«Кіші инженер-электрші» (5-ші деңгей)
4-ші деңгейдің емтиханынан өткен студенттерге қосымша курстар мен емтихандарды өткеннен соң «Кіші инженер-электрші» 5-ші деңгейге ауысу мүмкіндігі көзделген. Нәтижесінде мынадай арнаулы біліктіліктерге қол жеткізіледі:
Командада, сондай-ақ, қауіпті жағдайларда жұмыс істеуді жоспарлау және ұйымдастыру
Жұмыс нәтижелерін бағалау
Автоматтық жүйелерді жөндеу және мониторинг жасау және бақылау жүйелерін бағдарламалау
Бизнес-процестерді және сапаны басқаруды ұйымдастыру
Клиенттерге кеңес беру және қолдау
ТжКБ білім беру бағдарламасы бойынша оқудың нормативтік ұзақтығы толық орта білім базасында күндізгі оқу кезінде (аккредитация/сертификация) төмендегідей :
3 деңгей: 1 жыл 10 ай
4 деңгей: 2 жыл 10 ай
5 деңгей: 3 жыл 6 ай
Өндірістік оқуды және кәсіби тәжірибені ұйымдастыру мынадай тармақтарды қамтиды:
Дағдыларды дамыту бойынша оқыту және өндірістік тәжірибе (зертханаларда және шеберханаларда өндірістік оқыту, кәсіби тәжірибе және өндірісте оқыту)
кәсіби тәжірибе (технологиялық, дипломалды).
Әрбір тәжірибенің ұзақтығы «Техник-электрші» біліктілігімен маманның жұмыс біліктілігінің сипаттамасымен анықталады.
Тәжірибенің мерзімі мен мазмұны «Техник-электрші» біліктілігімен маманның жұмыс біліктілігінің сипаттамасымен анықталады.
Өндірістік оқу білікті және тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу шеберханаларында жүргізіледі. Студенттер тәжірибе өту барысында деңгейлерді анықтай отырып, біліктілігі бойынша өзара байланысты жұмыстардың белгілі бір санын меңгеруі тиіс.
Кәсіби тәжірибе тиісті ұйымдарда, жұмыс орындарында өткізілуі, оқу барысында алынған білімді, тәжірибелік дағдылар мен кәсіби біліктілікті шоғырландыруға бағытталуы тиіс. «Техник-электрші» біліктілігін алу үшін оқушы үшінші оқу жылының екінші семестрінде жұмыс жағдайлары және жұмысқа рұқсат етілген орындарда (жылу электр станциялары, ЖЭО, қазандықтар) өтуі тиіс. Оқу бағдарламасына сәйкес студенттерді бақылауға жауапты «тәжірибелі персонал» қатысуы керек. Кәсіби тәжірибе өткізілетін ұйымдар компания, оқу орны және студенттер арасында келісімшарт бөлігі болуы тиіс. Жұмыс беруші компаниялар негізгі пәндер бойынша орташа балды есепке алып, кәсіби тәжірибеге мамандарды қабылдау жөніндегі талаптарды белгілейді.
Аса жоғары деңгейге өту критериі емтихан тапсыру (аралық және қорытынды) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |