Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ


Білім беру порталы – мұғалімдердің инфокоммуникациялық өзара әрекеттестік ортасы



бет2/3
Дата12.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#131056
1   2   3

Білім беру порталы – мұғалімдердің инфокоммуникациялық өзара әрекеттестік ортасы

Ақпарқатынас технологиясы – бұл жергілікті деңгейде де (мысалы,бір немесе бірнеше ұйымның аясында), ауқымды деңгейде де, оның ішінде Бүкіләлемдік ақпараттық Интернет желісі, пайдаланушылардың ақпараттық өзара әрекеттестігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдаланып кез келген түрде ұсынылған (символьдық, мәтіндік, графикалық, аудио-, бейнеақпараттық) ақпаратты өңдеу, алмасу, тасымалдау, тарату амалдарының, әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы (4).

Ақпарқатынастық технология жүйесінің құралдары компьютерлік (жергілікті, ауқымды) желілер және телефондық, телекөріністік, серіктік байланыс құралдары негізінде жұмыс істейді, жеткізу-қабылдау жүйелеріне бірігеді, жеке пайдаланушылардың, сондай-ақ мекемелердің, ұйымдардың, аймақтардың және елдердің ақпараттық өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді. Бұл мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне ақпаратты тек ақпараттық ресурс түрі бойынша ғана емес, өзара әрекеттестік режімі бойынша да алмастыруға мүмкіндік береді. Байланыс аймақтың немесе ауданның бірнеше оқу орындарында білім алатын бірнеше топтың бір мезгілде оқуын (қажет кезінде бір оқытушы да) ұйымдастыруға мүмкіндік беретін синхрондық ақпарқатынастық режімде жүзеге аса алады. Байланыс асинхронды телеқатынастық режімде де, яғни уақыт бойынша кідіріп те, жүзеге аса алады.

Ақпарқатынастық білімдік орта – бұл шарттар (педагогикалық талаптар) жиынтығы, олар төмендегілерді қамтамасыз етеді:



  • ақпараттық ресурстармен, оның ішінде Интернет ауқымды желісінің үлестірілген ресурстарымен, білімдік процесс субъектілерінің іс-әрекетін (ақпаратты жинау, өңдеу, өнімге айналдыру, хабарлау және қолдану) жүзеге асыру;

  • ақпараттық және қатынастық технологиялардың интерактивті құралдарының көмегімен іске асатын білімдік процесс субъектілерінің арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

  • білімдік процесс субъектілері мен интерактивтік үлестірілген ақпараттық процесс арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестікті жүзеге асыру.

Ақпарқатынастық орта көптеген ақпараттық объектілерден және олардың арасындағы байланыстардан, ақпаратты жинау, жинақтау, жеткізу (хабарлау), өңдеу, өнімге айналдыру және тарату құралдары мен технологияларынан, білімдерден, аудиокөріністік ақпаратты жаңғыру құралдарынан, сондай-ақ ақпараттық процестер мен ақпараттық өзара әрекеттестікті қолдайтын ұйымдастыру мен заң құрылымдарынан тұрады [4].

Ақпарқатынастық ортаны құра отырып, қоғам онда жұмыс істейді, түрін өзгертеді және оны жетілдіреді.

Ақпарқатынастық ортаны құру клиент-серверлік технологияны пайдалануды ұйғарады. Жүйенің жұмыс істеуіне қажетті мәліметтер компьютер-серверде сақталады, ал оған қатынас құру клиенттік қосымша бағдарлама (немесе қосымша бағдарламалар) арқылы іске асады. Бұл технологияны іске асыру пайдаланушы-клиенті (клиент деңгейі), МБ сервері (мәліметтер базасы деңгейі), сондай-ақ қосымша бағдарламалар сервері (өзімен мәліметтермен жұмыс істеу логикасы мен ақпаратты қорғау жүйесін алып келетін орта деңгей) бар үшжұлдызды архитектура моделін құру арқылы мүмкін болады. Клиенттер талабы бойынша Қосымша бағдарламалар сервері МБ-ның серверіне сұранысты жүзеге асырады, клиенттердің сүйемелдеуі мен дайындау жұмыстарын жеңілдетеді. Жеке үзінділерге бөлінген қосымша бағдарламалар сәйкес операцияларды қосымша бағдарламалардың серверіне тасымалдай отырып, мәшине-клиентке де, МБ серверіне де жүктемені азайтады. Сол кезде қосымша бағдарламалардың серверлік бөлімі жақсы қорғалатын болады.

Білімдік процес үшін ақпарқатынастық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйені құрудың технологиялық амалдарын қарастыралық.

Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйені (БААЖ) құру, бағдарламалық-аппараттық құралдар мен мамандандырылған ақпараттық жасақтама бар болуы кезінде, білімдік процестің ақпарқатынастық ортасының табысты жұмыс істеуіне негіз болып саналады. Білімдік процестің ақпарқатынастық ортасының жұмыс істеуі кезінде оқу орны бөлімшелерінің жеке ақпараттық желілерінде көлемі кез келген ортақ ақпараттық ресурстардың міндетті түрде бар болуы ұйғарылады. Бұл ақпараттық ресурстар тұтастай оқу-тәрбие процесі мен ғылыми-педагогикалық зерттеулердің құрылымы мен мазмұны туралы мағлұматтар сияқты, оқу процесі мен ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдық сүйемелдеуді, оқу процесінің ақпараттық-әдістемелік жасақтамасын автоматтандыруды, ғылыми зерттеулерді және нақты ерекше ғылыми-зерттеу мәселелері мен оқу мақсатының педагогикалық міндеттерін шешу процестерін басқаруды қамтамасыз ететін қосымша бағдарламаларды да қамти алады.

Қашықтықтан оқытудың ақпарқатынастық ортасының жұмыс істеуінің негізгі міндеті қазіргі уақытта бар ғылыми-педагогикалық мақсаттағы үлестірілген ақпапраттық ресурстарды тиімді пайдалану негізінде білім алушылардың қажетті мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету болып саналады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ұйымдастыру және атқарушы блоктарынан тұратын білім беретін порталдың құрылымы анықталды (1-сурет).

Білім беретін порталдың ұйымдастыру құрылымы келесі құрамнан тұрады:



Порталдың ғылыми-әдістемелік кеңесі – порталдың бас басқарушы органы.

Порталды дайындау мен жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды Үйлестіріші жалпы басшылықты және порталды дайындау мен оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды (порталды қаржылық, материалдық және құқықтық сүйемелдеу)қамтамасыз етеді.



Порталдың ғылыми жетекшісі:

  • порталдың айдарындағы ақпаратты жинау мен сапалы ұсынуды жасақтайтын және айдардың мазмұнын динамикаық жаңартуға жауап беретін порталдың редакциялық алқасын қалыптастырады;

  • білімдік материалды іріктеу мен дайындау бағыттары бойынша тақырыптық топтардың жетекшілерінің кандитурасын ұсынады және білім беретін мекемелердің ең тәжірибелі педагогтарынан топтарды қалыптастыруды бақылайды;



Сурет 1 - Оқыту порталының ұйымдастырушы құрылымы


  • порталды дайындау мен сүйемелдеу үшін технологиялық топтың құрамын ұсынады;

  • жобаны тұтастай жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды.

Редакциялық алқа – келесі міндеттерді орындайтын атқарушы орган:

  • Қажетті ақпаратты жоспарлы түрде жинау;

  • порталдың айдарын білімдік-ақпараттық ресурстармен өз уақытында сапалы толтыру және жаңарту;

  • порталдың тақырыптары бойынша ақпараты бар басқа білімдік мекемелердің сайттары мен тақырыптық сайттарына сілтемелерді қалыптастыру;

  • қажетті стандарттарда ақпараттық-әдістемелік материалдарды дайындау;

  • порталдың айдарын ақпараттық толтыру бойынша ағымдағы ұйымдастыру мәселелерін шешу.

Сараптамалық топ – келесі міндеттерді орындайтын атқарушы орган:

  • ерекшеленген басым бағыттар бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдарды іріктеу және дайындау;

  • редакциялық алқаның ұсынуы бойынша бар үлестірілген ресурстарды талдау;

  • ақпараттық және оқу-әдістемелік материалдарды порталға орналастыруға ұсыныстар дайындау.

Бағдарламалық жасақтама тобы және порталды басқару – келесі міндеттерді орындайтын атқарушы орган:

  • Порталдың бағдарламалық кешенін дайындау және сүйемелдеу;

  • Порталды (серверді) басқару және сүйемелдеу;

  • Білімдік бағыттағы бағдарламалық өнімдерді дайындау.



Білім беру порталы жағдайында субъектілердің қашықтықтан өзара әрекеттестігі


Педагогикалық жоспардағы өзара әрекеттестік білімдік пен тәрбиелік процестердің өзіндік бар болуын анықтайды, онымен педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұны, әдістері мен формасы байланысты.

Бүгінгі таңда бұл процесс білім алушыны сыртқы әрекеттер мен ықпалдар объектісі ретінде емес, білімдік процесс қатысушысының өзгерістер субъектісі ретінде, шығармашылық тұлға ретінде қарастырады. (В.П.Беспалько, М.В.Кларин, В.Ф.Шаталов). Осыған байланысты 2-суретте білім беретін порталдың өзара әрекеттестігінің негізгі міндеттері бейнеленген.



Білім беру порталы жағдайында мұғалімдердің өзара әрекеттестігінің құралдарын таңдау кезінде электрондық оқытудың құралдарын таңдаудың келесі негізгі критерийлерін ескеру мақсатқа сәйкес болады, өйткені олардың әмбебаптығына сай оларды мұғалімдердің өздерінің өзара әрекеттестігін жүзеге асыру құралдарына ауыстыруға болады:

Қызметтілік. Жүйеде форумдар, чаттар, білім алушылардың белсенділігін талдау, курстар мен білім алушыларды басқару сияқты әр түрлі деңгейдегі, сондай-ақ басқа да қызметтер жинағының бар болуын білдіреді;

Сенімділік. Бұл параметр басшылық етудің қолайлылығын және бар үлгілер базасында контентті жаңартудың қарапайымдылығын сипаттайды. Басқарудың және сыртқы әрекеттерден қорғаудың қолайлылығы пайдаланушылардың жүйеге қарам-қатынасына және оны пайдалану тиімділігіне маңызды ықпал етеді.;

Тұрақтылық. Жұмыс істеудің әр түрлі өзара байланысы бойынша жүйенің жұмыс істеу тұрақтылығының дәрежесін және пайдаланушылардың белсенділік дәрежесін білдіреді;

Құндылық. Жүйенің өз бағасынан, сондай-ақ оны ендіру, курстарды дайындау мен сүйемелдеу, тыңдаушыларға (студенттерге) берілген лицензия саны бойынша шектеулердің бар немесе жоқ болу шығындарынан жинақталады;

Контентті дайындау құралдарының бар болуы. Оқу контентінің құрамдас редакторы тек курстарды дайындауды жеңілдетіп қана қоймай, мақсаты әр түрлі білімдік материалдарды біртұтас ұсынуды кіріктіруге мүмкіндік береді;

SCORM-ды қолдау. SCORM стандарты электрондық курстарды алмасудың халықаралық негізі болып саналады және жүйеде оны қолдаудың жоқ болуы ұтқырлықты төмендетеді де тасымалданатын курсты дайындауға мүмкіндік бермейді;

Білімдерді тексеру жүйесі. Он-лайн режімінде оқушылардың білімін бағалауға мүмкіндік береді. Әдетте мұндай жүйе өзіне тестілерді, тапсырмаларды және форумдарда білім алушылардың белсенділігін бақылауды қамтиды, сондай-ақ мұндай жүйені кері байланыс пен форумдарға қатысушылардың белсенділігін бақылау үшін пайдалануға болады;

Модульдік. Қазіргі заманғы жүйелерде электрондық оқыту курсының өзі басқа курстарда пайдалануға болатын оқу материалы микромодульдерінің немесе блоктарының жинағын ұсына алады;

    Пайдаланудың қолайлығы. Жаңа жүйені таңдау кезінде оны пайдаланудың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету қажет. Бұл маңызды параметр, өйткені әлуетті оқушылар ешқашанда үлкен болып көрінетін немесе бағыттау кезінде қиындық туғызатын технологияларды пайдаланбайды. Оқыту технологиясы түйсікті түрде түсінікті болуы тиіс. Оқу курсында көмек менюін табу оңай болуы тиіс, бір бөлімнен екінші бөлімге өту және нұсқаушымен қарым қатынас жасау жеңіл болуы тиіс.

Қатынас құруды қамтамасыз ету. Оқу бағдарламаларының уақыт пен кеңістік бойынша орналасуына, сондай-ақ білім алушылардың мүмкіндіктерін шектейтін мүмкін болатын факторларға (организмнің шектелген қызметі, көрудің әлсіреуі) байланысты білім алушылардың оған қатынас құруына кедергілер болмауы тиіс. Сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманың шектелген аясын қолдайтын «кешегі күннің» технологияларын пайдалану әлуетті пайдаланушылардың аясын айтарлықтай тарылтады.

Сурет 2 - Мұғалімдердің өзара әрекеттесуі. (мұғалім, оқушы, қоғамдастық, ата-аналар және т.б.)
100% мультимедиалылық. Контент ретінде тек мәтіндік, гипермәтіндік және графикалық файлдарды ғана емес, және де әр түрлі файлдық форматтардың аудио, бейне, gif- және flash-анимацияларынды, 3D-графиктерді пайдалану мүмкіндігі.

Өлшемделушілік пен кеңеюшілік. ҚОҚ-ы бойынша білім алатын тыңдаушылар аясы ретінде кеңейту, оқыту мен білім беру бағдарламалары мен курстарын үстемелеу мүмкіндігі.

Тұғырдың даму болашағы. ҚОҚ дамитын орта болуы тиіс, жаңа технологиялар, стандарттар мен құралдар қолдайтын жүйенің жаңа, жақсартылған нұсқалары шығуы тиіс.

ҚОҚ-ның кросс-тұғырлылығы. Идеал жағдайда қашықтықтан оқыту жүйесі серверлік деңгейде де, клиенттік мәшине деңгейінде де қандайда бір операциялық жүйеге немесе ортаға байланбайтын болуы тиіс. Пайдаланушылар қосымша модульдерді, бағдарламаларды және т.б. жүктеместен стандартты құралдарды пайдалануы тиіс.

Техникалық қолдаулардың сапасы. ҚОҚ-ның жұмыс істеу қабілеттілігін, тұрақтылығын қолдаудың, ҚОҚ-н дайындайтын бірлестіктің мамандарын да, ұйымның меншікті қолдау қызметінің мамандарын жұмылдырып қателіктер мен олқылықтарды жою мүмкіндігі.

Өнімді ұлттық оңашалаудың бар (жоқ) болуы. Өнімнің оңашаланған нұсқасы курстарды дайындау, басшылық ету үшін де, білімдік қызметтердің ақырғы пайдаланушылары үшін де аса ынтымақты.

Қашықтықтан оқытудың ақпарқатынастық ортасын дамытуды қолдау мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін келесі салалық банктер мен мәліметтер базасы (МБ) әзірленген болуы тиіс:



  • Ғылыми-педагогикалық өнімнің мазмұндалған көздерінің МБ, оның ішінде білімдік бағыттағы электрондық құралдар мен оқу бағытындағы бағдарламалық өнімдердің аспаптары;

  • Білімдік бағыттағы өнімдерді дайындаушылардың МБ (ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік, бағдарламалық-әдістемелік, білімдік бағыттағы электрондық құралдар), оқу жабдықтарын дайындаушылар, аспаптар, білімдік мекемелерді жабдықтауға арналған оқу-әдістемелік кешендер;

  • Білім беру саласындағы ғылыми-зерттемелік, оқу-әдістемелік материалдар мен дайындамалардың МБ;

  • Білімдік бағыттағы өнімдерді дайындау мен пайдалануға арналған құрастыру-технологиялық, нұсқаулық және нормативтік-әдістемелік құжаттамалардың МБ;

  • Пайдаланушылардың МБ;

  • Білімдік объектілердің банкі;

  • Тестілік тапсырмалардың және т.б. МБ.

Білімдік процестің өзара әрекеттестігінің ақпарқатынастық құралының негізі оқу және ғылыми-зерттемелік бағыттағы қосымша бағдарламаларды дайындауға, пайдалануға және сүйемелдеуге келісілген, оның ішінде желілерде іске асырылған, талаптарға сәйкес жүзеге асырылған біртұтас ақпараттық кеңістіктің дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйе болуы тиіс.

Ақпараттық өзара әрекеттестіктің негізгі қатысушылары мұғалім мен оқушы болып саналатын оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі білімдік бағыттағы ақпараттық өзара әрекеттестік екі нұсқада ұсынылатын бола алады. Ақпараттық өзара әрекеттестіктің бірінші нұсқасында оқу әрекеттестігінің тек екі қатысушысының (мұғалім мен оқушылардың) арасында ғана кері байланыс бар болады және оқытудың қосымша құралдарын (кесте, модель, аспап, оқу кітады және т.б.) пайдалану ұйғарылмайды. Оқу процесінде интерактивтікке ие емес дәстүрлі оқыту құралдары (кесте, модель, аспап, оқу кітады және т.б.) пайдаланылатын ақпараттық өзара әрекеттестіктің екінші нұсқасында да оқу әрекеттестігінің тек екі қатысушысының (мұғалім мен оқушылардың) арасында ғана кері байланысты бақылауға болады. Білімдік бағыттағы ақпараттық өзара әрекеттестіктің екі нұсқасындағы оқушының белсенділігі кітаптардан ақпаратты іздестіру мүмкіндігімен шектеледі.

Білімдік бағыттағы ақпараттық әрекеттестіктің мұғалімдер (оқушылар), мұғалімдер мен білімдік порталдағы жұмыс істейтін оқыту құралдары арасындағы, олардың әр қайсысымен кері байланыс бар кезіндегі, нұсқаны қарастыралық. Білімдік порталда жұмыс істейтін оқыту құралында оқыту нәтижелерін бақылауды немесе өзіндік бақылауды, белгілі бір білімдерді немесе біліктерді қалыптастырудың жаттығуын, жаңа білім алу процесіндегі түзетуді қамтамасыз ететін оқыту технологиясының элементтері құрамдасқан. Осы кезде пайдаланушылар мен ақпараттандыру және қатынас құралдарының арасында кері байланыс болуы мүмкін: ақпараттық-іздестіру іс-әрекеті, ақпаратты жинау, өңдеу, жеткізу, таралымдау, жеңіл қатынас құру мүмкіндігі бар көлемі жеткілікті үлкен ақпаратты мұрағаттық сақтау және пайдаланушының орталық мәліметтер банкіне қарым-қатынас жасау.

Осы кезде білімдік процестегі ақпараттық өзара әрекеттестік құрылымда мұғалім үшін де, оқушылар үшін де интерактивтік әріптес пайда болады. Мұғалім оқу материалдарын қайталап айтуға уақыт жұмсамайды, шщығармшылық және басқарушылық міндеттерді шешеді. Сондай-ақ оқушының рөлі де өзгереді, ұсынылған ақпаратты енжар пайдаланушщыдан ол ақпаратты іздестіру жолына, оны (салыстырмалы аз уақыт аралығында үлкен көлемді ақпароатты) өңдеуге, жеткізуге өтеді. Сонымен, білім алу процесі оқу міндеттерін (мәселелерін) өз беттерімен қою, оны шешу үшін жорамал ұсыну, оның дұрыстығы мен тұжырымдалу қорытындысын тексеру және ізделінді заңдылықтар бойынша қорыту деңгейіне өтеді. Осы кезде білімдік порталдағы бар ақпараттық құралдарды пайдаланатын оқу іс-әрекетінің ұжымдық формалары мен түрлері маңызды болады.

Білім беру порталындағы үлестірілген ақпараттық білімдік ресурс көзімен студенттер, оқытушылар жұзеге асыратын білімдік процестегі қашықтықтан өзара әрекеттестіктің құрылымы (3-сурет).

Сурет 3 - Оқу-педагогикалық өзара әрекеттестік моделі
Бұл жағдайда білім беру порталы ақпараттық ортаның ақпараттық әлеуетін ұсына отырып, тек оқу ақпаратының ғана көзі болып саналмайды, және де оқушылармен де, мұғалімдермен де іс-әрекетті жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ашық білім беру идеяларын іске асыруға бақытталған кіріктіру сипатындағы ақпараттық өзара әрекеттестікті және ақпараттық ортаның барлық ақпараттық әлеуетін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Білім беру жүйесінің құраушысы ретінде портал сапалы білім беру және оқу-әдістемелік материалдар кешенін жинау мен дайындауды және өзінікі мен сыртқы білім беру Интернет-ресурстарды іздестірудің тиімді тетіктері есебінен оларға еркін қатынас құруды қамтамасыз ете алады.

Білім беру порталы тиімді орталарды іске асыруға және бірлескен жобаларды жүргізуге және ортақтастырылған оқыту технологиялық жүйелерін құруға мүмкіндік туғызады (оқу құралдарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, бөлінген семинарлар, практикалық және лабораториялық сабақтар, тестілеу жүйелері және басқалары).

Қазіргі уақытта білім беру мекемесіндегі оқу үдерісін қолдауға бағытталатын білім беру жүйелерін әзірлеу бойынша белсенді зерттеулер іске асырылуда. Білім беру порталдарын дайындаудың бір тәсілі – үлгілерді, контентті (CMS) басқару жүйесін пайдалану. Ережедегідей, бұл РНР технологиясында дайындалынған сайттар мен порталдар. CMS негізінде дайындалынған білім беру порталдары мақалалар мен құжаттарды жариялау секілді интерактивтік мүмкіндіктерді ұсына, фотографияны, аудио және бейнежазбаларды үстемелей, өзінің түсініктемелерін қалдыра, өз беттерінің дизайнын қалыптастыра, блогтарды, викилерді, форумдарды, чаттарды, оқу материалдарын жариялауды, тестілеу жүйесін және көптеген басқаларды жүргізе алатындығымен өтеледі.

Қазіргі заманғы Веб 2.0 технология үлкен танымалдылыққа ие бола бастады, осы технологияны пайдаланып дайындалынған порталдар мен сайттар білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен интерактивтік мүмкіндіктерді ұсынады. Осы технологияға Moodle (www.moodle.org), Atutor (http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS (http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS (http://www.ilias.de/index.html) секілді және б. танымал CMS-терді жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет