3.1.2 Зертханалық жұмыс
№2. Координаталарды анықтау дәлділігін бағалау
Зертханалық тапсырманы далада, ашық орында аспан астында орындау ұсынылады.
Компьтерді қосыңыз және Windows операциялық жүйесінің толықтай жүктелуін күтіңіз.
GPS модулінің жұмыс жасау режимін ажыратып-қосқышты жоғарғы жағдайда орнатыңыз (3.1-сурет), ол модулдің штаттық жұмысына сәйкес болады.
USB кабельін қолдана отырып GPS модулін компьютерге қосыңыз, осылайша модулдің қорек көзі компьютер арқылы жүзеге асырылады.
EB View бағдарламасын іске қосыңыз.
Жұмыстың орындалу тәртібі: спутникті навигация модулінің (3-сурет) коаксальді біріктіріп-ажыратқыш бөлігіне қашау антеннасын қосыңыз.
Осы координаталарды есеп беру парағына жазып алыңыз (компас және өлшегіш қондырғы құрамына кірмейді). Одан соң, компас пен өлшеуіш қашықтығын өлшей ОҢТҮСТІККЕ 10 м-ге өтіңіз. Координатаның еңдігі мен бойылығын (3.3 және 3.4 сурет) есептелуін жазып алыңыз. Спутниктер сигналдар деңгейлерін жазып алыңыз.
Содан соң ШЫҒЫСҚА 10 м-ге ауыстырыңыз. Сол еңдігі мен бойлығы координаттарын еңгізіңіз (3.3 және 3.4 сурет). Спутниктер сигналдар деңгейлерін (3.4 сурет) жазып алыңыз.
Микрожолақты керамикалық антенна және белсенді антенна үшін ұқсас зерттеулер жүргізіңіз.
Әр түрлі тиімдікпен антенналарды қолдану жағдайында координаталарды анықтау қателігін есептеңіз (спутниктер сигналдарының сигнал/шуыл қатынастарының әр түрлі кезінде).
Орналасқан жердің координатасын анықтау дәлділігіне спутниктер сигналдар деңгейіне антеннаны экрандауы әсер ету жайында қортынды жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |