Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет25/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Информатика кеші- бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы
жұмысының қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен
бірігіп кештің бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл күй көтерудің түрлерін
мұқият ойластырады, кешке арналған материалдардың іріктейді: қалжың
есептер, тарихи мағлұматтар, сөзжұмбақтар, викторина сұрақтары; қажет
модельдерді, плакаттарды, ұрандарды дайындайды, сыныпты безендіреді. Іс-
шараның маңызды тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының
намысы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында
жеңіске жетудегі табандылықты, сабырлықты қалыптастырады. 
Информатика пәні бойынша викторина – бұл өзіндік ойын түрі.
Викторинаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы
жарыс түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытта). Викторинаға арналған
тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша
шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарда шешілетін типтік есептер
викторина үшін қызықсыз. Есептерден басқа викторинаға информатика
бойынша әр түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаның
қалжың есептерді қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір
тақырыпқа арнауға болады, бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді. 
Сөзжұмбақтар. Практика мұғалім мен оқушылардың әріптестіктері
мен шығармашылық бірлестіктері, өз бетімен білім алу мен өзін-өзі бақылау
идеяларын жүзеге асыру оқушылардың танымдық белсенділігін оятып,
нәтижелі оқытуға жетелейтіндігін көрсетеді. Сыныптан тыс жұмыстың да,
сабақта білімді тексерудің де қалыптан тыс түрлерінің бірі – сөзжұмбақтар


құрастыру және оларды шешу. Сөзжұмбақтарды пайдалану, оларды құру мен
шешу оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, өз ойларын
нақты, қисынды және қысқа түрде білдіруге үйретеді. Сөзжұмбақтар құру
жұмысы оқушыларды жақсы дамытады, себебі, онда көп нәрсені еске түсіру,
анықтамалықтарды, оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту
керек болады. Жұмысты жеке дара, жұптар, топтар бойынша ұйымдастыруға
болады. Егер оны жұмыс тұрғысында ұйымдастырса, онда ол ешкімді енжар
қалдырмайды. 
Сөзжұмбақтарды ғылыми терминологияны пайдалануды жаттықтыруға
арналған тестік тапсырмалар нұсқасы ретнде қолданған тиімді. Оқушыларға
«кері» сөзжұмбақтар өте ұнайды. Алдын ала толтырылған сөзжұмбаққа
оқушылар сұрақтар ойластырады, өз сұрақтарын қорғау кезінде талдауды,
салыстыруды үйренеді. Мұндай тәсіл көп ақпарат алуға мүмкіндік береді,
себебі мұғалім оны не ауызша, не бейнефильм кадрларын, көркем
суреттердің көшірмелерін, газеттегі үзінділерді тарта отырып толықтырады. 
Сайыс – мақсаты оқушылардың ғылымның, өнердің спорттың қандай
да бір облысына қызығушылықтарын арттырып, үздіктерін анықтау болып
табылатын ұжымаралық немесе жеке дара біріншілік жарыс. Бұл жарыс жеке
үлгі түрінде немесе мектеп мейрамының, кештің, үйірме жұмысының
құрамдас бөлігі, тақырыптық және есеп берушілік түрінде бола алады.
Сайыстарға орай оқушылардың компьютерлік шығармашылығы көрмелерін
ұйымдастыруға болады (суреттер, анимациялар, бағдарламалар, т.б.).
Белгілі адамдармен кездесулер өсіп келе жатқан буынды
қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай кездесулер
сыныптық немесе жалпымектептік, жеке дара сипатта немесе сыныптан тыс
жұмыстың басқа түрлерінің құрамында бола алады. Кездесулерді
«компьютерлік» мамандық өкілдерімен, компьютерлерді пайдаланатын басқа
да мамандық өкілдерімен, сәйкес мамандықтарды таңдап алған мектеп
түлектерімен ұйымдастыруға болады. Кіріспе сөзде мұғалім оқушыларға
қонақтардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелеуі, олардың өтіп жатқан
шараға қызығушылықтарын оятуы, ал қорытынды сөзде барлық
айтылғандарды жалпылап, қатысушыларға алғыс білдіруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет