Бекіту сұрақтары
1.Әбілқайыр хандығының құрылуы және саяси дамуы.
2.Әмір Темирдің Дешті-Қыпшаққа бағытталған жорықтры.
3..Әбілхайыр хандығының ыдырауы.
Әдебиеттер
-
Мұхамед Хайдар Дулати //Ұмытылмас есімдер А., 1994
-
Мұхамед Хайдар Дулати. Тарихи рашиди //Материалы по истории казахских ханов ХҮ-ХҮІІІ вв. А., 1969
-
Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 2 том А., 1983
4. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
5. Ақынжанов. М.Б. Қазақстанның тегі туралы. А., 1957.
8.ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Дәріс мақсаты. УІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалаларның ел экономикасындағы орны. Қалардың сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналуы.
Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланы-сын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (кузеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базар-лар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.
УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жо-лының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың
үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астана-лық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған
VII ғасырда Тараз "¥лы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар.
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, со-нымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған мон-шасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қат-ты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қара-хан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хаму-кент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты ба-сқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамты-ған.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала - Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар.
Бекіту сұрақтар
1.ҮІІІ-ХІІ ғғ. қала мәдениеті, сауда және ақша айналымы.
2.ХІІІ-ХҮ ғғ. қалалар, сауда және ақша айналымы.
3.ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан мәдениеті.
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.
5. Байпаков. К.М, Нуржанов А.Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.
6. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
7. М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
8. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. А., 1993.
-
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Дәріс мақсаты. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстардың жай-үйі сипатталады.
Ірі ру-тайпалардың саяси жағдайларға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Моңғол феодалдарының Шығыс Қа-зақстан мен Жетісуда таңдаулы жайылымдарды тартып алуы, әсіресе жергілікті халықтың жиі-жиі ығысуына әсерін тигізді. Моңғол әмірлері өз үстемдігін берік үстау үшін жаулап алған елдерді үлыстарға бөліп, этникалық жағынан туыстас жергілікті халықты бір-бірінен бөліп тастауға тырысты.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық оолғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері ез тілдерінен айырьілып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, ЭДет-ғүрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетеді. Бірақ бүл кезде бүрынғы екі үлкен Расаның /нәсілдің/ байырғы еуропеидтік және кейін қосыҒан м°Ңғолоидтық нәсілдердің күрделі араласу нәтижеДе қазіргі қазақ халқы қүрамының /антропологиялық этникалық және лингвистикалық негізде/ бірыңғай тұтас қосындысы /қорытпасы/ келіп шығады.
Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының қүра-мына кірген.
ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы - Батыс Қазақстанда болды.
¥лы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жай-лайды. Оның қүрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқы-лы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кіреді. Орта жүз Орталык Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстаннын бір бөлігін қоныс етеді. Оның қүрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа-рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның қүрамындағы тайпалар одағы - Әлімүлы /қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шемекей, шекті/; Байүлы /адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқүрт, шеркеш, ысық, таз, масқар/; Жетіру /табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан/.
Жүздердің үйымдасқан уақыты, қалай қүрылғаны әлі жете зерттелмеген.
Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан.
Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбы-лыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің эко-номикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың ершуі, әлеуметтік қай-шылықтардың үдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бүл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі еңбекшілер бүқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстар-дың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Сөйтіп, XV ғасырдың 50-70 жылдары арасында Әбілхайыр хандығынан Жетісу-дың Шу мен Талас өзендерінің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Бүл кезде Жетісуды билеп отырған Моғол-стан ханы Есенбүғы (1434-1462) казақтардың мүнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбүғы қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыр-тқы саясатында, атап айтқанда, Әбілхайыр хандығына және Шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылы-ғына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі фео-далдық алауыздықпен талас-тартысты тоқтату үшін пайда-лануды көздеді. Ал қазақтардың Жетісу жеріне қоныс ауда-руының басты бір себебі, Әбілхайырдың қол астында қана-ушылықтың күшеюі болса, екінші бір себебі, оларды Шы-ңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек сүлтандардың жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін қүру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өзінің ықпалын тигізді. Олардың халық қолдаған дербес мемлекет қүру саясатының нәтижесінде Жетісудағы рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Бүл арада түңғыш казақ хандығын құруға Керей мен Жәнібек сүлтандардың сіңірген еңбегін көрсете отырып, олардың саясатты кәсіп деп түсінген, жасынан қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырына байланысты шешім қабылдап үйренген хандар-Дың отбасында өскен адамдар екенін айта кеткен жөн. Жәнібек қазақ хандығының түңғыш шанырағын көтерген Барақ ханның үлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғ-астыруы, әрине, табиғи құбылыс.
Бұл кезде жаңадан кұрылған Қазақ хандығының алдын-да тарихи үш үлкен міндеттурщл. Біріншіден, жаңа қоныс-танған аймақта бұрыннан Дешті-Қыпшақ даласында қалып-тасқан дағдылы мал жайылымдарын қалпына келтіру. Екі-ншіден, "¥лы Жібек жолы" бойында орналасқан ірі қолө-нер-сауда орталықтары - Сығнақ, Созақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және т.б. қалаларды қазақ хандығына қара-ту. Үшіншіден, бытырап жүрген қазақ ру-тайпаларын бір орталыққа біріктіріп, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды /1458-1473 жж./. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайлан-ды /1473-1480 жж./. Бүлардың түсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бүғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, езара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің кол астына келуі Қазақ хандығын бүрынғыдан да күшейтті. Бүлар жаңадан қүрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арт-тыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шық-қан сүлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолын-у дағы күресіне қосылды. Бүл күрес 1468 жылы ӘбілхайырІ өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мүны қазақ хані дары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бүдан 12 жыл бүрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қып-шаққа қайта оралды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның мүрагер-леріне қарсы күрес жүргізді. Бүл күрестің барысында Әбіл-қайыр ханның орнына отырған мүрагер баласы Шайх Хай-дар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мүхаммед Шайбани мен Махмүд сүлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тай-паларды езіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.
Бекіту сұрақтар
1.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.
2.Қазақ хандығының құрылуы.
3.«Моғолстан», «Өзбекстан», «Қазақстан» атауларының шығуы және дамуы
Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.
3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарих
5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.
6. Ақынжанов. М.Б. Қазақстанның тегі туралы. А., 1957.
7. М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.
8. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. А., 1993.
9. М.Х. Дулати. Ұмытылмас есімдер. А., 1994.
-
ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Дәріс мақсаты. Қазақ хандығының саяси тарихы қарастырылады. Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бүрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сыр-дария жағасындағы қалалар үшін күрес жүргізуі жан-жақты талданады.
Сырдария бойындағы қалалар Сығнақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мүхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мүхаммед Шай-бани Астрахань қоршауынан кашып шығып, Түркістан ай-мағына келді. Мүнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір түқымынан шыққан Мүхаммед Мәзит тархан-ды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мүхаммед Шай-баниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бүдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Махмүд сүлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мүхаммед Шайбани Бүхараға қашты.
1472 жылы Мүхаммед Шайбани Түркістанға қайта ора-лып, Ноғай Ордасының әмірі Мүса мырзаның көмегімен Аркок бекінісі мен Сығнақ қаласын басып алды. Бүл уақыт-ша жеңіс еді. Бүрындық сүлтан мен Махмүд сүлтан баста-ған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғүнлық асуында Мүхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бүрындық сүлтан Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бүл со-ғыста күйрей жеңілген Мүхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы калалар қайтадан Қазақ хан-дығына өтті.
Бүл кезде Қазак хандығына Мүхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп түрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бүларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын ездеріне қаратып алуды көздеді. 1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. басында Моғолстан билеушісі Жүністің баласы Сүлтан Махмүд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мүхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына сүйеніп және Оты-Рарға ие болған Мүхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды.
ХҮғасырдың соңында қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" пРоцесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ Хандарының бірі - Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезі-нДе-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ ха-лқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі - үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:
-
Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)
-
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).
-
Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).
-
Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)
5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын
міндеті.)
"Қасым ханның қасқа жолының" қазақ феодалдык қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-нын кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билеген Шай-бани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Щайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдала-нып, мүндағы өкімет билігін тартып алады деп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым са-лып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды.
Атап айтқанда, 1503-1504 жылдары Мүхаммед Шайба-ни қалың қолды бастап Түркістан аймағына жорық жаса-ды, оның солтүстік шекарасына дейін жетіп, жергілікті ха-лықты тонап, талан-таражға салды. 1505-1506 жылдары мындаған әскери жасақты бастап ол тағы да жорыққа ат-танды. Түркістан аймағы арқылы Қазақ хандығының жері-не жетті. Сығнақ қаласын айналып өтіп, Сыр бойндағы қазақтардың қысқы қоныстарының орталығы Қара-Абда-лға дейін жетті. Бұл жолы да Шайбани әскерлері қазақтар-ды қирата шауып, қыруар мал-мүліктерін тонады. Әсіресе, Жәнібек ханның баласы Жаныш сүлтанның үлысы ерекше талан-таражға түсті. Осыдан кейін Мүхаммед Шайбанидан кек алу үшін, Жаныш сүлтанның үлы Ахмет 1508 жылы 50 мың жасақ жинап, Мәуеренахрға қарсы жорық жасады. Шайбанилардың орталық қалалары Самарқан мен Бүхараға шабуылдап, бүл қалалардың төңірегіндегі қыстақтарды ой-рандады. Бүған жауап ретінде Мүхаммед Шайбани қазақ-тарға қарсы үшінші жорығына шықты. 1509 жылы қалың Қолмен аттанып, Аркек, Үзгент және Ясы (Түркістан) қала-ларын басып етіп, тағы да Сыр бойындағы қазақ қыстаула-Рьіның орталығы Қара-Абдалға жетті. Мүндағы Жаныш сҰлтанның жасақтары түтқиылдан жасалған шабуылдан кҮйрей жеңілді. Шайқастардың барысында Жаныш сүлтан-иың баласы Ахмет қаза тапты. Жеңіліске үшыраған қазақтар Үрындық ханның Дешті-Қыпшақтағы ордасына қашты.
Бекіту сұрақтары
1.Алғашқы қазақ хандары.
2.Қазақ хандығының нығаюы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ. басы).
3.Қазақ хандығының өрлеуі. Қасым хан (1511-1521 жж.)
Достарыңызбен бөлісу: |