Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «ҚР Ұлттық ядролық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны



жүктеу 1.05 Mb.
бет8/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2.2 Зертханалық жұмыс–Гамма-кванттардың затпен әсерлесуі


Екінші батырманы басқан сәтте, екінші зертханалық жұмыстың – гамма-кванттардың затпен әсерлесуінің негізгі терезесі ашылады. Терезенің жоғарғы жағында алғашқы шарттарды орнатуға және есептеу нәтижелерін бақылауға мен есеп беруді құруға арналған батырмалар орналасқан.

17-сурет. Гамма-кванттың затпен әсерлесуі – зертханалық жұмысының интерфейсі



батырмасы ағынның негізгі параметрлерін: гамма-кванттардың бастапқы энергиясы; гамма-кванттар ағынының интенсивтігі сияқты параметрлерді реттеуге мүмкіндік береді (18-сурет). Жоғарыда көрсетілген параметрлерді енгізгеннен кейін, нысана параметрін бартырманы басу арқылы беруге (10-суретті қараңдар) болады. Нысананың химиялық элементін өзгерту үшін, енгізу аумағына элементтің массалық санын және зарядын енгізу қажет. Нысананың қалыңдығын да енгізген дұрыс болады.

18-сурет. Гамма кванттардың интенсивтігі мен бастапқы энергиясын енгізу

Осы қажетті параметрлерді енгізгеннен кейін, батырмасын басу қажет. Есептеулер қорытындысы 19-суреттегідей болады.

19-сурет – 2-ші зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері


Осы жұмыстарды орындағаннан кейін, нәтижелерді көруге және есеп беру ретінде сақтауға болады, ол үшін пернесін басамыз.


1 – тапсырма. Атомдық салмағы жеңіл заттардағы гамма-кванттардың «еркін жүру жолын» анықтау




2 – тапсырма. Атомдық салмағы ауыр металлдардағы гамма-кванттардың «еркін жүру жолын» анықтау

  • Нысана ретінде зарядтық саны 28 ден аспайтын, белгілі қалыңдығы бар өздерің қалаған затты алыңдар;

  • Программаның көмегімен әртүрлі есептелу қабаттарындағы ағын интенсивтігінің төмендеуін анықтаңдар;

  • Ағынның 3, 9, 27 есе төмендеу кезіндегі еркін жүру ұзындығын анықтаңдар;

  • Нысананы өзгертіп және бастапқы параметрлерді қалдыра отырып, экспериментті қайталаңдар;

  • Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар.




3 – тапсырма. Белгісіз элемент үшін гамма-кванттардың жұтылу коэффициентін анықтау

  • Нысана ретінде қалаған затты алыңдар;

  • Берілген энергиядағы толық жұтылу коэффициентінің тәуелділік графигінен оның мәнін анықтаңдар;

  • Затты өзгерте отырып, гамма-кванттардың толық жұтылу коэффициентінің заряд санына қатысты тәуелділік графигін тұрғызыңдар;

  • Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар.



2.2.3 Зертханалық жұмыс – Нейтрондардың затпен әсерлесуі


Үшінші батырманы басқан сәтте, (7-суретті қараңдар) үшінші зертханалық жұмыстың – нейтрондардың затпен әсерлесуінің негізгі терезесі ашылады (20-сурет).

20-сурет – 3 зертханалық жұмысты есептеген кездегі нәтижелер


Реттеу, басқару және параметрлерді енгізу тәсілдері жоғарыдағы екі зертханалық жұмыстарда көрсеткендей орындалады.



1-тапсырма. Энергиясы 14.1 Мэв нейтронның затпен әсерлесуінің дифференциялдық қимасын зерттеу




  • Ұшып келетін бөлшектер ретінде нейтрондарды алыңдар;

  • 7Li ді 20 мкм қалыңдығы бар нысана ретінде беріңдер;

  • Детектордың бұрыштық диапазонын 5-тен 179 градус интервалының аралығында және 10-4 стер денелік бұрышын беріп, 10 есептелу қабатын енгізіңдер;

  • Программа көмегімен артқы жартысфера бұрыштарының () қателіктері көп емес интегралдық және дифференциялдық қималарды есептеңдер;

  • Алғашқы параметрлерді қалдыра отырып, нысананы 64Cu ауыстырыңдар;

  • Нәтижелерді салыстыра отырып, керекті қорытындылар жасаңдар;

  • Өзіндік жұмыс ретінде әртүрлі элементтер мен олардың изотоптарын және параметрлерін өзгерте отырып басқа да элементтерді қолданыңдар.




2-тапсырма. 14,1 МэВ энергиясы бар нейтрондардың затта жұтылуы.

  • 64Cu моделін нысана ретінде беріңдер;

  • Ұшып келген бөлшектер ретінде нейтрондар мен қалаған бөлшектер ағынын таңдаңдар;

  • Нысана қалыңдығын өзгерте отырып, алынған мәліметтерді салыстырып көріңдер;

  • Өзіндік жұмыс ретінде әртүрлі элементтер мен олардың изотоптарын және параметрлерін өзгерте отырып басқа да элементтерді қолданыңдар.




3-тапсырма. Нейтрондардың серпімді шашырау әсерлесуінің радиусын есептеу.

  • Нейтрондардың серпімді шашырауының дифференциялдық қималарының бұрыштық таралымының дифракциялық суретінен, формуласы арқылы, әсерлесудің орташа радиусын анықтаңдар. Мұндағы

Нейтрондардың толқындық саны; - ядро бетінің траекториясына жанамаға қатысты нейтронның бұрыштық моменті;  - дифференциялдық қималар таралымының бұрыштық осцилляциясының периоды;

  • Нейтрондардың әсерлесуінің орташа радиусының нысана ядроларының массалық санына қатысты тәуелділігін тұрғызыңдар.


Бақылау сұрақтары:

  • Зарядталған бөлшектердің затпен әсерлесуінің қандай механизмдері мен типтері бар?

  • Дифференциялдық қималар не үшін қолданылады және одан ядро құрылымы туралы қандай мәлімет алуға болады;

  • Бөлшектердің серпімді шашырауының негізгі қасиеттері;

  • Интегралдық және толық қима арасындағы айырмашылық неде?

  • Ядро өрісіндегі электрон-позитрон жұбының түзілуінің шектік энергиясы , ал электрон өрісінде екенін дәлелдеңдер;

  • Фотоэффект, Комптон-эффект және электрон-позитрон жұбының түзілу процестерін түсіндіріңдер;

  • Нейтрал бөлшектердің затпен әсерлесуінің қандай механизмдері мен типтері бар;

  • Дифференциялдық қималар не үшін қолданылады және одан ядро құрылымы туралы қандай мәлімет алуға болады;

  • Бөлшектердің серпімді шашырауының негізгі қасиеттері;

  • Интегралдық және толық қима арасындағы айырмашылық неде.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет