Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Эстетикалық тәрбие беру міндеттері туралы



бет11/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Эстетикалық тәрбие беру міндеттері туралы

Қазіргі тәрбие міндеттерінің бірі - балаларды еңбек етуге және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Капитализмнен социализмге өту кезеңінде бұл мәселе маңызды рөл атқарады.


Соңғы сегіз жылда біз біраз нәрсе үйрендік. Капитализмнен социализмге өтуді, өндіріс құралдарын қоғамдық иелікке айландыру деп түсінумен шектелмей, сонымен қатар, адамдар психикасының өзгерісіне, капитализм тәрбиелеген жеке индивидуалистерден, ұжымшылдарды тәрбиелеп, өзінің «Мен»-ін ұжыммен біріктіріп, мүлдем өзгеше жаңа қуанышқа және осындай бірігуден бақытқа бөленіп, кез келген мәселеге біртұтас қарайтын өзгерістерге ұшырадық.
Өзімізге есеп беретін болсақ, ұжымшылдықты жүзеге асыру мүмкіндіктерінің алғы шарты, адамдармен тығыз қатынас орнату, өзара жақын болу, бірі-бірімен түсінісу...
Адамдар қатынас жасайтын құрал - сөз. Біз жасаған төңкеріс адамдардың сөйлеу шеберлігін арттырды. Бұрын көпшілік өз ойларын сөзбен жеткізуге әлсіз, яғни сөйлей алмаушы еді, қазір тегіс жақсы сөйлейтін халге жетті. ...Адамдар сөйлеуді үйреніп, бірін-бірі түсінетін болды. Сөз бір ғана қатынас құралы емес, - «біздің тіліміз суық және жетімсіз».
Адамның тілі жетілмей тұрғанда көп нәрсені түсіндіре алмаған (алғашқы адамдар), олар ойларын ыммен, қимылмен және дыбыспен жеткізе білген; екпінге келтірілген дыбысты, ырғақты әуенга ұштастырған, ал ым мен қимыл - екпінді биге айналған. Мен өнерден алшақ болсам да, дамуы артта қалған халықтардың музыкасын, биін зерттесек, көп нәрсені түсінген болар едік деп ойлаймын. Мүмкін өнер тарихында осы туралы айтылған да болар.
Балалардың эстетикалық тәрбиесін жүргізу үшін біз өнер тарихымен таныссақ, онда көркемдік тәрбиесіне мүлде жаңаша қараған болар едік.
Баланың тілі біртіндеп дамиды, оның сөздік қоры аз, сөйлемдері де қарапайым болғанымен, сезімі мен ойы күшті. Бала тілі шыққанша не нәрсені дыбыстап, ымдап, қимылымен көрсетеді. Ересектерге қарағанда балаларда осы қасиеттер өте жақсы дамыған.
Баланың қарым-қатынасқа түсуі өзін көрсете білуіне байланысты. 7-12 жас аралығында баланың қоғамдық инстинктері дамиды. Өз ойы мен сезімін жеткізу оларды жақындастырады.
Көбінесе отбасы мен мектеп баланың өзін көрсетуіне кедергі жасайды. Сондықтан бала өсе келе, өзін көрсетуге бейімділігі мейілінше төмен болады. Оны әуенге, биге, тақпақты оқуға үйреткенмен де, ол өзінің ойы мен сезімін бейнелемейді, ол өзін біреуге ұқсатпақ болады, шын мәніне келсек, үлкендер оны біреуге ұқсатуға тырысады.
Тілдің дамуына байланысты ымдау, қимылдау, дыбыстауды басып тастағанымыз дұрыс па? Дұрыс емес. Ересек адамдардың да осындай формаларды қарым –қатынаста қолдануы, бірін-бірі жақсы түсінуге себепші болады. Аудиторияны қандай адам меңгере алады? Дауысы қатты шығатын, сөзінде ешбір екпін, бет-әлпетінде жылуы жоқ, бір орында тұрып сөйлейтін адам ба, әлде сөздік қоры мол, екпінмен сөйлеп, өзінің көңіл-күйін білдіретін адам ба?.. Мәселе дауысты жасанды көтеру, театрланған қимыл жасау, ары-бері қозғалуда емес; жұмысшылар мен шаруалар аудиториясында сөзді де, басқа формаларды - ым, екпін, сезімді көрсете білу, айтылатын мазмұнға сай болуы тиіс. Осы тұрғыдан қарасақ, екінші адамның сөзі ойға қонымды болмақ.
Музыка, театр біздің жан дүниемізге неғұрлым жақын болса, бізді мейілінше баурап алады...
...Жас ұрпақтың өз ойы мен сезімін көрсетуіне ерекше мән беру керек пе? Иә, әрине керек. Сөйлеу ойды тиянақтап, сезімді жеткізеді. Ауызша және жазбаша сөз тәрізді, адам өзінің тебіренісін әнмен, бимен көрсете білсе, өзін саналы түсінетін болады. Өзін түрлі бейнеде көрсете білсе, адам жетіледі. Бұрынғы «өзіңді өзің таны» деген нақыл сөз, өзін-өзі қазбалауды емес, өзіңді өзің жан-жақты көрсете білу арқылы таны дегенді білдіретін тәрізді.
Көркемдік тәрбиесінде өзін табиғи көрсетуге, ән айып, би билеп, муызыка шығаруға мейілінше назар аударған абзал, балаларға үлкендерге тән формаларды таңудың ешбір қажеті жоқ.
Ересектер көбіне баланың қабылдауын және өзін бейнелеп, көрсетуін түсінбейді... Мысалы, баланың форма мен мазмұнды тұтас қабылдайтынын ересектер біле ме? Баланың ертегі тыңдағанын байқаңызшы: ертегіні қайталағанда бала бірде-бір сөзді өзгетрткізбейді: қыз бала қызғылт көйлекті болған болса, ол дәл солай айтылуы тиіс... Бала мазмұн мен форманы біртұтас қабылдайды... Мәдениеті төмен адам да, дәл солай қабылдайды. Мен жексенбілік мектептерде сауаты төмен адамдарды бақылаған едім. Олар үшін оқығанын әңгімелеп айту, өте қиынға соғады. Ересек адам, оқығанын түсінбейтін ақымақ емес, дегенменде ол қайталап айтқан кезде мазмұнды сөзбе-сөз жеткізуге ұмтылады: ол үшін форма мазмұннан ажыратылмайды. Егерде мысал немесе тақпақ айту керек болса, бұл жағы тіпті нашар: сауаты төмен адам тақпақтағы сөздерді нақты айтуменен қатар, тақпақ оқу екпінін де бұлжытпай қайталайды. Оқығандарын қайталап тексеру кезінде оқушылар мазмұнды тақпақтап айтуға ұмытылыс жасайды...
Балалардың өзін көркемөнерде қалай көрсететінін бақылау қажет. Баланың суретінде бейнелердің біртұтастығы мен жеке бөліктерге бөлінбейтіні байқалады. Бала дене мүшелерін, яғни бас, аяқ, қол, т.б. бөлек ешқашан салмайды, ол айналаны тұтас қабылдайды, ән салып би билегендерді, сахнаны тұтастай өз сезімі бойынша толық бейнелейді.
Міне, осыдан, I басқыштағы мектептегі сабақтарды өнер элементтерімен байытып, өнер түрлерін тұтастай пайдалануға болады.
Ал өнер түрлерін жіктеп пайдалануды II басқыштағы мектептерде қолдануға болады, себебі олар жыныстық жағынан жетілген кезеңде, талдау, ажырату, саралау және терең түсінуді қажет етеді. Осы кезеңдегі өнердің атқаратын рөлі жоғары, ол жасөспірімнің өзін саналы сезінуіне көмектеседі.
Бірақта өзін көрсете білу - істің бір қыры болса, ал екінші қыры - өзгелерді түсіну. Ол үшін олардың ішкі тебіреністерінің үндесуі керек. Өзгені түсіну үшін, не нәрсені өз басынан өткізе білуі керек. Адам өзі күшті эмоцияны сезініп ойланбаса, - өзгені де түсіне алмайды.
Жеке адам жалғыз өзі , белгілі бір кезеңге дейін дами алады, ол өте мардысмыз, оның тәжірибесі өзгенің тәжірибесімен алмасуы керек, бала өз тәжірибесін салыстыру арқылы жетіледі. Бала неғұрлым өзгенің тәжірибесін меңгерген сайын, онан өзіне қажеттісін алып, ұжымшыл болып өседі.
Баланы өзгенің тәжірибесін қабылдауға үйрету керек. Бұл жағдайда өнердің берері мол. Біреудің сөзін тыңдай білумен бірге, оның сөйлеу мәнерін, екпінін, әуенін, бет-әлпетінен көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын, суретін түсіне білуге үйрету қажет...
Балаларға біреудің ішкі тебіренісін қалай сезіндіруге болады? Менің ойымша, оның негізі күшті ұжымдық тебіреніс тудыру – бәріне ортақ таныс ән айту, ұжымдық қимыл-ойындар жүргізу, ұжымдық тақпақтар айту және т.б. Тек бұл ғана емес, ұжымдық еңбек ету барысында ән айтқызу, ұжымдық қуанышқа бөлендіру үшін барлық балалар сезінетін күшті эмоция керек.
I басқыштағы мектеп базалық әлеуметтік инстинктті бекітіп, жасөспірімдік кезеңге сәйкес өзіне-өзі үңілу негізінде бекіген ұжымдық дағдыларды онан ары жетілдіріп, бір қалыпта дамытуы қажет.
Эстетикалық тәрбиеге байланысты бір қатар мәселелер туындайды. Ол үшін жаңа жол іздеу керек.
Балаға өнер арқылы өзінің ойы мен сезімін саналы түсінуге, нақты ойлауға және терең сезінуге, баланың өзін-өзі тануын өзгелерді тану құралына айналдыруына, тығыз ұжымдық қатынас орнатуға, ұжым арқылы

басқалармен бірге дамып, бірге жаңа, терең және маңызды өмірлік тебіреністерді басынан өткізуге көмектесу қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет