Енді аталған әдістерді пайдалануды мысалмен түсіндірелік
Түсіндірмелі–иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын
тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы
ретінде жоспарлағанда пайдалануға болады. “Графикалық операторлар”
тақырыбын бекітуге төмендегідей сабақ түрін ұсынуға болады:
сабақтың
алғашқы үштен бір бөлігінде тақырып бойынша барлық операторларды
қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып,
компьютерде қарапайым прогрммма жазу.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда
программалап
оқыту әдісін пайдалану ұсынылады. Мысалы,
оқушылар графикалық
операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесінде қандай сурет
алынатынын біледі, бірақ суретті салу–әр оқушыға жеке тапсырма.
Егер аралық нәтиже белгілі болса, бірақ оны алу жолы белгісіз болса,
ол оқытудың
эвристикалық әдісі болып табылады.
Бастапқы шарттан бастап, соңғы
нәтижеге дейін белгісіз болса, ол
дидактиканың
проблемалық әдісі болып табылады. Мысалы, үйретуші
программа құру проблемалық оқыту болып табылады.
Модельдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары
белгілі. Бұл жағдайды оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты
таңдап, модель құруға болатындай етіпұйымдастырады. Одан кейін соңғы
нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылыпотырады.
Егер алынған
нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа
өзгеріс енгізіліп
модель нақтыланып, алгоритм қайталанылады.
Достарыңызбен бөлісу: