Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ



бет1/3
Дата12.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#131056
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ.Т.




БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛДАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Оқыту әдістемелік құрал

Алматы 2010


УДК 371:004.6

ББК 74.204+32.973.202

Н 86



Рецензенты:

Мусин К.С., профессор, педагогика ғылымдарының докторы

Мұхамбетжанова С.Т., доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты

Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ.Т. Білім беру порталдарын жасау әдістемесі. – Алматы, 2010ж. – 45 б.



ISBN 9965-692-8-8

Оқу құралында білім беру порталдарын жасау және дамыту әдістемесі қарастырылған. Оның ішінде еркін бағдарламалар жасақтамасы негізінде білім беру порталдарын жасау ерекше көрсетілген.

© НЦИ, 2010

Кіріспе

Басталған және ырғақ алған қоғамды ақпараттандыру әрбір адамның кәсіптік іс-әрекетін парасаттандыруды ұйғарады. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі салдарының бірі қатынастарды виртуальдандыру болып саналады. Виртуальдық қатынас Интернет дәуіріндегі дәстүрлі өзара әрекеттестікті дамытудың кезекті кезеңі болып саналады да ең алдымен адамзаттық қарым-қатынастың ортақ формасын пайдаланумен, ақпарат көздерін және ақпаратты алу тәсілдері мен өнімге айналдыруды кеңейтумен, қоғамдағы білім берудің рөлін өзгертумен ерекшеленеді.

Білім беру саласына ақпараттық және қатынастық технологияларды кеңінен енгізу кезінде Қазақстанның біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігін құрылымдау, оған білім алушылар мен мұғалімдердің тиімді желілік қатынауын қамтамасыз ету, мұндай білім беру ортасына кіруге Қазақстанның оқу мекемелерінің уақыт пен қаржы шығынын айтарлықтай қысқарту бойынша бірқатар күрделі өзара әрекеттестік пайда болады.

Компьютерлер мен желілерді пайдаланудың технологияларын дамытудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы тек ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау, кіріктіру немесе орын ауыстыру үшін ғана емес, және де өзара әрекеттестік ортасы ретінде бастауын бірінші компьютерлік желіден алады. Интернет технологиялардың көмегімен хабарламалар алмасу ретінде ұсынылған компьютерлік желідегі өзара әрекеттестіктің ортасына өзара әрекеттестіктің келесі модельдерін жатқызады: электрондық пошта бойынша пошта хабарламаларын алмасу (біреу біреуге); жөнелту тізіміндегі пошта хабарламаларын алмасу (көп көпке); пайдаланушылар мен веб-сайттардың авторларының арасында хабарламалар алмасу; (көп біреуге және біреу көпке). Бұған ғылыми және оқу-әдістемелік ресурстарды алмасуға арналған порталдың технологиясын үстемелеуге болады. Портал білім беру процесінің барлық деңгейінде бірлестіктен бастай және аймақтықтан аяқтай отырып, ресурстарды кіріктіруге қызмет ете алады және т.б.


Білім беретін портал білім беретін ақпараттық

ортаның негізгі құраушысы


Білім беру сферасына ақпараттық-қатынастық технолдогияларды кеңінен енгізу кезінде Қазақстанның біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігін құрылымдау бойынша білім алушылар мен оқытушылардың оған тиімді желілік қатынас құруын қамтамасыз ету, мұндай білім беретін ортаға кіруге оқу мекемелерінің уақыты мен қаржы шығынын айтарлықтай қысқарту сияқты өзара байланысты бірқатар күрделі мәселелер пайда болады.

Білім беру еркін ресурсты жүзеге асыруға, электрондық ақпараттық білім беретін ресурстарды және ақпаратты талдау мен өзіндік оқудың практикалық машықтарын қалыптастыратын, өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыратын оқытудың әдістерін білім беру процесінде қолдану технологиялары мен пайдалану әдістемелерінің тиімділігін арттыру есебінен білім алатын әрбір адам мен әрбір мұғалім үшін таңдау өрісін кеңейтуге мүмкіндік тудыруы тиіс. Азаматтардың әлеуметтік жинақылығын қамтамасыз ету міндеті білімнің барлық саласы бойынша жазба өзекті ақпаратқа қатынас құру жүйелерін жетілдіруді талап етеді.

Осы мәселелердің барлығы осылай немесе басқаша түрде ақпарат пен қызметті желілік орталарға орналастыру, желіге бағыт көрсету, ресурстарға қатынас құру мен пайдаланушылардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету мәселелеріне саяды.

Осы мәселелерді шешуге бағдарланған қазіргі заманның аспапьтары порталдар жұйесі болып саналады, олар

бағыт көрсетуді (іздестіру іс-әрекеттерінің кең спектрі мен мамандандырылған құралдардың негізінде) және

ресурстарға қатынас құру мен пайдаланушылардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді.



Портал ­– бұл шапшаң қатынас құруға, дамыған пайдаланушылық интьерфейске және алуан түрлі мәліметтің, қызметтер мен сілтемелердің кең ауқымына ие болатын желілік телеқатынастық торап, бұл бағыт көрсету мен баптауға қарапайым ингтерфейс арқылы ақырғы пайдаланушыға ұсыну үшін ресурстарды біріктірудің, ақпарат көздерін таңдаудың парасаттық аспабы [1].

«Портал» термині алғашқыда архитектура саласына жатқан болатын, ол ғимараттағы ең басты, шерулік кіретін жерді білдіреді. Интернеттің орталықсызданған табиғаты алғашқыда оған арнаулы кіретін жерді ұйғармаған болатын. Ұзақ уақыт бойы іс жұзінде Интернетке кірудің жалғыз ғана нүктелері іздестіру мәшинелері мен каталогтар болды. Сонымен, Интернеттегі «портал» терминімен алғашқыда AOL, Excite, Yahoo, MSN секілді сайттарды атай бастады, атап айтқанда пайдаланушылардың көпшілігі оларды желіге өздерінің саяхатын жөнелту нүктесі ретінде қолданды. Мұндай бірлестік сайттар эволюциясының ақырғы кезеңі горизонталь пайдаланушылық порталдарды дайындау болды.

Қазіргі заманғы Интернет-порталдар анықтамалық, талдаушылық, қатынастық, білімдік және басқадай ақпараттық қызметтер көрсетуге бағдарланған жеткілікті түрде ірі және күрделі желілік ақпараттық-технологиялық кешендер болып табылады. Дайындау кезінде терең және жан-жақты тұжырымдамалық зерттеу жолдары мен бірлестік ақпараттық желілерді құру мүмкіндіктерін, бағыты әртүрлі салалық пен аймақтық ақпараттық желілік ресурстарды қалыптастыру тәсілдерін ғылыми-әдістемелік және технологиялық негіздеуді талап етеді [2].

Білім беретін порталдардың сипаттамасы

Білімдік порталдардың маңызды сипаттамалары келесілер болып саналады [3]:



  • ақырғы пайдаланушылар үшін тұлғаландыру – порталдың клиенттік орны жеке пайдаланушыларға немесе қоғамдастыққа тағайындалды ма, содан тәуелсіз, портал өзінің сыртқы түрін, мазмұны мен қосымша интерфейстерін әркім үшін жеке дара баптауға мүмкіндік беруі тиіс;

  • клиенттік орынды ұйымдастыру – ақпараттық артық жүктеуді болдырмауға мүмкіндік беретін пайдаланушының жұмыс істеу орны – ақпараттық ресурстарға қатынас құруы ең қолайлы және біріккен түрде ұйымдастырылған болуы тиіс;

  • ресурстарды үлестіру – пайдаланушылардың әр түрлі санаттарының қолдары жететіндей порталды біршама деңгейлерге бөлудің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Мысалы, кейбір деңгейлерге тек басшылар ғана қатынас құра алады. Порталдарды пайдаланушылардың ұқсастықтарын қамтамасыз етуді, яғни серверде тең түпнұсқалықты, біртұтас тіркеуді, қатынас құру құқықтарының картасын жасауды және т.б. қолдауы тиіс;

  • жұмыстардың орындалуын қадағалау – бұл нақты адамның порталды пайдалану басында тағайындалатын порталды тұлғаландыру үшін маңызды сипаттама және оның мүдделері туралы ақпараттың жиналу шамасы бойынша артып отырады;

  • мәліметтер қоймасынан ақпаратты бейнелеу және белсенді қатынас құру – көптеген гетерогендік көздерден (жазба мәліметтерден, көп өлшемді мәліметтер базасынан, құжаттарды басқару жүйелерінен, Web-серверлерден, жаңалықтар арналарынан және т.б.) ақпаратты бейнелеу мен қатынас құруды қамтамасыз етуге порталдың қабілеттілігі, сондай-ақ негізін қалаушы фактор болып саналады;

  • керекті адамдар мен ақпаратты оқшаулау және табу – пайдаланылатын іздестіру тетігі белгілі бір тақырыппен байланысты сарапшыларды, қоғамдастықтар мен контентті енжар хабарлайтын және табатын да, белсенді түрде табатын да құралдарды қамтамасыз етеді.

Сонымен, ізделінетін ақпаратты және осы құрылымның негізгі сипаттамаларын алу үшін, «портал» ұғымының анықтамасынан шыға отырып, кіру нүктесі ретінде порталдарға ұсынылатын келесі талаптарды бөліп алуға болады [1]:

  • сансыз көп пайдаланушыларға қызмет көрсету;

  • ақпараттың кең спектрі;

  • негізгі желілік форматтарды қолдау;

  • тұлғаландырудың кең мүмкіндіктері;

  • әр түрлі ақпараттық ресурстардың (құрылымдалған, құрылымдалмаған, мәліметтер туралы мәліметтердің) көздері ретінде пайдаланылатын қолайлы және тиімді іздестіру тетіктерін іске асыру, алынған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын бағалау;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық және физикалық тәсілдерін (түпнұсқалығын тағайындау, қатынас құруды басқару, мәліметтердің құпиялығы мен бүтін мәнділігін және т.б.) пайдаланып сақталынатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;

  • кіріктіру – біртұтас интерфейс арқылы пайдаланушылардың барлық қосымша бағдарламалармен және ақпараттық ресурстармен өзара әрекеттестік мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

  • сақталынатын ақпаратты санаттарға бөлу – санаттарға жіктеу, дербес іздестірудің нәтижелерін санаттарға жіктеудің автоматтандырылған іс-әрекеттері;

  • парасаттық талдау қосымшалары – білімдерді басқару жүйесі.

Порталдың негізгі құндылығы оны «контенттер» деп аталатын ақпараттық толтырылуымен анықталады. Бұл ұғымға, басқаша айтқанда, порталға орналастырылған ақпаратқа қатыстының барлығы, оның ақпараттық ресурстары кіреді.

Кез келген порталдың мақсаты – бұл ең алдымен нақты пайдаланушыға оған қажетті ақпаратты ең аз уақыт ішінде және маңызды емес материалдарды қосымша шығынсыз қарап шығуды, әр түрлі интерфейстер арасындағы ауыстырып қосуларды және т.б. ұсыну [3].

Портал құрылысының түйінді ұғымдарының бірі бола отырып, контент қатысушыны порталға «байлайтын» құлшыныстың негізгі құралы болып табылады, сондықтан әлдеқашан бар құрылымдардың арасынан оны тиімді түрде бөліп алатын белгілі бір қасиеттерге ие болуы, атап айтқанда құрылымдалған, жедел жаңартылатын, иетерактивті, жария және т.б. болуы тиіс. Сонымен, контентті дұрыс таңдау және басшылық жасау тұтастай порталдың табысты жұмыс істеуін анықтайды.

Порталда контенттің ұсынылуы мен таралуын анықтайтын негізгі формалардың бірі тұлғаландыру болып саналады – пайдаланушыны тіркеу жүйесі. Тұлғаландыру көбінесе Web-серверлерде пайдаланылады. Ол үшін ақпаратты сүзгілеу мен пайдаланушының жұмыстарын талдау тетіктері пайдаланылады, олардың көмегімен оны қызықтыра алатын сол саланы анықтай алады.


Порталдарды топтастыру


Порталдардың бірнеше әр түрлі топтастырылуы бар.
1. Контентіне және берілетін қызметіне байланысты бөледі:

  • ақпараттық портал – мұндай порталдың негізгі мақсаты ақпарат беру;

  • бірлесіп жұмыс істеуге арналған портал – мұндай портал негізінен адамдардың өзара әрекеттестігін және компьютерлік технологияларды үйымдастыруға бағдарланған;

  • сараптама порталы – адамдардың тәжірибелері мен мүдделері негізінде олардың бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырумен айналысады (пайдаланушылардың өзара әрекеттестіктен алынған білім деңгейлеріне сараптама жүргізеді);

  • білімдер порталы жоғарыда аталған типтердің өзіне тән үйлесімдері болып саналады, одан басқа қызмет көрсету саласындағы мұндай порталды қамтамасыз ету, уақыттың белгілі бір мезетінде әрбір пайдаланушы орындайтын нақты жұмысты ескеріп, тұлғаландырылған ақпаратты жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету кіреді.


2. Контенттінің әр түрлі жоспарлығына байланысты ажыратады:

горизонталь порталдар – әр түрлі тақырып бойынша қызметтер жинағын ұсынатын жалпы сипаттағы порталдар (Rambler, Yahoo және т.б.);



тік порталдар – нақты тақырыптарға арналған және оның ауқымында белгілі бір қызметтерді ұсынатын порталдар.
3. Ұсынылатын ресурстардың ауқымдылығы мен өлшемділігіне байланысты бөледі:

  • орталық порталдар – негізгі ұйғарылған (ауқымды) ақпараттық ресурстарды кіріктіретін порталдар;

  • аймақтық порталдар – негізінен аймақтық мәндегі және өзі аймақтық ақпараттық жүйенің өзіндік ядросы болып табылатын ақпараттық ресурстарды ұсынуға мамандандырылған порталдар.


4. Ақырғы пайдаланушыға тағайындалуы мен бағдарлануына байланысты ажыратады:

  • бірлестік ақпараттық порталдар – негізінен ішкі пайдаланушыларға (қызметкерлерге) бағдарланған порталдар. Мұндай порталдардың міндеті – ұйымның қызметкерлері қызметтік міндетін орындауы үшін оларды барлық қажетті аспаптық тақталармен қамтамасыз ету;

  • жеткізушілерге бағдарланған порталдар – порталдардың осы типінің міндеті негізінен шынайы уақыт режіміндегі пайдаланушылармен кері байланысты қамтамасыз етуге саяды, мұндай стратегия бизнес-бірлестікке кәсіпорындардың-жеткізушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету дәрежесін арттыруға, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен өзінің шығынын азайтады;

  • әріптестерге бағдарланған порталдар (Бизнес-Бизнес үшін - В2В) өзіндік электрондық базар болып табылады.

  • клиентке бағдарланған портал – әрине бұл тұтынушыларға әр түрлі тауарлар мен кызмет ұсынатын порталдардың сауда-саттық түрі.


5. Мақсатты пайдаланушылар дәрісханасына байланысты:

  • мүдделері алуан түрлі пайдаланушылардың үлкен алуан түрлі топтарына бағдарланған ақпарат жарияланымдарының порталдары. Бұл порталдар тек қана ысылмаған Web пайдаланушыларына бағдарланған іздестіру мен интерактивтік өзара әрекеттестіктің базалық құралдарын ғана ұсынады;

  • белгілі бір мақсаттық дәрісхана пайдаланушыларына қысаң бағытта ақпарат беруді қамтамасыз ететін ақылы порталдар;

  • жалпы мақсаттары мен міндеттері біріккен пайдаланушылардың қысаң қоғамдастық ауқымы бойынша контентті кіріктіретін бірлестік порталдар;

  • нақты пайдаланушылардың ерекше мұқтаждықтары үшін сүзгіленген ақпаратты (қысаң бағытталған хабар) жеткізуді қамтамасыз ететін дербес порталддар.

Барлық порталдар қолдайтын және өзі ортақ тұғыр болып табылатын қызметтер қосымша бағдарламалар мен өте әр түрлі көздерден келіп түсетін ақпаратты аса тиімді басқару үшін негіз болып саналады, қызметкерлердің жүктемелері мен әкімшілік шығынды азайтады. Порталдық технологиялардың негізгі қызметтерінің ішінен бөліп алуға болатындар:

  • порталдық қоғамдастық ұйымдастыратын және пайдаланушыларды тіркеу мен қауіпсіздік саясаты арқылы қызментке қатынауды қамтамасыз ететін қоғамдастықтар қызметі. Сонымен бірлестік қоғамдастықтың ерекше белгілері арқылы топтарды, баптауларды, домендерді басқару мүмкіндіктерін алады;

  • Web-беттің сыртқы түрі мен бапталатын GUI-интерфейсін дайындау жүйесін анықтайтын ақпаратты жинау мен таныстыру қызметі. Бұл қызмет бірлестік ішіндегі әр түрлі ақпарат көздерінен немесе тік немесе мамандандырылған порталдар үшін сырттан ресурстар жинауға жауап береді;

  • үлестіріліп тұлғаландырылған контентті, қосымша бағдарламаларды және ауа райын болжау, жаңалықтар, акцияларды бағалау сияқты және т.б. қызметтерді қамтамасыз ететін тұлғаландыру қызметті. Тұлғаландыру қызметін порталды пайдаланушылардың өзі немесе басшы анықтайды. Дегенмен де сондай-ақ қуатты порталдық тұғыр пайдаланушының мінез-құлқын талдау негізінде порталдың өзімен динамикалық өзара әрекеттестік арқылы тұлғаландыру мүмкіндігін ұсына алады.;

  • жеткізушілер Extranet аясында, әріптестер Internеt арқылы байланыс жасау үшін, сондай-ақ алыстағы пайдаланушылар үшін ерекше маңыздылығы бар қауіпсіздік қызметі. Аутентификацияның бар тетіктерін қолдау үшін порталдық тұғыр жеткілікті икемділікке ие болуы тиіс (мысалы, LDAP, UNIX, Windows NT және басқа сертификаттар);

  • html/xml-қосымшалар (пошта клиенті, файлдық жүйеге қатынау) порталына және т.б. ресурстар ұсыныуды қамтамасыз ететін қосымша бағдарламаларды кіріктіру қызметі. Қызметтер мен архитектураны кіріктіру мүмкіндігі ашық порталдық технологияның негізгі артықшылықтарының бірі болып саналады, өйткені ұйымдарға әлдеқашан бар web-үйлесімді қосымша бағдарламаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу мекемелерінің компьютерлік техникамен және телеқатынастық инфрақұрылыммен жабдықтандырылу дәрежесінің әр түрлілігін ескере отырып, білімдік орта, оның ішінде аймақтағы, әр түрлі оқу мекемелері үшін, олардың жабдықтандырылу дәрежесіне тәуелсіз, іс жүзінде тең мүмкіндіктер беруі тиіс. Одан басқа, оқу мекемелерінің профессор-оқытушылық, педагогтық және әкімшілік құрамының жұмысын ұйымдастыру сезімдік түсінікті интерфейспен жасақталуы және осы орта арқылы өздерінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асыру үшін терең арнайы дайындықты талап етпеуі тиіс.

Білім беретін порталдың міндеттері


Біртұтас білімдік ақпараттық ортаның жұмыс істеуі мен дамуы, сондай-ақ білімдік порталдар жүйесін дайындау келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:

  • Қазақстанның барлық аймақтарында білім беру сапасын арттыру (білім берудегі стандарттау жүйесін дамыту, сертификаттау мен тестілеу үшін біртұтас ортаны қалыптастыру,сапаның білімдік жүйесін дайындау);

  • ақпараттық технологиялар негізінде білім берудің жаңа деңгейіне кезеңдік өту үшін жағдайлар жасау (мүльтимедиадан бастай және контентті жеткізудің желілік жүйелерімен аяқтай отырып, білімдік ақпаратты ұсыну жүйелерін дамыту, қашықтықтан білім беруді дамыту, ашық білім беру жүйелерін дайындау);

  • елдің ғылыми-педагогикалық әлуетін сақтау, дамыту және тиімді пайдалану (жаңа әдістемелік материалдар мен олардың мұрағаттарының түсініктілігін қамтамасыз ету, педагогтың аспаптық құралдарын, оның ішінде желілік аспаптарын, дайындау, педагогтардың өзін-өзі дамытуы үшінжағдайлар жасау, оқытушылар үшін желілік жұмыс орындарының жүйесін құру).

Білімдік портал форумдар ұйымдастыру мен бірлескен жобаларды басқару және ортақтастырылған білімдік технологиялық жүйелерді құру үшін тиімді ортаны іске асыруға мүмкіндік береді (оқу құралының, оқу жоспарларының және бағдарламаларының кешендері, үлестірілген семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар, тестілеу жүйелері және б.).

Білімдік портал дайын ақпаратты, сондай-ақ үлестірілген ғылыми, ғылыми-әдістемелік және білім беру процесін ұйымдастыруды жетілдіруге арналған басқа ақпаратты дайындау, орналастыру мен пайдалану және әр түрлі мекемелердегі оларды басқару, әр түрлі санаттағы пайдаланушыларға ақпаратты ұсыну үшін арналған күрделі адамдық-мәшинелік, бағдарламалық-ақпараттық кешен болып саналады.

Порталды құру мен дамытудағы негізгі мақсат – білім беру процесі субъектілерінің іс-әрекетін ақпараттық-әдістемелік қолдау. Ол үшін білімдік портал үлестірілген білімдік ресурстарды жинақтау мен пайдаланудың кешендік ашық аспабы, білімдік жүйенің беделін қалыптастырудың тиімді құралы болуы тиіс. Білімдік портал мұғалімдерді және әр түрлі санаттағы білім алушыларды ақпараттық-әдістемелік материалдармен жасақтау, білімдік мекемелердегі инновациялық жұмыс істеу тәжірибелерін кіріктіру міндетін орындайтын жүйе болып саналады.

Содан шыға отырып, портал білімдік қоғамдастықтың күрделі адамдық-мәшинелік, бағдарламалық-ақпараттық кешені, білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру мен жетілдірудің, білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік және технологиялық жасақтау сапасын арттырудың, порталды дайындау және тиімді жұмыс істеу шарттарының жиынтығын талап етудің ерекше инфрақұрылымы болып саналады.


Білім беретін порталды дайындау мен дамытудың шарттары


Білім беретін порталды дайындау мен жұмыс істеу шарттарының жүйесі:

  • аймақтың ғылыми-білімдік бірлескен желісінің бар болуы;

  • білім беретін порталды дайындау мен жұмыс істеуінің материалдық-техникалық жасақтамасының бар болуы (порталдың ақпараты мен бағдарламалық кешенін орналастыру үшін меншікті сервер, мамандар үшін жұмыс орындары, Интернет желісіндегі домендік атау мен адрес);

  • порталдың іс-әрекетіне қатысуға өз тілегін білдірген ұйымдарға порталда орналасу үшін ақпараттық материалдар беру;

  • порталдың айдары мен ақпараттық-әдістемелік материалдарын дайындау мен жаңарту үшін білім беретін мекемелердің педагог кадрлары мен мамандарының шығармашылық әлуетін белсенді пайдалану;

  • порталдың бағдарламалық жасақтамасын дайындау мен қолдау үшін, порталдың барлық айдарын ақпараттық толтыру мен жаңартуды дайындау мен үздіксіз басқару үшін мамандар тобының бар болуы;

  • қала мен облыстың білім беретін мекемелері сайттарының жұмыс істеуі мен өзара байланыстары ұстанымдарының негізінде білімдік қоғамдастықтың аймақтық порталының дайындалынған архитектурасы мен бағдарламалық жасақтамасының бар болуы;

  • аймақтық порталда өз іс-әрекеттері туралы ақпаратты үздіксіз жаңартудағы барлық мүдделі білім беретін мекемелердің қатысуы. Білімдік мекемелердің сайтына аймақтық порталдың пайдаланушыларының еркін шығуын қамтамасыз ету үшін меншікті сайттары бар мекемелер аймақтық порталға баннерлер ұсына алуы;

  • пайдаланушылардың әр түрлі санаттары үшін ақпараттық ресурстарға еркін қатынас құрудың бар болуы.

Порталды құру мен дамытудың қағидалары


Орталықтанғыштық. Білім беретін ресурстарды жинақтау.

Жүйелілік. Порталдың тақырыптық айдарларына ақпаратты әзірлеу мен орналастыруға жүйелі көзқарас.

Еріктілік қағидасы. Порталдың айдарын дайындау және басқарудағы барлық қызығушылық танытқан тараптардың ерікті қатысу қағидасы порталдың қызмет етуі мен өз кәсіпорнының, ұйымының, мекемесінің беделін қалыптастырудың негізгі қағидасы болып саналады.

Үлестірілген білім беретін ресурстарды ұжымдық және дербес пайдалану.



Ашықтық. Білім беру қоғамдастығының аймақтық порталын дайындау және қызмет ету кезінде мамандар жүргізетін жұмыстардың барлық түріне еркін, бірақ авторланған қатынас құру.

Инновациялылық. Оқытудың компьютерлік құралдары мен телеқатынастық байланыс құралдарын пайдалану негізінде оқыту технологияларын (қашықтықтық, ашықтық және озық білім беретін технологиялдарды) жетілдіру.

Ақпаратты сараптамалық іріктеу. Ұсынылатын ақпаратқа сараптама жүргізу және қабылданған стандарттардағы ақпаратты орналастыруға ұсыныс дайындау.

Білім беретін ресурстарды дайындауды, жинақтауды, жаңарту мен пайдалануды үздіксіз бақылау және талдау.

Порталдың іс-әрекетін бірлескен қаржыландыру материалдық-техникалық, кадрлық және ақпараттық ресурстарды пайдалануды, ақпараттық-білімдік порталдарды дайындау мен басқаруда бірлесіп істеуге тілек білдіргендерді қамтиды.

Білім беру жүйесінің құраушысы ретінде портал сапалы білімдік және оқу-әдістемелік материалдар кешенін жинау мен дайындауды және өзінікі мен сыртқы білімдік Интернет-ресурстарды іздестірудің тиімді тетіктері есебінен оларға еркін қатынас құруды қамтамасыз ете алады.


Порталда оқу ақпаратын ұсынуды ұйымдастыру


Ақпараттық білімдік порталдың жұмыс істеуінің негізгі мәселерінің бірі оның ақпараттық толтырылуы – контент болып саналады. Оның үлкен дәрежеде толымдылығы мен құрылымдалушылығы оқу процесінде барлық порталды пайдаланудың тиімділігін анықтайды.

Порталжда берілген ақпараттың барлық көлемі бірнеше санатқа бөліне алады:



  • оқу-әдістемелік ақпарат;

  • әкімшілік ақпарат;

  • техникалық ақпарат.

Ақпараттық-білімдік порталдың ядросы болып білімдік ресурстар жүйесі саналады. Ұйымның ақпараттық білімдік порталын дайындаудың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі пайдаланушыларға ұсынуға жоспарланатын білімдік Интернет-ресурстардың каталогтарын дайындау болып саналады:

нақты пайдаланушы үшін ресурстарды іздестірудің тиімді тетігін құру;

әр түрлі санаттарға жататын білімдік ресурстардың бар-жоғын тексеру;

сапалы білімдік Интернет-ресурстарды дайындауға ықпал ету.

Интернет-ресурстар дегеніміз:


  • пайдалану процесінде Интернет арқылы пайдаланушының компьютеріне берілетін мәтіндері, графикті мәтіндері, бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімнің дистрибутивтік жинағын орындайтын мәліметтердің мультимедиасы бар әр түрлі форматтағы файл немесе файлдар жинағы;

  • Web интерфейсі бар интерактивтік жүйелер (ақпараьттық іздестіру жүйелері, мәліметтер банкі мен базалары, сөздіктер, энциклопедиялар, элеектрондық оқулықтар, тестілеу жүйелері, сараптама жүйелері және т.б.).

Білімдік Интернет-ресурстар дегеніміз алдыңғы ұғымның тарылуы болып саналады да олар өзіне мыналарды қамтиды:

Білім берудің белгілі бір сатысында және белгілі бір пән саласы үшін оқыту процесінде пайдалану үшін арнайы дайындалынған Интернет ресурстар (білімдік және оқу-әдістемелік материалдар);

Білім беру жүйесін, білімдік мекемелердің немесе білім беруді бастару органдарының іс-әрекетін ақпараттық жасақтау үшін арналған Интернет ресурстар.

Сонымен, порталдың білім беру ресурстары баспа басылымдарын, ойын-сауық пен ақпараттық жарнамалық материалдарды, Интернет арқылы жеткізілмейтін CD-ROM, магниттік құндақтар және басқа тасуыштарындағы материалдарды қамтымайды.

Қазіргі уақытта порталдарды толтырудың ақпараттық-оқу материалдарын іріктеумен байланысты келесі мәселелерді бөліп алуға болады:

1. Вавилон мұнарасының әсері. Қағаз оқулықтар жағдайында сол бір оқулықты мүлдем әр түрлі оқу мекемелерінде пайдалануға мүмкіндік беретін ортақ стандарттар бар. Оқулық мазмұнынының әмбебаптығынан басқа, ақпарат тасуыштардың – кітаптардың әмбебаптығы да өте маңызды болады. Ал электрондық форматтармен іс басқаша болады. Оқу материалдарын ұсынудың әмбебаптық, ортақ қабылданған форматы жоқ. Электрондық оқу материалдарын дайындаудың жүйесін қамтитын, қашықтықтан және ашық білім беруді ұйымдастыру үшін жеткілікті түрде өте көп қоршамдар дайындалынған. Және әрбір қоршамда электрондық-әдістемелік материалдарды ұсыну мен оларды оқу процесінде пайдаланудың формасы өзінше шешілген. Бұл дегеніміз оқу материалдарының өмірге қажеттілік циклі бірінші кезекте электрондық курстардың мазмұнының маңыздылығына емес, бұл курстардың ұсынылу формасының қаншалықты қолайлы екендігіне байланыстылығын білдіреді. Қоршамдағы материалдың ерекше ішкі ұсынылуымен дайындалынған оқу материалының өмірге қажеттілік циклі қоршамның өзінің өмірге бейімділігімен мықты байланысты болады.

2. Оңашаланушылық. Оқу материалын ұсыну форматының ерекшеленушілігі оның қолданылу ауқымында бірден шектеуге қабілетті болады. Мысалы, егерде курс кейбір қоршамда материалдарды ұсынудың ерекше ережелерімен ұйымдастырылған болса, онда осы қоршамда оны пайдаланудың да мүмкіндіктері шектелген болады.

3. Ақпараттық технологиялардың күрделілігі. Бірінші кезекте бұл курс материалы бойынша сауатты бағыттауға және мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалануға қатысты болады.

4. Жүйесіздік. Дайындаушы әрқашанда жұмыс істегенде өзі әлдеқашан білетін амалдарды пайдалануға тырысатынын практика көрсетеді. Мысалы, материалды теру кезінде құжаттарды дайындаудың кез келген редакторы автоматтық құралдарды ұсынғанымен, тасымалдарды қоюда қол тәсілін және беттерді қолмен нөмірлеуді пайдаланады. Нәтиже ретінде – материалды түзетуде қиындықтар мен басқа да жағымсыз мәселелер туындайды. Қорытындыда дайындалынған материал ақпараттық мәнер көзқарасы тұрғысынан жүйесіз және технологиялық емес ұйымдастырылады.

5. Экономикалық тиімсіздік. Әдетте, автор курсты әзірлеудің барлық кезеңінен өте отырып, оны «нөлден» бастап дайындайды. Сапалы жұмыс істеу үшін курс контентін дайындауды (осы кезде курстың үлкен блоктары басқа орындарында әлдеқашан бар оқу ресурсын қайталай алады), курсты сауатты іске асыру бойынша web-маманның жұмысын, көрнекі құралдар дайындау үшін мулььтимедиалық технологиялардағы маманды қамтитын тұтас технологиялық тізбектен өту қажет. Авторлық құқықты тіркеу, курстың сараптамалық бағалауын өткізу, оны рецензиялау қажет. Курсты пайдалану техникалық қолдауды және Интернет ресурстарын талап ете алады. Егерде курсты студенттердің шектеулі контингенті пайдаланатын болса, онда қаржылық тарапынан да, әрекетке тартылған адамдық ресурстар көзқарасы тұрғысынан да бір студентке тән меншікті өзіндік құн оны классиқалық әдістермен оқытудың өзіндік құнынан айтарлықтай жоғары болады.

6. Білім беру қызметкерлерін жаппай тартудың қиыншылықтары. Оқытушыларды өзінің ақпараттық ресурстарын дайындауға тарту үшін қанша күш талап етілетіні жақсы белгілі. Оқытушылар жиірек кертартпа – жүйенің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ететін пайдалы сапа. Өкінішке қарай, бұл сапа жұмыс істеудің қағидалық жаңа әдістерін енгізудің қиыншылықтарымен байланысты болады. Ақпараттық технололгиялар саласындағы оқытушылардың және білімдік процестің басқа қатысушыларының бірдей емес дайындығы, белгілі бір психологиялық кедергінің бар болуы істі тереңдете түседі.

Порталдар жүйесінің біртұтас ақпараттық ортасын дайындау үшін сауатты және тыңғылықты түрде ойланған технологиялық саясат жүргізу талап етіледі. Алайда, көпшілігі күшті саясат, мысалы, стандарттар енгізу, білім беруде кең өлшемді ақпараттық ресурстар дайындау процесін тежеуге қабілетті деп санайды. Демек оқытушыларға компьютермен белсенді жұмыс істеуді бастау қиын, ал технологиялық шектеулер бар кезінде қосымша кедергілер пайда болады. Бұл пікір қате. Бұл мәселелерді шешуде мұнда жұмыс істеудің жаңа формасын алға жылжытатын, ақпараттық технолдогиялардың мүмкіндіктерін көрсететін, ресурстар алмасудың біртұтас ортасын қалыптастыратын, білімдік процестің қатысушыларын қажетті аспаптармен жасақтайтын білімдік порталдар жүйесі үлкен рөл атқарады. Білімдік порталдардың жұмыс істеу моделі осы міндеттерді шешуге бағынатын болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет