Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Оқушының жаңа оқу материалын қабылдауы



бет45/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Оқушының жаңа оқу материалын қабылдауы. Оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауы, оқу үдерісінің басты бөлігі саналады, оны басқа бөліктермен салыстырғанда, ол жалпы және арнайы белгілермен ерекшеленеді. Оқушылардың нақты заттарды, обьективті әлемнің құбылыстары мен олардың байланыстарының бейнеленуін ойда елестетуі мен түсінігі пайда болады. Бұл бөлік дұрыс қойылса, онда ол құбылыстарды қабылдап қана қоймай, оқушылардың құбылыстың мәнін түсінуі, обьективті әлем құбылыстарының даму заңдылықтарын қабылдауы, олардың ақыл-ойын дамытады.
Оқушылардың оқытылатын құбылыстарды табысты қабылдауы және ойында дұрыс елестетуі, мұғалімнің осы үдерісті басқаруы арқылы жаңа түсініктерді қалыптастырады. Бұл басқару түрлі жолдармен жүзеге асады, оларды атап көрсетсек: ә) оқушының білімі мен тәжірибесінің негізін талдау арқылы, танымдық міндеттерді белгілеу, сонымен қатар кейбір теориялық және практикалық мәселелерді қарастыру; а) оқытылатын заттар мен құбылыстарды оқушыларға көрсету арқылы белгілі логикалық жоспар бойынша мағлұматтар беру; б) оқушылардың қабылдауы, ойда елестете білуі және соған лайық сөздің өзара байланыстарының беріктігін бақылау.
Түсінік танымдық міндет болғанда ғана пайда болады, жаңа түсінікке негіз болатын нақты елестету мен түсініктер қоры болса, оны оқушы саналы түсінетін болады.
Оқушыларды жаңа заттармен және құбылыстармен таныстырғанда, оларды оның дұрыс елестете білуі мен түсініктері, жаңаны қабылдау белсенділіктері, мұғалімнің не айтқысы келгенін білу тілектері пайда болады. Оқушылар осындай қатынастары арқылы жаңаны қабылдайды. Қысқаша айтқанда, оқушыны жаңа материалды қабылдауға дайындауда - оқудың қозғаушы күштерін ескеру керек.
Оқушылардың жаңа материалдарды белсенді және саналы қабылдауы басқа да, көптеген факторлар арқылы анықталады, солардың ішінде мұғалімнің сабақты түсіндіру логикасының маңызы ерекше. Мұғалім оқыту барысында ғылымның кейбір материалдарын белгілі бір логикалық формада түсіндіреді. Дегенмен де, оқушылар белгілі бір ойлау деңгейінде болғандықтан, олардың соған сәйкес қабылдау мүмкіндіктері мен оны саналы игеру мүмкіндіктерін ескеру қажет. Мұғалімнің материалды түсіндіру логикасы ғылымның логикасына сәйкес келетіндіктен, оны оқушының жас ерекшелігіне қарай дидактикалық тұрғыдан өңдеу арқылы іске асыруы тиіс.
Жаңа оқу материалын дұрыс түсіндіру логикасының жалпы белгісіне келсек, ол оқушы санасында бейнеленетін обьектілердің қасиеттері мен белгілерінің, оның ойында дұрыс бейнеленуіне байланысты болады. Оқушыларға жаңа материалдарды түсіндіру логикасының маңызды элементі, ол оқушының санасында елестетіліп, мұғалім қойған сұраққа жаңа түсінігі мен нақты материалды талдау салдарынан логикалық құрылымның пайда болуында.
Оқушылардың жаңа білімді қабылдауымен, оны саналы түсінуі барысында және білімді игерудің басқа кезеңдерінде де, оқушының логикалық ойы қарқынды дамиды, ол өз кезегінде оқушының белсенді бірізді ойлау әрекетіне жағымды жағдайлар жасайды.
Оқушылардың логикалық ойлауына ықпал ететін жағдайлар: оқушы санасында шешуді қажет ететін сұрақтың пайда болуы немесе үйреншікті, қалыптасқан көріністермен және оларға сәйкеспейтін жаңа фактылар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуі; оқушылардың мұғалімнің қолданатын сөздерінің мағынасын нақты түсінуі; олардың оқылатын зат пен құбылыстар туралы нақты елестету көріністері мен түсініктерінің болуы; жаңа материалды түсіндірудің нақты белгіленген, оны жүзеге асыратын логикасының болуы; мұғалімнің оқушы алдындағы қиындықты түсініп, оған жедел, тиімді көмек көрсете білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет