ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



Pdf көрінісі
бет14/46
Дата04.03.2023
өлшемі417.14 Kb.
#470361
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
091019 095939 kaz-metodichka0926113725

5.2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ 
МАМАНДАРЫНЫҢ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТУІ 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір 
маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты - баланың 
құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу 
бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау.
мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы,
соның ішінде қысқартылған (бейімделген) білім беру бағдарламасын 
меңгерту үшін зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке 
дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз ету. 
психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен жеке бағдарламалар 
жасаған кезде, психологиялық-педагогикалық жұмыстың жалпы 
принциптерінен (жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу, іс-әрекеттік 
тәсіл және т. б.) басқа, келесі принциптерді ұстану қажет:
1) сыныптағы оқу қиындықтарын жеңуге жеке-дамыту жұмысының 
бағыттылығы. логопед ең алдымен оқу пәндері бойынша бағдарламаны 
меңгеруге кедергі келтіретін сөйлеу дамуының бұзылыстарын түзейді. 
психолог мектеп дағдыларын меңгеруге кедергі келтіретін психикалық 


34
функцияларының дамуы бойынша жұмыс істейді: жазу, оқу немесе есеп 
және т. б. арнайы педагогтың міндеттері мектеп бағдарламасының қандай 
да бір бөлімдерін меңгерудегі проблемаларды толықтыру, оқушыны күрделі 
оқу материалдарын меңгеруге дайындау, оқу қызметінің құрылымдық 
компоненттерін қалыптастыру болады. 
2) тұлғалық бағдар және жеке тәсіл: баланы тек проблемалары мен 
бұзылымдарына қарай емес, сонымен қатар өзінің қажеттіліктері мен 
уәждері, сондай-ақ даму үшін жеке ресурстары бар белсенді тұлға ретінде 
қабылдау. мамандардың міндеті-баланың қажеттілігін ескеру және оқыту 
қиындықтарын жеңу мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау. бағдарламаны 
жасау кезінде баланың әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар күшті 
жақтарын да ескеру, оның мүдделері мен қызығушылықтарына сүйену. 
бұл приниципті іске асыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет:
- бағдарламаның оқушы үшін қол жетімділігі; оның міндеттері баланың 
жақын даму аймағы ескеріле отырып қойылуы тиіс;
- оқу мен мінез-құлықтың қиындықтарын жеңуге ғана емес, оларды ту-
дыратын себептерге де бағдарлануы;
3) әлеуметтік, коммуникативтік бағыттылығы баламен жұмыс істеудің 
негізгі тәсілі ретінде; күнделікті өмірде қалыптасқан дағдыларды пайдалану 
қажеттілігін сезінгенде жағдайлар құру, жаттығулар, белсенділікті ұсыну:
білім алу, ойында, қарым-қатынас жасауда және әлеуметтік әрекеттесуде;
4) баламен жұмыс істеу бағыттары мен әдістерінің дербес таңдалуына 
қарамастан, түрлі профельдегі мамандар мен сынып мұғалімінің жұмыстағы 
мақсаттарының, тәсілдерінің, талаптарының сабақтастығы мен бірлігі. 
психологтың, логопедтің немесе арнайы педагогтың кәсіби әдістерінің
барлығы баланы оқытудың нақты қиындықтарын жеңуге бағытталуы тиіс;
5) ата-аналарды дамыту жұмысына белсенді тарту. Осы принциптерді
іске асыру үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
- өмірдің түрлі салаларында баланың әлеуетін, күшті жақтарын және 
проблемаларын жақсы түсіну үшін ата-аналардың пікірін есепке алу;
- балаға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу үшін ата-аналармен 
әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту;
- дамыту жұмысының бағдарламасын әзірлеу кезінде ата-аналардың 
сұранымын есепке алу;
- ата-аналарды үй жағдайында мамандардың ұсыныстарын орындауға 
(үй тапсырмалары) ата-аналардың мүмкіндіктері мен ресурстарына сүйене 
отырып және отбасы туралы мәліметті біле отырып тарту.
әрбір бала үшін бағдарламаның әзірленуі оның жеке ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке әдістерді, тәсілдерді таңдауды және 
пайдалануды көздейді. әрбір маман жеке зерттеу негізінде қандай бағыттар 
бойынша жұмыс істейтін, қандай әдістер мен тәсілдерді пайдалануға бола-
тынын өзі шешеді. маман психологиялық-педагогикалық жұмыстың адек-


35
ватты әдістерін таңдау, баламен өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету 
үшін заманауи және инновациялық психологиялық-педагогикалық техно-
логияларын (арнайы және баламалы әдістерді) білуі және жақсы меңгеруі 
тиіс. Олардың кейбіреулері әдістемелік нұсқаулықтың әдеби көздері 
тізімінде ұсынылған, онда әр түрлі мамандарға арналған оқу-әдістемелік 
әдебиет көрсетілген [25-32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет