Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет32/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

«Болашақ» арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі
ретінде 3 - сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб
тілдерін оқиды. «Болашақ » – оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік
мектептердің бірі. Оқытудың негізгі бағыттары – информатика және
экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға ьарлық пәндер бойынша
жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу үрдісінде электронды
оқулықтар қолданылады. «Болашақ» мектебінің түлектері орта білімі туралы
аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады. 
«Дәулет» мектебінде ұлттық сана – сезімді қалыптастыруға
байланысты бірнеше бастамалар бар, олар – «Лингвоелтану» оқулығы
бойынша қазақ және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім
беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың
ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың
ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік
бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі. 
«Ақ жол» – оқу – әдістемелік орталық. Мақсаты– білім және тәрбие
беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру,
шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін
дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты
гимнастика, сурет – кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері
және дене тәрбиесі қамтылған.
«Келешек» – республикалық физика–математикалық дарынды
балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика,
информатика, ағылшын және қазақ тілдері. «Стандартты емес олимпиадалық
есептерді шешу» және «Бағдарламалау негіздері» арнайы курстары бар. 
Орал қаласындағы «Талап» акционерлік қоғам жанындағы бірінші
мектеп – гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата
аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8
оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн
топтары ұйымдастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет