Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «бекітемін» Ғылыми Кеңес төрағасы
6.6. СӨЖ тапсырмаларың тізімі
6.7. Курстық жұмыстың тақырыптары Қарастырылмаған 7. Студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулық СӨЖ курстың белгілі бір тараулары немесе бірнеше тақырыпты, бөлімді не модульді қамтитынжалпылама мәселелербойынша өткізіледі. СӨЖ белгілі бір курс мәселелері бойынша біршама зерттеушілік сипатқа ие, көбінде бұл әдіснамалық сипаттағы міселелер болып табылады. СӨЖ-дің барлық түрлері әртүрлі әдістемелік мысалдырымен түрлі құрылымда өкізілуі мүмкін. СӨЖ-дің біршама кең тараған түрлері: Қандайда бір ұғымның тұжырымдамасы, қысқаша (0,5 беттен аспайтын) эссе жазу. Тақырып бойынша шолу– баспасөз және Ғаламтор ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды қатыстыра отырып,ұсынылған тақырып бойынша 1-2 беттік қысқаша әдеби шолу жазу. Глоссарий жазу–берілгентақырып бойынша терминдер мен ұғымдардың қысқаша түсіндірмесі, кросворрдтармен алмастыруға да болады. Презентация – презентация жасау үшін студент белгілі бір тақырыпты таңдайды және презентацияда қарастырылатын қандай да бір аспект туралы өз көзқарасын, түсінігін не түсінбеген мәселесін жеткізеді. Презентация жасау уақыты 8-10 минут. Презентацияны бағалау тақырыптың ашылу деңгейі, тыңдаушылардың кәсібилікке деген қызығушылығын туғызу деңгейі критерилері бойынша жасалады. Іскерлік ойын– студенттердің келешектегі кәсіби қызметіне қажетті дағдыларды қалыптастыратын рөлдік немесе командалық ойындар. Кейде үйде дайындалуды немесе кітапханада аяқтауды қажет етеді. Нақты білім беру ситуациясы – студенттің сұрақтарға жауап беруін немесе сол мәселе туралы өз көзқарасын жазуды қажет ететін ситуациялар. Топтық жоба – топта 4-5 адамнан көп болмауы керек, әр топ өз жобаларын жасайды; мысалы біздің облысымызды қалай еркін кәсіпкерлік аймаққа айналдыруға болады. ЭЕМ, блок-схемажәне т.б. қолдану ұсынылады. КТК (Көңілді тапқырлар клубы) түрінде де өткізуге болады. Жеке жоба–біршама дайындығы бар студенттердің қалауы бойнша орындалады. Жұмыс тақырыптың бірегейлігімен және зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек. Материалдарды ауызша баяндау (presentation).Студент берілген тақырып бойынша өзбетінше дайындаған сұрақтарға сәйкес материалды түсіндіреді. Presentation уақыты - 10-15 минут. Келесі критерилер бойынша бағаланады – тақырыптың ашылу деңгейі және айналадағылардың қызығушылығын қаншалықты туғыза алды (талқылану). Әдебиеттер, әсіресе қосымша әдебиеттер қаншалықты пайдаланылғаны. Жазбаша жұмыстар(конспекттер, эссе) әр модульдің соңында жүргізіледі. Оларда пайдаланылған дерек көздері болу керек. Жазбаша жұмыстар қысқаша 1-2 бетте байандалуы қажет, эссе ең көп дегенде 2 бет және қарастырылып отырған мәселе туралы толық ақпарат беруі керек. Тесттерәр модульдің соңында жүргізіледі, сонымен қатар оқытушы студенттерге ескертпей кез-келген тақырып бойынша бес минуттық тестілеулер өткізе алады. Барлық дұрыс жауаптарға – 5 балл. Кейс құрастыру.Жағдайларды талдау әдісі негізінде құрастырылады. Студенттерге сипаттамасы проблемаларды көрсететін жағдайларды түсіну ұсынылады. Сондай-ақ, бұл мәселенің біржақты шешімі жоқ. Кейстегі әрекеттер не сипаттауда беріледі, не мәселені шешу тәсілі ретінде ұсынылады. Рефераттар мен баяндамаларстуденттердің таңдауы бойынша дайындалады (әр модуль бойынша бір рефераттан). Әрқайсысы тараулардың біреуін құрастыру арқылы студенттер тобымен жасалуы да мүмкін. Реферат сұрақтың мазмұнынын аша алуы қажет, мүмкіндігінше ақпараты мол және өзндік қорытынды болуы қажет. Студенттердің бір бірінің презентациясы мен рефеттарына пікірі. Пікір алынған ақпараттарды қысқаша талдаудан, баяндаманың мықты және әлсіз тұстарын көрсетуден құралуы қажет. Тапсырманы орындау.Әр студент оқытушыдан жеке тапсырма алады және оларды жазбаша түрде орындауы қажет. Тапсырмаларды құрастыру.Студенттер лекцияда өтілген тақырып бойынша тапсырмалардың шарттарын құрастырады. Тапсырмалардың шарттарымен қоса шешімі де ұсынылуы қажет. Барлық тапсырмалар уақытылы тапсырылуы қажет. Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланады (әрбір кешіктірілген күнге әр тапсырмадан 0,5 балл төмендетіледі). жүктеу/скачать 93.08 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |