Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті


- білім алушының жеке ісінің болуы



бет18/21
Дата26.01.2022
өлшемі47.72 Kb.
#454845
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Анықтама Гульжан

- білім алушының жеке ісінің болуы;

- мамандығы, курсы және тобы көрсетілген білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрықтың болуы.
Білім алушылар ақылы негізде оқуға қайта қабылданған кезде (білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр бойы оқудан шығарылған)):
- білім алушының өтініші; - білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрық. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымына қайта қабылдау кезінде:
- меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың болуы (академиялық анықтама немесе транскрипт); - Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың болуы; - шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезінде түсу сынақтарының нәтижелерінің болуы; - білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрықтың болуы.





.







40

Білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, оқытудың бір нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру кезінде пәндер/ модульдер/ кредиттер саны және (немесе) оқу нәтижелері бойынша академиялық айырмашылықты айқындау шарттарын сақтау.













41

Білім алушыларға академиялық демалыстар беру шарттарын негіздер бойынша сақтау:1) сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі–ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда үш жасқа толғанға дейінгі жағдайларда тоқтатылады.














42

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау:
- аралық аттестаттаудың емтихан ведомостарының болуы;
- келесі талаптарды сақтай отырып, білім алушыларды аралық аттестаттауға жіберу туралы бұйрықтардың болуы:


барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды әр пән бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес толық орындаған; ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары жоқ;
рұқсатты білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен 1-2 пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар алады;
педагогикалық кеңестің шешімімен екі қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар рұқсат алады; - білім беру ұйымы басшысының науқастануы бойынша немесе басқа да дәлелді себептер бойынша аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды аралық аттестаттауға жіберу туралы бұйрығының болуы;
- педагогикалық кеңес шешімінің және білім беру ұйымы басшысының аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үштен астам қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрығының болуы.
- білім алушыға белгіленген үлгідегі анықтама беруді тіркеу журналының болуы;
- білім беру ұйымы басшысының белгілі бір курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын сәтті тапсырған білім алушыларды келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрығының болуы.











.

43

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау:
- Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы;
- Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімінің болуы.
- Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы - Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы- оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дипломдар беру кітаптарының болуы, сондай – ақ емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет