Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Новикова Ш. Балалар ұжымының педагогикасы



бет134/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   160
2 Ой-сана 8 том

3.1.20 Новикова Ш. Балалар ұжымының педагогикасы
(Педагогика детского коллектива)


Балалар ұжымы - әлеуметтік-педагогилалық жүйе

Елімізде балалар ұжымы баршылық. Өмірде олардың да өз орны бар. өзіндік тәлім-тәрбиесі, өмірден ойып алатын өзіндік сүбелі орны бар.


Кез келген тәрбие орны, ұжым педагогикалық және балалар ұжымының басын қосып, екеуін бөлектемей, бір-бірімен байланыс жасайды. Педагогилалық ұжымдардың арқасында қоғам өсіп келе жатқан жас әулетті, үрімбұтағымызды, туралап айтқанда балаларды тәрбие аясына алады. Балалар ұжымы да әр түрлі. Оларды тәрбиелеу жолдары да әрқилы. Үлкен күш-қайратты қажет ететін, көп тер төгуді тілейтін балалар ұжымдары жоқ емес. Бес саусақ бірдей емес болатын болса, балалар ұжымы да сондай десек, қателесе қоймаспыз.
Кейінгі толқын, жаңадан өсіп, қанат жайып келе жатқан жас ұрпақты қисық-қыңыр етпей, жібі түзу азамат етіп баулуды бірқатар оқу-тәрбие ұжымдары өз үлестерін қосып, қастерлі де қасиетті істі қолға алып отыр.
Көптеген тәрбие ұжымдары бұл жолда жақсы істерімен көзге ілігуде. Әр бала әр түрлі. Олардың тілін табу, жағдайын жасау, қисықты түзеу-қиынның қиын екені айдан анық. Бірақ қолыңнан келгенше, ақылың жеткенше тырысып бағасың. өйткені сен педагогсің ғой. Басы қатты болса, аяғы тәтті болады деген бар емес пе?
Бұлайша алғашқы ұжымдардың бірігіп-кірігуі тосыннан, кездей соқ пайда бола кетпейді. Бұл жұмыс алдарына мақсат-мүдде қойған танбас та талмас, шаршамас педагогтердің табанды жұмыстарының арқасы десек артық айтқандық емес.
Мектеп ұжымындағы алғашқы құрылымды сынып ұжымы десек те болады. Оқушылардың қарым-қатынасы, мінез-құлқы ең әуелі осы мектепте қалыптасады десек те болады. Осы мектепте, оқушыларды балалардың өзара қарым-қатынасы орнап, бір-бірімен байланысы, сыйластығы, достығы іргетасын қалайды. Осы іргетасқа қаланған, орын теп ең достық, татулық одан әрі жалғасын табады.
Осы әр түрлі мінез-құлықтағы, сыйластықтағы кішкене ұжымдар жүре келе ме теп ұжымын жасақтайды. Осы алғашқы бірліктен бастау алған ұжымдар келе-келе бекіп, бірігіп нығая түседі.
Мектеп қабырғасында шәкірт өзін-өзі көрсетеді. Қандай нәрсеге қабілеті бар екенін аңғартады. Жас техника, немесе жас суретші дегендей, не нәрсеге бейім екенін білдіреді.
Мектепте әр оқушының өзінің алатын орны бар. Мәселен, оқу үздігі немесе нашар оқушы т.б. дегендей.
Мектеп оқушысы, сабақ үлгерімі қандай болса да, өз серіктестерімен белгілі бір дәрежеде қарым-қатынаста болады.
Бұл қарым-қатынас оларға әсер етпей қоймайды. Біреу жақсы жағынан, екіншісі жаман жағынан әйтеуір бір ықпал жасайды. А.С. Макаренко мұны бір-біріне тәуелділік деп атап көрсеткен.
Ұжымдық тәрбие жөнінде көптеген білгір ғалымдар өз пікірлерін білдірген. Олар: А.А.Вайсбург, М.Д. Виноградова, Х.И.Лийметс, И.Б.Первин, В.А.Питишкин-Потанич, А.А.Пермяков, Л.Д. Чернышенко тағы басқалар.
Ұжымдық тәжірибе жұмыстарын жинақтай келе, оған талдау жасағанда талай нәрсеге көз жеткізесіз. Мәселен, бұл арқылы мектеп оқушыларының іс-әрекетіне, мінез-құлқына көз жіберуге ұмтыласыз. Бұл арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының қаншалықты құнды екеніне назар аударасыз.
Олар:
1. Ұжымдық жұмыс нәтжесіне бағытталған талдау-талғау;
2. Бірін-бірі өзара байытып, толықтыру және молықтыру;
3. Мектеп оқушыларының /олардың жас ерекшеліктеріне орай/ іс-әрекетін одан әрі жетілдіру;
4. Өз ұжымының қызығушылығы мен қажеттілігінен де тыс тым биікке самғау;
5. Балаларын өзін-өзі басқаруын тірек ету.
Әрбір балалар ұжымына еркіндік ауадай қажет. Олар бір-бірімен емін-еркін араласуы қажет-ақ. Ұжым мүшесі, бала, өз қатарластарының бірімен достасады, ал кейбіреулерімен тіл табыса алмайды. Бұл-қалыпты жағдай десек те болады. Өйткені бес саусақ бірдей емес қой. Бала дос таңдайды. Әрине, балалар ғана емес, ересектер арасында да жағдай осындай емес пе?
Бұлайша таңдап-талғау балалар арасында кішігірім топ құруға итермелейді. Ол топ мүшелері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарады. Кейбір топ мүшелері бір ғана топ емес, бірнеше топтың мүшесі болатын жағдаяттар да кездесіп қалады. Балалар да әр түрлі. Өйткені бір қап, бір саптан шыққан жоқ қой. Солай емес пе? Әр баланың өз ойы, ой-өрісі сәйкес келген қатарласымен ғана тіл табысады, достасады.
Ұжымдағы, соның арасындағы ұйымдасқан әр түрлі өз бетінше ұйымдасқан топтар болуы мүмкін. Олардың маңызы, бет бейнесі, беделі де әр қалай болуы түсінікті нәрсе.
Мұндай кішігірім топтар, өз бетінше ұйымдасқан топтар ұжымда әр түрлі беделге ие болады. Біреуі-жақсы, екіншісі-жаман әсер береді. Ондай топтардың ішінде мақтан тұтарлығы да, түкке алғысыз да бар десек қателеспеспіз.
Кейбір топтардың алға қойған мақсаты-мүддесі жалпы ұжым мүддесімен тіпті де сәйкес келмеуі мүмкін. Тіпті олардың ойлағаны көршілік ұжымнын бағыт-бағдарына, талап-тілегіне мүлдем қарама-қайшы келуі де ғажап емес. Мұндай жағдайда үлкен ұжым мен әлгі топ арасында келіспеушілік туындауы да мүмкін. Пікірдегі ала-құлалық әрдайым істі насырға шаптыратыны айдан-анық.
Мәселе өзара түсініктік арқасында шешілетіні белгілі жәйт емес пе?
Әрбір бала ұжым мүшесі болуымен қатар, әлдебір топтың да қатарына енуі мүмкін. Бұл бала, енді, екі оттың ортасында қалғандай күй кешеді. Ол балаға өз ұжымы ғана емес, енді өзі қатарына енген топтың мүддесі келіп мойынына екі есе жүк артады. Дегенмен жеке оқытытатын да тобы бар. Оның да жақсысы бар, жаманы бар. Егер ол ұйымдасқан топ жарқын да жақсы істермен айналысса, игі істердің ұйтқысы болса, оны құптау керек. Мұндай топ, керек десеңіз, бүкіл ұжымға пайда әкелуі ғажап емес. Тіптен осындай топтағы балалар жақсы дамып өсіп-жетіледі. Мұндай топ жалпы ұжымға пайда келтірмесе, зиян әкелмейді. Осындай игі істерге бағыт алған, мақсат-мүддесі айқын да жарқын топтар жалпы ұжымға, оның мүшелерінін мерейін асырып, беделін арттырады.
Кейбір топтардың іс-әрекеті, пиғыл-ниеті басқаша да болып, жалпы ұжымның мақсат-мүддесіне сәйкес болмауы да мүмкін. өмірде не болмайды? Бәрі де болады. Ойламаған жерден, ойға келмеген, төтенше жағдаяттар шығып қалуы, бек, мүмкін.
Арнайы зерттеу мен күнделікті іс-тәжірибе көп нәрсеге көз жеткізіп отыр. Кейбір өз бетінше, ешкімнің келісімінсіз бас құрап, ұйымдасқан топтар баға жетпес құнды байлықтар жасауы мүмкін. Тіпті, сендаған көп мүшелері бар ұжымнын жасай алмағанын саусақпен санарлықтай адамы бар аз ғана жетінше тер жасауы мүмкін нәрсе. өмірде мұндай да болады.
Ұжым шаруасы оңай шаруа емес. Онда әр түрлі жағдаяттар болып жатады.
Балалар ұжымындағы байланыс, өзара қарым-қатынас жоспарлы түрде жүрмесі белгілі. Алайда, осы ұжымдар жұмысында педагогтің алатын орны ерекше екені түсінікті нәрсе.
Ұжым дегеніміз бес саусақ сықылды дүние. Ол жұмылса, бітпейтін іс болмайды. Бәрі де ойдағыдай атқарылады. Ұжым мүшелерінде бір ғана ой, ұстаным, бір ғана лебіз болса, бұл өте игі нәрсе деп ұққанымыз абзал. Ұжым аясындағы оның мүшелері «Біз бір елміз! Бір ғана ұжымбыз!» деп, сол жолда ауыз біріктірсе, алынбайтын қамал жоқ екені бесенеден белгілі.
Балалар мекмелеріндегі жұмыстар, іс-шаралар әр түрлі жағдайда дамып-өсіп өрбиді. Жұмылған жұдарықтай бір-бірімен тығыз байланыста болған ұжымда адамгершілік, ар-ұят деген ұғым, сенім-нанамдар ту етіліп, жоғары ұсталатыны айдан-анық. Адамгершілік деген нәрсе де салбырап көктен түсе қалмайды. Ол да қолдан жасалады. Қолдан іргетасы тұрғызылады. Әрі қарай қабырғасы қаланады. Сөйтіп зәулім сарай болып бой көтереді.
Әрбір баланың белгілі бір топта өз орны бар. Бала сол өзі өскен, арасында болып, ащы-тұщыны бірге татқан қатарластарынан тәлім алады. Бірге өседі. Сөйтіп қалыптасады. Ержетеді. Өзінің біте қайнасып өскен ортасы, ұжымы оған қалай қарайды? Ол ортадан ол қандай тәлім-тәрбие алады? «Сен маған досыңды айт, сосын мен сенің кім екеніңді айтамын» дегендей де бір сөз бар. Соған сәйкес айтар болсақ, өзі біте қайнасып бірге өскен, ержеткен ортасы, ұжымы балаға көп нәрсе береді. Тіпті оның адам болып қалыптасуына, бой түзеуіне қатты ықпал жасайтыны бесенеден белгілі. Баланың аты-бала. Ол ұжымнана өзінің тиісті орнын алуы да мүмкін. Алмауы да мүмкін. Ол ұжымға да байланысты. Баланың өзіне де қатысты. Барлық жағдайда да өзара адалдық қажет. Адалдық болмаған жерде арамдық бой көтереді.
Әрбір мектеп оқушысы ұжымдағы ауа райының қалай болуына өз әсерін тигізетіні анық. Жеке бала сол өзі өмір сүріп, бірге жүріп-тұратын ұжымына белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды.
Сондай-ақ сол ұжымнын өзі де белгілі бір мөлшерде өз мүшесі болып табылатын әлгі балаға әсер етеді. Оның қалай қалыптасуына, қандай адам болып өсуіне өз әсерін тигізеді. әрбір ұжымда ерекше бір балалар болады. Қатарластарының көбісі оның қасына отырғысы келеді. Онымен бірге жүргісі, бірге ойнағысы келеді. Әйтеуір ол баланың әлдебір магниті басқаларды тартады да тұрады. Мұндай балалар сирек болса да, жоқ емес. Мұндай балалар ұжым ішіндегі қарым-қатынаста, өзара сыйластықты туғызады. Ұжым ішінде жақсы бір ілтипатты ауа райын жасайды. Сүйкімділік әкеледі. Ұжым мүшелері арасында ерекше бір жарасымдылықтың тууына себепші болады. Балалардың арасында кейбір жұғымсыздары да жоқ емес. Олар жалпы ұжымға ірткі салады. Сөйтіп өз жолдастарының сынына ұшырайды. Көпшілікке жек көрінішті көрініп жатады.
Мәселен, бір ұжымға жаңадан келген бала әр түрлі мінез көрсетуі мүмкін. Ол ұжымға бірден сіңісісіп кетуі де мүмкін. Ол ұйым мүшелерінің біріне жақсы ықпал жасауы да, кейбіріне жаман нәрсені үйретуі де мүмкін. Теріс жолға салуы да мүмкін нәрсе. Бұл баланың жақсы-жамандығына байланысты дүние.
Бала жанды адам емес пе? Олай болса, ол өсіп, ержнтіп келеді. Мұндай бала өз жолдастарына, ұжымға да белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды.
Балалар ұжымының ешкімнің келісімінсіз, өз бетінше ұйымдасып, жасақталған топтары бар дедік. Бұл топтар да әр қалай. Бірі – берік топ. Келесісінің ауыз біршілігі онша емес. Десек те осы әр түрлі кішкене ғана ұйым, топтар үлкен ұжымға өз ықпалын жасамай тұрмайды.
Ұжым өзінің келісілген, не болмаса өз бетінше ұйымдасқан топтардың жұмыстарын қалай бір жолға қоя алады, ол осынымен өзінің бет жүзін, беделін таныта алады.
Мектеп, сынып, үйірме тағы басқалар ұйымдасқан өте жақсы ұйымдасқан ұжым болып есептеледі, егер ол ұжым келісілген, не болмаса өз бетінше ұйымдасқан топтары өзара тіл табысып жатса, топ жетекшілері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, алдарына қойған мақсаттарына қосыла жұмылып бірге кірісіп кетсе ғана, мұндай ұжым таптырмас ұжым болып табылады.
Келісілген, не болмаса өз бетінше ұйымдасқан топ бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл топттардың бір-бірінен мақсат-мүдделерінің алшақтау олардың арасында жік туғызады. Кейбір өз жетекшілеріне деген күмән туғызады. Сөйтіп ортақ істің берекесін қашырады. Содан арақатынастарында жік пайда болған топтар бір ымыраға келе алмайды. Ұжым мүшелері өзара тату-тәтті болса, қарым-қатынастары ойдағыдай болса, құба-құп. Ұжым мүшелері арасындағы өзара татулық, бірлік тек жақсылыққа бастары өз-өзінен белгілі.
Өмірдің өзі көрсетіп отыр. Әрбір ұжымда олардың алдарына қойған мақсат-мүдделеріне қарап, олардың бет-бейнесін, құндылықтарының қаншалықты екенін айқындай аламыз.
Келісілген, не болмаса өз бетінше ұйымдасқан топтардың арасында тіл табыса алмаушылық болып жатады.
Педагогтар ұжымға, әр түрлі топтарға өз бағаларын беріп жатады. Бұл заңды да. Психологтар да өз сөздерін айтуда.
Мектеп – аса күрделі мекеме. Онда сыныптар, үйірмелер тағы да басқа түрлі-түрлі ұйымдар жеткілікті. Кейбір сыныптар өз бетінше оқшаулануы мүмкін. Жақсы жағынан, немесе нашар жағынан көзге көрініп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл іске үлкендердің араласуына тура келеді. Үлкеннің аты- үлкен. Олар өз орындыарына сай, ағалық жол көрсетеді. Жөн сілтейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет