ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.
Компьютерлер
қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар,
түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған
мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптағы бала үшін - оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің
дамуына да тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі, бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып
баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне ой-өрісінің дамуына ең
мүмкіндік туғызады. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-
күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады.
Төменгі сыныпта қаралып
талқыланатын мәселелердің бірі, команда
және алгоритм ұғымдары негізгі мазмұн-заңдылықтарды тану мен
алгоритмдерді зерттеу, құрама (комбинаторлық) тапсырманы шешу,
орындаушыларды үйрету. Оқушы үшін арнайы бағдарлама мен оқу
кітаптары қарастырылған.
Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютерді
қолданудың бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық
институтында(АҚШ) С.Пейпер жұмысы болып саналады. Оның
басшылығымен 1968 жылдан Ж.Пиаженің теориялық концепциясы негізінде
балалардың интеллектуальды қабілетін дамыту бойынша,
соның ішінде
мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардыда қоса, зерттеу
жүргізілді. Осы зерттеулердің бірінің нәтижесі-балалар үшін ЛОГО
бағдарламасың арнайы тілін жасап шығаруы болды. Қазір бұл әлемде
педагогикалық практикада кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған
сайын кең таралып отыр.
Бүгінгі күндері бастауыш сыныптарды компьютерлік технологиямен
оқыту жүйелі түрде жүзеге асуда, оқушының ой-өрісін жетілдірумен қатар
кейбір жеке пәндерді оқыту информатиканың теориялық негізін
алгоритмдерді игеру және бағдарлама жасау құралы ретінде пайдаланылуда.
Солардың ішіндегі неғұрлым белгісі мен сынақтан өткенін белгілеп, РФ білім
министірлігі ұсынып, төменгі сыныптардағы «Роботландия», «Информатика
ойындары мен есептер», «Зимние вечера», «Алгол», «Drape» бағдарламалық -» бағдарламалық -
әдіскерлік жүйелері жұмыс істейді. Бұл
бағдарламаның көпшілігін тек
Ресейде ғана емес, көптеген шет елдерде де, осының ішінде АҚШ–та,
Ұлыбританияда, Францияда, Финляндияда, Балтика елдерінде пайдалана
алатын болды. Осы ойындардың көпшілігі «Информатикалық мәдениет»,
«Информатика» курстарында ендірілді. Ал курстың негізгі міндеті –
оқушының операциялық ойнау стилін қалыптастыру, өз қызметін жоспарлай
алу қабілеті, түрлі информатикалық
моделдерді жобалап құру, қазіргі
заманға техникалық құралдарды өмірде, тұрмыста, шығармашылықта
қолдану.
Оқыту формалары мен әдістері
Кіші сыныптарда пайдаланылатын оқыту формалары мен әдістері
оқушының психикалық, физикалық және ойлау қабілеттерін ескеру керек.
Сынып – сабақ жүйесінде келесі формалар мен әдістерін пайдалану
тиімді: Ойын, топтық, диалог,
эвристикалық, ақпараттық минуттар.
Қазіргі кезде ойын әдістері бірінші топқа шығып отыр. Бұл әдістерде
тәжірибелік жұмыстардың барлық түрлері байланысқан (ойын тәртіпке
үйретеді, ұжымды біріктіреді, анықталмағандық элементін береді, ал бұл
ойлау қабілетін дамытады, тиімді шешімді іздеуге баптайды).
Ойын – іс-әрекет, оның түрткісі өзінде жатады.
Оқытуда
пайдаланылған ойындар - рольдік, ұйымдастырушылық және іскерлік
ойындарға бөлінеді. Барлық ойындар үш негізгі мақсатқа жетеді:
1.
тәрбиелік
2.
оқыту
3.
қызықтыру
Ұйымдастырушылық ойындар екіге бөлінеді. Олар:
1.
ұйымдастырушылық- әрекеттік
2.
ұйымдастырушылық- оқыту
Іскерлік ойындар қазіргі кезде кеңінен пайдаланылады. Оларды
көбінесе экономикада, саясаттануда, экологияда,
оқытуда және тарихта
пайдаланады.
Рольдік ойындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастыруға болады.
Ролдік ойындардың белгілері:
1.
территориалдық белгі
2.
қиындық деңгейі бойынша (ертегі, тарихи этнографиялық
ойындар, ақпараттық интеллектуалдық ойындар).
3.
мақсатты және уақытты белгілері (мақсатты ойындар,
шектелмеген ойындар, нон – стоп ойындары, т.б.).
Ойынға қатысу деңгейлері:
1.
пассивті
2.
шектелген
3.
бос
4.
белсенді
Ойынды ұйымдастыру
Ойынды ұйымдастырудың бірінші этапы – теориялық өңдеу. Соңғы
этапы – талдау болып табылады.
Эвристикалық әдісте оқушылардың әрекетін ұйымдастырудың 5 негізгі
этапын бөлуге болады:
1.
Мотивациялық
2.
Қойылымды
3.
Өзіндік өнімді жасау
4.
Демонстрациялық
5.
Рефлексивті
Эвристикалық әдістің мақсаты - өзіндік оқыту жобасын жасау болады.
Әдебиет: 1, 15-20б; 2, 3-8б.
Бақылау сұрақтары: