Бекіту сұрақтары
1.Қазақстан жерінде неше ұлыс құрылды
2.Жошы ұлысына қірген қазақстанның қандай аймағы.
Ұлы ұлыс деп кімнің еншісіне тиген жерді атайды
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.
5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
4 ШАҒАТАЙ МЕМЛЕКЕТІ. АЛТЫН ОРДА, АҚ ОРДА
Дәрістің мақсаты. XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шара-лар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер пайда болды.
Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес бол-ды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тай-палар еді.
Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен үлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы қүрыл-ған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр-ды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында бол-ды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бүқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қой-ьіршақ, Барақ, т.б.
Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күш жұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.
1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына оты-руға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарлары-ның жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайда-лануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқтамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.
Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқ-тақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Үрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.
1423-1424 жылдары ¥рыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты ез қолына алады. Бүл кезде, Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қала-лар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жо-рыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жа-рыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты.
Бекіту сұрақтары
1.Батый жорықтарына қанда баға бересіз?
2.Алтын орда мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы.
3.Ақ орда мемлекеті саяси тарихы.
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.
5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
6. М.Х. Дулати. Ұмытылмас есімдер. А., 1994.
-
МОҒОЛСТАН МЕМЛЕКЕТІ. ТЕМІР ЖОРЫҚТАРЫ
Дәріс мақсаты. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке - шығыс және батыс бөліктерге бөлінді.Шағатай ұлысында пайда болған Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы. Темір жорықтарының зардаптары қарастырылады.
Шағатай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. "Моғолстан" тарихи-жағра-фиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдері-ндегі тарихи туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмір-лерінің бірі - Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымы-нан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандыктан Болат озінің айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Піағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.
Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді ай-мактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орта-лығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің ба-ласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.
ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпа-лар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейт-тер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-су-дьщ жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтар-Да жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйек-ТеРДің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші ^ен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әр түрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Міндеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде көмектесті.
Бекіту сұрақтары
1.Моғолстан мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы
2.Моғолстан хандарының мәуреннахрды бағындыруы.
3.Әмір Темір мемлекеті және жорықтарының зардаптары
Пайдаланған әдебиеттер
1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). -А., Білім, 2005. 320 бет.
2. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.- 256 б.
3. Қабышүлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007.
4. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
5. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.
6. М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
7. М.Х. Дулати. Ұмытылмас есімдер. А., 1994.
6. ХІҮ ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН ЖЕТІСУ
Дәріс мақсаты.
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қарастырылады.
Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес бол-ды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тай-палар еді.
Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен үлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы қүрыл-ған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отыр-ды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында бол-ды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бүқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қой-ьіршақ, Барақ, т.б.
Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күшжұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.
1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына оты-руға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойы-мен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарлары-ның жерін бағындырды. Бірақ ¥рыс ханның үстемдігі үзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Ал-тын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бүл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор-даның оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайда-лануға тырысты. Түйқожаны ¥рыс хан Алтын Ордаға қар-сы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқ-тамыс Самарқандка кашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ор-даға қарсы айдап салды.
Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқ-тақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Үрыс хан әскерімен Сығнаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Үрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ак Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бүл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мүнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ Темірдің қам-қор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі та-лас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.
1423-1424 жылдары ¥рыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жедіп шығып, Ақ Ордада хандық-ты ез қолына алады. Бүл кезде, Ақ Орданың басты қала-сы Сығнақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қала-лар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Үлықбекке қарсы жо-рыққа аттанып, Сығнақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістін нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. Алайда, Ақ Орданың ішіндегі феодалдық талас-тартыс тоқтамады. Осының салдарынан 1428 жылы Ба-рақ хан жауларының қольшан қаза тапты. Ол Ақ Орда-ның ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші үлы Шайбан түқымынан шыққан Әбілхайыр сүлтанның колына көшті. Шайбан әулетінен шыққандар Барақ өлгеннен соң, Ак Орда жерінің елеулі болігін басып алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның үлысы екіге жіктелгенде жа-рыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды.
Бекіту сұрақтары
-
Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы.
-
Ақ Орда мемлекеті.
-
Шағатай ұлысы және Шағатай мемлекеті
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.
5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
6. М.Х. Дулати. Ұмытылмас есімдер. А., 1994.
7. ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ
Дәріс мақсаты XIII ғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысхан-ның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Шайбан әулеті Әбілқайын хандығының саяси тарихының саяси тарихы.
Әбілқайыр хандығы тарихи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бүл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үле-сіне алғашқы кезде қосшы, найман, бүйрақ, кдрлүқ тайпа-лары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жа-зғы жайлау қылса, Арал жағалауында, Шу, Сарысу, Сыр-дария бойларының теменгі ағыстарында қыстаған.
Шайбани түқымдары Алтын Орда тағында ешуақытта билік етпеген және олар Батый хан үрпақтарына үнемі ба-ғынып отырған. Сөйтіп олар Ақ Орда хандары сияқты Ал-тын Орда тағы үшін жан аямай күреспеді, өздерінің мате-риалдық және адам ресурстарын ысырап етпеді. Шайбани-лер Әмір Темір мен оның мүрагерлерінің басқыншылық соғыстарына тойтарыс беруге де аз тартылды. Өйткені Әмір Темірді Шайбан үрпактары көшіп жүрген далалык аймақ-тардан гөрі бірінші кезекте Сырдария бойындағы бекініс-қалалар кебірек қызықтырды.
XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани үрпақтары иеліг-індегі үлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің қүра-мында болды. Мүнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулеті-нен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қара-мастан Шайбани үрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс үрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мүрагерлерінен Шайбан үрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен қүлдырауы, оньвд соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бүл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыс-тарына Шайбани үрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жүмадық хан-ның үлысы, Шайбани әулетінің екінші бір түқымы Мүста-фа хан Атбасарда, үшінші бір түқымы Махмүд-Қожа То-былда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура оңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бүл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те ата-лған. Бүл үлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі үрыстар үнемі болып түрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан үрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тю-мень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалдардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.
Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағы-нан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған.
Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жер-лерін біріктірген "Көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста -Жайыққа, шығыста - Балқашқа дейінгі, оңтүстікте - Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте - То-был мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428-1468 жж.) елдің саяси жағдайында түрақтылық пен тыныш-тық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтар мен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулеті - оның ішінде Ибак-хан, Береке-сүлтан, ¥рыс ханның үрпақ-тары Жәнібек пен Керей тағы басқалары - Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Сондықтан Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытырыңқы болып қала берді. Бүған Әбілхайыр ханның тоқтаусыз жүргізген соғы-стары мен жорықтарының да үлкен әсері тиді. Әбілхайыр да хандық билікті өз қолына алған соң, басқа хандар сияқ-ты, елдегі үстемтап өкілдерінің талабына сай қызмет етуге әрекет жасады. Осы мақсатта ол басқа елдерге жорық жа-сау, жаңа елдерді басып алу, соғыс барысында қолға бай-лық түсіру, оны ақсүйек-феодал арасында бөліске салу ісімен айналысты.
Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасыр-дың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бой-ында Шайбани үрпағы Махмүд Қожа ханды талқандайды. Жошы балаларының бірі Тоқы-Темірдің түқымдары Махмүд ханмен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін Екіретүпте болған шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Әбілхай-ыр Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Тура-дан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлар-дың бірі - Мүстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау бау-райындағы Созақ, Сығнақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығнақты өз хандығының астанасына ай-налдырды. Сырдария бойындағы қалаларды Әбілхайыр-дың бағындыруының үлкен саяси-экономикалық маңы-зы болды. Өйткені кәсіпшілік пен сауда орталықтары болып саналатын Сырдария қалалары Әбілхайыр хан-дығын нығайтуға айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз еді. Қалалар көшпелі өзбек хандығының әмірлері мен сүлтан-дарына берілді. Созақ өзіне қарасты барлық жерлерімен Бақтияр сүлтанның, кейін оның баласы Әлеке сүлтанның иелігіне кешті, Үзгент - маңғыт Уақас би қол астына берілді. Ал Отырар, Ясы, Сайрам мен Сауран Темір әулетінің қара-мағында қалды.
Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алу ағайындас Шайбани үлысы мен Ақ Орда үлысы ру-тайпа-ларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. Себебі бүл қалалар мен оның төңірегі-ндегі алқаптарды қарату Барақ ханның түқымдары Керей мен Жәнібек сүлтандардың және оларға тәуелді, Сырда-рия мен Қаратау өңірінде көшіп-қонып жүрген қазақ рула-рының мүдделеріне қайшы келді. Бүл олардың арасындағы күрестің қайта жанданып, қазақ сүлтандары мен оларға Қарасты рулар мен тайпалардың Моғолстан жеріне көшіп кетуіне әкеліп соқтырды.XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренах-Рдағы Темір үрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бүхараға талау-тонау жорықтарын жҮргізді. Әбілхайырдың шапқыншылықтарының табыс-тьі болуына, оның жергілікті бай-феодалдармен келісім-ге келуі ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |