Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет28/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бұл технологияның мақсаты-өздігімен білім алып дамытуға ұмтылатын
жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік
танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсенділігі қажет. Жаңа мақсат
оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту
түрі мен құралдарының, оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің шеберлігі, нәтиже)
олардың өзара байланыстағы қалыптасуы мен өзгерулерін талап етеді.


Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» жүйелеп мектеп
оқу үрдісінде қолданылуы Ж.У. Кобдикованың жетекшілігімен іске асуда.
Қазақстан Республикасы білім беруді реформалаудың ізгілендірудің
ұстанымдары және В. П. Беспалько, Л. С. Выгодский, С. Л. Рубинштейн, Б.
Блум 
сияқты 
көрнекті 
педагог-ғалымдардың 
тұжырымдамаларын
әдіснамалық негізі ретінде қарастырылып құрылған Ж.А. Қараев пен Ж.У.
Кобдикованың 
«Деңгейлеп 
саралап 
оқыту»
технологияларының
артықшылығы:
1. Тақырып бойынша модуль құру мұғалімдерге қиындық түсірмейді.
Себебі күнтізбе бойынша әр бақылауға дейінгі (5-7 сабақ) материал бір
модуль.
2. Әр сабақтың үш кезеңнен тұруы, мұғалімдер үшін қолайлы, оқулық
бойынша өтіледі, тек жаңалығы өзіндік жұмыс, қатемен жұмыс және бақылау
мұғалімнің шеберлігін ұштайды.
3. Сабақтың әр кезеңінде мұғалім өз іс-тәжірибесін, түрлі танымдық
ойындарды еркін пайдалана алады.
4. Оқушы өз білімін өзі бағалауға, күнделікті өз еңбегінің жемісін
көруге мүмкіндігі бар.
5. Оқушылардың өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай әр
түрлі соңғы мақсатқа жетулерін іске асыруға көмектеседі.
Қазіргі уақытта мұғалімдер оқушылар бойында сабақ барсында оқуға
деген қызығушылық деңгейінің төмендеуімен, өз бетінше жұмыс істеудеге
салғырттық, тіпті оқуға деген қызығушылықтары болмаумен байланысты
проблемаларға тап болуда. Балалардың оқуға деген қызығушылықтың
жойылуының бірден-бір себептерінің бастысы, әсіресе, сабақтардың
бірсарынды өтуі болып табылады. Күнделікті ізденіссіздік сабақ беруде
бірсарындыққа әкеп соғады, ал бұл бірқалыптылық өз негізінде баланың
бойындағы қызығушылықтың жойылуына басты себеп болады. Тек сабақты
ұйымдастыруға шығармашылық түрғыдан келу, оның қайталанбастығы,
мысалдардың, әдістрдің және ұйымдастыру формаларының әр түрлілігі ғана
тиімділікті арттырады. Оқушының танымдық деңгейін арттырудың көптеген
тәсілдері бар. Олардың бірі бұл оқушылардың танымдық деңгейін арттыру
мен олардың назарын аудартуға көмектесетін видеофильмдер мен
мультимедия технологияларды қолдану.
Әдебиет: 1, 15-20б; 2, 3-8б.
Бақылау сұрақтары:
1. Мектеп курсында информатика пәні жаппай қай жылдан бастап оқытыла 
бастады?
2. Жалпы орта білімде ЕТ негіздері курсын енгізудің қажеттілігі немен 
байланысты?
3. Жаңа заманғы информатика пәні мамандығы мұғалімін дайындау 
талаптары қандай?


4. Мектеп информатикасының қалыптасу тарихы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет