оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес
қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне
көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып
табылады.
«Мирас» халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан
Республикасының орта білім беру саласындағы
ұлттық стандарт пен
халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім
тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
«Арман» оқыту – тәрбиелеу кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту –
тәрбиелеу тұжырымы негізінде «Оқу дегеніміз – әлемді ашу» тезисі жатыр.
Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік шығармашылық жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру, өзін – өзі асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: