Курстар мен орталықтың жұмыстары. Тәжірибелік станция көпқырлы жұмыс жүргізу үшін тапсырмаларды орындауға басшылық жасап, тәжірибені қорытып, мұғалімнің өз білімін жетілдіруіне назар аударды. Бұл мақсатты мұғалімдердің курстық-сьездері атқарады. Айына бір рет барлық мұғалімдер Калуга бөлімшесіне жиналып, жоспар бойынша жұмыс жасайды. Практикалық жұмысшылар өз тәжірибелерін ұжымдық талқыға салып, онда айтылған ескертулер бойынша жұмыстарын толықтырып жетілдіреді. Курста олар жаңа тапсырмалар алады. Аптасына бір рет сенбі күні балалармен жұмыстан босатылып, алған тапсырмаларын орындайды.
Тәжірибелік орталықта көмекші зерттеу жүргізетін мекемелер бар, олар: тұрақты педагогикалық көрме, тәжірибе нәтижелері мен балалардың жұмыстары; мектеп кітапханасы, оқу құралдар және педагогикалық материалдар кабинеті, онда жинақталған материалдар іріктеліп, өңделеді (есептер, хаттамалар, баяндамалар және т.б.).
Өмірлік ортаны зерттеуді станция, мектеп, мұғалім курстары және оларды орталықтандыру арқылы іске асырады. Қазіргі кезде ауданның экономикалық ерекшеліктерін зерттеу жүргізіледі. Экономикалық жұмыстың мақсаты - ауданның өндіргіш күштерін зерттеу, мектептегі қоғамдық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру арқылы осы өндіргіш күш түсінігімен жан-жақты нақты жұмыс жүргізу көзделеді.
Қалалық жұмыс (Мәсеку бөлімшесі). Мәскеуде тәжірибе станциясының мекмелер жүйесі жоқ, педагогикалық жұмыс тек екі жерде: орталық бала бақшасында және бірінші еңбек мектебінде «Бала еңбегі мен демалысы» қоғамы жұмыс істеген жерде жүргізіледі.
О р т а л ы қ б а л а б а қ ш а с ы 1922 жылы ашылды. Онда 70 бала, 10 педагог-қызметкерлер, соның қатарында дәрігер-педолог және тіс дәрігері болды. Орталық бала бақшасының айналысқан мәселелері: 1) бала бақшасы педагогикалық үдерістегі аудандық әлеуметтік бірлік ретінде; 2) жұмыс нормасын анықтау, қалалық өмірмен байланысты мектепке дейінгі баланың ерекшелігін, әлеуметтік инстинктілерін зерттеу және т.б. Бақша ұжымы өз жұмысын аудан мақсатына сай жүргізеді. Бала бақша тәрбиесін насихаттау, бала денсаулығын сақтау, тұрмыс жағдайларын түзету мәселелері тек қана бақша қабырғасында жүргізілмейді, ондай жұмыстар әйелдер бөлімі, комсомол, фабрика, диспансер, тұрғындар бірлестіктерінде де жүргізіледі. Нақты істер ұйымдастырылады: бала алаңдарын құруға көмектесу, кішігірім-бақшалар құру. Бақшадағы балаларды жасына қарай топтастырумен қатар, 3-4 жасар балалардан бөлек, қызығушылықтары бойынша құрылған ағаш өңдеу, конструкция жасау және т.б. топтар да құруға болады. Баланиң физикалық келбетін (отраның ықпалы) және балалар ұжымының әсерін дәрігер - педолог бақылайды.
Б і р і н ш і е ң б е к м е к т е б і 1918 жылы тәжірибелік-көрсеткіш мектебі ретінде құрылған еді, 1919 жылдан бастап ол станция құрамына кірді. Қазіргі кезеңде тоғызжылдық мектепте 192 оқушы (21 педагог) бар. Мектептегі жұмыс балалардың алған білімі мен дағдыларын өмірде қолдана білуін және өмірден түйгендерін мектептегі оқуда пайдалана білуге негізделеді. Мектептегі сабақтардың ерекшеліктері: 1)жергілікті материалдарды және бағдарлама мазмұнын құруға сол жердегі материалдарды қолдану; 2) бірқатар сабақтарда зерттеу әдістерін қолдану; 3) мектеп өмірінде қоғамдық өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (асхана) ендіру; 4) оқу шеберханаларында оқу-білім беретін және өндірістік мақсаттағы еңбекті ұйымдастыру; 5) мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру, мысалы пионерлер бала бақшасына көмек көрсетеді. Тұрғындарды жаңа қоғамдық-еңбек мектебін бірге құруды олармен әңгіме түрінде ғана емес, ұйымға бірігу арқылы іске асыру (бала бақшасы) мектепке көмек: тамақты дұрыс ұйымдастыру, киім тігу комиссияларын құру.
Достарыңызбен бөлісу: |