы жақсы, олар қазіргі уақытта егістік жер ретінде игерілген. Бұл топырақтың тиімді құнарлылығын арттыру үшін мол ылғал қорын жинау шараларын жүзеге асыру қажет. (жерді парға қалдырып баптау, егістікті күзде өңдеу, қыста қар тоқтату). Сонымен бірге органикалық және минералды (әсіресе фосфорлы) тыңайтқыштарды пайдалану, жел және су эрозияларын болдырмау үшін қажетті шараларды кеңінен қолдану керек.



Шалғындық қара топырақ. Қара топырақ тараған аймақта ылғалдылығы мол ойпаттау төменірек орналасқан, жер асты ыза су

3-5 м тереңдікте болатын немесе еріген қар суы жиналатын аплқаптарда шалғынды қара топырақ типі түзіледі.Қазақстанның жазықтық жер аумағында осы топырақтар 1,6 млн.га ауданды қамтыған.Бұл топырақтың түзілуі жағдайының ерекшілігі олардың қара топырақ типіне қарағанда жақсы ылғалдық жағдайында және мол шалғындық аралас шөпті және далалық шөптесін өсімдіктер топтарының астында қалыптасуы болып саналады.

Шалғындық қара топырақтың құрылысы және басқа морфологиялық белгілері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді. Бірақ бұл топырақтың қарашірінді қабатының түсі күңгірт қара-сұр немесе анық қара болады және бұл қабат өте жақсы дамыған. А+В1 қабат қуаты орташа есеппен 37-96 см-ге жетеді. Жеке А қабатының қалыңдығы 22-30 см, майда кесекті немесе кесекті құрылымды. В1-аралық қабаттың қуаты 40-60 см, кесекті немесе жаңғақша-кесекті құрылымды, тығыздалған болады. Бұл қабаттан кейін карбонаттар жиналған қабат біртіндеп аналық тау жынысы қабатына ауысады. Осы қабатта темір тотығы және глейлену процесі белгісі дақтары кездеседі.

Шалғындық қара топырақтардың үстіңгі А қабатында қарашірінді мөлшері 5-10 %-ға дейін болады. Сонымен бірге азоттың және басқада қоректік элементтердің қоры мол.Катиондар сіңіру көлемі 100 г топырақта 30-50 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның үстіңгі қабатында бейтарап, ал астыңғы қабаттарында сәл сілтіленген. Гипс және ерігіш тұздар топырақтың 1-1,5 м қабатында кездеседі.

Шалғындық қара топырақтардың табиғи құнарлылығы өте жақсы. Олардың басым көпшілік ауданы егістік жерге айналдырылып, игерілген.
3.3 Қара қоңыр топырақ
Дала аймағының оңтүстігіне шектесіп орналасқан құрғақ дала мен шөл аймағының солтүстігіне шектесіп орналасқан шөл далада қара қоңыр топырақ типі дамыған. Бұл аймақтың жер ауданы 90,4 млн.га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.

Қара-қоңыр топырақтың құрылысы келесідей:

Тың жерде оның үстінде шөптесін өсімдіктер қалдықтарынан құралған Ад-дала төсеніші (дала кигізі) қабаты бар. Оның астында А-қарашірінді жиналу қабаты, одан соң В1- қарашірінділі аралық қабат, одан төмен В2-қарашірінді тілдері қабаты, оның астында ВК-иллювиалды карбонатты қабат орналасып, ол С аналық тау жынысы қабатымен шектеседі.

Қара-қоңыр топырақтың құрылысы және оның морфологиялық белгілері, химиялық қасиеттері қара топырақ типіне ұқсас болып келеді.

Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық белгілерінің жалпы сипаттамасы келесідей:

Қарашірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 10-30см, түсі күңгірт қара-қоңыр, нағыз қара қоңыр немесе ашық қара қоңыр болып келеді, құрылымы кесекті немесе шаңды кесекті болады.

В1-қарашірінділі аралық қабаттың түсі күрең реңді қара қоңыр, немесе күрең болады. Құрылымы кесекті немесе призмалы кесекті, карбонат қосылыстар кездесетіндіктен әдетте НСl ертіндісінен қайнайды.

В2- қарашірінді тілдері қабатының түсі біркелкі емес; күрең қара қоңыр қарашірінді тілдері мен күрең түсті аналық тау жынысының сынашалары кезектесіп орналасқан, тығыздалған болып келеді, құрылымы кесекті-жаңғақша немесе кесекті призмалы.

ВК-иллювиалды карбонатты қабат 40-60 см тереңдіктен басталады. Бұл қабатта мол жиналған карбонат дақтар кездеседі. Түсі сарғыш

.

күрең, өте тығыздалған, құрылымы призмалы, призмалы-жаңғақшалы болады.

Топырақтың 80-120 см қабатынан бастап сарғыш күрең түсті аналық тау жынысы басталады. Оның құрамында ұсақ кристалды түрде гипс және тез ерігіш тұздар кездеседі (5-сурет)

Қара қоңыр топырақтардың пайда болуы,генезисі бұл аймақтың климатының құрғақшылығымен өсімдік дүниесінің әлсіз дамуымен байланысты екендігін В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев т б ғалымдар атап көрсеткен.

Қара қоңыр топырақ қара топырақ сияқты шымдану процесінің әсерінен қалыптасады.Бірақ қара қоңыр топырақты аймақта шымдану процесінің қарқыны бәсеңдеу болады.Құрғақ климаттың әсерінен қалыптасқан бозды-бетегелі, жусанды-бозды-бетегелі өсімдіктер бұл аймақта сиректеу орналасып, қара топырақты аймаққа қарағанда, азырақ өсімдік қалдықтарын қалдырады. Топырақтың ылғалдылығының нашарлауы себебінен микробиологиялық процестер бәсеңдеп, минералдану артып, топырақта қарашіріндінің түзілуі, азоттың және басқа қоректік заттардың жиналуы кемиді. Карбонаттардың, басқа да тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға терең шайылуы

байқалмайды. сөйтіп олар жоғарырақ

5-сурет. Қара қоңыр қабаттарда орналасады. Құрамында кремний,

топырақ. магний және сілтілік металдар бар жусан

тобының өсімдіктерінің қалдықтары жер

бетіне молырақ түсіп ыдырауынан топырақта кебірлену процесінің шымданумен қосарлана жүруі бұл аймақта жиі байқалады. Сондықтан қара қоңыр топырақты аймақта олардың кебірленген тектері мол дамып және олардың топырақ жамылғысының кешенді болып келуі байқалады.


3.3.1. Қара-қоңыр топырақтың классификациясы
Қара-қоңыр топырақтар ТМД мемлекеттерінде қолданылатын классификацияға сәйкес келесідей жіктеледі (6 кесте). Қара қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар: күңгірт қара-қоңыр; нағыз қара-қоңыр; ашық қара-қоңыр топырақ типшелері. Бұл типшелерге бөліну негізінен олардың құрамындағы қарашіріндінің мөлшеріне байланысты (7-кесте).

6 кесте


Қара-қоңыр топырақтың классификациясы



Типшесі

Тегі

Түрі

Күңгірт

қара


қоңыр
Нағыз

қара-


қоңыр
Ашық

қара-


қоңыр


Кәдімгідей

Карбонаты

Кебірленген

Тереңнен қайнайтын

Сортаңданған

Шала дамыған

Әлсіз дамыған


А+В1 қабатының

қалыңдығына сәйкес:

А+В1 >50см, қуатты
А+В1 30-50 см, орташа қуатты
А+В1 20-30 см, аз қуатты
А+В1< 20 см, өте аз қуатты


Қара қоңыр топырақтардың тектері келесідей:

- кәдімгідей

- карбонаты

- кебірленген

- тереңнен қайнайтын

- сортаңданған

- шала дамыған

- әлсіз дамыған

Бұл қара-қоңыр топырақ тектерінің негізгі диагностикалық белгілері қара топырақ типінің тектерінің белгілеріне сәйкес болып келеді.

Қара-қоңыр топырақты түрлерге А+В1 қабатының қалыңдығына байланысты жіктейді. Егер А+В1 қалыңдығы 50 см-ден асса, ол қуатты қабатты қара-қоңыр топырақ; ал ол 30-50 см аралығында болса-орташа қуатты; 20-30 болса-аз қуатты; 20 см-ден жұқа болса- өте аз қуатты қара-қоңыр топыраққа жатады.

7- кесте


Қара қоңыр топырақты қарашірінді мөлшеріне байланысты типшелерге жіктеу


Типшесі

Топырақтың 0-15 см қабатында қарашірінді мөлшері, * %

Балшықты,

ауыр және орташа саздақты



Жеңіл саздақты,

құмдақты


Күңгірт қара-қоңыр

3,2-4,0 (5)

2,5-3,0 (4)

Нағыз қара-қоңыр

2,2-3,2 (4)

1,5-2,5 (3)

Ашық қара-қоңыр

1,5-2,2 (2,5)

1,0-1,5 (2)

*- жақша ішінде тың және тыңайған жерлерде
3.3.2. Қара-қоңыр топырақтың типшелері
Күңгірт қара-қоңыр топырақ дамыған аймақшаның ауданы 27,7 млн. га. Қара-қоңыр топырақ аймағының солтүстік бөлігінде, оңтүстік қара топырақ типшесімен шекаралас орналасқан. Бұл қара-қоңыр топырақтардың ішіндегі құнарлылығы, физика лық, химиялық қасиеттері жағынан ең бағалысы болып келетін топырақ. Қасиеттері, морфологиялық белгілері жағынан қарағанда оңтүстік қара топыраққа ұқсас болып келеді.

Кәдімгідей күңгірт қара-қоңыр топырақ жазықтарда, көне терассаларда, шоқылар арасындағы жазықтарда, шоқылар баурайында кездеседі. Бұл топырақтардың түзілуіне тереңде жатқандықтан ыза су ықпал жасамайды. Өсімдік жамылғысы бозды-бетегелі шөптесін өсімдіктер мен қуаңшылыққа төзімді мардымсыз аралас шөптерден құралған.

Бұл топырақтың А қарашірінді жиналатын қабатының қалыңдығы 18-27 см, бір тектес күңгірт қара-қоңыр түсті, құрылымы кесекті, шаңды-кесекті болады. Тың жерде бұл қабаттың үстінде қалыңдығы 0-6 см болып келетін Ад-дала киізі қабаты орналасады.

В1-қарашірінділі аралық қабаттың қалыңдығы 12-24 см, түсінің күрең реңі айқын байқалады. Тығыздылығы А қабатына қарағанда арта түседі, кесекті құрылымды. Жалпы А+В1 қабатының қалыңдығы 34-45 см-ге жетеді.

В2- қарашірінді тілдері қабаты қалыңдығы 11-31 см-ге жетеді, біркелкі емес қошқыл күрең түсті, тығыздалған, біркелкі кесекті, призмалы кесекті немесе жаңғақша құрылымды болады.

Тұз қышқылы ерітіндісінен топырақтың «қайнауы» 30-40 см тереңдікте, ал карбонаттардың дақтары 35-45 см тереңдікте байқалады. Карбонаттардың мол жиналған ВК иллювиалды қабат 45-65 см тереңдікте кездеседі. Бұл қабат мол карбонаттар жиналуы әсерінен ашық түсті және өте тығыздалған болып келеді.

Гипстің және ерігіш тұздардың жиналуы 100-120 см тереңдікте байқалады.

Күңгірт қара-қоңыр топырақта, қара топыраққа қарағанда, қарашіріндінің, азоттың және басқа қоректік элементтердің мөлшері кем болып келеді. Қарашіріндінің мөлшері үстіңгі қабатта 3,5-4,5%, жалпы азот 0,200-0,250 %. Қарашірінді құрамында гумин қышқылдары фульвоқышқылдардан басым (СГҚ : СФ.Қ -1,2-1,6). Алмаса сіңген катиондар мөлшері 100 г топырақта 20-30 м-экв. Топырақ ерітіндісінің реакциясы үстіңгі бетінде бейтарапқа жақын (рН 6,5-7,4), ал астыңғы қабаттарда сілтіленген (рН 8,0- 8,7) болады (8-кесте).

Күңгірт қара-қоңыр топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиетері жақсы (9-кесте). Тығыздылығы үстіңгі (0-30см) қабатта

1,01-1,27 г/см3, кеуектілігі 52,7-62,1%, далалық ылғал сыйымдылығы 26,6-28,9 %. Бұл топырақтың 1м қабатында далалық ылғал сыйымдылығы байқалған кезде өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 155,8 мм-ге жетеді.



Күңгірт қара-қоңыр топырақтың химиялық, физикалық-химиялық 8-кесте

қасиеттері (К.Ш Фаизов ж.б., 2001)

Разрез

дің


рет

саны


Топырақ

атауы,


мекені

Үлгі

алынған


қабат,

см


Қара

шірінді


%

Жалпы

азот


%

СО2,
%

Алмаса сіңген

катиондар,

м-экв/100г


Су ерітіндісі


рН


Гранулометриялық құрамы


< 0.01

мм


<0,001

мм


Ca

Mq

Na

қосындысы

Тұз

қалдық


сілтілігі

411


Күңгірт қара-қоңыр,

карбонаты



Қостанай облысы

0-4

3,8

0,210

-

18,2

5,4

0,1

23,7

0,027

0,012

6,5

49,4

23,2

5-15

3,7

0,210

0,5

17,9

5,4

0,2

23,5

0,041

0,030

7,3

56,7

35,2

25-35

2,5

0,130

2,7

18,2

5,4

0,5

24,1

0,051

0,036

7,9

61,4

34,0

40-50

2,0

0,110

3,2

12,7

5,5

1,2

19,4

0,072

0,052

8,2

62,1

33,0

70-80

0,6

0,040

4,4

-




-

-

0,226

0,051

8,3

64,3

39,2

110-120

-

-

3,1













1,027

0,021

7,9

62,3

40,7

200-210

-

-

0,2













0,228

0,033

8,3

82,2

36,8

324


Күңгірт қара-қоңыр,

Кебірленген Ақмола

облысы


0-10

4,1

0,180

жоқ

14,7

3,5

0,3

18,5

0,090

0,015

7,3

44,5

28,5

20-30

2,2

0,100

0,8

17,8

3,8

0,8

22,4

0,095

0,036

8,8

51,2

35,6

45-55

1,0

0,060

6,9

8,8

6,6

2,3

17,7

0,220

0,059

9,3

61,1

33,1

100-110




-

-

-

-

-

-

1,460

0,019

8,5

53,1

34,8

9-кесте

Күңгірт қара-қоңыр карбонаты топырақтың физикалық және ылғалдылық қасиеттері

(Ақмола облысы, Ж.У.Аханов ж.б., 1979)





Топырақ

қабаты,


см


Тығыз-

дылығы,


г/см3

Қатты

бөлігі


тығыз-

дылығы,


г/см3

Кеуек-

тілігі
%





%

Далалық

ылғал


сыйымдылығы

кезінде


тиімді ылғал

қоры, мм


Макси

малды


гигроско

пиялығы


Өсімдік

солу


ылғал

дылығы



Қылтүтік

тегі


ылғал

ажырауы



Дала

лық


ылғал

сыйым


дылығы

0-10

1,01

2,60

62,1

7,5

10,1

18,6

26,6

16,5

10-20

1,08

2,68

59,8

8,1

10,8

18,7

26,7

15,9

20-30

1,27

2,68

52,7

8,8

13,2

20,2

28,9

15,8

0-30

1,12

2,65

58,2

8,2

11,4

19,2

27,4

48,1

30-40

1,40

2,66

47,7

10,8

13,7

21,4

30,6

17,0

40-50

1,43

2,64

45,7

10,8

14,4

21,3

30,5

16,0

0-50

1,24

2,65

53,6

9,2

12,4

20,1

28,7

81,1

50-60

1,48

2,67

44,6

11,1

14,9

21,5

30,8

15,8

60-70

1,50

2,70

44,4

11,0

14,9

21,3

30,4

15,5

70-80

1,52

2,67

43,0

11,1

15,0

20,8

29,7

14,8

80-90

1,56

2,67

41,1

11,8

15,6

21,0

30,0

14,4

90-100

1,60

2,72

41,1

12,4

16,0

21,1

30,1

14,1

0-100

1,40

2,67

48,2

10,4

13,8

20,6

29,4

155,8


Нағыз қара-қоңыр топырақ типшесі құрғақ дала аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне орналасып жеке аймақша құрайды. Алып жатқан ауданы 24,3 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында кең тараған. Ақмола және Қостанай облыстарының оңтүстік бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде де бұл топырақ типшесі біраз ауданды қамтиды.

Бұл аймақшада ауа райының құрғақшылығы артып, өсімдіктер жамылғысы селдір болып келеді және оның құрамына астық тұқымдас, құрғақшылыққа төзімді шөптермен қатар жусан тобының шөптері кіреді.

Қара-қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы келесідей қабаттардан құралған: Ag – A – B1 – B2 – BK – C.

Қарашірінділі А қабатының қалыңдығы 15-20 см, түсі нағыз қара-қоңыр, шаңды-кесекті құрылымды. В1 – аралық, ауыспалы қарашірінділі қабаттың қуаты 20-25 см, түсі күңгірт-күрең, құрылымы жаңғақша-кесекті, призмаша-кесекті.

Карбонаттар жиналған иллювиальды ВК қабаты 40-80 см тереңдікте кездеседі.

Ол өте тығыздалған, түсі ашық күрең, бұл қабатта карбонаттардың ақ дақтар күйінде мол жиналуы айқын байқалады. Осы қабаттан кейін аналық тау жынысы орналасады, оның құрамында (80-120 см тереңдікте) гипс және суда ерігіш тұздар кездеседі (К.Ш. Фаизов ж.т.б., 2001).

Нағыз қара-қоныр топырақ типшесінің морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық қасиеттері күңгірт қара-қоныр топырақ типшесіне ұқсас. Сонымен бірге аймақшаның гидротермиялық ерекшелігі әсерінен күңгірт қара-қоныраққа қарағанда бұл топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы жұқалау, қарашірінді мөлшері азырақ және карбонаттар мен ерігіш тұздар жиналуы қабаттары жоғарырақ орыналасуы сияқты ерекшеліктері бар. Бұл топырақтың үстінгі А қабатында 2,5-3,5% қарашірінді, 0,150-0,200 % жалпы азот бар. Қарашірінді қосылыстарының жылжымалылығы күңгірт қара-топыраққа қарағанда басым. Алмаса сіңген катиондар мөлшері 15-25 м-экв/100 г топырақта. Топырақ ертіндісінің реакциясы оның үстінгі қабатында әлсіз сілтілі (рН 7,3-7,5), ал тереңіректе сілтілі (рН 8,0-9,0) болып келеді. Топырақтың жоғарғы 1 м қабатында ерігіш тұздар шамалы (тұз қалдағы 0,3%-дан кем), ал аналық тау жынысында тұздардың мөлшері артады.

Қара-қоңыр топырақ типшесі ішінде кәдімгідей, карбонатты, кебірленген, тереңнен қайнайтын, шала дамыған, әлсіз дамыған тектері кездеседі.

Қара-қоңыр топырақ типшесі ішінде жеңіл, яғни гранулометриялық құрамы құм немесе құмдақ болып келетін түршесі бар. Әсіресе «жеңіл» қара-қоңыр топырақ Қазақстанның солтүстік шығысында (Павлодар облысында) кең тараған. Бұл топырақтар көне дәуірдің аллювиальды құмдақ аналық тау жыныстары үстінде түзілген. Сондықтан олардың гранулометриялық құрамы өзгеше қалыптасқан (10-кесте). Осы топырақ құрамында әсіресе ірі-құм (1-0,25 мм) және орташа құм (0,25-0,05 мм) бөлшектерінің үлесі көпте, шаң мен тозаңға жататын бөлшектер үлесі аз. Физикалық балшыққа жататын бөлшектер (< 0,01 мм). топырақтың үстінгі бетінде 20%-дан аз. Сондықтан осы топырақтардың химиялық және физикалық,
10-кесте
«Жеңіл» қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы

(Павлодардың АШҒЗ институтының мәліметі)


Топырақ

қабаты, см



Диаметри (мм) әр түрлі топырақ бөлшектерінің мөлшері, %

1-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

<0,001

<0,01

0-10

40,5

33,7

7,1

2,2

4,3

11,6

18,1

10-20

38,3

31,9

8,6

2,6

5,3

12,9

20,8

20-30

30,2

32,6

8,0

3,2

5,0

20,1

28,3

ылғалдылық қасиеттерінде де ерекшеліктер байқалады (11, 12 – кестелер). Ауыр гранулометриялық құрамды қара-қоңыр топыраққа қарағанда бұл топырақта қарашіріндінің және жалпы азоттың мөлшері аз алмаса сінген негіздер көлемі кем. Сонымен қатар «жеңіл» топырақтардың тығыздылығы жоғарырақ ал кеуектілігі төменірек болады. Топырақтың өсімдік солу ылғалдылығы көрсеткіші «ауыр» қара-қоңыр топыраққа қарағанда біршама кем, яғни топырақтағы ылғалдың өсімдіктерге тиімділігі жақсы. Бірақ «жеңіл» топырақтың далалық ылғал сыйымдылығы нашар, өз бойына

11-кесте
Қара-қоныр топырақтың химиялық қасиеттері

(Ш.Т. Тайжанов, 1978)


Топырақ қабаты, см

Қарашірінді

мөлшері,


%

Жалпы

Алмаса сіңген катиондар, м-экв/100 г

азот

%


калий %

Ca++

Mg++

Қосындысы

0-10

1,62

0,13

1,40

18,6

2,0

20,6

10-20

1,45

0,14

1,40

14,2

5,8

20,0

30-40

0,63

0,12

1,40

-

-

-

80-90

-

0,09

1,25

-

-

-

түскен ылғал қорын тұтынып ұстауы шамалы, ал ылғалды өзінен өткізуі өте жоғары.

Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар жел жән су эрозиясына әр түрлі төзімділігімен де ерекшеленеді. Бұл топырақтардың суды өткізуі өте жоғары болғандықтан үстінгі бетіне су жиналмайды, ылғал астынғы қабаттарға өтіп кетеді. Сондықтан бұл топырақта су эрозиясының байқалу қауіпі шамалы. Ал жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығуы қауіпі осы топырақтарда өте жоғары. Өйткені бұл топырақ құрамында желмен ұшуға бейім және


12-кесте
Қара-қоңыр топырақтың жалпы физикалық және ылғалдылық қасиеттері

(Павлодардың АШҒЗ институты мәліметі)


Топырақ

қабаты, см



Тығыз-дылығы,

г/см3


Қатты бөлігі тығыз-

дылығы,


г/см3

Кеуекті-лігі, %

Макси-малды гигро-скопия-лық %

Өсімдік солу ылғалды-лығы, %

Далалық ылғал сыйым-дылығы,

%


0-10

1,38

2,67

48,3

2,78

3,52

12,1

10-20

1,54

2,68

45,5

2,98

3,73

11,1

30-40

1,64

2,66

38,3

3,18

3,91

9,2

60-70

1,64

2,67

38,6

3,24

4,21

11,3

110-120

1,66

2,71

38,7

2,59

3,34

10,1

170-180

1,70

2,67

36,7

1,59

1,8

10,1

байланыстылығы нашар, тез үгілетін құм бөлшектер мол. Байланыстылығы жақсы және топырақтың ұсақ бөлшектерін біріктіріп, желмен ұшпайтын ірірек түйіршіктер құрайтын майда-балшық, шаң, тозаң бөлшектер өте аз. Сондықтан жеңіл қара-қоңыр топырақтарды егіншілікте пайдаланғанда топырақты жел эрозиясынан қорғау шаралары мұқият сақталынып іске асырылуы шарт.



Ашық қара-қоңыр топырақ типшесі шөл далада (шөлейтте) дамыған. Бұл топырақ аймақшасы ауданы 38,4 млн. га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында мол тараған және шамалы ауданды алып, Ақмола мен Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде кездеседі.

Ашық қара-қоңыр топырақтың морфологиялық ерекшелігі, оның қарашірінді қабатының және жалпы топырақтың қабаты тереңдігінің шамалы болуы, қарбонаттардың және ерігіш тұздардың жоғары орналасуы және 15-30 см тереңдікте тығыздалған иллювиальды кебірленген қабатының кездесуі.

Бұл топырақтың А қарашірінділі қабатының қуаты 10-15 см болады. Сәл тығыздалған, түсі ашық қара-қоңыр, құрылымы кесекті немесе шаңды-кесекті. Өте тығыздалған карбонатты иллювиальды қабат 30-90 см тереңдікте орналасқан, түсі ақшылт-күрең, карбонат дақтар мол түрде кездесуі.

Химиялық, физикалық, ылғалдылық қасиеттері күнгірт және ңағыз қара қоңыр топыраққа қарғанда нашар болып келеді. Бұл топырақтың жоғарғы қабатында орташа есеппен 2,2% қарашірінді болады.Алмаса сінген катиондар 100 г топырақта 17 м-экв болады. Топырақ ертіндісінің реакциясы сілтіленген болып келеді (рН-8,4-9,1). Ашық қара-қоңыр топырақтың құнарлылығы шамалы. Суарылмайтын егіншілікте дәнді дақылдар өнімділігі 3-4 ц/га аспайды. Сондықтан бұл жерлерде астық өндіру тиімсіз. Дақылдардан тұрақты және мол өнім жинау үшін топырақты суландыру қажет. Қазіргі уақытта ашық қара-қоңыр топырақты жерлер мал жайылымдары ретінде кеңінен пайдаланылуда.



Шалғынды қара-қоңыр топырақ типі құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңғарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағынсыз төмен орналасқан жазықтықтарда кездеседі.

Қара-қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қара-қоңыр топырақтың қарашірінді қабаты қуатты болады және қарашіріндінің, қоректік элементтердің мөлшері мол болып келеді.

Қарашіріндінің мөлшері 2-4%-дан 6-8%-ға дейін жетуі мүмкін. Алмаса сінген катиондар мөлшері 100 г топырақта 15-30 м-экв. Топырақ ертіндісі реакциясы беткі қабатта әлсіз сілтілі болып, тереңдік артқан сайын сілтілігі жоғарлай түседі (рН 8,0-9,0).

Қара-қоңыр топырақты аймақтағы ең құнарлы топыраққа шалғындық қара-қоныр топырақ жатады. Олардың ылғалдылық режимі жақсы қалыптасқан. Осы алқапта орналасқан шабындықтардан және егіншілік алқаптардан мол өнім жиналады.


3.4 Құба топырақ
Қазақстанның жазықтық жерінде, солтүстігінде шөл даламен, ал оңтүстігінде тау баурайындағы шөл дала белдігімен шектесіп, еліміздің батысынан шығысына дейін созылып, кең кеңістікті алып шөл аймағы орналасқан. Оның ауданы 119,4 млн. га. Аймақтық топырақ типі-құба топырақ.

Бұл аймақ құба топырақты солтүстік шөл және сұр-құба топырақты орталық шөл аймақшаларына бөлінеді.



Құба топырақты солтүстік шөл аймақшасы ауданы 57,4 млн. га. Бұл топырақ аймақшасы Атырау облысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аймақшаның басты топырақ типшесі-құба топырақ.

Шөл аймағында топырақ түзілу келесідей ерекшеліктер ықпалы жағдайында өтеді. Ауа райы өте құрғақ, жылына 120-170 мм ылғал түседі, оның басым бөлігі көктемде және біраз бөлігі күзде түседі. Топырақтың ылғалдануы тереңдігі 30-35 см-ден аспайды.

Өсімдіктер жамылғысы ішінде ксерофитті шала бұта және тұзға төзімді шөптесін өсімдіктер басым, ал шашақ тамырлы астық тұқымдас және аралас шөптер түрлері кездеспейді. Топырақ бетінің өсімдікпен жабылуы 20-30%-дан аспайды. Ксерофитті шала бұта өсімдіктерден түсетін мардымсыз қалдықтар пәрменді аэробты процестер әсерінен тез минералданып, топырақты органикалық заттармен әлсіз байытады. Сонымен бірге үгілудің және топырақ түзілудің өнімдері топырақ кескінінде ылғалмен аз шайылып жылжиды. Осы ерекшеліктің әсерінен топырақ кескінінің қабаттарға жіктелуі әлсіз байқалады. Топырақтың үстінде шымданған қабат орнына, кеуекті қабыршақ қабат және оның астында қатпарланған қабат құралады. Қарашірінділі қабаттынаң қуаты әлсіз және қарашіріндінің мөлшері аз болып қалыптасады. Топырақтың сіңіру көлемі шамалы, құрылымы нашар түйіршіктелінген. Карбонаттану мен сорлану құбылыстарының кең көлемде дамуы байқалады.

Құба топырақтың қарашірінді А қабатының қалыңдығы 11 ден 27 см-ге дейін жетуі мүмкін. Түсі ашық-сұр (құба), сәл тығыздалған. Үстінде нашар дамыған жұқа (2-5 см) кеуекті қабыршақ қабат, ал оның астында қатпарланын орналасқан, тақталанған немесе тақталы-қабыршақты құрылымды қабат бар. А + В1 қабаттарының қуаты 25 см-ден – 46 см-ге дейін болады.

В қабатының түсінде күрең рең басым болады, және оның құрылымы кесекті немесе әлсіз кесекті-жаңғақшалы және тығыздылы арта бастағаны байқалады. Кейде бұл қабаттың В1, және В2 қабаттарына жіктелуі айқын көрінеді. Көбінесе В қабатты бірден карбонатты иллювиальды ВК қабатына ауысады. Оның түсі ақшылданып сарғыш-күрең болып келеді, құрылымы жаңғақшалы-кесекті, тығыздалған. Қабат карбонатты дақтарға өте бай. Бұл қабаттың астында тығыздылығы кеміген, кейде гипс дақтары кездесетін қабат, содан кейін аналық тау жынысы орналасады. Ол көбінесе карбонатты, сонымен бірге сорланған болуы мүмкін.

Құба топырақтар көбінесе карбонаты болып келеді, HCl ерітіндісінен топырақтың үстінгі бетінің қайнауы жиі байқалады.

А қабатында 1-2,5% қарашірінді болуы мүмкін. Механикалық құрамы жеңіл түршелерінде оның мөлшері 0,7-0,9%-ға дейін кемиді. Топырақтың 1 м қабатында қарашірінді қоры 30-100 т/га дейін болады. Қарашірінді құрамында фульвоқышқылдар мөлшері басым болып келеді. Сіңіру қабілеті 100 г топырақта 17-19 м-экв.

Топырақ ертіндісінің реакциясы әрқашанда сілтілі болады (рН 7,5-9,0).

Құба топырақтар ішінде жиі кездесетін келесідей топырақтар тегі бар:


  • кәдімгідей

  • тереңнен қайнайтын

  • кебірленген

  • кебірленіп – сорланған

  • сорланған

  • әлсіз жіктелген

  • гипсті

  • шала дамыған

Сұр-құба топырақ аймақшасы орталық шөлде орналасқан. Ол 61,8 млн. га ауданды алады. Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлерін, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстік және Ақтөбе облысының оңтүстік бөлгін осы топырақ аймақшасы қамтиды.

Аймақшаның басты топырағы сұр-құба топырақ және онымен қатар аймақшада тақырлар, тақырлау топырақтар, сорлар және шөлдің құм топырағы кездеседі.

Сұр-құба топырақ қабаттарға жақсы жіктелген. Оның үстінде ақшылт немесе ақшыл-сұр кеуекті, 5-10 см қалыңдығы бар қабыршақ қабат орналасқан. Оның астында ашық-сұр түсті борпылдақ, өсімдік тамырлары бар қабыршақты, қатпарланған қабыршақ асты қабаты. Қуаты 10-15 см. Одан кейін тығыздалған, балшықпен байытылған күрең немесе қызғылт-күрең түсті, кесекті-жаңғақша құрылымды ВК карбонатты иллювиальды қабат орналасқан. Қабаттың қуаты 20-25 см. Бұл қабаттың астыңғы бөлігінде мол карбонат дақтар жиналған. Әрі қарай 60-80 см тереңдікте сәл өзгерістерге ұшыраған С – аналық тау жынысы қабаты жатады.

Осы топырақтың үстінгі қабатында 0,6-2,2% қарашірінді бар. Ауыр механикалық құрамды түршелерінде оның мөлшері 1,3-2,1 болса, жеңіл механикалық құрамды түршелерінде оның мөлшері 0,6-1,0%-ға дейін кемиді. Жалпы азоттың, фосфордың және олардың жылжымалы түрлерінің қоры бұл топырақта шамалы болады. Топырақтың сіңіру көлемі де аз (100 г топырақта 4-19 м-экв.). Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның тік кесінінде әрқашанда сілтілі болады.

Бұл топырақтың тік кескіні түгелдей карбонатты болады және кейде оның мол жиналуы екі рет байқалады. Бірінші рет топырақтың үстінгі бетінде болса, екінші рет топырақ кескінінің орта шенінде байқалады.

Шөл аймағының құба және сұр-құба топырақтарының ылғалмен қамтамасыз етілуі өте нашар, құнарлылығы төмен, өсімдік жамылғысы селдір. Бұл топырақтар өнімділігі төмен жайылымдар ретінде мал шаруашылығы өндірісінде қолданылады.



3.5. Кебір, сортаң және ылғалды сортаң топырақтар

Қазақстанның жазықтық жерінде аймақтық топырақ типтерімен қатар аймақаралық (интрааймақтық) топырақтар кездеседі. Олар кебілер, сортаң және ылғалды сортаң топырақтар. Бұл топырақтардың жекелей үлкен ауданды алпып орналасуы сирек байқалады. Көбінесе олар шамалы ауданды алып аймақтық топырақтар ішінде кездесіп, кешенді немесе үйлесушілікті топырақ жымылғысы құрылымын құрайды. Сонымен бірге кебірлер және сортаң топырақтар бірнеше топырақ аймақтары ішінде таралып кездесе береді. Бұл топырақтар құрамында тұздары көп топырақтар қатарына жатады.



Кебірлер –иллювиальды В қабатында мол мөлшерде алмаса сіңген натрий, кейде магний иондары да бар топырақтар. Қазақстанда кебір топырақтар ауданы 9 млн.884 мың га. Кебірлердің түзілуі себебі туралы бірнеше ғылыми тұжарымдамалар бар. Олардың барлығы кебірдің түзілуіне натрий иондарының үлкен ықпалы бар екенін бір ауыздан мақұлдайды. К.Гедройцтың тұжырымдамасы бойынша кебірдің түзілуі натрий иондарының әсерінен топырақтың түйіршіктерінің ыдырап, оның үстінгі бетінен коллоид бөлшектердің жылжып төмен түсіп, иллювиальды кебірленген қабаттың пайда болуымен байланысты. Қазақстанда көбінесі кебірлердің пайда болуына тұзы мол топырақ түзуші аналық тау жыныстары немесе жер бетіне жақын орналасқан натрий тұздары мол ыза судың ыпалы себеп болады.

Кебірлер тегіс немесе ойпаттау жер бедері бар алқаптарда, аумақты Батыс Сібір жазықтығы, Каспий маңы ойпаты сияқты өңірлерде, өзен, көл жайылмасынан жоғарылау орналасқан террассаларда жиі кездеседі.

Кебір топырақ үстіндегі өсімдік жамылғысы кебірге бейімделген ерекше өсімдіктер тобына жататын жусан, изен, кермек сияқты шөптердің басым болуымен сипатталады. Кебірде өскен өсімдіктердің жер астында дамыған биомассасы жер үстіндегі биомассасынан үлкен (20 еседен аса), құрамында күлі мол (жусан, кермекте- 10%) және күлінде Na, S, Cl элементтері молырақ болады.

Кебір топырақтағы микроорганизмдер мөлшері мен түр саны аймақтық топырақтағыдан біршама кем, және топырақтың биологиялық белсенділігі де шамалы. Әсіресе бұл көрсеткіштер кебір қабатта күрт кемиді. Осы топырақтың үстінде балдырлар көп. Олар топырақ үстіндегі минералдардың ыдырауына ықпал жасауы мүмкін. Бұл топырақта омыртқасыз жануарларда шамалы дамыған, яғни топырақты қопсытуға, араластыруға қатысушлардың аз екендігі байқалады.

Кебірдің құрылысы келесідей қабаттардан құрылған:

А1- қарашірінділі- элювиальді қабат немсе кебірдің үстінгі қабатты.

В1- иллювиальді кебір қабат

В2- кебірдің астынғы қабатты

С – аналық тау жынысы.

Бұл топырақтың морфологиялық белгілерінің ерекше өзгешеліктері бар. А1- қарашірінділі- элювиальді қабатының қуаты әр түрлі болады (2-18см), түсі аймақтық топырақ түсіне сәйкес келеді, құрылымы қаптарланған тақталы немес шаңды кесекті. Келесі қабатқа ауысуы айқын байқалады. Кейде бұл қабат А1-қарашірінділі және А2-сортанданған қабатшаларға жіктеледі.

В1- кебір иллювиальді қабат түсі күңгірт-күрең болады (үстінгі қабаттан түсі қоюлау). Құрылымы бағаналы, призмалы немесе жаңғақша тәрізді, түйіршіктердің қабырғасында коллоидтар әсерінен пайда болған жылтырлық көрінеді, өте тығыздалған, жарықшақты келеді. Қуаты орташа есеппен 7-22 см-ге жетеді.

В2- кебірдің астынғы қабатында қарашірінді мөлшері кемиді, түсі күрең, тоң кесекті құрылымды, тығыздылығы кеміген болады. Көбінесе бұл қабатта жиналған карбонаттар ақ дақтар күйінде кездеседі, кейде түздардың жиналған белгілері көрінеді. Бұл қабат біртінден аналық тау жынысы қабатына ауысады (6 сурет).

Жалпы кебір топырақтардың ерекшеліктері келесідей:


  • құрылысының қабаттарға анық жіктелуі;

  • топырақ ортасының реакциясы сілтілі болуы;

  • иллювиальды қабаттың құрылымы бағаналы, призмалы немесе жаңғакша тәрізді, тығыздылығы өте жоғары және құрамында натрий иондары мол (алмаса сіңген иондар 10-40%;

  • иллювиальді қабаттатың астында түздардың жиналуы.

Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері әсерінен бұл топырақтың қолайсыз физикалық, химиялық ылғалдылық қасиеттері қалыптасып, өсімдіктердің өсіп өнуіне кері әсерін тигезеді. Ылғалданғанда кебір мол ісінеді, жабысқақтанып тұтқырланады, ал кепкен кезде өте тығызданып, тоң кесекті болып, тастай болып қалып қалады. Кебірдің су өткізгіштігі қара топыраққа қарағанда 10-15 есе кем, сондықтан жауын-шашын ылғалы тереңге өте алмайды. Сонымен бірге ол өз бойында ылғалды мол ұстап, өсімдікке тиімді ылал қорын кемітеді. Иллювиальды қабатта натрий иондарының және тұздардың мол

6 – сурет. Ылғалды сортаң (1), кебір (2), және сортаң (3) топырақтар


болуы өсімдіктер бойында физиологиялық құбылыстардың белсенді жүруін тежеп,зардабын тигізеді. Кебірдің үстінгі А1 қабатында қарашірінді мөлшері аймақтық топырақтардағы мөлшерден кемірек болып қалыптасады. Мысалы, қара топырақты аймақтағы кебірлерде 2,0-4,7%, қара-қоңыр топырақты аймақтағы кебірлерде – 1,6-3,0%. Иллювиальді В1-қабатының тығыздығы 1,40-1,5г/см3 , ал кеуектілігі 40-45% болады.

Кебірлердің классификациясы 13- кестеде келтірілген. Кебірдің астында ыза су 6 м тереңдіктен әрі жатып, оның түзілуіне әсер етпесе ондай кебір автоморфты немесе далалық кебір типіне жатады. Ыза су 3-6 м тереңдікте болса, онда кебір жартылай гидроморфты немесе шалғынды-далалық, ал ыза су 3 м тереңдіктен жоғары орналасса- кебір гидроморфты немесе шалғындық кебір типіне жатады.

Кебір типшелерге аймақтық топырақтар ішіне орналасуына сәйкес жіктеледі. Мысалы, қара топырақты дала аймағында ол- кебір қара топырақ, ал шөл аймағында ол- кебір құба топырақ болып аталады.

Кебірлер тектерге, түрлерге оның құрамындағы тұздарға, олардың орналасу тереңдігіне, натрий иондарының мөлшеріне, қарашірінділі элювиальды қабаттың қуатына, В1-қабатының құрылымына байланысты жіктеледі.

Кебірлер және кебірленген топырақтар алабы Қазақстанда мол таралған. Сондықтан оларды ауыл шаруашылығында пайдаланғанда олардың қасиеттерін жақсарту үшін мелиорациялау тәсілдерін қолдану керек. Кебірлерді жақсарту тәсілдері келесідей:


  • құрамында натрий иондары шамалы болғанда олардың иллювиалді кебір қабатын топырақ өңдегіш құралдармен қопсытып, майдалап оның құрылымын және ылғал өткізгіштік қабілетін жақсартады(агротехнкалық тәсіл);

  • құрамында натрий иондары мол кебірлерге гипс (СаSО4) шашып оның құрамындағы натрий иондарының біраз мөлшерін кальций иондарына алмастырады (химиялық тәсіл- гипстеу);

  • кебірдің В2 қабатында саяз тереңдікте (40 см-ден жоғары) кальций тұздары (СаSО4, СаСО3) болса топырақты терең жыртып, В2 қабатымен В1 қабатын араластырады (өзіндік мелиорация тәсілі);

  • кебір топырақтарда оған төзімді, оның қасиеттерін жақсартатын өсімдіктер (түйе жоңышқа,қыша т.б) өсіреді (фитомелиорация тәсілі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет