Оның үстіне, жергілікті желілер білім беру саласында бар жергілікті желілерден хабар беретін әр түрлі оқу орындарының компьютерлерін де біріктіре алады. Жергілікті желілерге қарағанда глобалды желілер кеңістіктік шектеушілікке бағынбайды. Глобалды желіге кез-келген компьютер қосыла алады. Кез-келген адам осы желіге орналасқан ақпаратпен қатынас орнатуға мүмкіндік ала алады. Глобалды телекоммуникацияның барынша көп тарағандығының мысалы Интернет желі болып табылады. Интернет жалғыз ғана телекоммуникаци-ялық желі емес. Одан басқа Fido немесе Sprint желілері де бар. Осылайша, мектептердің көпшілігі мен жоғарғы оқу орындары жергілікті желімен де, глобалды желімен де жұмыс істей береді. Негізінен алғанда жергілікті және глобалды желі деген түсініктің өзі де біржақты екендігін түсінген абзал. Сонымен, мәселен, білім беру жүйесінің телекоммуникациялық желісі бір жағынан, денсаулық қорғау, қорғаныс, өнер немесе мәдениет жүйесіндегі ұйымдарындағы компьютерлерді қамтымайтындығы тұрғысынан алғанда, жергілікті де, екінші жағынан, мұндай желі түрліше континенттерде орналасқан білім беру жүйесі мекмелерінің компьютерлерін қамти алады және осы жағынан алғанда, мұны толықтай алғанда глобалды деп есептеуге де болады. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ Желілердің түрлері мен типтері
Желілердің түрлері мен типтері
Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты – бұл ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу, т.с.с. Желілердің екі түрі бар:
Жергілікті есептеуіш желісі - локальная вычислительная сеть (ЛВС) – Local Area Network (LAN);
Жалпы есептеуіш желісі– глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide Area Network (WAN).
Жергілікті есептеуіш желілері
Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |