Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х. Дулати атындағы


СПУТНИКТІК БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЖЕЛІСІ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ



бет3/35
Дата10.02.2022
өлшемі4.49 Mb.
#455253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Спутник

1. СПУТНИКТІК БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЖЕЛІСІ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ



1.1.Спутниктік байланыс жүйесінің құрылымының жіктелу


Спутниктік байланыс перспективті қарқынды дамушы байланыс түрі болып табылады. Спутниктік байланыстың келесі артықшылықтары бар:



  • жердің кез келген аудандарында орналасқан және айтарлықтай қашықтықтағы шалғайларға, үлкен абоненттер сандарына қызмет көрсету мүмкіндігі;

  • абоненттердің орналасу орындарының өзгеру кезінде спутниктік байланыс жүйесінің (СБЖ) жіктелуінің қарапайымдылығы;

  • обьектілер арасындағы арақашықтықтан байланысты ұйымдастыру кезінде шығынның тәуелсіздігі;

  • байланысты тұрақтандыруда жер станцияларын орнатудың географиялық орындарының ерекшеліктері және атмосфераның кішкене ғана әсер етуі.

Спутниктік байланыс жүйесінің (СБЖ) қызметінің принципі аралық спутниктік ретрансляторды (СР) қолдануда негізделген, ол ғарыштық аппаратта (ҒА) орналасқан және байланыспен қамтамасыз етіледі (сурет 1).

Спутниктік байланыс жүйесі тағайындалуының тәуелділігіне орай байланысқан пунктер жер бетінде, атмосферада немесе ғарышта орналасуы мүмкін. Осы пунктердің әрқайсысында әдетте қабылдап – таратушы байланыс радиостанциясы (бірканалды немесе көп каналды) орнатылады, ал ғарыштық аппараттарда – спутниктерде – спутниктік ретранслятор, бір абоненттерден радисигналдарды қабылдап және басқа абоненттерге осы сигналдарды ретрансляциялайды. Қарапайым жағдайда ретрансляция кіріс сигнал қуатын күшейтуге және олардың спекторларын басқа жиілікке ауысуына әкеп соғады. Бірақта түрлі спутниктік байланыс жүйесі сигналдар арасындағы қиылыстық бөгеттерді азайту және жүйенің бөгетке тұрақтылығын жоғарлату үшін, Спутник байланыс жүйесі мен спутниктік ретранслятор қатарында сигналдардың аса күрделі өңделуі жүргізіледі. Жалпы жағдайда барлық пунктер (абоненттер) арасын сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін әртүрлі орбиталарда айналатын, бірнеше спутниктерде спутниктік ретранслятор орнату керек болады.

Спутниктік байланыс жүйесі құрылымдары жаһандану және абоненттерге қызмет көрсету әмбебап деңгейлері бойынша ажыратылады. Спутниктік байланыс жүйесі жаһандық деңгейі керекжарақтығымен және қызмет көрсету зонасының өлшемімен, ал спутниктік байланыс жүйесі әмбебап деңгейі абоненттер категориясын жинаумен және ұсынылатын байланыстар санымен сипатталады.

Сурет 1. Спутниктік байланыс жүйесі әрекетінің принципі

СБЖ жабдық құрылымы бойынша халықаралық, ұлттық, корпоративтік болып ажыратылады. СБЖ құрылымы қызмет көрсету зонасы бойынша жаһандық, аумақтық, зоналық болып бөлінеді (сурет 1.1).

Сурет 1.1. Қызмет көрсету зонасы бойынша спутниктік байланыс жүйесінің жіктелуі

Спутниктік байланыс желісі келесі ақпарат түрлерін жіберу жүзеге асырылады:


  1. теледидар бағдарламасы және дыбыстық хабарландыру және циркулярлық сипаттаманың симплексті хабарламаның басқада түрлері;

  2. телефонды, факсимильді, телеграфтық хабарламалар, видеоконференциялар, өзінің сипаттамасы бойынша симплексті немесе дуплексті – сандық тарату. ЖС типіне тәуелділігіне байланысты және спутниктік байланыс желісі тағайындалуын келесі радиобайланыс қызметтері ажыратады:

  3. тіркелген спутниктік қызметтер (ТСҚ), ЖС арасында радиобайланыс қызметінің режиміне сәйкес келетін, бір немесе бірнеше спутниктерді қолдану кезінде тіркелген пунктерде орналасқан;

  4. жылжымалы спутниктік қызмет (ЖСҚ), бір немесе бірнеше спутниктерді қолдану кезінде жылжымалы арасында арасында радиобайланыс қызметінің режиміне сәйкес келеді;

  5. радиотаратқыш спутниктік қызметі (РСҚ), циркулярлық радиобайланыс қызметінің режиміне сәйкес келетін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет