Сызықтық гармоникалық осциллятор
Массасы m бөлшек х осі бойында тепе-теңдік қалыптан ауытқуына тура пропорционал кх квазисерпімді күш әсерінен қозғалатын болсын. Мұндағы к- серпімділік коэффиценті. Осындай бөлшек сызықтық гармоникалық осциллятор деп аталады.
Кванттық механикада сызықтық гармоникалық осциллятордың тербелістері жайындағы есеп Шредингер теңдеуі жәрдемімен шешілуге тиіс. Осциллятор үшін Шредингер теңдеуі былайша жазылады:
, (5.4)
Мұндағы Е-осциллятордың толық энергиясы.
Е параметрі мына мәндерді
(5.5)
Қабылдағанда (5.4) теңдеуінің шектеулі, бір мәнді және үздіксіз шешімдері болатындығы дифыеренциалдық теңдеулер теориясында дәлелденген.
5.4-сурет
5.5-сурет
Гармоникалық осциллятордың энергия деңгейлері бірінен-бірі бірдей қашықтықта орналасқан. Бұл 5.4-суретте көрсетілген , мұнда және меншікті функциялар да көрсетілген.
ықтималдық тығыздығының х-қа тәуелділігі бірінші үш энергия деңдейлері үшін 5.5-суретте берілген.
ДӘРІС №6
Кванттық сандар.
Кванттық сандар. Зеемен және Штарк эффектісі.
бас кванттық сан n атомдағы электронның энергетикалық деңгейлерін анықтайды
n=1, 2, 3, ....
орбиталды кванттық сан l мына мәндерді қабылдайды
l=0, 1, 2, ..., (n-1)
және атомдағы электронның импульс моментінің (механикалық орбитальды моментінің) шамасын анықтайды
.
Магниттік кванттық сан m мына мәндерді қабылдайды
Және электронның импульс моментінің шамасын берілген бағытта анықтайды.
Электронның орбиталды импульс моментінің векторы кеңістікте 2l+1 бағыттарды қабылдай алады. Суретте электронның орбиталды кванттық саны l=0 (а) және l=1 (б) болғандағы векторының мүмкін болатын бағыттары көрсетілген.
Сәйкесінше, магнит өрісінде n бас кванттық саны бар деңгейдің 2l+1 деңгейшелерге ажырауы-Зееман эффектісі деп, ал сыртқы электр өөрісінде энергия деңгейлерінің ажырауы Штарк эффектісі деп аталады.
N және l кванттық сандары электронды бұлттың өлшемі мен пішінін сипаттайды, ал m кванттық саны кеңістіктегі электронды бұлттың бағытын сипаттайды. Атомдық физикада l=0 кванттық санымен сипатталатын электронның күйін s-күй деп, (осы күйдегі электронды s-электрон) l=1- р- күй, l=2-d- күй, l=3-f-күй және т.б., деп атайды.
Суретте s-, р-, d-, f- электрондар үшін ықтималдылық тығыздықтардың графикалық кескіндері және әрбір жағдайда сәйкес кеңістіктің квантталуы –импульс моментінің проекциясы сәйкес мәндерге (мысалы, l=2, m=2 үшін 2ℏ) ие болатын бор орбитасының бағыттары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |