Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет37/49
Дата16.04.2024
өлшемі303.15 Kb.
#498909
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ

Жүрегім бір қалыпты

Ислам ғұламасы –имам Әбу Ағзам өз заманының белді саудагерлерінің бірі болған екен. Ол кісі таңертеңнен түске дейін медреседе дәріс оқып, ал түстен кейін саудамен айналысыпты. Күндердің бірінде дәріс уақытында бір кісі жүгіріп кеп:
- Уа, имам, жүк алып келе жатқан кемеңіз батты, -депті.
Имам Ағзам біраз кідірістен кейін:
- Аллаһқа шүкірлер болсын!, -деп сабағын жалғастыра беріпті. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі қайта келіп:
- Уа, имам, біз жаңылған екенбіз, батқан кеме сіздікі емес екен, -деп хабар беріпті. Имам Ағзам болса бұл хабарды естіген кезде де, «Аллаһқа шүкірлер болсын! -деп қана қойыпты. Хабаршы аң таң болып:
- Уа, имам, кемеңіз суға батты деп хабар әкелгенде «шүкірлік» дедіңіз, батқан кеме сіздікі емес дедік, оған да «шүкірлік» дедіңіз – мұның мәнісін түсіндіріп беріңізші, -депті.
Сонда Имам Ағзам былай деген екен:

    • Сен «кемең суға батты», -деп хабар әкелгенде ішкі дүниемді, жүрегімді байқап қарадым. Жүрегім бір қалыпты соғып, ешқандай налу, өкіну сезген жоқпын. Сол себепті Аллаһқа шүкір айттым. Батқан кеме менікі емес екенін естігенде де жүрегім бір қалыпты соғып, алып ұшқан қуаныш сезім байқамадым. Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкіне деген осындай немқұрайлықты бергені үшін жаратқан Иеме шүкірлік айттым.

(186 сөз)

Нағыз сүйіспеншілік

Бір күні көпті көрген көреген кісіден:


- Жақсы көремін деген құрғақ сөз бен шын мәнісінде, жақсы көрудің арасында қандай айырмашылық бар? – деп сұрағанда, ол екеуінің арасын былай ажыратып берген екен:
Алдымен жақсы көремін деген сөзді тек құрғақ сөзбен шұбатып жүрген адамдарға арнайы дастархан жайдырады да орындарына жайғастырады. Сосын олардың алдыларына бір-бір кесе табақпен сорпа алдырып, қолдарына ұзындығы бір метр қасық ұстатады. Оларға бір шарт қояды: «Осы қасықтармен алдыларыңдағы тамақты жейсіңдер». Жарайды дейді де ішуге кірісіп кетеді. Бірақ қасық ұзын болғандықтан, іше алмай үстілеріне төгіп-шашып, қатты әбігерге түседі. Ақыры қолдарынан келмей, дастарханнан аш болып тұрады.
Ал енді бір-бірлерін шын ниеттерімен жақсы көретіндерді дастархан басына шақырайық дейді. Олардың жүздерінен бір-біріне нұр төгіліп, қараған сайын көз тоймайтын адамдар болады. Оларға да «қане асқа қараңдар» делінгенде қасықты сорпаға батырып, қарсы алдындағы адамға ұсынады. Осылайша бір-бірлерінің қарындарын тойдырып, Аллаһқа шүкірлерін айтып жөндеріне кете барады. Міне осы кезде әлгі кісі: «Кімде-кім дастархан басына отырғанда тек өзі ғана отырғандай сезініп, өзін тойдыруды ойлайтын болса, ол адам аш қалады. Ал кімде-кім қасындағы бауырын ойлап, сол тойсын десе оны да бауыры тойдырады. Сонымен қатар нағыз базарда алушы емес, берген адам табысты болатынын ешқашан ұмытпаңдар», - деген екен.
(188сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет