Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



бет3/4
Дата09.03.2016
өлшемі302 Kb.
#47350
1   2   3   4

3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ сабақтар



1-зертханалық жұмыс
Жұмыстың мақсаты : Студенттердi х86 процессорларының архитектурасымен таныстыру, MS-DOS жүйесiнде жадыны ұйымдастыру туралы алғашқы мәлiметтер, сонымен қатар ассемблер тiлiмен алғашқы жұмыс iстеу тәсiлдерiн алу.

Қысқаша теориялық мағлұмат




Intel процессорларының архитектурасы


CPU (Central Process Unit) деп аталатын микропроцессор программист үшiн 16 разрядты регистрлер құрамын көрсетедi. Регистрлер – бұл процессор микросхемасына интегралданған жадының ерекше ұяшықтары. Оларды үш қызметтiк топқа бөлуге болады:

Жалпы қолданылатын:

  • AX (Accumulator) – аккумулятор. Аоифметикалық операциялардың көпшiлiгi соның көмегiмен жүргiзiледi.

  • BX (Base) – сегменттiң iшiнде мәлiметтредi адрестеудi жүргiзетiн регистр.

  • CX (Counter) – есептегiш. Циклдарды ұйымдастыру үшiн қолданылады.

  • DX (Data) – қосымша мәлiметтер регистрi. Кей кезде аккумуляторға қосымша ретiнде қолданылады.

Барлық жалпы қолданылатын регистрлер 16 биттi ретiнде (AX, BX, CX, DX) және сонымен қатар 8 биттi ретiнде (AH, AL, BH, BL, CH, CL, DH, DL) қарастырылады.

Сегменттiк регистрлер:

  • CS (Code Segment) – код сегментiнiң регистрi.

  • DS (Data Segment) – мәлiметтер сегментiнiң регистрi.

  • SS (Stack Segment) – стек сегментiнiң регистрi.

  • ES (Extra Segment) – қосымша сегментiнiң регистрi.

Индекстiк регистрлер:

  • SP (Stack Pointer) – стектегi ағымдағы позицияны көрсеткiш

  • BP (Base Pointer) – қосымша көрсеткiш

  • SI (Source Index) – ақпарат көзiнiң индексi

  • DI (Destination Index) – қабылдағыш индексi.

  • IP (Instruction Pointer) – орындалатын программаның ағымдағы позицясын көрсету

Осы айтылғандардан басқа жалауша регистрлерi де бар.
Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртiбi:


  1. tasm.exe и tlink.exe файлдары бар каталогқа көшу қажет. Кез-келген текстiк редактордың көмегiмен (мысалы, Norton Commander текстiк редакторы) текстiк редактор құру.

  2. Берiлген текстi жазу:

.model tiny

.code

.startup
ret

end

  1. Файлды сақтап, редактордан шығу. Келесi команданы орындау:

  2. tasm/zi файл аты

Программа берген хабарламаларды талдау. Каталогта .obj. кеңейтiлуi бар екендiгiне көз жеткiзу. Қателер болса түзеу.

  1. Келесi команданы орындау:

tlink /v файл аты

  1. Norton Guides (ng.exe) жүктеп резиденттi прорамманы шақыруды үйрену (Shift+F1).

  2. Программаны отладкалау.

  3. td.exe программасын жүктеп программаны қадам бойынша орындап, талдау.


2-зертханалық жұмыс
Жұмыстың мақсаты
: Студенттердi ассембелер тiлiнде программалау кезiнде жадыны адрестеу тәсiлдерiмен, массивтермен, айнымалылармен жұмыс iстеумен таныстыру.

Қысқаша теориялық мағлұмат

Айнымалыларды сипаттау


Турбо Ассемблерде айнымалыларды сипаттау үшiн арнайы идентифиаторлар қолданылады:Оларға:

  • DB (Dimension Byte) –1 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау.

  • DW (Dimension Word) – 2 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау. (машиналық сөз)

  • DD (Dimension Double word) – 4 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау. (екiлiк сөз)

  • DQ (Dimension Quadruple word) - 8 байт өлшемдi айнымалыны сипаттау. (4 сөз)

Айнымалыны сипатау синтаксисi:

Айнымалы аты тип бастапқы мән

Мұндағы, бастапқы мән- осы типке беруге болатын кез-келген сан. Санды жазу ондық, он алтылық, сегiздiк, екiлiк форматта, алдына есептеу жүйесiнiң әрпi қойылу арқылы жазылады:



  • d (Decimal) – ондық сан. Мысалы 034d саны 34 санын бiлдiредi.

  • h (Hex) – он алтылық сан. Мысалы: 3е5ah, 0ac44h, 0f0h.

  • o (Octal) – сегiздiк сан. Құрамына 0,1,2,3,4,5,6,7 осы сандар кiредi.

  • b (Binary) – екiлiк сан. Құрамына 0 және 1 сандары кiредi.

Айнымалыны сипаттау мысалы:



a db 3; айнымалы 1 байт орын алады және алғашында 3-ке тең.

Бес байтты массив элементтерiн қосатын және нәтиженi Х айнымалысына, АХ регистрiне жазатын программа мысалы:


.model tiny

.data

Arr db 1,2,3,4,5; массивтi сипаттау

x dw 0

.code

.startup

mov ax, 0 ; АХ нөлге теңестiру

mov bx, offset Arr

mov cx, 5

m1:

mov al, [bx]

add x, ax

inc bx

loop m1

mov ax, x

ret

end


Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртiбi:

  1. Жоғарыда көрсетiлген программасы бар текстiк файл құрып, ассемблерлеп, құрастырып, .exe файл құру қажет. Оның орындалуын td.exe программасының көмегiмен бақылау қажет.

  2. Программаны оқытушыға көрсетiп, қорғауға дайындалу қажет.


3-зертханалық жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Студенттерге ассемблердiң арифметикалық операцияларының жұмыс тәртiбiн, сонымен қатар жылжу, көбейту, қосу т.б. командаларын таныстыру.

Қысқаша теориялық мағлұмат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет