Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


I.2 Кеңес педагогикасының марксистік –лениндік әдіснамалық негіздерінің қалыптасуы



бет12/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   160
2 Ой-сана 8 том

I.2 Кеңес педагогикасының марксистік –лениндік әдіснамалық негіздерінің қалыптасуы


Павел Петровия Блонский (1884-1941)

Павел Петрович Блонский 14 (26 мамыр) 1884 ж. Киев қаласында, кіші шенеунік отбасында дүниеге келген. Қаладағы екінші классикалық гимназия мен Киев университетін (классикалық бөлімнің тарих-филология факультетін) оқып бітірді. Блонскийдің студенттік жылдары (1902-1907) революциялық қозғалыспен және Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революциямен қатар келді. Ол революциялық қозғалысқа қатысуына байланысты бірнеше рет тұтқындалды.


Блонскийдің педагогикалық және ғылыми көзқарасының қалыптасуына педагогика мен психология саласына ғылыми қызығушылықтары мен ізденістері негіз болды. 1908 жылдан бастап Мәскеуде әйелдер гимназиясында педагогика мен психология оқытушысы болды. 1913 жылы магистрлік емтихан тапсырғаннан соң, Мәскеу университетінде приват-доцент қызметін атқарады. Ол осы кезеңдерде мұғалімдер курсына педагогикалық психологиядан дәрістер оқиды. Ол өзінің дәрісінде баланы жан-жақты дамыту мәселесіне тоқталды. 1914-1915 жылдары Блонский Тихомиров жоғары әйелдер курсында дәріскер болып бекітілді. Оның дәрістерінде сол кезең үшін тым батыл пікірлер айтылды.
Блонский орыс және шетелдік педагогикалық әдебиеттермен өте жақсы таныс болды. Оның Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі еңбектерінде К.Д.Ушинскийдің идеяларын насихаттап, оны әрі қарай дамытты: білім мен мәдениет негізі халықта; оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау; педагогиканы ғылыми негізде құру; мектептегі оқыту жүйесін қатаң рационализациялау; мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығы және т.б.
Қазан төңкерісінен кейін П.П.Блонский кеңес мектебін құрушылар қатарында белсенді еңбек етті. Ол Мәскеудің қалалық халыққа білім беру бөлімінде қызмет атқарады, 1918 жылдың күзінен бастап П.П.Блонский – Мәскеу университетінің профессоры және басқа да оқу орындарында қызмет етеді. Ол педагогикалық журналдармен «Еңбек мектебі», «Әлеуметтік тәрбие», «Халықтық оқу – ағарту», «Жаңа мектеп жолында» тығыз байланыста жұмыс жасап, осы журналдардың редакциялық алқа мүшелігінде болды.
1922 жылы Н.К.Крупская оны мектептің оқу бағдарламаларын құрастыруға шақырып, Блонскийдің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетті. Ол П.П.Блонскийдің «II басқыш мектептерінде еңбекті оқу пәні ретінде ұйымдастыру» (1923) атты мақаласының «сол кезеңнің көкейкесті мәселесіне арналғанын» атап көрсетті.
П.П.Блонский – 200-ге тарта педагогикалық, психологиялық және философиялық еңбектердің авторы.
П.П.Блонский өзінің педагогикалық көзқарастарын «Халық мектебінің міндеттері мен әдістері» (1917) атты еңбегінде ұсынды. Кеңестік мектептерде оның сол көзқарастары мейілінше дамытылды. Оның еңбегіндегі елеулі жаңалықтар: оқыту мен тәрбие беру ісін баланың жас ерекшелігіне лайықтап ұйымдастыру; баланың жеке басын құрметтеу, баланың талабы мен ынтасын ескеру; ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесін жан-жақты жүргізу; еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім беру.
П.П.Блонский еңбектері негізінен педагогика ғылымының политехникалық білім беру негіздерін анықтауға арналды.
Оның «Еңбек мектебі» (1919) және т.б. еңбектерінде оқыту мен тәрбиелеудің көкейтесті принциптер сақталды, ол: еңбекке оқытудың жалпы білім берумен тығыз байланысын қамтамасыз ету; жалпы және политехникалық білім беруді ғылым табыстарымен байланыстырып жүргізу; білім беруді баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне лайық ұйымдастыру сияқты ұсыныстар жасады.
П.П.Блонскийдің мектепке дейінгі педагогика, адамгершілік және жыныстық тәрбие мәселелеріне арналған еңбектерінің де маңызы зор болды.
Ол мектептегі педагогикалық процесті баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырудың маңызына ерекше мән берді.
П.П.Блонский өз еңбектерінде екі мәселеге ерекше назар аударды: бала психикасын дамытуды (психиканы эволюция нәтижесі деп қарастыруды ұсынды); баланы зерттегенде оған біртұтас көзқарас тұрғысынан (оның тәндік және психикалық қасиеттерін өзара байланыс пен өзара әрекеттестікте) қарауды ұстанды.
Оның еңбектері педалогия арнасында зерттелді. Ол 1934, 1936 жылдары шыққан педалогия оқулықтарында балалардың жас ерекшеліктерін түрлі кезеңдерге бөліп, оның оқу-тәрбиемен байланысын атап көрсетті.
«Ғылыми психология очерктері» (1921), «Психологиялық очерктер» (1927) атты еңбектерінде психикалық тіршіліктің қалыптасуы мен дамуы және психикалық қызметтің деңгейлері туралы өзіндік пікір ұсынды: ұйқыдан (қарапайым психикалық күй) жоғары зияттық істерді атқаруға дейінгі психикалық қызметтің ережелеріне сипаттама жасады. Сонымен қатар, жас кезеңдеріне қарай, ойлау қызметін эксперимент барысында тексеруге ұмтылды.
Ес-жады теориясын, оның түрлі кезеңдерін зерттеді. Адам іс-қылықтарының негізі – эмоцияға байланысты деп есептеді. Сонымен қатар, түрлі психикалық құбылыстар мен процестердің өзара әрекеттестігіне баса назар аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет