Қазақстан Республикасының Білім және ғылым



бет2/3
Дата14.09.2022
өлшемі149.5 Kb.
#460753
1   2   3
Силлабуспо ИГ

Пәннің мақсаты:

«Гидрогеология жөне инженерлік геология» пәнінің негізгі мақсаты жерасты сулары, олардың қалыптасуы, химиялық кұрамы, қозғалу заңдылықтары, тау жыныстарының инженерлік-геологиялық қасиеттері, олардьң табиғи және жасанды факторлардың әсерінен өзгеруі, физика-геологиялық және инженерлік-геологиялық процестерімен танысу болып табылады. Сондай-ақ, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық ғылымдардың сонғы жетістіктерін ескере, арнайы техникалық құралдар мен әдіс-тәсілдерін практикалык талаптарға сай пайдалана білуге үйренеді. Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық мәселелерді ш,ешуде зерттеулер кешенін жүргізу принциптері туралы мәліметтер алады.


Курстың міндеттері:

Пәнді оку нәтижесінде студенттер гидрогеология және инженерлік геологияның негізі туралы, гидрогеологиялык және инженерлік-геологиялык зерттеулердің түрлері, халықшаруашылык мәселелерін шешу кезіндегі зерттеулердің әртүрлі түрлерін қолдану принциптері туралы мағлүматтар алады.

Пререквизиттер:


Пәнді жақсы меңгеру үшін студенттер жалпыгеологиялық пәндерден, сондай-ақ, математика, физика, химия және геодезия пәндерінен білімдері болуы қажет.
Постреквизиттер:
«Гидрогеология және инженерлік геология» пәні келешекте гидрогеохимия, сумен қамтамасыз ету жөне ирригация, мелиоративтік гидрогеология, жерасты суларын іздеу және барлау, инженерлік геодинамика сияқты арнайы гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық пәндерді окуда ең негізгісі болып табылады.
Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер өздерінің болашак кәсіби даярлығын айқындайтын төмендегідей машықтарды үйренуі қажет: жерасты суларынын калыптасу теориясының негізін және олардың қоршаған ортамен өзара байланысқан жағдайдағы сапалы құрамының қалыптасуын түсіну, тау жыныстарын инженерлік-геологиялық тұрғыдан топтастыра білу, халықшаруашылық мәселелерін шешу кезінде гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялык мақсаттарды дұрыс түсіну, далалық гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да зерттеулер әдістері мен олардың көлемі және өткізу негізін білу.

1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ


Қорытынды баға – емтиханда алынған балдан және семестр бойы бірінші және екінші рейтинг нәтижелері бойынша орташа балдан шығарылады.


Емтихан бойынша қорытынды бағада өлшемдік үлесі:60% - үлгерім нәтижесі, 40% - емтиханда алынған нәтижелерден тұрады.
Қорытынды баға = 0,5(Р1 + Р2) х 0,6+Э х 0,4 ,
мұнда: Р1 – бірінші рейтинг бағаларының сандық эквиваленті
Р2 - екінші рейтинг бағаларының сандық эквиваленті;
Э - емтихандағы сандық эквиваленті
1 кесте - Бақылаудың барлық түріне бағаны қою саясаты



Бақылаудың барлық түріне бағаны қою саясаты: 1 АБ (бірінші рейтингтік бақылау), 2АБ (екінші рейтингтік бақылау), ҚА (қорытынды аттестация)

Жалпы принциптер

100-ден бастап %-тік мөлшердегі әрбір бақыланатын кезеңдегі барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі

Объективтік

Мөлдірлік


Орамдылық


Жоғарғы дифференциация





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет