Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


Сызықтық гармоникалық осциллятор



бет12/14
Дата06.10.2022
өлшемі4.78 Mb.
#462093
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Теориялық физика 1 силлабус

Сызықтық гармоникалық осциллятор
Массасы m бөлшек х осі бойында тепе-теңдік қалыптан ауытқуына тура пропорционал  кх квазисерпімді күш әсерінен қозғалатын болсын. Мұндағы к- серпімділік коэффиценті. Осындай бөлшек сызықтық гармоникалық осциллятор деп аталады.
Кванттық механикада сызықтық гармоникалық осциллятордың тербелістері жайындағы есеп Шредингер теңдеуі жәрдемімен шешілуге тиіс. Осциллятор үшін Шредингер теңдеуі былайша жазылады:
 , (5.4)
Мұндағы Е-осциллятордың толық энергиясы.
Е параметрі мына мәндерді
  (5.5)
Қабылдағанда (5.4) теңдеуінің шектеулі, бір мәнді және үздіксіз шешімдері болатындығы дифыеренциалдық теңдеулер теориясында дәлелденген.

5.4-сурет



5.5-сурет
Гармоникалық осциллятордың энергия деңгейлері бірінен-бірі бірдей қашықтықта орналасқан. Бұл 5.4-суретте көрсетілген , мұнда және меншікті функциялар да көрсетілген.
  ықтималдық тығыздығының х-қа тәуелділігі бірінші үш энергия деңдейлері үшін 5.5-суретте берілген.


ДӘРІС №6
Кванттық сандар.
Кванттық сандар. Зеемен және Штарк эффектісі.

  • бас кванттық сан n атомдағы электронның энергетикалық деңгейлерін анықтайды

n=1, 2, 3, ....

  • орбиталды кванттық сан l мына мәндерді қабылдайды

l=0, 1, 2, ..., (n-1)
және атомдағы электронның импульс моментінің (механикалық орбитальды моментінің) шамасын анықтайды
 .

  • Магниттік кванттық сан m мына мәндерді қабылдайды


Және электронның импульс моментінің шамасын берілген бағытта анықтайды.
Электронның орбиталды импульс моментінің векторы   кеңістікте 2l+1 бағыттарды қабылдай алады. Суретте электронның орбиталды кванттық саны l=0 (а) және l=1 (б) болғандағы   векторының мүмкін болатын бағыттары көрсетілген.
Сәйкесінше, магнит өрісінде n бас кванттық саны бар деңгейдің 2l+1 деңгейшелерге ажырауы-Зееман эффектісі деп, ал сыртқы электр өөрісінде энергия деңгейлерінің ажырауы Штарк эффектісі деп аталады.
N және l кванттық сандары электронды бұлттың өлшемі мен пішінін сипаттайды, ал m кванттық саны кеңістіктегі электронды бұлттың бағытын сипаттайды. Атомдық физикада l=0 кванттық санымен сипатталатын электронның күйін s-күй деп, (осы күйдегі электронды s-электрон) l=1- р- күй, l=2-d- күй, l=3-f-күй және т.б., деп атайды.
Суретте s-, р-, d-, f- электрондар үшін ықтималдылық тығыздықтардың графикалық кескіндері және әрбір жағдайда сәйкес кеңістіктің квантталуы –импульс моментінің проекциясы сәйкес мәндерге (мысалы, l=2, m=2 үшін  2ℏ) ие болатын бор орбитасының бағыттары көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет