Зертханалық тапсырманы далада, ашық орында аспан астында орындау ұсынылады.
Компьтерді қосыңыз және Windows операциялық жүйесінің толықтай жүктелуін күтіңіз.
GPS модулінің жұмыс жасау режимін ажыратып-қосқышты жоғарғы жағдайда орнатыңыз (3-сурет), ол модулдің штаттық жұмысына сәйкес болады.
USB кабельін қолдана отырып GPS модулін компьютерге қосыңыз, осылайша модулдің қорек көзі компьютер арқылы жүзеге асырылады.
EB View бағдарламасын іске қосыңыз.
Жұмыстың орындалу тәртібі: спутникті навигация модулінің коаксальді біріктіріп-ажыратқыш бөлігіне қашау антеннасын қосыңыз.
EB View бағдарлама терезесіндегі (3.2 сурет) ақпаратты алмасу кодограммасын бақылаңыз. Қажет болған жағдайда, «Off» бағдарламалық батырмасын басу арқылы, хабар алмасуын тоқтату мүмкін болады (яғни хабар терезесінде кодограмманы «айналдыру» тоқтату).
Келесі кодограмма типтерін есеп беру парағына еңгізіңіз:
$GPRMC,
$GPVTG;
$GPZDA;
$GPGGA;
$GPGLL;
$GPGSA;
$GPGSV;
Төмендегі шаблонда сипатталуына байланысты кодограмма мәтінің шифрлеңіз.
Кодограмма модулі келесі құрылымға ие:
Барлық хабарламалар $GP символдарынан басталады, одан ары 3 хабарламаның сәйкестендіргіш форматы. Хабарламадағы мәліметтер үтір арқылы бөлінеді, нөлдер түспейді. Соңында '*' символыннан кейін қортынды сомасы тұруы мүмкін. Соңғыларды қоспағанда, $ және * бөлгіштер арасында орналасқан, бос орынды қоса алғанда, хабарламаның барлық символдары 8 бит қортынды соммасы болады (НЕМЕСЕ, XOR басқа).
RMC кодограммасы, уақыт мәліметінен, орналасқан жерінен, курсы мен жылдамдығынан тұрады.
Кодограмма мысалы:
$GPRMC,181057.000,A,5542.2389,N,03741.6063,E,0.47,74.50,190311,,,A*51 Мұндағы:
181057.000 – уақыт 18.10.57.;
A – мәліметтер деректі, V – дерексіз;
5542.2389,N – еңдігі («N» солтүстік үшін немесе «S» оңтүстік еңдік үшін);
03741.60637,E – ұзақтылығы («E» шығыс үшін немесе «W» батыстық ұзақтылық үшін);
0.47 – жылдамдық (түйіндер сағатқа);
74.50 – градустағы жолдық бұрыш (жылдамдылық бағыты). Құбылмалы нүктесіндегі сан. Ауыспалы ұзақтықтың бүтін және бөлшек бөліктері.
Мәні 0-ге тең болған жағдай солтүстікке қозғалуына, 90 – шығыс, 180
– оңтүстік, 270 – батыс-қа сәйкес болады;
190311 – күні 19.03.2011;
градустағы магниттік бейімделу, кейбір модельдер бойынша есептелген, жоқ болуда.
магниттік бейімделу бағыты, жоқ.
A – режим: «A» – автономдық, «D» – дифференциальдық, «E» – жуықтау, «N» – дерексіз мәліметтер.
*51 – қортынды соммасы.
VTG кодограммасы ағымдағы ақиқат курс бағытын және жерге (SOG) қатысты жылдамдықтан тұрады.
Кодограмма мысалы
$GPVTG, 74.50, T, M, 0.47, N, 0.87, K, A*07 Мұнда:
74.50,T – градустағы курс бағыты;
M – магниттік бейімделу бағыты, жоқ;
0.47,N– жылдамдық (түйіндер сағатқа);
0.87,K– жылдамдық (км сағатқа); A - деректі мәліметтер; *51 – қортынды соммасы.
3. ZDA кодограммасы UTC бойынша уақыт туралы ақпараттан, күнтізбелік күн, ай, жыл және локальдік уақыт белдеуінен тұрады.
Кодограмма мысалы:
$GPZDA, 181057.000,19,03, 2011, *55 Мұнда:
181057.000 — уақыт;
19 — сан;
03 — ай;
2011 — жыл;
— сағаттық белдеу, GMT жылжыту, 00 ден ± 13 сағатқа дейін, жоқ; *55 — қортынды соммасы.
4. GGA кодограммасы орналасқан жері жайында GPS мәліметтерінен, уақыттан, мәліметтер сапасынан, қолданылған спутниктер санынан тұрады. Кодограмма мысалы:
$GPGGA, 181058.000, 5542.2389, N, 03741.60637, E,1,8, 1.34, 115.0, M,
14.6, M, *54 Мұнда:
181058.000 — уақыт;
5542.2389, N — еңдігі;
03741.60637, E — ұзақтылығы;
— GPS fix ( 0 = мәліметтер дұрыс емес, 1 = Позиция жазып алынған,
= DGPS (аса жоғарғы дәлділік));
8 — Спутниктер саны;
1.34 — HDOP, көлденең анықтылық;
115.0, M — теңіз деңгейінен жоғарғы биіктік;
14.6,M — Геоидальдық айырмашылық — WGS-84 жердік эллипсоида мен теңіз деңгейі (геоидом) арасындағы айырмашылық; — DGPS соңғы жаңару кезінен басталған уақыт, жоқ; *54 — қортынды соммасы.
GLL кодограммасы географиялық еңдік туралы GPS–мәліметтерінен, координаталарды анықтау уақыты мен ұзақтылығынан тұрады.
Кодограмма мысалы:
$GPGLL, 5542.2389, N, 03741.60637, E,181058.000,A,A*59 Мұнда:
5542.2389, N — еңдігі;
03741.60637,E — ұзақтылығы;
181058.000 — орналасқан жерін анықтау моментіне гринвичтік уақыт; А — мәліметтер дұрыс; *59 — КС.
GSA кодограммасы навигациялық тапсырмаларды есептеу кезінде қолданылатын, спутниктер параметрлерінен, қабылдағыш GPS жұмыс режимінен тұрады.
Кодограмма мысалы:
$GPGSA,A,3,27,17,26,18,09,28,15,08,,,,,2.35,1.34,1.93*0A Мұнда:
A — режим (М — Manual, forced to operate in 2D or 3D, А — авто
3D/2D);
3 — режим (1 — тіркемеген, 2=2D, 3=3D);
3...14 — SVs идентификаторлары позицияны тіркеу үшін қолданылады;
2.35 — PDOP идентификаторы (орналасқан жері бойынша
анықтылығының төменделуі);
1.34 – HDOP идентификаторы (көлденең жазықтықтағы анықтылықтың төменделуі);
1.93 – VDOP (тік жазықтықтағы анықтылықтың төменделуі).
7. GSV кодограммасы олардың әрқайсысы үшін сигнал/шуыл қатынасының мәнің, азимутты, жоғарлауын, оның номерлерін, көрінетін спутниктер санын көрсетеді.
Кодограмма мысалы:
$GPGSV,4,1,13,28,65,075,17,26,53,202,37,15,50,278,17,27,39,290,24*7D
4 – хабарламаның толық саны, 1 ден 9-ға дейін;
1 – хабарлама саны, 1 ден 9-ға дейін;
13 – көрінетін спутниктердің толық саны;
28 – PRN спутниктің номері;
65 – биіктігі, градустары, (90° – максимум);
075 – ақиқат азимуты, градустары, 000° ден 359° дейін;
17 – Сигнал/шуыл қатынасы 00 ден 99 дБ дейін, сигнал жоқ болған жағдайда – нөл;
Тура сондай 2- спутник үшін, 26,53,202,37;
Тура сондай 3- спутник үшін 15,50,278,17;
Тура сондай 4- спутник үшін 27,39,290,24; *7D – қортынды соммасы.
Достарыңызбен бөлісу: |