Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар



бет2/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#2828
1   2   3   4   5   6

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар

Дәрістің жоспары:

1 Жалпы сипаттамасы

2 Стандарттар категорияларының сипаттамалары


Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

1) халықаралық стандарттар;

2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;



3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердiң стандарттары, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері, стандарттау жөнiндегi қағидалары, нормалары мен ұсынымдары;

7) үкіметтік емес стандарт;

8) консорциум стандарты;

9) алдын ала ұлттық стандарт жатады.

Ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, осы бапта көрсетілген стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.

Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.

Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.



Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін.

Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды.

Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Мемлекеттік стандарттар:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;

2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;

3) процестерге арналған стандарттар;

4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді.

Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.

Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.



Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға жатады.

Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.

Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді.

Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар.

Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді.

Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес белгілейді.

Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды.

Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекітетін ұйым белгілейді.


Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Қазақстанда қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қайсылар жатады?

2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің неше кезеңі бар?

3 Ұйым стандарттарын кім әзірлейді және бекітеді?

4 Ұсынымдар мен ережелер дегеніміз не?

5 Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан аумағында қалай таралады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (29.12.2014 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
№ 8 дәріс

Тақырыбы: Мемлекеттік стандарттар


Дәрістің жоспары:

1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері

2 Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің стандарттары

3 Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары

4 Процестер стандарттары
1 Стандарттау нысандарының ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді:


  1. негізге алынатын стандарттар;

  2. өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары;

  3. бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары;

  4. процестер стандарттары.

Негізге алынатын стандарттар мыналарды тағайындайды:

  • белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік жағдайларды;

  • өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді;

  • басқа да жалпы жехникалық талаптарды.

Кең түсінігі бойынша негізге алынатын стандарттардың нысандары болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар нысандар: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады.

Тар мағынадағы түсінігі бойынша негізге алынатын стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер».

Негізге алынатын стандарттарды былай бөлуге болады:

а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салада жұмыстарды жүргізу жөніндегі жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»; СТ РК 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдеріне технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі шарттар».

б) жалпа техникалық стандарттар. Бұлар тағайындайды:


  • ғылымда, техникада, өндірісте көп мәрте қайталанатын ғылыми-техникалық терминдерді (мысалы, ГОСТ 16263- 70 «ГСИ. Метрология. Термины и определения»);

  • әртүрлі стандарттау нысандарының шартты белгілерін – кодтарын, символдарын, таңбаларын ( мысалы, ГОСТ 14192- 96 «Маркировка грузов», СТ РК 1003 – 98 «Сплавы на основе благородных металлов ювелирные. Марки»;

  • әртүрлі құжаттарды құру, баяндау, өндеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды (мысалы, СТ РК 1.5 – 2000 «ГСС РК. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов»);

  • техникалық қамтамасыз етуге қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар және нормаларды (үйлесімді сандар, параметрлік және өлшемдік қатарлар, өлшем құралдарының дәлдік кластары және т.б.). Мысалы, ГОСТ 8.417 – 81 «ГСИ. Единицы физических величин»;

  • сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын (мысалы, СТ РК 1043 – 2001 «Машины для борьбы с ветровой эррозией. Номенклатура показателей качества»);

  • техникалық эстетика және эргономика талаптарын;

  • қауіпсіздік талаптарын (мысалы, СТ РК 12.002 – 2002 «Система стандартов безопасности труда. Процессы производства. Овцеводство. Требования безопасности») және т.б.

2 Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды.

Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді:

а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002 «Продукты кисломолочные. Общие технические условия», СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»;

б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия», СТ РК 1095 – 2002 «Волокно хлопковое. Технические условия».

Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі бөлімдерден құралады:


  • жіктелуі;

  • негізгі параметрлері және/ немесе өлшемдері;

  • техникалық (жалпы техникалық) талаптар;

  • қабылдау ережелері;

  • таңбалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау;

в) жалпы техникалық талаптар стандарттары жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»;

г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»; ГОСТ 20809 – 75 «Патроны охотничьи. Типы и основные размеры»).

3 Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы, СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»).

Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды:


  • сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды;

  • сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін;

  • сынақ жүргізу тәртібін;

  • сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін;

  • сынақ нәтижесін көрсету тәртібін;

  • сынақтың жіберілетін қателігін.

Стандарттың арналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы, таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты).

Сертификаттау тәжірибесі аралас турлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отырады (мысалы, ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»).

4 Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, т.б.). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация».

Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға талаптарын енгізуі керек.

Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрларді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың ұйым (фирмалық) стандарттарының типтік нысандары болып табылады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.


Дәріс сабағының құрылымы:
№9 дәріс Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және ақпаратпен қамтамасыз ету
Дәрістің мазмұны:

1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау

2 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз ету
1 Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

2 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз етуді техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры жүргізеді. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде құрады. Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1Стандарттау жөнінде қандай жұмыстар жүргізілуде?
Ұсынылатын әдебиет:
1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

Дәрістің сабағының құрылымы:


№10 дәріс Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
Дәрістің мазмұны:

1 Мемлекеттік бақылау объектілері 

2 Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1 Техникалық регламенттің күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау объектiлерi болып табылады.

2 Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;

3) облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары;

4) облыстардың және қалалардың мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;

5) мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де жүзеге асырылады.

 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


Ұсынылатын әдебиет:

1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

Дәрістің сабағының құрылымы:
№11 дәріс Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын қолдану тәртібі
Дәрістің мазмұны:

1 Шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану шаралары

2 Шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану әдістері

1 Қазақстан Республикасының аумағында «Техникалық реттеу туралы» заңында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:

- Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;

- Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.

- Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.

- Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

- Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.

- Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.

- Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

2 Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сонымен қатар шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртібін ҚР СТ 1.9 сәйкес уәкілетті орган орнатады. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР техникалық регламенттерімен орнатылған талаптарға қарсы келмеуі қажет, сонымен қатар олар сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауы керек және құзыреттілігіне кіретін сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен келісімге жатады.

Халықаралық стандарттарды қолдану келесі әдістермен жүргізіледі:

-сыртқы бетін ауыстыру арқылы (обложки);

-қайта-өңдеу арқылы;

-есептік тіркеу арқылы.

Сыртқы бетін ауыстыру әдісі бойынша халықаралық стандарттың сыртқы бетін мемлекеттік стандарттың сыртқы бетіне ауыстырады.

Қайта-өңдеу әдісі бойынша халықаралық стандарттың негізінде мемлекеттік стандарт әзірленеді.

Халықаралық стандарттарды мемлекеттік стандарттар ретінде қолдану үшін есептік тіркеу әдісі қолданылмайды. Бұл әдісті кейбір жағдайларда ғана қолданады: жаңа технологиялар мен өнімдерді енгізу үшін халықаралық стандарттарды қолдану керек болған жағдайда немесе ҚР аумағында нормативтік құжаттарды қолдану шектеулі болса ғана.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ұсынылатын әдебиет:

1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.


Дәрістің сабағының құрылымы:
№12-13 дәріс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет